Кодекс Куманикус қолжазба ескерткіші


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тақырыбы: «Кодекс Куманикус» қолжазба ескерткіші.
Орындаған :Сақыш. Г
Тексерген: Мухатаева. Қ
Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» - қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын ( 82 парақтан, 164 бет) құралған қолжазба. "Кодекс Куманикус" («Кумандардың кітабы») болып табылады.
Кітапты флоренциялық Петрарка деген ақын Антониус вон Финальден сатып алып, 1362 жылы Венеция республикасына сый ретінде жөнелткен. Еңбек шамамен 1303-1362 жылдар аралығында жазылуы мүмкін. Елу бес беттен тұратын туындының алғашқы нұсқасы «Итальян кодексі» деп аталған. Онда 1560 сөз бар. Сонымен қатар латын тіліндегі кіріспеден кейін үш баған болып тізілген латын, парсы, түркі тілдеріндегі грамматикалық ережелерді қамтиды. 1120 сөз дін, көңіл күй, сауда, заттар, хайуанаттар, мамандықтар, шен түрлері тәрізді топтарға бөлініп жазылған. «Кодекс куманикус» сөздігінде 2680 түркі сөз бар. Жиырма жеті беттен тұратын екінші нұсқасы «Немісше кодекс» деп аталады екен.
Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л. Лигети) . «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1-10 б. ) - үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т. б.
Екінші бөлімі (111-164 б. ) - діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13-14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
«Кодекстің» бірінші бөлімін ең алғаш француз тіліне аударып бастырып шығарған көрнекті ориенталист, синолог, академик Генрих Юлий Клапрот (1783-1835) болды. Ол өзінің «Азия туралы зерттеулер» деген диссертациялық жұмысында қолжазбаны «Ф. Петрарка кітапханасынан алынған латынша-парсыша-куманша сөздік» деген атпен жариялады (Париж, 1828 ж. ) «Кодекс Куманикусті» екінші рет түгелдей (екі бөлімін де) латын тіліне аударьш, 1880 ж. Г. Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Алғы сөз» бен үлкен «Кіріспе» бар. Кіріспеде кумандардың тарихы, олардың басқа түрлі халықтармен (хазарлармен, печенегтермен, массагеттермен, Туран ойпатын жайлаған тағы басқа тайпалармен, орыстармен) қарым-қатынасы, ру-тайпалық кұрылысы, (аномастика мен топонимика бойынша) ерекшеліктері, діні, саяси-әлеуметтік құрылысы сияқты мәселелер сөз болады. Екінші бөлімде «Кодекстің» текстері мен олардың латын тіліндегі аудармалары келтірілген. Үшінші бөлім куманша-латынша (2838 сөз), парсыша-латынша және немісше-латынша сөздіктерге арналған. Оның үстіне, баспада қосымшалар, түзетулер және әдебиет көрсеткіштері де бар. «Кодекс Куманикус» үшінші рет В. В. Радловтың аудармасымен Санкт-Петербургте басылып шықты (1887) . Бірақ бұл толық аударма емес: Г. Кун баспасының әр жерінен бір үзінді алған да, оны орыс алфавитінің үлгісімен траяскрипциялап, неміс тіліне аударып берген. Бұл басылымның мазмұны мынадай: 1) Алғысөз. Онда куман тілінде келтірілген 15 жұмбақ талданады. 2) Куманша-немісше сөздік (2217 сөз) . 3) Жеке сөйлемдер мен сөз тіркестері. 4) Куман текстері мен олардың аудармалары: 5) Сөз тізімі (3024 сөз) . 6) Түзетулер (33 сөз) . 1936 ж. Дания ғалымы К. Гренбек қолжазбаның түпнұсқасын (факсимилесін) басып шығарды. Бұл «Кодекстің» 4-рет басылуы еді. Мұның өзі ескерткіштің кейінгі зерттеушілеріне тұпнұсқамен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызып, кейбір сөздің дұрыс-бұрыстығы туралы осыған дейін болып отырған айтыс-тартыстан құтқарды. «Кодекс Куманикустың» соңғы, бесінші баспасы да К. Гренбектің қолынан жарық көрді. Ол куманша-немісше сөздік есебінде арнаулы алғы сөзімен қоса жарияланды (1942 ж., Копенгаген, 2728 сөз) . Онда алғы сөзден басқа куман сөздерінің орфографиясы мен орфограммасы, куман тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, сөз жасау тәсілдері жайында бірқыдыру әңгіме болады. Мұндағы куман сөздері латын әріптерінің негізін де жасалған ғылми транскрипциялық жүйемен берілген. Әр сөздің түпнұсқасы қолжазба бойынша дәл көрсетіліп отырылды. Сөйтіп, К. Гренбек баспасының арқасында куман сөздерінің оқылу принциптері бір ізге түсіп, көп жеңілдік тапты. Соңғы іргелі зерттеулердің бірі А. Н. Гаркевицтің толық басылымын ерекше айту керек. Бұл басылымда «Кодекс куманикус» туралы мәліметтері мен ғылыми аудармалары толыққанды зерттеліп ұсынылған .
«Кодекс Куманикусты» түрколог ғалымдар 1828 жылдан бері зерттеп келе жатқанына қарамастан оны ешкім қазақ, орыс тілдеріне, тіпті басқа түркі тілдеріне де аудармаған. Александр Гарковецтің айтуынша, «Кодекс Куманикус» бойынша 8 докторлық, 16 кандидаттық диссертация қорғалыпты, бірақ оның мәтіні орыс тіліне тек қазір ғана аударылып отыр. Басқа елде емес, Қазақстанда», - дейді түрколог ғалым.
«Кодекстiң» I-бөлiмiн ең алғаш француз тiлiне аударып, бастырып шығарған көрнектi ориенталист, синолог, академик Генрих Юлий Клапорт (1783-1835) болды. Ол өзiнiң «Азия туралы зерттеулер» деген диссертациялық жұмысына қоса әңгiме болып отырған қолжазбаны «Ф. Петрарка кiтапханасынан алынған латынша - парсыша - куманша сөздiк» деген атпен жарияланды (Париж, 1828ж) .
«Кодекс куманикустi» екiншi рет түгелдей (екi бөлiмiн де) латын тiлiне аударып, 1880 жылы Р. Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа 3 бөлiмнен тұрады. 1. «Алғы сөз» бен үлкен «Кiрiспе» бар. Кiрiспеде кумандардың тарихы, олардың басқа түрлi халық тарихымен (хазарлармен, печенегтермен, массагеттермен, Туран ойпатын жайлайтын тағы басқа тайпалармен, орыстармен қарым-қатынасы, ру - тайпалық құрылысы, тiлдiк (аномастика мен топономика бойынша) ерекшелiктерi, дiни, саяси-әлеуметтiк құрылысы сияқты мәселелер сөз болады. 2. «Кодекстiң» текстерi мен олардың латын тiлiндегi аудармалары келтiрiлген. 3. Куманша - латынша (2838 сөз), парсыша-латынша, немiсше-латынша сөздiктерге арналған. Оның үстiне, баспада қосымшалар, түзетулер және әдебиет көрсеткiштерi де бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz