Яссауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тақырыбы: Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы. Диуани Хикмет

Орындаған:Сақыш.Г
Тексерген:Мухатаева.Қ
Қожа Ахмет Яссауи 1093 жылы (кейбір деректерде 1103) туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да-аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып белгі соққан, осы ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елді мекенінде сақталған. Аңыз бойынша, жас Қожа Ахмет Яссауи ұстазы Арыстан Бабпен алғаш жолығып, Мұхаммед пайғамбардың өзіне арнаған құрмасын алатын көпір де сол Сайрам елді мекенінде. Алайда Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Десек те Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен ата-бабалары туралы қызықты деректері бар бір құнды шежіре кейінгі жылдары табылды. Осы шежіре бойынша басылған Шажараи-Саодат атты кітапшада бұрынғы біз жариялаған Насаб-намедегі секілді Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим атаның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған. Тапқан Сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен алғашқы оқыған ұстазы жөнінде бұрын ешбір деректе ұшыраспаған тың мәліметтер келтірілген.
Пайғамбар жасына келгеннен кейін, 63 жасында өмірінің соңғы жылдарын жер асты мешітінде өткізді. 1166 жылы дүниеден өтіп, ұлы әулиеге арнап салынған кесенеге жерленді. Кейінірек Әмір Темір, ескірген кесененін орнына үлкен мемориалдық кешен салуға шешім қабылдаған екен. Негізі осы кесененің тұрғызылуы жайлы неше түрлі аңыздар бар деседі. Ақынның шамамен 143 хикметі бар. Ахмет Яссауидің бізге келіп жеткен ең озық шығармаларының бірі- Диуани хикмет (Даналық кітабы) деп аталады. "Диуани хикметтің" алғы сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағидаларын, шарттарын, парыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік (анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері арнайы сөз болады.
Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.Диуани Хикметтен түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады екен.
Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикмет атты атақты кітабы 1896,1901,1912 жылдары қазақ тілінде үш дүркін басылды. Мысалы, 1901 жылы шыққан нұсқасының библиографиялық көрсеткіші былай болып келеді:
1896 жылғы басылым бұрын бастырылмаған қолжазбалар бойынша құрастырылған. Құрастырушы-қазан шығыстанушысы И.Ф.Готвальд бұған дейінгі татар тіліндегі басылымдардан гөрі толығырақ етіп бастыртқан. Мәселен, татарша үшінші басылымда 134 нақыл сөзден тұратын 262 бет кұраса, 1896 жылғы басылым 148 нақыл сөзі бар 277 бет болып шыққан. Таралымы 10000 дана. Бұдан кейінгі 1901 жылы шыққан кітаптың көлемі азайған-135 бет. Библиографиялық көрсеткіштен аңғарғанымыздай, Яссауи нақылдарын жоғарыда атап көрсеткенімдей Маңғыстау Тыныштықұлы қазақшалаған. Осы кітаптың Қазан университетінде басылған нұсқасының көлемі 262 бет, таралалымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаяны
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін сипаттау
Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
Яссауи философиясындағы әлем мәселесі
Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін
Пәндер