Бронхопневмония ауруы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Бронхопневмония ауруы
2.2Бронхопневмонияның пайда болу себептері
2.3Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
2.4Симптомдары
2.5Бронхопневмонияны балау,дербестеу және емі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тыныс алу жүйесінің ауруларының ішінде ең жиі кездесетіні өкпенің қабынулары мен бронхының қабынуы. Өкпелердін қабынулары тыныс алу жүйесінің ауруларының ішіндегі ең жиі кездесетін аурулар. Олардың себептері көптігіне байланысты індетті және құрт ауруларынан ажырату үшін қоздырғышы нақтыланбаған қабынулар деп те атайды.Тыныстану ағзалары ауруларының малға келтіретін экономикалық зияны: ауруға душар болған жануарлардың қауырт өлімге ұшырауынан немесе лажсыздан сойылуынан; одан алатын өнімнің сапасы төмендеуінен; малдың күйі нашарлауынан; тірілей салмағын жоғалтуынан құрылады. Жалпы барлық жұқпайтын аурулар арасында, тыныстану жүйесінің аурулары 32-ден 64 %-ға дейін жетеді. Тыныстану ағзалары ауруларына көбінесе малдың жас төлдері душар болады.

Қазіргі кезде малдың бронхопневмония ауруымен күресу мақсатында оны ерте мезгілде клиникалық белгілеріне қарап диагноз қойып, оған қарсы тиімді ем қолдану және алдын алу мәселелері әлі өз шешімдерін толық тапқан жоқ. Ауру мал жай айларында көлеңке жерде, қыста, күзде жылы, таза қорада ұсталып, құнарлы азықпен азықтандырылады. Төлдер сүт емуден шыққан болса, оларға міндетті түрде( 7-10 күн бойына) қаймағы алынбаған сүт(3-4 литр бұзауларға) беріледі. Төлдердің күйін, құндылығын арттыру үшін витаминдер (А, Д, С , В ), гидролизин Л-103, аминопентид-2, гаммоглобулин немесе енесінің қаны (тері астына, етіне ) егіледі. Тыныс жолын кілегей сұйықтан тазарту үшін хлорлы аммоний, ас содасы, карбонат тұзы беріледі және скипидар, ихтиол,ас содасы буларымен емдеу әдісі қолданылады.
Бронхопневмония ауруы
Бронхопневмония-бронхылар мен өкпенің қабынуы.Бұл бронхылардың қуыстарына катаральді экссудаттың толуымен сипатталатын дерт.Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас мал ауырады.
Малдың бронхопневмониясы-барлық мал шаруашылықтарында кең тараған дерт.Бұл ауру республика ауыл шаруашылығына бірталай экономикалық нұқсаны келтірілетіні мәлім.Тыныстану жүйесінің аурулары,соның ішінде пневмониялар,бронхиттер және бронхопневмониялар барлық шаруашылықтарда кеңінен таралған,оларлың емі және алдын алу шаралары ветеринария саласының өзекті мәселелері болып табылады.
Мал арасында тыныстану ауруларының малға келтіретін экономикалық зияны:ауруға душар болған жануарлардың қауырт өлімге ұшырауынан немесе лажсыздан сойылуынан,одан алатын өнімнің сапасы төмендеуінен,малдың күйі нашарлауынан,тірілей салмағын жоғалтуынан құрылады.Жалпы барлық жұқпайтын аурулар арасында,тыныстану жүйесінің аурулары 32-ден 64%-ға дейін жетеді.Тыныстану ағзалары ауруларына көбінесе малдың жас төлдері душар болады.Қазіргі кезде малдың бронхопневмония ауруымен күресу мақсатында оны ерте мезгілде клиникалық белгілеріне қарап диагноз қойып,оған қарсы тиімді ем қолдану және алдын алу мәселелері әлі өз шешімдерін толық тапқан жоқ.
Ветеринариялық тәжірибеде тыныс алу жүйесі ауруларына,оның ішінде бронхопневмонияға қарсы емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі біршама төмен екені байқалады,көп жағдайда оларлың емдік нәтижесі аз болып,олар дерттен болатын зардаптарды толық жоя алмайды.Антибиотиктерге микрофлоралар сезімталдығы сезімталдығы аз болатындықтан және ауру малдың организміндегі ферметативтік жүйкесін зақымдау әсерінен,оның тыныс жолы ауруларына болған пайдасына қарағанда зияны артық болып шығады.Бронхопневмония-өкпедегі бронхылар мен альвеолалардың бір мезетте қабынуы.Бронхопневмониямен малдың барлық түліктері,әсіресе төлі жиі ауырады.Ауру төлдердің ішінде жиі кездесетіндіктен көбінесе төл ауруларында дәрістеледі.

Бронхопневмонияның пайда болу себептері
Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді.Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың бір мезгілде әсер етіп,оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады.Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе,бронхопневмонияның да себепкері болады.
Ірі қара малды өсіріп бордақылайтын шаруашылықтарда,көп жағдайда,бронпневмонияның пайда болып көп таралуына зоогигиеналық нормативті технологияның бұзылғандығы:шаруашылықтардан малды көліктермен кешенге алып келе жатқанда суық тигізу,әкелген малды суық күндері суық қораларда жуу,малды ылғалды,едені цемент,желөтінде қорада төсенішсіз ұстау,жылы қорада тұрған малды суық сумен суғару т.б әкеліп соқтырады.
Шошқа өсіретін шаруашылықтарда әдетте шошқаларды төсенішсіз,суық,едені цемент не асфальт,суық,бірақ ауасының ылғалдылығы жоғары және аммиак жиналған қораларда ұстауы,бронхопневмонияның көп таралуына себепкер болады.
Оңтүстік дала және шөлейт аудандарда жаздың қатты ысыған күндері дененің нақтыланбаған төзімділік күшінің әлсіреуінен қойлар арасында бронхопневмония жаппай кездесуі мүмкін.
Бронхопневмония тудыруға құнарсыз,әрі сапасыз азықтандыру,витамин,күтіп-бағуды нәзіктендіру,серуендетуді ұйымдастырмау,табиғи және ультракүлгін сәулелерінің жетіспеуі,төлдің әлсіз тууы,жас кезінде малдың ішек-қарын,рахит ауруларымен ауруы себепкер болады.
Бронхопневмонияны тудырып,әрі қарай дамытуда микроорганизмдердің маңызы өте зор.Бронхопневмониямен ауырған не сол дерттен өлген малдың көпшілігінің өкпелерінің қабынған жерлерінен стрептококктар,стафилококктар,сарци ндер,протейлер,ашытқылы саңырауқұлақтар,микоплазмалар және микроорганизмдердің басқа да түрлері бөлініп алынады.Бұл микроорганизмдердің әсері көбінесе туынды түрде ауруды асқындыруға бағытталынады,ал кейбір ыңғайы түскен жағдайларда дерттенудің негізгі себепкері де болуы мүмкін.Бронхопневмонияны тудырып,оны әрі қарай дамытуға,әсіресе төлдер арасында,вирустардың қатынасы бар екені дәлелденген.
Кейбір малдары бір жерге көп шоғырланған шаруашылықтарда,көбінесе аралас індеттер анықталынады.Малдарды көп қамтамасыз ететін шаруашылықтардан іріктелініп толтырылатын фермалар мен кешендерде бұл ауру басқа дерттерге қарағанда жиірек кездеседі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Өлікті сойғанда өкпе мен бронхтарда ауруды дәлелдейтін оған тән өзгерістер анықталады.Бронхопневмонияның бастапқы кезеңінде және аурудың жіті түрде өткенінде өкпенің жоғарғы және жүрек тұсы ұштары бөліктерінің әртүрлі тереңдікте орналасқан көптеген зақымдалған қабыну ошақтары анықталады.Ошақтардың көлемі 1см-ден бірнеше см-ге дейін жетеді,түстері қызыл-көк не сұрғылт-қызыл,сипағанда қолға қатты болып сезіледі,суға салғанда батып кетеді,кесіп қарағанда бронх қуыстарынан катаральді экссудат ағады.
Өкпенің зақымданған бөлігін гистологиялық әдіспен тексергенде катаральді бронхопневмонияғатән белгілер:альвеолалар мен бронх қуыстарында құрамы кілегейлі сұйық заттан,лейкоциттерден,эритроциттерд ен,бронхтар эпителийі торшаларынан,микробтардан тұратын катаральді экссудат анықталады.
Созылмалы түрде өткен бронхопневмонияда,оның өту мерзімінің ұзақтығына байланысты дерттелінген көп бөлікшелер бір-бірімен қосылып үлкен көлемді қабынған ошақ құрайды.Жүрек қабы мен плевраның қабынғандығы да байқалады.Мұндай жағдайда гистологиялық зерттеу өкпе мен бронхтардың өліеттенгенін,қатайғанын,іріп-шіріп ыдырағанын,әктенгенін көрсетеді.Көкірек қуысындағы лимфа бездерінің көлемі,көбінесе ұлғаяды.Созылмалы бронхопневмонияда нақтыланбаған жалпы өзгерістердің ішінен арықтау,жүрек етінің,бауырдың,бүйректердің азғындауы,бұлшық еттердің семуі байқалады.
Симптомдары
Бронхопневмонияның белгілері көпшілігінде ауруды тудырған себептерлің ерекшелігіне,малдың түрі мен жасына байланысты болады.Шошқалар мен ірі қара малдарға қарағанда жылқылар мен қойларда,көпшілік жағдайда,қабыну процесі өкпелерге тез тарайды.Малдың басқа түрлерімен салыстырғанда шошқаларда бронхопневмония бәсеңдеу,сылбыр,солғын түрде өтеді де қабыну ошақтары тұрақтылыққа бейімділеу келеді.Жас және кәрі малдарда бронхопневмония,әдетте ауыр түрде өтеді.
Жіті түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бронхопневмания ауруы
Ветеринариядағы бронхит, өкпе гиперемиясы мен ісігі, бронхопневмония мен крупозды пневмонияны емдеу
Бронхопневмания ауруын балау, амі профилактикасы
Қанды зерттеудің клиникалық маңызы
Науқасты қабылдау
Бронхопневмания ауруының белгілері
Жалпы пневмония белгілері
ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы емес аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Емдеу әдістері
Пәндер