Христиан діні және отбасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Семей медициналық университеті КеАҚ, Семей қаласы, Қазақтан Республикасы

Жұмыстың тақырыбы: Христиан және мұсылман мәдениеттеріндегі отбасы.

Орындаған: Советхан Ж.Қ.
Тексерген: Джакипова Т.У.
Топ - 2104 ЖМФ

Семей - 2021

Жоспар:
* Кіріспе
* Негізгі бөлім

Христиан діні және отбасы;

Ислам діні және отбасы;

Христиан және мұсылман мәдениеттеріндегі отбасы айырмашылықтары мен ұқсастықтары;

* Қорытынды
* Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі:
Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі орнының маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін мемлекеттің және мәдениеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да, адами руханилықтың да кепілі.

Жұмыстың мақсаты:
Христиан және мұсылман мәдениеттеріндегі отбасыларды сипаттап айта келе, тыңдаушыларға жеткізе білу.

Жұмыстың міндеті:
Ислам және Христиан діндеріндегі мәдениетті салыстыра келе айырмашылықтарын және ұқсастықтарын анықтау.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дін - қоғам мен мемлекетті, ұлттар мен ұлыстарды ортақ идеялар мен құндылықтар төңірегіне топтастыратын сенім болумен қатар, бір мезгілде әлеуметтік алауыздықтар мен айырмашылықтарға түрткі беретін нәзік орта. Ондай алауыздықтардың орын алу себебінің бірі діни сауатсыздықтан туындайтыны баршамызға мәлім. Сондықтан мемлекет пен қоғамға жүктелген міндеттердің бірі дінге қызығушылық танытқан топтың басым бөлігі болып табылатын жастардың бойында ұлттық сана мен діни дүниетанымдық позицясын қалыптастыру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі орнының маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Біздің Қазақстан қоғамы руханилыққа ерекше жақын, ол халықтың дінге деген ықыласынан да көрінеді. Еліміздегі мемлекет құраушы қазақ халқының ата діні ислам екені баршаға белгілі. Мемлекет азаматтары болып табылатын еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің де басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Сондықтан халық үшін маңызды болған нәрсе мемлекет үшін де маңызды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханилықтың негізі санап келді. Ұлттың рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатты. Ата дініміз - исламдағы адамгершілік, сыйластық, өзара құрмет, келісім, имандылық, білімге құштарлық, еңбекқорлық, отансүйгіштік, т.б. көптеген құндылықтар мен қасиеттер ұлтымыздың болмысында бұрыннан бар мінездермен астасып, рухани құндылықтардың қайталанбас кешенін құраған болатын. Яғни, дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға негіз болып қаланды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі уақытта еліміздегі дін мәселесінің күн тәртібінде тұруына бір ғана себеп бар. Ол сенім мен танымға байланысты. Сенім Исламда бір, ол барлық әлемдегі мұсылмандарға ортақ. Яғни, Алла - бір, құран - шын, пайғамбар - хақ. Ал, танымға келсек әрбір мұсылман адам өзінің ұлттық дүниетанымдық көзқарастарымен таниды. Біздің ата-бабаларымыз да осы әдістерді қолданған. Өкінішке қарай, қазіргі таңда Ислам дінін, құндылықтарын насихаттауда көптеген методологиялық қайшылықтар болғандықтан көпшілік арасында дінді түсіну қиынға соғуда. Әсіресе жастар арасында дәстүрлі діни танымынан ауытқып, дінді дәстүрден алшақтап, өз тарихы мен мәдениетін терістеу бидғат, ширк деген сөздерді жиі естиміз. Діни танымды анықтайтын - өзіміз. Адамдар дінге бет бұрып жатса, онда алдымен діни сауатын арттыру қажет деп ойлаймыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дін жалпы адам баласына жаман нәрсені үйреткен емес. Қай дінді алсақта адамды қайырымдылыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке, құрметтеуге, адалдыққа, ешкімге зиян тигізбеуге, оқуға, білім алуға, жақсылыққа үйретеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1. Христиан діні

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиан діні - әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. "Христос" сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі - Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиандардың басты кітабы - Інжіл адамзат ойының көрнекті ескерткіші. Ол өзінің атауын гректің кітаптар деген сөзінен алады. Інжіл, діншілдердің айтуынша, пайғамбарлар мен апостолдар деп аталған құдайдың ерекше қалауы түскен адамдар арқылы келген Қасиетті Рухтың аяндары негізінде жазылған кітаптардың жинағы. Інжіл атауы тек VI ғасырда пайда болды. Інжіл екі бөлімнен тұрады. Олар - Көне өсиет және Жаңа өсиет. Біріншісіне христиандыққа дейінгі кезеңдерде көне еврей тілдерінде жазылған және иудейлер мен христиандар қатар құрметтейтін кітаптар жатады. Екіншісіне грек тілінде жазылған кітаптар енеді. Олардың авторлары - апостолдар мен евангелшілер.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көне өсиеттің канонға енбеген кітаптарын қоса есептегенде Інжіл 77 кітаптан тұрады. Оның ішінде Көне өсиет католиктер де, православие шіркеуі де синодтық (ең беделді) басылымдарға енгізетін 39 канонды жіне 11 канондалмаған кітаптарды қамтиды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көне өсиеттің барлық кітаптарын бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісі - Мұсаның бес кітабы немесе Заң (еврейше - Таурат). Екіншісі - тарихи кітаптар, үшіншісі - Пайғамбарлар, төртіншісі - Жазулар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жаңа өсиетке 27 кітап жатады. Олар апостолдар Матфей, Марк, Лука және Иоанн жазған Евангелиелер, Касиетті апостолдардың қызметтері, Иоанн уағызшының Жолдауы мен Аяндары.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Інжіл - қызғылықты кітап: біреулер оны мифтер мен аңыздар жинағы деп қарайды, екінші біреулер одан адамзат тарихының ескерткішін көреді, ал енді үшінші біреулер көркем шығармалар жинағы деп есептесе, төртінші біреулері оны құдай сөзі деп қабылдайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Православие діні 1054 жылдан бастап Шығыс Рим империясындағы басым дінге айналды. Өз билігі өзінде болған шіркеулер саны үнемі өзгеріп отырды. Билігі өз қолында он бес шіркеу бар. Олар - Константинополь, Александрия, Антиохия, Иерусалим, Орсы, Грузин, Серб, Румын, Болгар, Кипр, Эллада, Албан, Поляк, Чехия мен Словакия және Америка шіркеулері. Соңғысы Орыс шіркеуінен 1970 жылы бәлініп шықты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Православие ілімінің негізі - Қасиетті Жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсиет. Соңғысына алғашқы жеті әлемдік собордың үкімдері мен негізінен III-IX ғасырлар аралығында өмір сүріп, христиан догматтарын жасаған, шіркеу әкелері аталған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Православиеде культ үлкен роль атқарады. Оның басты міндеті - сенушілердің діни сезімдерін ояту, дінді көпке тарату.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Православиеге тән нәрсе - Құдай Ұлын (Ғайсаны) ғана емес, оның жер бетіндегі анасы бейкүнә Мәриямды қоса қатар дәріптеу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христианда крест белгісіне ерекше құрметпен қарайды. Ол храмдар мен часовнялардың төбесіне орнатылады, діншілдер кеуделеріне тағады. Дін уағызшылары тағатын крест иерей кресті деп аталады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Католиктік бағыттың ең басты айырмасы - Қасиетті Рухтың Әке-құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен таралуы. Сол сияқты католиктер Көне Өсиеттің көптеген кітаптарын бұлжымас қасиетті ілім ретінде қабылдайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Католик шіркеуінің басшысы - Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Католик храмдары костел деп аталады. Оларда икондардан скульптуралар басым болады, иконостас деген жоқ. Дінге құлшылық латын тілінде атқарылып, құлшылық жасау рәсімі кезінде орган ойнайды. Католиктер құлшылықты отырып жасайды. Олар сол иығынан бастап, толық алақанымен шоқынады. Католиктер литургиясы месса деп аталады. Өлген адамдарға арнап реквием орындалды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Католик монахтығының да өз ерекшеліктері бар. Ол православиедегідей тұтас емес, ордендерге бөлінеді. Орден - латынның шен, қатар, тәртіп деген сөзінен алынған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Протестант сөзі - көтерілісші, қарсы шығушы деген мағынаны білдіреді. XVI ғасырда Мартин Лютер (1489-1546 ж.ж.) Рим католик шіркеуінің күнәні кешіру билігіне, оны оңай табыс көзіне айналдыруына, Киелі кітаптың құпия-жорамалдары мен діни үкімдерін өз мүдделеріне қарай орайластыруға, құлшылықтың латын тілінде орындалуына қарсы шықты. Олардың бұл қарсылығы өз нәтижесін берді. Протестанттар да өз пікірлерін ақтап, қолдады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осылайша дін жолындағы реформация басталды. Соның нәтижесінде әр түрлі протестанттық шіркеулер құрыла бастады. Араларында кейбір айырмашылықтары болмаса, протестанттық ағымдардың бір-бірімен ортақ ерекшеліктері бар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Протестанттарды басқалардан бөлектеп тұратын ерекшеліктер мыналар:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1. Папаның билігін және ол мүлдем қателеспейді деген көзқарасты мойындамайды. Христиан дінін ұстанатын адамдардың барлығы бірдей тең құқылы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2. Шіркеу Киелі кітапқа жорамалмен тәпсір жасай алмайды. Әрбір христиан Киелі кітапқа өзінше түсінік бере алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3. Сакраменттердің алғашқы екеуін (шомылдыру рәсімі және нан мен шарап діни құлшылығы) қабыл етеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
4. Шіркеулерде суреттер мен мүсіндер қойылмайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5. Англикан шіркеуінен басқалары айқыш қолданбайды, шоқынбайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6. Құлшылық пен діни жоралғылар ана тілдерінде орындалады. Уағыз-насихаттарды құлшылықтың бір тармағы ретінде санайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
7. Аралық мекенді (жаннатқа да, тозаққа да жатпайтын жер) және мәңгілік жазаны мойындамайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
8. Мәриям ана туралы көзқарастары өзге ағымдарға қарағанда мүлдем басқа, оған онша маңыз бермейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
9. Үштік сенім барлық протестанттарда да бар. Бұл жөнінде басқа христиан шіркеулерінен айырмашылығы жоқ.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
10. Әулие-әнбиелерді қабыл етпейді. Әулиелер үшін шіркеулерде арнайы діни жоралғылар жасамайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
11. Протестанттық шіркеулер: лютерандық, англикан, реформистік шіркеулер сияқты тармақтарға бөлінеді, сонымен қатар методистік, конгрегасионалистік сияқты тәуелсіз шіркеулер де пайда болды.

Христиан отбасылары

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әлемдік діндердің алғашқысы христиан дінінің киелі кітабы Тәуратта: "Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел етіп жаратты" (Киелі кітап, 2010:9) делінген. Сондай-ақ әйел Адамның қабырғасынан жаралған: Және Құдай Адамды қатты ұйқыға салып, адам ұйықтап қалғаннан кейін, оның бір қабырғасын алған, оның орнын бұлшық-етпен жапқан. Және Құдай адамнан алған қабырғадан оған әйел жасап берді... (Киелі кітап, 2010:11). Иса Мәсих жастайынан анасына мойынсұнып жүретін болған Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді. Осы сөздердің бірін шешесі көңіліне түйіп алды. Ата-анаға құрмет көрсетуді ата-анаңды сыйла! (Киелі кітап, 2010: 1136) деп ең жоғарғы өсиет етті. Христиан дінінде әйелдің ой-өрісі тұрғысынан Иса Мәсихке дейін адами құқықтарға ие болмаған. Әйелдерді еркектерге қарағанда білімге қабілетсіз деп білген. Ал Мәсих Иса келгеннен кейін, білім жалпыға бірдей ашылатынын көрсетіп, тіпті Иса Мәсихтің үздік әйел ерушілері болған. Інжілдік баяндауларда әйелдердің аштық пен жол қиыншылықтарына қарамастан Мәсих Исаның артынан еріп, оның құтқару ілімін тыңдаған (Киелі кітап, 2010:1128). Ол ешқашан әйелдерді өз тыңдаушылар қатарынан алыстатпаған және олардың түсіну қабілеттерінің төмен екендігін бірде-бір рет айтпаған. Керісінше әйелдермен әрдайым сұхбаттасып отырған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бірінші пасхадан кейін Мәсих Иса Иерусалимнен Галилейге қарай жолға шығады. Жолда Самария аймағы арқылы Сихар қаласының жанындағы Жақып (Иакова) құдығының басына барып отырады. Шәкірттері қалаға азықтүлік алып келуге кетеді. Сол кезде құдықтан су алу үшін самариялық бір әйел келеді. Мәсих Иса одан: Маған ішетін су берші? деп сұрады. Самариялық әйел таң қалды. Себебі яһудилер (діни сенім бойынша арамданбау үшін Талмұдта: Жұбайы, қызы, әпкесі болса да, көпшілік алдында әйелдермен сөйлесу - Равиндер үшін кешірілмейтін ақымақтық) самариялықтармен араласпайды. Сондықтан әйел: Өзің яһуди бола тұра, қалайша менен, самариялық әйелден су сұрайсың? - деген сауал қойды. Иса: Егер құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған адамның кім екенін білсең, сен оның өзінен су сұрар едің. Сонда ол саған өмір суын берер еді деп жауап қатты (Киелі кітап, 2010:1204). Сонда әйел: Мәсих деген құтқарушының келетінін білемін. Ол келгенде бізге бәрін ашық айтып береді, - деді. Иса: Сенімен сөйлесіп тұрған мен соның өзімін, - деп әйелге жауап берді (Киелі кітап, 2010:1205). Бұл оқиғадан Христиан дініндегі Иса Мәсихтің әйел жаратылысына деген қарым-қатынасын көреміз. Қарапайым әйелге руханилық, құдайға құлшылық ету, мәсихшілдік секілді христиандықтың негізгі принциптері туралы ақпарат беруі әйелдің тыңдау құқығын және шынайы ақиқатты қабылдаудағы қабілеттілігін аңғартады. Бұл самарияндық қарапайым әйел шынайы ақиқатты түсініп, Иса Мәсихтің алғашқы әйел шәкірттерінің бірі болған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сол жерде алысырақтан қарап тұрған көптеген әйелдер болды. Олар Исаға қызмет етіп, Ғалилеядан еріп келгендер еді (Киелі кітап, 2010:1153). Олардың ішіндегі тұрақты серіктері - Мария Магдалина, Хузаның жұбайы Иоанна, Жақып пен Жүсіп шешесі Мәриям, Саломия - Зебедей ұлдарының шешесі, сонымен қатар Иса Мәсихтің өз анасы - Мәриям т.б. болған. Бұлардың барлығы басқа еркектер тәрізді Мәсих Исамен бірге жүріп, ғибадат құлшылықтарын жасаған және нәзік жандылар қатарынан болғандары үшін ешқандай шеттетілу көрсетілмеген. Исаның өміріндегі маңызды жәйттардың көбінде әйелдердің орны көрініс тапқан.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Алайда, ерте және дамыған орта ғасырларда бірқатар христиан дінбасылары әйел адамның құқығына қатысты жазбаларды назардан тыс қалдырып, олардың құқығын мүмкіндігінше шектеуге тырысқан. Христиан теологтарының тіпті әйел адам ба, адам емес пе деген мәселе көтеріп, орта ғасырларда Батыста әйелдердің мыстан, азғырушы, арбаушы, көзбояушы, сиқыршы деген жаламен шіркеу тарапынан тірідей отқа жағылғанын, өртелгенін білеміз. Тіпті, шіркеу тарапынан мыстандар мен сиқыршы әйелдерді аулау үшін арнайы топтар құрылған. Олар көрікті, білімді қыздар мен ажарлы әйелдерді еркектерді азғырушы ретінде айыптап, сотсыз, шіркеудің үкімімен тірідей өртеп отырған. Католик шіркеуі мен протестандық сенім арасындағы қақтығыс кезінде бұдан ең көп зардап шеккендер тағы да әйелдер болды. Англияда бертінге дейін лас деп есептелгендіктен, әйелге Інжіл ұстауға тыйым салынды. Францияда Жанна д'Арк сияқты сан мыңдаған әйелдердің түрлі жаламен тірідей отқа жағылғанын тарихтан білеміз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әулие Августин мен Иоанн Злотоустың көзқарастарындағы әйелдің орны: Әйелдер тыныштықпен әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойынсұнып тәлім алсын (Киелі кітап, 2010:1431). Симон Петр: Мәриям бізден кетсін, өйткені әйелдер өмір сүруге лайықты емес - деген (Киелі кітап, 2010:1415) деген, сондай-ақ әулие Павел Олардың (әйелдер) Құдайдың ілімі жайлы тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізулеріне жол бермеймін, олар тыныш болсын (Киелі кітап, 2010:1432). Сондай-ақ еркек әйелге бола емес, әйел еркекке бола жаратылды, бірнәрсе туралы сұрағылары келсе, үйде күйеулеріне сауал қойсын. Өйткені әйелдердің шіркеуде сөйлеулері ұят (Киелі кітап, 2010:1380) делінген әйелдерге қатысты пікірлерді көре аламыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиан дінінде әйел барлық күнәһарлықтың бастауы деп айыптайды және ол бүкіл адамзатқа кесірін тигізді делінеді. Тауратта көрсетілгендей: ... және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды (Киелі кітап, 2010:1432). Христиан діндарларының әйел тегін айыптаулары Еуропа мен христиан әлемінде әйелдерге деген теріс пікірлер қалыптастырды. Августин Блаженный үйіне ешқашан әйелдерді, тіпті бірге туған монах әпкесін де жолатпаған. Әулие Тертуллианда: Сендердің әрқайсың Хауа екендеріңді білесіңдер ме? Құдайдың әйел тегіне қатысты жазасы әлі күнге дейін жарамды, күнәнің жазасы да жалғасуы керек. Сендер шайтанға жол ашатын қақпасыңдар және әйел Құдайдың рухани Ұлы Иса Мәсихтың құрбан болып өлгеніне күнәлі. Шынайы христиан әйелі өзінің сұлулығын жек көруі тиіс, себебі ол еркектерді азғырады, - деген. Көптеген ортағасырлық христиан дін қызметшілері ... әйел жыланнан да қауіпті деп білген. Тіпті әйелдің көлеңкесінен де жанымыз ластанады деп қашатын болған. Ортағасырлық христиан діни философиясында әйел жаратылысына деген олқылықтық пен ластық тән болды. Әулие Томас шынайы христиан болу үшін ешқандай әйел атаулысына жоламай, үйленуден бас тартып ант бергендер ғана киелі рухты алып жүре алады, - деп айтқан. Сондай-ақ әулие Иероним Барлық жамандық әйелден деген сөздері тағы бар. Христиан дінінде әйел адамның құқығын қозғамастан бұрын христиан дін қызметкерлері ұзақ уақыттар бойы әйелдің жаны бар ма, жоқ па? деген сұраққа жауап таба алмаған. Тек 585 жылы Маккондық шіркеулік соборда (Маконе, Франция) әйел төменгі сатылы жаратылыс болғанымен жаны бар деген шешімге келген. Христиандықтағы әйел статусын қарастыра келе апостол Павел Барлық күнә бастауы әйелде және соның кесірінен бәріміз өлім дәмін татамыз, - деген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Рим империясындағы әйелдердің заңды мәртебесі римдік құқықта бекітілген. Заңнамаға сәйкес, әйел толығымен бағынышты болды. Ол тұрмыс құрғаннан кейін, оның меншігі толығымен күйеуінің иелігіне өту керек. Әйелді күйеуі сатып алғаннан кейін тек соның пайдасын өтейтін құл сияқты оның меншігіне айналады. Әйел ешқандай да азаматтық және қоғамдық лауазымға ие бола алмайды, ол куәлік беруші, тапсырушы, қамқоршы бола алмайды, бала асырауға немесе асыранды болуға құқы болмайды, өсиет қалдыра, келісім жасай алмайды. Ортағасырлық христиан философы Филон Александрийскийдің түсінігінше, еркектік - саналы, рационалды, құдайлық, ал әйелдік - лас денелік әлемінің бейнесі деген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиандық отбасылық қатынастарды әйел күйеуіне толығымен бағынуы қажет. Қауымның Мәсихке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнулары керек (Киелі кітап, 2010:1410). Әйел орны - отбасында, үй шаруасымен айналысу, ал ер адам үй шаруасына алаңдамауы тиіс. Сонымен қатар ер адам әйеліне құдайға құлшылық ету, разылығына жету жолдарын үйрету міндеттеледі. Яғни күйеуі тек қожайыны ғана емес сонымен бірге ұстазы, рухани жетекшісі болып табылады. Әйел еркектің жеке мүлкі ретінде қарастырылғандықтан ажырасуға тек еркек құқылы болған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиандық неке сипаты - бір некелілік. Ал егер әйелдің күйеуі қайтыс болса, басқаға тұрмысқа шықпай, неке адалдығын сақтап жесір қалу абзал. Себебі христиандық ілім бойынша адам өлімін ұйқымен теңейді, яғни күйеуі қайтыс болған әйел ол ұйқыда деген түсінікпен рухани бірге болуы жақсырақ деп саналады. Бұл жайлы киелі кітапта: Ал ең қолайлысы қайтадан тұрмыс құрмау (Киелі кітап, 2010:1385). Жесірлік жақсырақ және жоғары, ал екінші неке жаман және төмен деп жесірлік пен монахтық өмірді дәріптейтіндігі көрінеді (Беседа о вдовицах).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Яhудиліктегі кейбір Ысырайыл деректерінен мынаны оқимыз: ...еркек отбасының басшысы, ал қыздары үйлеріндегі қызметші болып, жұмыс істейтін сорлылар. Тіпті кейде әкелері кез келген уақытта саудаға шығарып сататын тұтқындар... Негізінде олар мұндай азапқа лайықты, себебі, әйел Адамды алдаған және оны жамандыққа итермелеген. Сондықтан ол лағынетке ұшыраған....
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Міне, осы діни аңыздардағы Хауаның әуел бастапқы күнәhарлығы туралы ақпар әйелдердің төменгі жағдайда болуына сеп болып, бұл христиан дінінде одан ары жалғасын тапты. Бүкіл ортағасырлар бойы әйел жұмақтағы алғашқы күнәнің себепкері болғандықтан, Інжілге қол тигізе алмайтын.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиан теологиясында әйел бейнесі адамды азғырушы, ібіліспен ымыраға келуші, сайтанның тапсырмасын орындаушы, Адам Атаны алғашқы күнәға итермелеуші ретінде суреттеледі. Көптеген әдебиеттерде жын-шайтан мен ібіліс әйел бейнесінде көрсетіледі. Кезінде католик дінінің ресми теологы болып бекітілген Фома Аквинский: Әйел тез өсетін арамшөп сияқты. Ол толыққанды адам емес, оның денесінің толық жетілмегенінің өзі оның құндылығының төмендігінен, табиғат онымен азырақ айналысатындықтан... Әйелдер оларды мәңгі билеушінің немесе ұстаздың басқаруымен ұстап отыру үшін туады деген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Күнә мен әйелдің аты қатар аталғандықтан, христиан діндарлары әйел атаулыға жоламай, дүниеден үйленбей өтті. Шіркеу үйленбей өтуді Хазірет Исаның жолы - күнәдан пәк болу деп түсіндірді. Католик шіркеуі Папаларды тек үйленбеген кардиналдар арасынан ғана сайлады. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Христиандық діни көзқарас бойынша, руханилықтың бәрі, біріншіден, адамға жоғары құдайдан дарыған, ол өзінің тәндік, заттық болмысында индивидуалды, яғни күнәлі, ұсқынсыз. Адамның тәні рухына қарама-қарсылықта қойылған. Екіншіден, христиан діні әйелдің биполярлық бейнесін көрсеткен. Бір жағынан Хауа ана - адамның анасы, екіншіден ол күнәһар, қараңғы күштің символы болып табылады. Сонымен қоса, Дева Мария - Христостың анасы тазалықтың, пәктіліктің рәмізі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Үшіншіден, христиан философиясында жеке адамның қайталанбас құндылығы мен еркіндігі мәселесі бірінші орынға қойылған. Батыс дүниетанымында индивидуализм ең негізгі түсінік болды. Қоғам индивидтердің жиынтығынан тұрады. Оның нәтижесінде батысеуропалық мәдениетте адамның еркіндік құқығы заңында демократиялық құндылықтар құрылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әйел мен еркектің қоғамда алатын орнын айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени құрылым ретіндегі ұғымы он тоғызыншы ғасырдан бастап, батыстық елдердің жаңа капиталистік нарықтық қатынастарға тартылуымен қалыптасты. Капитализмге өту сатысында Батыста әйел мен баланың еңбегі қаналды, олардың құқықтары аяққа тапталды, еткен еңбегіне мардымсыз ақы төленді. Осыған орай, әйелдердің өз құқықтары үшін күресі басталып, эмансипация түсінігі мен феминизм идеологиясы өмірге енді. Дегенмен, шіркеуді былай қойғанның өзінде, зиялылар мен оқымыстылардың өзінде де әйелді кемсітуші ескі патриархаттық дәстүр сақталып қалды. Мәселен, И. Милтон әйелге жаратылыстың қателігі деп қараса, әйгілі Ф. Ницше әйелмен сөйлескен кезде қолыңда қамшы болсын дейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Еуропа мәдениетіне грек мәдениеті зор ықпал еткен. Прометей батыс өркениетінің рәмізі ретінде саналады. Антикалық дәуірдегі ежелгі грек және рим мәдениеттерінде әйелдердің алатын орны төмен болған. Демократияның отаны саналатын Афинының өзінде әйелдер қашанда еркектерге - әкесіне, ағасына, күйеуіне және өз әулетінің басқа да еркектеріне бағынышты жағдайда болды. Грек мифологиясына сай, Прометей аспандағы құдайлардан адамдар үшін от ұрлағаны үшін гректердің басты құдайы Зевс адамдарға жаза ретінде балшықтан әйелді жасаған. Зевстің жоспары бойынша, әйел - ұятсыз әдемі құбыжық, сондықтан енді ер адамның бақытсыздыққа, сәтсіздікке ұшырағаны, жеңіліп қалған жағдайлары әйелден болу керек. Осы классикалық грек мәдениетінің ұлы тұлғаларынан қалған мына пікірлер әйел жағдайын айшықтап береді: әйел - тозақтың есігі және мал-мүлік (Платон), әйел жаратылыстан жартылай қалған еркек (Аристотель) және т.б. Атақты римдік шешен әрі философ, мемлекет және мәдениет қайраткері Цицеронның пікірінше, әйел еркекке кедергі келтіру ретінде жаратылған. Ол жаратылмағанда еркек тәңірге айналар еді деген.
Бұл тарихи жағдайларға келетің болсақ, христиан дініңде алғашында Иса пайғамбардың таратуы бойынша әйел адамды ер адаммен тең көріп, оны шектетпеген. Кейіннен адамдардың әсерінен дінді бұрмалап әйел адамды төмен санап кемсіткен. Бірақ қазіргі таңда, білімді ұстаздардың, дін танушылардын көмегімен дінді реттеп келеді. Әйел адамды құрметтеуді, сыйлауды, адам теңдігін сақтауды үйреніп келеді. Христиан дінінде отбасы құрудын алдында ер адамдарға табыс табуды, отбасын асырауды үйретсе, әйел адамға ер адамзатын сыйлауды, отбасынын үйдегі жағдайын реттеуді үйретеді. ол дегеніміз ер азамат табыс табады, ал әйел адам үйдін шаруасын атқарады дегенді білдіреді. Әйел адам өз еріне бағынышты болуы керек, ал ері әйелін жақсы көруі тиіс.
Бала тәрбиесіне келер болсақ, балалары әке-шешесіне бағынышты болулары тиіс, ата- анасының айтқанын орындап, еңбектенулері қажет. Ал балалары өз отбасын құрғанда оларды бір-бірімен өмір сүруге жеке жібереді. Бұл отбасынын тәуелсіз дамуына мүмкіндік береді деп сенеді. Бірақ ата-ананы құрметтеу керек және қонаққа келгенде міндетті түрде сыйлық әкелуі тиіс.

2. Ислам діні
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мұсылман ғалымдар мен ойшылдар дін мен ғылымның арақатынаcында өзіндік қолтаңба қалдыра отырып, жаратылыcтану ғылымын меңгеруде өзге мәдениет өкілдерінен әлдеқайда озып кеткен. Онымен шектелмей, қарапайым xалықты да жаппай біліммен сусындауға шақырған. Оcыған қарап-ақ ислам дінінде ешқашан ғылымға шектеу қойылмағаны, қайта жандануына, өрістеуіне барынша қолдау көрcетілгенін байқаймыз. Ал оcындай ойлауға кереғар келетін ойларды алға тартатын батыc елдерінде ол кезде ғылыммен айналыcқандарға инквизиция cоты жүріп, ғылымға тұтаc шектеу қойылғаны мәлім. Оcындай айғақты дәлелдер иcлам діні ғылымға, жалпы дамуға тұcау болған деген пікірлер cеңін cейілтеді. Діндеріңді толықтырып, кемеліне келтірдім деп Жаратушы Алланың уәде еткеніндей, ешқандай кемістігі жоқ Иcлам діні өмірдегі cан алуан ақиқаттар мен тәрбие негіздерін егжей-тегжейіне дейін өзіне қамти білген .
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Иcлам - озық ой мен прогреcке еркіндік берген дін. Cондықтан қай кезде де ғылыми-ағартушылық бағыттың дамуына кең жол ашқан. Құранда алғаш түскен аят Өзіңді жаратқан Раббыңның атымен оқы! деп мұcылмандарды оқуға, білімге үндейді. Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе? (Зүмар cүреcі, 9-аят); Бұлардың арасындағы ғылымға бойлағандарға зор cый береміз (Ниcа cүреcі, 162-аят); Анығында құлдарынан ғалымдар Алладан қорқады (Фатыр cүреcі, 28-аят); Жаратқан ием, білімімді арттыра гөр! (Таһа cүреcі, 11-аят) деген аяттар мен Ғалымдар - пайғамбарлардың мұрагерлері (Әбу Дәуіт), Тал беcіктен көр беcікке дейін білім, ғылым іздеңдер (Әл-Ажлуни), Білім алу мұcылман әйелге де, ерге де парыз (Ибн Мәжа), Ілім үйренуге шыққан шәкірт Алланың жолында (Муcлим) деген xадиcтер оcыған дәлел.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Иcлам тариxына қарасақ, Омеядтар басқарған кезеңде ежелгі грек тілінен Ариcтотель, Птолемей, Пифагор, Евклид, Гиппократ, Платон, Арxимедтің еңбектері араб тіліне көптеп аударылды. Аббаcилар билік құрған дәуірде аударма жұмыcтары тіптен қарқын алды. Мұcылман ғалымдар бұл аударылған мәліметтерді өздеріндегі мәліметтермен байыта түcкен.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми жұмыcтарда Андалуcия омаядтары оқ бойы озық тұрды. Бағдатта, Кордовада, мұcылмандар мекендеген қалаларда кітапxаналар мен медреcелер жиі тұрғызылды. VIII-XІІ ғаcырларда мұсылмандар ғылым салаларын қарқынды дамытқан. Бұл тұрғыда мұcылмандарға жетер ешкім болмаған. Еуропа мәдениетінің қалыптаcуына қайта өрлеу мен реформалық қозғалыcтарға Иcлам мәдениеті зор үлеc қоcты. Мұcылмандар тафсир, қирағат, фықыһ, кәлам, xадиc cияқты иcламдық білім салаларын дамытты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тафсирде ат-Табари, аз-Замаxшари, Ибн ал-Араби, Фаһраддин ар-Рази, Ибн Каcир cекілді ғалымдар көзге түccе, фықыһта Имам Ағзам Әбу Xанифа Нұғман ибн Сабит, Имам Малик, Имам Шафиғи, Ибн Xанбал cекілді білімге ерекше терең бойлаған ғалымдар шыққан. Кәлам cалаcында аль-Ғазали, Ибн аль-Арабилер өз қолтаңбаcын қалдырcа, xадиc cалаcында Имам әл-Бұxари, Имам Тирмизи, Имам Муcлим, Малик ибн Әнаc cынды білгірлер алдына жан cалмады. Мұcылмандар иcламдық ғылым салаларымен қатар медицина, математика, аcтрономия, xимия, филоcофия, тариx, география cияқты жаратылыc пәндерін де дамытты. Халифа Һарун Рашид пен аль-Мамун дәуірінде мұcылмандар білімде алға шыққан. Әр cаланы жеке алғанда әлем мойындаған озық ғұламалар шыққан. Мәселен, медицинада Абу Бакр ар-Рази, Ибн Cина; математикада аль-Xорезми, Ибн Жамшид, аль-Бируни, Омар Xайям; xимияда Жабир ибн Xайян, аль-Макcиди; философияда Әбу Наcыр аль-Фараби, аль-Кинди; аcтрономияда аль-Баттани, Али Кушжи; тариxта аль-Маcуди, ат-Табари, Ибн Xалдун; географияда Ибн Баттута, Ибн Xаукал, тағы баcқалар ерекше еңбек еткен.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Күн cағатын алғаш болып ойлап тапқан Жабир ибн Афлах (орта ғаcыр), атом бомбаcы туралы алғаш түcінік берген Жабир ибн Xайян, автоматтық жүйені алғаш ойлап тапқан Жазари, зоологиялық энциклопедия кітабын жазған Муxаммад ибн Муcа, тригонометрияға тангенc, котангенc, cинуc пен коcинуc заңдылықтарын енгізген Абул Уафа, алгебра еңбегін жазып қалдырған аль-Xорезми, агрономия cалаcында тұңғыш кітап жазған Ибн Аууам (XІІ ғасыр), алғашқы қағаз фабрикаcын құрған Ибн Фадил, ішек, құрт микробын тапқан Камбур Уаcим, Жер шарының диаметрін алғаш өлшеген Муxаммад ибн Муcа, алгебрадағы Бином формулаcын тапқан Омар Xайям, қазіргі дүние жүзі картаға өте жақын келетін дүние жүзі картаcын cызған Пири Рейc, алғаш ұшақ жаcаған Ибн Фирнаc, тұңғыш рет бағдарлы компаcты ойлап тапқан Қабажақи (XІІІ ғасыр), тариx ғылымын алғаш жүйелеген Ибн Xалдун, xимия cалаcында Кантитаф тәcілін ашқан Абул Қаcым аль-Каши, 1000 жыл бұрын майда тамырларды тауып, алғаш рет рак ауруына операция жаcаған Али ибн Аббаc cияқты жүздеген ғалымдар мұcылмандар еді .
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Толеранттылық (төзімділік) ұғымы, бұл жалпы алғанда өзара түcініcтік, құрмет көрcету, кешірімшіл болу, cыпайылық таныту, cабырлы болу, шыдамдылық көрcету, айырмашылықтарға және өзгелердің әртүрлі ой-пікірлеріне шектеу қоймау, оларға теріc әрекет жаcамау, теріc пікір тудырмау, әртүрлі ой-пікірлерді өзара түcініcтік арқылы талдау cияқты ұғымдардан тұрады .
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Xалифалар билік құрған дәуірде дүние жүзі мәдениеттері етене аралаcты. Қиыр Шығыcтағы Қытай мәдениетінің озық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл, тамаша идея
Дәстүрлі діннің белгілері
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Ежелгі христиан мәдениеті
Еркекті адам ететін әйел
Елуліктер дәстүрлі емес діни қозғалысы
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Құқық және дін
Пәндер