Өмірдің мәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

РЕФЕРАТ

Тақырып: Өмір мен өлім. Өмірдің мәні.

Орындаған: ҚБ-11 студенті Куралбекова Лаура

Қабылдаған: Елеусов Баубек

2021-2022

ЖОСПАР:

1. Адам болмысының категориялары.

Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.

2. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі:фатализм, гедонизм, валюнтаризм, функционализм.

3. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.

Философиялық мәселелердің өмір мен өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия.

1. Адам болмысының категориялары.

Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.

Германия мен Францияда Өмір философиясы пайда болған, буржуазиялық философияның субъективті-идеалистік бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерді қарастыратын философия. Иррационалстік бағыт алғаш рет І9 ғ. соңы мен 20 ғ. басында Германияда (Ницше, Дильтей, Зиммель) және Францияда (Бергсон) негізі қаланды. Өмір философиясы мех. материализмнің кемшіліктерін идеалистік тұрғыдан жеңугө әрекет жасады. Бірақ, Өмір философиясының пайда болуы кездегі философияның дағдарысқа ұшырап, ғылымнан бас тартқан иррационализмнен нигилизмге ойысқанын көрсетеді. Өмір философиясы коғамдық тарихи процестердің ерекшеліктерін теріс көрсетіп идеалистік филооофияға айналған. Қоғамның дағдарысы осы Өмір философиясының өмірлік қүбылыстар, стихиялар, ақылдан тыс иррационалдық нәрсе деген қорытындылары арқылы көрінді. Бұд философияның басты принципі - материя мен санаға қарағанда белсенді, көп түрлі, және мәңгі қозғалыста болатын дүниенің абсолюттік, шексіз бастамасы ретінде саналатын өмір ұғымы. Өмірді сезім мүшелері, немесе ақыл-ой арқылы үғыну мүмкіи емес, оны тек қана іштей (интуиция) сезу керек. 20-30 ж. Өмір философиясы идеяларыи әрі қарай дамытқан Э. Шпенглер, Л. Клагес, Боймлер сынды бурж. құрылысты қолдайтын философтар болды.

Өлім - организм тіршілігінің болмай қоймайтын тежелуі, жанды тіршілік иесінің өмір сүруінің қашса құтылмайтын табиғи ақыры. Диалектикалық материализм тұрғысынан өмір - өмірдің қажетті және елеулі сәті. Адам үшін Өлім табиғи феномен ретінде ғана келмейді, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың күрделі контекстіне енетін әлеуметтік және адамгершілік құбылыс ретінде де келеді. Адамзат қоғамы дамуының ерте кезеңінің өзінде өлген адаммен не істеудің формасын да, өлген адамның денесін жерлеу әдісін де реттеп отыратын әлеуметтік нормалар қалыптасқан. Сонымен бірге Өлімнің мағынасын, өлілер мен тірілердің байланысын мифологиялық формада үғыну жасалған.

Адам тіршілігінің мейлінше жалпылама мәселелерін рационалды түрде (мифологиялық түрінде қарама-қарсы) ой елегінен өткізудің формасы ретінде философияның дамуы Өмір түсінігіне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Бір ғажабы, жанның, о дүниелік және басқаларының туралы кейде қарама-қарсы келіп жататын пікірлер бір ғана сатқа - адамды Өмір фактісіне көндіру үшін пайдаланылады. Христиан дінінде о дүииелік өмірге сену (тірі адамды Өлім үрейінен белгілі бір дәрежеде құтқарып, оның өзі тірі кезінде жасаған күнәлары үшін жаза тартудан қорқуды (лат. - өлімді жад шығарма) деген ұранын қазіргі дүниеде де ықпалы кемімей христиан этикасы көнбістік пен шыдамдылыққа шақыру ретінде пайдаланды. Өлім мәселесін объективтік түсінудің негізі адамның индивид және тұлға ретіндегі әлеум. мәні, оның жалпы адамзатпен байланысы туралы түсінік жатыр. Адамның тіршілік етуіндегі және индивидуалдық жағындағы қа-рама-қарсылықтардың бірлігі мен күресін диалект. тұрғыдан түсіну ерекше маңызды. Өлім алдындағы шарасыздық, - түңілушілік {сонымен бірге адамның жауапсыздығы) идеяларын шынайы гуманистік диалект. дүниетаным ңегізінде ғана толық жоюға болады, бұл дүниетаным Өлімнің ғылыми түсінігін де, оған рухани баға беруді де қамтиды.

Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің абсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді:

1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді. Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады.

2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады.

Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе « тарихи » нұсқа деп аталатын түрі де бар.

Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді « ішкі » жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі. Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда, Өмір философиясы экзистенцириализм мен персонализмге ұстанып отыр.

2. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі:фатализм, гедонизм, валюнтаризм, функционализм.

Антикалық кезеңнен бастап философияда тарихи түрде өмірдің мәнін түсінудің бірнеше ұстанымдары қалыптасты. Соларды атап өтсек:

Фатализм, бастапқыда адам өмірінің барлық барысын және оның іс-әрекетін алдын ала анықталады деп есептейді. Фатализмді мифология мен наным-сенім тұрғысында-тағдырға сену деуге болады. Христиан діні мен ислам діні тұрғысында- Құдайдың еркі, қалауы деп түсіндіріледі, немесе Жаңа дәуір философиясының өкілдері: Гоббс, Спиноза, Лаплас көзқарастары бойынша, әрбір келесі оқиға алдыңғы оқиғамен қатты байланысты деп санайтын жабық жүйенің детерминизімі деп қабылдауға болады. Мұнда шын мәнінде, еркін таңдау болмайды, тек сену қажет болып табылабылады.

Гедонизм. Бұл бағыт бойынша, адам болмысының жоғары мәні рахаттану болып саналады. Гедонизм формуласы: «өмір сүру-рахаттану». Үнді гедонизмінде Рахаттың 500-ден астам түрі бар және олардың басым көпшілігі жоғары руханилықпен байланысты -музыка, поэзия, философиямен айналысу болып табылады. Сократ гедонизмдегі рахаттың маңыздылығын мойындай отырып, оны жақсылық жасаумен байланыстырады. Софистермен полемикада Сократ рахаттануды - жаман және жақсы, шынайы және жалған деп бөліп қарастыруды талап етті. Платон өз шығармаларында: өмір рахатқа толы болғаны үшін жақсы болмайды. Өмірде жақсылықтар көп болса, жақсы болатындығын дәлелдегісі келді. Ал, Аристотель рахаттану игілік емес, әрі оған ұмтылудың қажеті жоқ деп есептеді.

Гедонизм идеясы Эпикурдың эвдемонизмында дамыды, ол дененің емес, жанның шынайы рахаты маңызды деп ойлады. Яғни, атараксия күйіне жету, «тәндік қайғы-қасіретінен және жан үрейлерінен азат болу». Орта ғасырлардағы христиан дәстүрінде гедонизм идеялары қарастырылмады. Тек Қайта өрлеу дәуірінде бұл идеясының жаңа жақтастары (Л. Валла, К. Раймонди) болды. Гедонизм идеясының жаңа еуропалық түсінігі сол кездегі философиялық-этикалық ілімдердің көпшілігінде толық және жартылай түрде жүзеге асырылды (Б. Спиноза, Дж. Локк), этикалық сентиментализм өкілдері (т. а Хатчесон, Д. Юм) . Т. Гоббс, Б. Мандевиль, К. Гельвеции адамдардың мінез-құлқын рахаттанумен тікелей байланыстырды. Алайда, бұл индивидтің қоғамдық белгілі бір мүдделерімен байланысты болады. Бұл көзқарас Гоббстан Гельвецияға дейін жаңа еуропалық моральдық философияда классикалық утилитаризмде тікелей жалғасын табады, онда рахаттану пайда ұғымымен теңестіріледі. Тек де Сад шығармаларында рахаттану қағидасы - әлеуметтік ұстанымдарға қарсы және қоғамдық келісім теориясымен жанама түрде бекітіледі. Басқа жағынан қарағанда, Жаңа заман философиясында гедонизм идеясы рационалистік перфекционистік және әлеуметтік, кейде аморальдылық контексттерінде түсіндірілді. Нәтижесінде, гедонизм философиялық дүниетаным ретінде дағдарысқа ұшырады. К. Маркс, З. Фрейд және Дж. Мур осы дағдарысты концептуалды түрде құрастырылған ережелер мен ұстанымдар арқылы тұжырымдады. Психоанализ бағытында рахаттануды басқа қырынан зерттеді: психологиялық тұрғыдан рахаттану қоғамдық индивидтің мінез-құлқының әмбебап бастамасы ретінде қарастырылмайды. Мур гедонизмнің жалғыз жақсылық ретінде рахаттануды көретіндігі натуралистік қателік болып табылады деп тұжырымдады. Мұндай сынаудан кейін гедонизм теориялық тұрғыдан елеулі және сенімді этикалық ұстаным ретінде қабылдана алмады. Яғни, гедонистік көзқарас арқылы өмірдің мәнін түсіну әрі іздеу мүмкін емес немесе уақытты босқа жоғалту болып табылады.

Волюнтаризм-адамның рухани өмірінің басқа категорияларына қарағанда, ерік-жігердің басымдығын, және ойлау қабілетінің маңыздылығын мойындау болып табылады. Волюнтаризмнің бастапқы негізі христиан догматикасында көрініс табады. Әрі Канттың, Фихтенің, Шопенгауэрдың, Ницшенің еңбектерінен табуға болады. Ерік- ақылға қонымсыз, адамға қоятын өз талаптары бар, әлемнің алғаш бастамаларының бірі болып саналады.

Волюнтаризм ұстанымы бойынша әрекет ету -болмыстың объективті жағдайларымен, табиғат және қоғам заңдарымен санаспау, өзінің ақылы мен еркіне ғана бағынуды білдіреді.

Функционализм-заманауи американдық сана философиясындағы басты бағыттардың бірі болып табылады . Функционализмнің дамуы когнитивтік ғылымдар мен жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің қалыптасуымен байланысты. Сананың натуралистік немесе элиминативтік теорияларына қарама-қарсы, ментальдық жағдайдың белгілі бір түрлерін нейрофизиологиялық оқиғалармен теңестіру мүмкіндігін болжайтын, оның әртүрлі нұсқаларындағы функционализм «сана» ұғымын нейрофизиология ұсынатын құрылымдық деңгейден қорғайды. «Функционализм» термині менталдық жай-күйді феноменалдық қасиеттер мен физикалық оқиғалар ретінде емес, функциялар ретінде қарастырылады. Яғни, ақпаратты өңдеудің негізгі тізбегінде анықталатын рөлдердің түсіндірілетіндігін көрсетеді. Мұндай тізбек: ақпаратты туындату, қорытып шығару және бірқатар аралық қызметтерден тұрады. Яғни, қазіргі заман талабына сай, ақпаратқа тәуелді кезеңінде адам өмірінің мәні тың ақпарат пен жаңашылдық технологиялық дамудан тыс қалмау деуге болады. Функционализм қазіргі когнитивтік зерттеулердің барлық жүйесімен тығыз байланысты сонымен қатар, онтологиялық сипаттағы жалпы философиялық мәселелерді қарастырады. Функционализмнің кейбір зерттеушілері картезиандық дуализмінің ресурстарына қарсы келсе, кейбір зерттеушілер функционалдық интерпретация сананың онтологиясы туралы мәселені ашық қалдырып қана қоймай, «сананың» және «материяның» онтологиялық қарама-қарсы ұстанымдарының жүйесін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді деп санайды.

Утилитаризм бағытының өкілдері: өмірдің мәні-адамды қоса алғанда, бәрінен пайда табуда болып табылады деп ойлады. Ең бастысы-дұрыс есеп. Прагматизм бағытының өкілдері кез келген жолмен ең жоғары табысқа жете білуді өмірдің мәні деп есептеді. Кез келген тәжірибелік әрекеттердің өлшемі- пайда болып табылады.

3. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.

Философиялық мәселелердің өмір мен өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия.

Метафизика [гр. “Meta ta physіka” - “физикадан кейін” (Аристотельдің философиялық шығармасы осылай аталған) ] -

болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық “ғылым”; дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс. “Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “бірінші философия” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т. б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап “Метафизика” терминімен қатар сол мағынада “онтология” термині де қолданылды. Декарт, Лейбниц, Спиноза және 17 ғ-дағы басқа да ойшылдардың философиясында метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс 18 ғ-да, әсіресе Х. Вольф секілді философтар тұсында бұзылды. Гегель метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында 17 - 18 ғ-лардағы ғылымға, әсіресе философияға қатысты алғаш қолданды. Ғылым мен техниканың өріс алуына байланысты 20 ғасырда философиясында Метафизика жаңа идеяларды тудырды. Кибернетика мен генетиканың, ғылыми-техникалық ойдың жедел дамуы әсерінен метафизиканы “қатаң ғылым” ретінде қарастыру қалыптасты. Метафизика онтологияны алмастырып, оның маңызы теориялық және тәжірибелік зерденің мәнін ашуға бағытталды.

Метафизиканың сыналуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өмірінің мәні
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Адам өмірі өмірлік мақсаттарға негізделгенде ғана мәнді
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Оны философиялық талдау
Қазақ философиясының басты мәселесі
Өмір мәні
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Адам өмірінің философиясының мағынасы
Өмір сүру- өмірдің мәніне философиялық көзқарас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz