Сәуле ауруы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

Казахский национальный аграрный университет | Портал для абитуриентов и школьников

СӨЖ

Тақырыбы: Жіті және созылмалы сәуле ауруы

Орындаған: Едилбаева А. А.

Вм-404

Қабылдаған: Казтаева Б. К.

Алматы 2021

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Сәуле ауруының кезеңдері

2. 2. Жіті радиациялық зақымдану

2. 3. Жануарға иондаушы сәуле әсері

2. 4. Созылмалы сәуле әсері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Сәуле ауруы . Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді: бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300-400 «Р» сәуле дозасын алса, үшінші дәрежелі ауру - 500-600 «Р» дозасында және төртінші, ең ауыр дәрежесі 600 «Р» дозасынан асқанда сәуле ауруына душар етеді. Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.

Қоршаған ортаның жануар организміне теріс әсер ететін факторларының бірі - радиация болып табылады. Радиация жануардың клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен қызметінің өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмауына байланысты болып отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында кемістіктері бар(қатерлі аурулары, сіулелік аурулары және т. б) . Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиобелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организм сияқты жануарға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері жануар организмінде түрлі ауытқуларды және түрлі ауруларды туғызады. Радиация латын тілінде «радиус» - «сәуле» деген сөз. Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Радиацияға: күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті элементтердің изотоптары жатады.

ІІ. Негізгі бөлім

С әуле ауруы төрт кезенде жүреді : Бірінші кезең - сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бүзылады да жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бұзылуы, т. б. ) . Төртінші кезең - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда жануар бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде жагуардың жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады

Жіті радиациялық зақымданудың түрлері .

Жіті радиациялық зақымдану келесі түрде жіктеледі:

  • Сәулелену түріне байланысты (гамма-нейрондық, бетта, альфа)
  • Орналасу көзіне байланысты (ішкі және сыртқы)
  • Дене аумағында мөлшердің таралуы бойынша (біркелкі, біркелкі емес, жергілікті)
  • Мөлшерінің уақытқа байланысты таралуы (ұзақ және қысқа)

Сәулелік жарақаттану:

Сіңірілген сәулелік доза белгілі бір толеранттылықтан жоғары болса, соған байланысты жергілікті сәулелік жарақаттану да жиі байқалады. Энергияның маңыздылығы 1960-жылдардағы рентгенотерапияның (180-200 кв) мысалдарында жақсы көрінеді, сол жағдайда ең көп сіңірілген дозаның мөлшері теріге келеді, сондықтан да ауруларда сәулемен емдеу терапиясын жүргізген, сәулеленген жерлерде жергілікті сәулелік жарақаттанулар байқалған. Соңғы жылдары емдеу тәжірибесіне мегавольттық сәулеленуді енгізген соң, терінің сәулелік жарақаттанулары біршама төмендеген.

Сәулелік жарақаттануларды сәулеленген жердің аймағына дамыған, сәулелік терапия кезінде қолдануды 2-ге бөліп қарастыруға болады:

*ерте дамитын сәулелік аурулар

*кеш дамитын сәулелік аурулар

Сіңірілген сәулелік доза мен бірге сәуленің әсер ету ұзақтығы маңызды орынға ие болады. Неғұрлым сәулемен емдеуден кейін көп уақыт өтсе, соғұрлым жергілікті жарақаттанулар пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды. Осы жағдайға байланысты мысал келтіруге де болады. Атап айтқанда, рентгеноэпиляциядан кейін 20-25 жыл өткен соң, бас терісінің жарақаттануы, бұған себеп болған трихофития, сәулелік дозасы 400-600 рентген.

Ауруларға жүргізілген функционалды және морфологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша келесі потогенетикалық өзгерістерді анықтауға болады:

1) Тік сәулелену нәтижесінде сәулеленген тіндердің жасцшаларында дегенеративті және деструктивті процессердің дамуы орын алса, жоғары дәрежелі сәулелендіруді қолдану кезінде ол сәулеленетін тіндердің төзімділігінен жоғары болса, онда ерте жедел сәулелік некроз дамиды, кейіннен созылмалы түріне айналуы мүмкін. Бастапқы кезеңдерінде ұсақ қан тамырлардың жарақаттануы кездессе, кейіннен морфологиялық өзгерістер байқалып, бұл өзгерістің салдарынан ұсақ қан тамырларында қысым көтеріліп, микроциркуляция процесінің бұзылуына әкеледі.

2) Сәулелендіру дәрежесі жоғары болған сайын оның даму кезеңдері де қысқа болады. Осы сәулелік жарақаттанулар нәтижесінде пайда болатынмаңызды факторлардың бірі жергілікті тіндерде морфологиялық өзгерістердің өсіп дамуы. Мысал ретінде кеш дамитын сәулелік терінің қабынуынан кейін, оның сәулелік жараға айналатынын келтіруге болады. Тіптен ауыр асқынулар нәтижесінде осы жара қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

3) Сәулеленуден зақымдалудың ауыр түрі құрғақ дерматиттен басталып, ерте сәулелі наркозға өседі. Осындай жағдайда, емге аппликация әдісі қолданады, ол үшін 10% димексид сұйықтығын, ауру сезімін босататын майлар «Левозин», «Ируксол», «Олоазол» майларын қолданады. Кілегейлі қабықтың сәулелі реакциялары қуыс ағзаларда дамиды. Олардың радиосезімталдығы гистологиялық құрылымға тәуелді болатын қуысты ағзалар. Мысалы: жұмсақ тіндер, кілегейлі қабық, таңдай доғасы, мүйізделмеген эпителий сәулеленуге жоғарғы сезімдік әсер алады. Науқасқа ауыр тиетін және ауру сезімі қатты болатын кез сәулелі жара болып саналады. Кеш сәулелі зақымданудың асқынуы атрофиялық дерматиттен, кеш сәулелі жараға өседі.

4) Кілегейлі қабықтың сәулелі реакциялары қуыс ағзаларда дамиды. Олардың радиосезімталдығы гистологиялық құрылымға тәуелді болатын қуысты ағзалар. Мысалы: жұмсақ тіндер, кілегейлі қабық, таңдай доғасы, мүйізделмеген эпителий сәулеленуге жоғарғы сезімдік әсер алады. Науқасқа ауыр тиетін және ауру сезімі қатты болатын кез сәулелі жара болып саналады.

Мысалы: Сәулелік индурация және атрофия терінің шет аймағында телеангиэктазия.

5) Теріден және ішкі ағзалардың сәулелі зақымдануын анықтау қиынға соғады. Анамнез жинағында сәулелі трапецияның жүргізілгені, жинақталған дозаның көлемін, патологиялық процестің локализациясын, рентген көрінісін айғақтап сәулелі зақымдалу диагнозын қою керек. Сәулелі зақымдалу магистральды қантамырларының және лимфатикалық қантамырларының аймақтық сәулелендірудің әсерінен орын алады. Көбіне осындай зақымдар қолтық асты немесе шап, мықын аймақтарында және жоғарғы-төменгі қол-аяқ сүйектерінде ісік процесі дамиды. Мысалы: Сәулелік индурация және атрофия терінің шет аймағында телеангиэктазия.

Иондаушы сәулелердің жануарға әсері дозаға байланысты мына түрде байқалады: 1) иондаушы сәуле әсерінен ауру, екі түрге бөлінеді: а) өткір, ә) созылмалы; 2) радиация әсерінен терінің күюі; 3) радиацияның кейінгі әсері.

Үлкен дозамен аз уақыт ішінде бір немесе қайталап әсер еткенде жануар бойында пайда болатын ауруды өткір сәуле әсер ауруы деп атайды. Ауырлық дәрежесіне байланысты ауруды төртке бөледі: 1) жеңіл түрі, доза 150-200 Р; 2) орташа түрі 200-400 Р; 3) ауыр 400-600 Р; 4) аса ауыр түрі 600 Р жоғ-ары.

Иондаушы сәуле әсерінен болтан ауру төрт кезең бойынша өтеді.

Бірінші кезең. Жұтылған иондаушы сәуленің алғашқы әсері 2-3 күнге созылады. Бұл кезеңге тән бірінші жануардың жүйке жүйесін қатты қоздырып, біраз уақыттан кейін жануардың жалпы жағдайы төмендейді. Жүрек ритмі өзгеріп, алқыну пайда болады. Кейбір жануарлардың қызуы көтерілед. Сілекей қабаттарын қан кернейді де, кей кезде қан құйылады. Ішектің жиырылуы күшейіп жануардың іші өтеді. Жануарлардыңкейбірі лоқсып, құса бастайды. Сыртқы қан жолынан алынғанқан түйіршіктерін тексергенде нейтрофильдік лейкоцитоз екенін байқауға болады. Абсолюттік лимфопения ретикулоциттердің саны жоғарылап, мокроцитоз -оның резистенттігі төмендейді. Алғашқы әсер тоқтала бастағанда екінші кезеігі басталады.

Екінші кезең латентті /жасырын/ кезең деп аталады, Бұл кезең бірнеше күннен 2-3 аптаға созылады. Жануарлардын клиникалық көрсеткіштері қанағаттандырарлықтай болғанмен, ағзада көптеген өзгерістер болып жатады. Организмде қан түзу нашарлап, эритроциттердің саны төмендеп, тромбоцит-тердің мөлшері мүлдем азаяды. Периодтың соңында ішек-қарын жұмысы нашарлап, іш өте бастайды. Өңеш, екпе асқынып, ас қорыту, тыныс алу, кілегей қабаттарына қан құйылады. Кейбір малдардың жүні түсе бастайды. Бұл период аяқталғаннан кейін үшінші кезең - клиникалық белгілері толық айқындалған кезең басталады. Аурудың белгілері 3-і, 6-шы аптада байқалады. Үшінші кезеңге тән жалпы сипат, ол геморрагиялық синдром, қан түзейтін мүшелерде үлкен өзгерістер басталады. Ас қорыту, жүрек қан тамыр мүшелерінің қызметібұзылады. Малдың температурасы жоғарылайды. Сілекей қабықшаларға қан құйылады. Бұл кезеңде көзге ерекше түсетіні ол лейкоциттер санының күрт темендеп 1000-ға жетуі, бұл аса қауіпті жағдайды көрсетеді, ал тромбоциттер мүлдем жоғалады. Қызыл қан түйіршіктері біртіндеп азайып, қанда эритробласт, мегалоциттер шыға бастайды. Лейкоциттердің активтілігі төмендеп, қанның бактерияларға қарсы күресі нашарлап, жануар жұқпалы ауруға ұшырайды.

Үшінші периодтың ұзақтығы дозаға байланысты болады. Доза үлкен болса, жануар бірінші кезеңде немесе үшінші кезеңде шығ-ынға ұшырайды. Үшінші кезеңде аман қалған жануар бойында төртінші кезең, қайтадан қалыпта кезеңі басталады. Егер жануар алған доза аз болса, онда сауығу толық және жылдам жүреді. Ал, доза ӨД 50/30, Өд 100/30 болғанда жануарлардың сауығуы ұзаққа 8-9 айға созылады, бірақ малдың жұқпалы емес ауруларға төзімділігі шаруашыллыққкерегі бар көрсеткіштер төмендеп, өмір сүру уақыты қыққарады. Жануар ауруы аса асқынған болса, онда өмір сүруі10-20 күннен аспайды. Доза аса жоғары болса, онда жануар сәуле астында немесе 2-3 күнде өледі, өйткені: оттегі жетіспейді, фермент ендіруі тоқталады, ағза уланады, өкпе ісінеді.

Жануар өлексесін ашып көргенде, әр мүшелердің қанталауынан геморрагиялық диатез болғанын көреміз. Бұл өзгерістермен қатар ішек-қарында морфологиялық өзгерістер, құрылым-құрылыстарда бұзылу басталғанын баяқауға болады. Қан тамырларының қабырғалары сынғыш болып ортаға қан құйылады. Бұл қанның сұйылуына әкеледі. Лимфа торап-тарындағы лимфоциттер ыдырайды. Көк бауыр бүрісіп көлемі азаяды, бауырда іріп-шіру, майлану басталғанын көруге болады. Ішкі секреция бездерінде бірсыпыра өзгерістер байқалады. Жүректің бұлшық еттері майланып, белоктар бұзылады, жүйке клеткаларының өсіп-өнуі тежеліп, іріп-шіру басталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулемен зақымдану
Адамға сәуле алудың қауіпі
Өткір радиация. Сәуле ауруы
Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері
Сәулелік зақымданулар
Радиоактивті ластанудан қорғанудың шаралары
Радиацияның адамға әсері
РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР
Сәуле
«Иондық сәулелендірумен зақымданғанда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz