Торғайдағы көтеріліс орталығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Реферат
Пәні: Қазақстанның қазіргі тарихы
Тақырыбы: 1 дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және 1916 жылғы көтеріліс

Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
1.1.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж).
1.2.Көтерілістің себептері және басталуы.
1.3.Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.
1.4.Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Ұлт-Азаттық қозғалыстың барысы
2.1.Қозғалыстың Жетісудағы орталығы.
2.2.Торғайдағы көтеріліс орталығы.
ІІІ.Қорытынды
3.Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы.
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы
және сипаты.

Кіріспе
XIXғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. XX ғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда нарығы болып танылған отарлы өлке санатында жалпы ресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады. Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Ресей капиталистік экономика жолына кеш түссе де, жедел дамып, орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді. Азияның, Африканың, Латын Америкасының баяу дамыған елдерге қысым жасады, олардың ішкі істеріне қол сұқты, байлығы мен шикізатын пайдаланды. Ресей де Азия елдеріне көз тікті, шет өңірлерді өзінің отарына-шикізат, тұрақты нарық көзіне айналдырды.
Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі-феодализм қалдықтары: биліктің патшалық болмысы, дворяндардың үстемдігі, помещиктік жер иелену, буржуазияның, халық бұқарасының саяси биліктен шеттетілуі болатын. Шаруалардың жерінің аздығы, олардың меншікке байланысты бөлшектенуі, елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы, халықтың кедейлене түсуі, "бұратанда" деп аталған халықтардың ұлттық езілуі сияқты факторлар да Ресейді етектен тартты.
XX ғасырдың басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөлгісі келді. Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді. Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери-саяси блоктар- үштік Одақ (Германия, Австрио-венгрия) пен Антанта (Франция, Англия, Ресей) тартысты 38 мемлекет қатысқан дүниежүзлік соғысқа әкеліп соқтырды.

Қазақ сахарасының болмысы XX ғасырдың басында күрделене түсті. Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізді. 1907-1912 жылдың өзінде елдің еуропалық бөлігіне 2 млн. 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды. Сонау Столыпин реформасының бас кезінде-ақ Санкт-Петербургские ведомость газеті: "Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ..." - деп жазған болатын.
Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді (негізінен, азықты) теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды.
Көтерілістің себептері және басталуы. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Әскерге алынған отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулактар шаруашылықтарын, кәсіпорындарға ерікті түрде жұмысқа тартты. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзінде: Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды, -- деп жазған еді.
Көтерілістің негізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Отаршылдық болмысқа, туған елдің талануына, кіндік қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне қарсы жаппай күреске шықты. Қазақтан қара жұмысқа алу - көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор еді.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын. Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын неғұрлым көбіс және арзан жұмыс күші ретінде реквизицияланған бұратаналармен ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы айтқандай: "Жұрт сеңдей соғылды,түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды".
1916 жылғы 23 тамызда генерал- губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауыл-дық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата - бабасынан бастап, сондай - ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері.
Патша өкіметі айла қолданып, қоғамның болмашы бір бөлігін - жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының бір қатарын жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп, аман алып қалды да олар жергілікті әкімшілік-тің тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектесті. Сол көмегі үшін олардың балалары қара жұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлер-дің ызасын келтірді.
Патша жарлығына жауап ретінде орасан ауқымды өңірдің - Қазақ-стан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Жер-жерде көтерілісші жасақтары құрылып, олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып, жойып жіберді, байлардың ауылына шабуыл жаса-ды, борышқорлық және салық тілхаттарын жойды, жерді сату басқармала-рын, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің патша әскерімен қақтығыстары жиілей түсті.
Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді. Кей жерде дала дәстүрі бойынша ақсүйек өкілдерінен хан сайланып жатты.
Көтеріліске шыққан халық күш біріктіру қажет екенін түсінді. Вер-ный уезінің көтерілісшілері Наманған және Таластың жоғарғы ағысында-ғы Әулиеата уездерінің көтерісшілерімен байланыс орнатты. Көтері-ліске шыққан албандар ұйғырлармен, қырғыздармен және дүнгендермен күш біріктіріп қимыл жасады.
Қазақ демократтарының саяси көзқарастары. Жергілікті патша әкім-шілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі - жұмыс-шылар бергісі келмейтін, екіншісі - бұйрықты орындауға келісетін екі партия құ-рылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтарды Ресей мемлекетінің бодандары, Оттанның перзенті деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді. Қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз, -деп жазды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: "Бірі-барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұщырайды, екіншісі-бармаймын" деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді...
Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар: "қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады",- деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасаты ымырластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттаң дұрыс болғанын дәлелдеді.
Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рұсқылов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешуде әр түрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.
Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері. 1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 ж көтерілістің басталуы мен себептері
Торғайдағы көтеріліс басшылары
Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі
Осыдан кейін Торғай маңы тұрғындары
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Амангелді Иманов
Жетісудағы көтеріліс
Патша үкіметі
Қазақстанның 19ғ.екінші жартысындағы -20ғ.басындағы мәдениеті
Файзолла ақын және алаш қайраткерлері
Пәндер