БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 10
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының «сабаққа қызығушылық қабілеттері» ұғымының мазмұны мен сипаты . . . 10
1. 2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың психологиялық - педагогикалық мәселелері . . . 22
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық моделі . . . 28
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒЫШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ. . . . 38
2. 1 Бастауыш сынып оқу бағдарламасы мазмұнындағы оқушылардың сабаққа қызуғушылық қабілеттерін дамыту мәселелері . . . 38
2. 2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту әдістері . . . 45
2. 3 Тәжірибелік эксперименттік жұмыстардың нәтижелері . . . 77
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 88
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»-деп көрсетілген [1] .
Мәңгі еліміздің келешегі - жастар білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдары дөп басып отыр. Өйткені, қазіргі жас буын «бүгінгі еліміздің қонағы, ертеңгі қожасы». Білімді жас - еліміздің құдіреті әлеуеті. Мемлекеттің болашағы - қазіргі жаһандану заманында жастардың әлемдік білім мен ғылымды және ұлттық мәдениетті игеруіне тығыз байланысты.
Заман талабына байланысты ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуі күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз қызығушылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, сабаққа қызығушылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген [2] .
Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамыту проблемасы ұзақ жылдар бойы түрлі ғылым салалары - философия, педагогика, психология, лингвистика т. б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Қазіргі уақытта бұл қоғамның жаңа проблемаларды қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті, игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты. Себебі талант пен қызығушылық, дарындылық - экономикалық өркендеу бүгінгі күннің кепілі.
Жалпы білім беретін мектептердің дамуында қазіргі таңда жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қызығушылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, адамның қызығушылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік көзі ретінде бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері қызығушылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия, психология, педагогика ғылымдарында қарастырылған: Шығыс ойшылдары әл-Фараби [3], Ж. Баласағұн [4] және қазақ ойшылы А. Құнанбаев [5], философтар Ғ. Есім [6], Д. Кішібеков [7], М. Орынбеков [8] еңбектерінен кең орын алған. Білім беру технологиялары саласындағы зерттеулер В. П. Беспалько [9], М. В. Кларин [10],
М. Ж. Жадрина [11], білім беру мазмұнын құрудағы тұжырымдамалар В. В. Краевский [ 12], И. Я. Лернер [13] т. б., инновациялық технология ұғымдарын беруде Э. М. Роджерс [14], Д. Қ. Пошаев [15], оқуды белсендіру теориясын И. Ф. Харламов [16] т. б. жасауға өз септігін тигізді.
Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін педагогика және әдістеме саласы бойынша Ж. А. Қараев [17], С. Қ. Қалиев[18], С. А. Жолдасбекова [19], К. Ж. Қожахметова [20], К. М. Нағымжанова [21], Б. А. Тұрғынбаева [22], М. М. Жанпейісова [23] және т. б. зерттеген.
Өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Сабаққа қызығушылық қабілеттерінің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің қызығушылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және қызығушылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі таңда мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, қызығушылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Бастауыш сынып оқушыларында әлемнің көп бейнелі жақтарын қызығушылық таным негізінде қабылдай алу қабілеттерін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (қызығушылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан қызығушылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы қызығушылық қабілет мәселесі - аса маңызды сұрақтардың бірі.
Қоғам дамуына да, өркендеуіне әрбір жеке адамның қызығушылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі едәуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, жеке адамның шығармашыл тұлға ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Бастауыш мектеп кезеңі - тұлғаның қызығушылық әлеуетінің дамуына ең қолайлы жас кезеңі. Бұл жас кезеңіне мыналар тән:
- барлық үдерістердің өту белсенділігі;
- рефлексия мен сынның аз көрінуі, баланың жаңа әлеуметтік топтарға енуі, мотивация мен өзін-өзі танудың дамуы;
- ересек адамның бағалауының қажеттілігі;
- қиял еркіндігі, сезімталдық;
- жаңа әсер алуға ұмтылу.
Бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың дәстүрлі емес шешім қабылдауына, қызығушылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа қызығушылықтары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай - үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың сабаққа қызығушылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады.
Зерттеудің көкейтестілігі қызығушылық жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның қызығушылық мүмкіншілігінің дамуы - креативті даму мен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін қызығушылық таным негізінде жеке бастық даму сапаларымен, объектіге деген қызығушылық танымды тұтастық жүйесінде мәнді қабілеттер мен қажеттіліктерді таратуға бағытталған қызығушылық іс-әрекеттің негізінде қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін саралап, зерделеу нәтижесінде төмендегідей қарама-қайшылықтар туындады:
- қоғамға мәселелерді жүйелі, ретімен және сапалы шешуге қабілетті шығармашыл белсенді тұлғаның қажеттілігі мен тұлғаның қызығушылық әрекетін ұйымдастыру үдерісінің тиімділігін арттыратын педагогикалық жағдайлардың жеткіліксіздігі;
- бастауыш сынып оқушыларының игеруі қажет білім деңгейіне қойылатын талаптардың артуы, оларды қолдануға дайындығы мен бастауыш мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру жүйесінің оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмауы;
- бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың әлеуметтік мәні мен оқушылардың қызығушылық әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жеткілікті деңгейде жасалынбауы;
- оқушылардың қызығушылық әрекеттерін объективті түрде бағалау қажеттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық әрекет нәтижелерін бағалау үшін қолданылып жүрген педагогикалық құралдардың жеткіліксіздігі.
Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың ғылыми - теориялық түрде негіздемесін жасау, педагогикалық шарттарын анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік - эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту үдерісі.
Зерттеу болжамы: сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту тиімді болады, егер:
- баланың сабаққа қызығушылық ойлауының еркін көрінуіне ықпал ететін шынайы қызығушылық ахуал жасалса;
- бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық әрекетке қатысуы қамтамасыз етілсе;
- қызығушылық қабілеттерді дамыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылса.
Зерттеудің жетекші идеясы : оқу үдерісінде қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті, сабаққа қызығушылық қабілеттері дамыған жеке тұлға қалыптастыру міндеті көзделген.
Зерттеу барысында төмендегі міндеттер шешілді:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту үдерісінің психологиялық-педагогикалық мәнін айқындау.
2. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту критерийлері мен деңгейлерін анықтау.
3. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың практикалық тәжірибесін талдау.
4. Сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық қабілеттерін дамытудың тиімді шарттарын анықтау және теориялық моделін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулердегі қызығушылық іс-әрекет теориясы, жеке тұлғаның сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және жалпы орта білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ), «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2050» стратегиясы, «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту», «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», Кембридждік оқу бағдарламасы, педагогтардың ғылыми еңбектері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің қызығушылық қабілеттерді дамытудағы озық тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену және талдау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, педагогикалық бақылау, әңгімелесу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, эксперименттік зерттеу мәліметтерін өңдеу.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Шымкент қаласындағы №80 және №87 жалпы орта мектебінде жүргізілді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысына 254 оқушы қатысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жүйенің құрамды компоненті ретінде көрінетін объектілерді, жағдаяттар мен құбылыстарды тану, жасау, қайта өңдеу мен қолдануға бағдарланған қызығушылық әрекетті ұйымдастырумен ерекшеленетін қызығушылық тапсырмалар жүйесін құру және жүзеге асыру;
- оқу үдерісінде қызығушылық тапсырмалар жүйесімен жұмысты тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, теориялық негіздеу және тәжірибеде тексеру.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттері жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; сабақта бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жаңа технологияларды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық әрекеті мен қызығушылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады. Қызығушылық әрекет деңгейлерінің сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады.
Күтілетін нәтижелер:
Жас ерекшеліктеріне қарай, жаңа оқыту техологиялар мен әдістерді қолдану негізінде оқушының сыни ойлау дағдысы қалыптасады.
Оқу үдерісі барысында оқушылардың интеллектуалдық деңгейі жоғарылап, психологиялық, физикалық жағдайы жақсарады.
Жеке даралық ерекшеліктері жетілген балалар алған білімдерін бүкіл өмірінде тиімді қолдана алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар :
Бастауыш сынып оқушыларының сабақтағы қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері:
- бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың сабақа қызығушылық қабілеттерін оқытудың мақсаты ретінде түсінуі;
- бастауыш білім беру мазмұнына оның айрықша компоненті ретінде қызығушылық қабілеттің ендірілуі;
- бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілетінің еркіндігі, оның педагогикалық ұйымдастырылуы, мұғалімнің басқаруы;
- проблемалық оқыту әдістерінің сабаққа қызығушылық қабілетті ұйымдастырудың жетекші тәсілдері ретінде көрінуі;
- бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілет нәтижелерін диагностикалау;
- бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілетін түзету.
Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі: оқушыларда сабаққа қызығушылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша теориялық талдау тереңдігі және көлемімен, экспериментті-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау жүйесінің өзара байланыстылығымен, математикалық статистикалық әдістерді қолданумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:
«Болашақ еңбек мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіруге педагогикалық баспа материалдарын пайдалану» ХХІ ғ. Білім беру және жұмыс жүйелерінің дамуының басым бағыттары ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Х-практикалық конференция. Шымкент, 2001ж. 3-том 35-37 бб.
«Оқушылардың мәтін арқылы жазбаша сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту». ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау, аттестаттау комитетінің талаптарына сай келетін «Әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері» атты ғылыми еңбектер жинағының 2-бөлімі. Шымкент, 2005ж.
«Бастауыш сынып оқушыларына этномәдени білім берудің маңызы». «Этносаралық өзара қатнастар-Еуразияшылдық идеяларды дамытудың кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Шымкент, 2007ж. 54-58 бб.
«Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық мәдениет негізінде тәрбиелеу».
«Әуезов оқулары-8: Ғылыми жетістіктер-өркениеттің мәдени және экономикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектері. Шымкент, 2008ж. 182-185 бб.
«Учет возрастных особенностей младших школьников в содержании экономического воспитания» В Мире образования №1 2013г. 44стр.
«Білім саласында портфоио технологиясының ролі». «Көптілді білім беру негізінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» атты ОҚМПИ 75 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Шымкент 2013. 80-81бб.
«Ойын-зерттеу іс-әрекеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыру». «Жас ғалымдардың инновациялық идеяларының ғылымның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік коференция. Шымкент 2013. ІІ том, 36 б.
«Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу». «Мектеп-«өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүйесінің өзара әрекеттесуін модернизациялау әдістемесі мен даму мүмкіндіктері». Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция. Шымкент 2013ж. 178 б.
«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының оқу үдерісіндегі маңызы» «Бектаев оқулары-1» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ОҚМПИ 2014ж. 391-394 беттер.
«Оқушылардың сабаққа, білімге қызығушылығын арттыру». Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Хабаршы» № Алматы 2014ж.
Диссертация жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының «сабаққа қызығушылық қабілеттері» ұғымының мазмұны мен сипаты
Бастауыш сынып оқушылардың жүрегі кішкентай күй сандық, оның кілтін тауып ашу әрбір ұстаздың ұлы міндеті.
Соңғы жылдары шығармалықпен жұмыс істеу оқытумен тәрбиенің мазмұнын жаңарту жолында жаңашыл ұстаз үнемі ізденуге, білуге үйренуге ұмтылып, кішкентай шәкірттерін білім бұлағымен сусындатып, оларды сапалы етіп тәрбиелеуге ұмтылдырып отыр. Әсірісе, бастауыш сынып оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілетін дамытуды, өз бетінше ізденіп білім алуына жетелеп отырады. олай болса ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуына, әрбір баланың бойындағы қабілетін дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, жауапкершілікті, адамгершілік, қадір - қасиетін сезендіру.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.
Философияда қабілеттерді «тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері» дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды». «Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А. В. Петровский [24] .
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А. Н. Леонтьев [25], Қ. Жарықбаев [26] қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ үдеріске айналатынын айтады.
Оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы- Қабілеттер проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл - оның қабілетінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.
Адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте қабілет байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне құлағының елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.
Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны тәжірбелі етіп орындауында. Мәселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал: алдамшы түрінде әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады. Мәселен, алты жасар бала, үйіне келген адамдарды тарихи-философиялық терминдерді көп білуімен таңқалдырған екен. Оған шешісі де мәз болады. Бірақ әлгі бала оң қолың қайсы, сол колың қайсы дегенде, бала жауап бере алмай қиналған екен. Бұдан біз балада тек алдамшы бейімділіктің болғанын көреміз.
Расында, бала дүниеге келгенде өзінің табиғи мүмкіндіктерінен, нышандарымен келеді. Бірақ сол нышандар тек оқу-тәрбие үдерісінің ықпалымен ғана қабілеттікке айналады. Мәселен, бала адам сөзін сөйлемей өмір сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмайды. Сол сияқты сурет салуға үйретпесе, ән салуға нышаны бар адамды ән салуға үйретпесе, оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz