Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Педагогика факультеті

Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: « Дамуында ерекшеліктері бар балалардың көпшілік алдында сөйлеудің маңыздылығы »

Дайындаған:

Қабылдаған:

Қарағанды, 2021

Жоспар:

  1. КіріспеМүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы тілдік дамуыЕрекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу тілін ертегі арқылы дамыту
  2. Негізгі бөлімТеатр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамытуБалалар театрының түрлеріИнклюзивті қойылымдардың ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға әлеументтенуіне әсері
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.

2002 жылдың 11 - шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы» Заңына сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы [1] .

Баланың психикалық дамуында сөйлеу функциясы маңызды қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің көмегімен оның танымдық әрекеті, ойлау қабілеттері қалыптасады.

Сөйлеу дегеніміз - лексикалық, грамматикалық тілдік белгілерді қарым-қатынас, тану, т. б. үшін дұрыс қолдана білу. Сонымен бірге сөйлеу - тілдік белгілерді нақты жағдайда қолдану. Лексикалық және грамматикалық тілдік белгілерді қолдану ережесін тілдік қалып деп атайды. Баланы тілге үйрету - оған «тілдік материяны» (сөйлеу мүшелерін жаттықтыру), меңгерту (есте сақтату), лексикалық және грамматикалық тілдік белгілердің мағынасын түсінуге жеңілдік жасау (ой-өрісті жаттықтыру), лексико-грамматикалық белгілердің көмегімен нақты жағдайға баға беру(эмоция мен сезімді жаттықтыру), қолданыс дәстүрін жеңілдету (үйлесімділік, өзара алмасу мүмкіндігі) болып табылады [2] .

1. 1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы тілдік дамуы

Ақыл - ой қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуы көп салалы процесс болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде де, үйде де бұл процесті жан-жақты қамтамасыз ететін жағдайлар қарастырылуы керек. Балабақша тобында және үйде есту-сөйлеу ортасын ұйымдастыру - тілді меңгеру және қарым-қатынаста қолдана білудің маңызды факторларының бірі. Есту-сөйлеу ортасын құрудың негізгі шарттары: тәжірибелік іс-әрекет барысында баламен тілдік қарым-қатынас жасау; балаларда тілдік қарым-қатынасқа деген қажеттілік қалыптастыру; баладағы кез келген деңгейдегі тілдік құбылысты көтермелеу; балалардың сөйлеу әрекетін белсенділендіру; жойылудан қалған есту мүмкіндігін ауызекі және сөйлеу тілін дамытуда барынша пайдалану; баланың тіліне ересектер тарапынан бақылау жасау; ересектер тілінің жалпы талаптарға сай болуын қадағалау.

Ақыл - ой қабілеті бұзылған баланың тілін жанұяда дамыту - тілді дамытудың ең тиімді жолы. Оқушының тілін дамытудың тиімділігі белгілі бір шарттармен байланысты.

Соның бірі - сөйлеудің мазмұны мен сөйлеудің қажеттілігі . Егер балаға сөйлеу қажетсіз болса немесе оның айтатын ешнәрсесі болмаса, сөйлегісі келмесе - тіл дамыту мүмкін емес.

Екінші әдістемелік шарт - оқушының сөйлеуге қызығушылығын арттыру . Мұғалімнің сұрағы, көрнекілік, қызықты тақырып, қызықты ситуация, мадақтау, көрген-білгенін бөлісуі - оқушының сөйлеуге қызығушылығын тудырады.

Үшінші әдістемелік шарт - сөйлеу тілін қажет тілдік құралдармен қамтамасыз ету. Олар: сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер.

Бұл бағыт барлық оқу процесін қамтуы керек. Барлық сабақтарда да тіл дамыту мақсаты қойылуы қажет.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың сөйлеу тілін дамыту орасан зор жұмысты қажет етеді. Уақытылы дұрыс, таза сөйлеуді меңгерту- толыққанды тұлға ретінде қалыптастыруда маңызды мәнге ие. Тілдік қабілеті жақсы дамыған адам қоғамдық қатынасқа жеңіл енеді, ол өзінің ойларын, көкейдегі сұрақтарын түсінікті етіп жеткізе алады. Ал, керісінше түсініксіз сөйлеу - қоршаған ортамен өзара қатынасты барынша қиындатады және адам мінезіне де өз әсерін қалдырады. Тілдегі мүкістік баланың өзіне деген сенімділігін жоғалтады.

  1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу тілін ертегі арқылы дамыту

Мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің бұзылуы - қазіргі таңдағы кең таралған мәселелердің бірі. Оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуы оның психикалық дамуына, оқуда жетістіктерге жетуіне кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілінің бұзылуы оқушылардың таным қабілеттерімен тығыз байланысты. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар зейіні тұрақсыз, ойлау қабілеті төмен, есте сақтау қабілеті нашар, тез шаршағыш болып келеді. Бұл санаттағы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы төмен. Сөйлеу тілін дамыту оқушыларды оқу үрдісіне қызықтырумен тығыз байланысты. Сондықтан да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда ертегінің алатын орны зор. [3]

Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Ертегілерді балалар сүйіп тыңдайды, еліктейді. Ертегі арқылы бала жүрегіне жол табуға болады. [4]

  1. Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту

Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып, баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білуге үйретеміз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.

Театрландырылған ойындар - ойын қойылымдары болып саналады. Бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойында өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Диалог арқылы балалар өз пікірін жеткізе білуге үйренеді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Театрландырылған ойын барысында, рөлді сомдаған кезде баланың ой-өрісі, қиялы дамиды.

Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

2. 2 Балалар театрының түрлері

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Олар:

Қуыршақ театры.

Саусақ театры.

Көлеңке театры.

Үстел үстіндегі театры және т. б.

Қуыршақ театры - қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақ театры өзі ішінен тағы бірнеше түрге бөлінеді. Олар: қолға киіп ойнайтын, жіп немесе сым арқылы қозғалтатын, суретке түсірген қуыршақтар т. б. Мектепке дейінгі тобындағы балалар қуыршақ тетарын өздері өткізіп көрсетуге де болады. Қуыршақтар театры арқылы балалар ертегінің мән мағынасын түсініп, тілдерін жаттықтырады және ой-өрістерін дамытады. Қуыршақ театрын балалар қызықтап тамашалайды. Балаларға жиі-жиі өткізген дұрыс деп ойлаймын.

Саусақ театрында - саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Көлеңке театры - жарық түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысымен болатын театр. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрының сахнасы-экран. Экранды ағаштан немесе қалың картоннан жасайды. Ою-өрнекпен де сәндеуге болады. Кейіпкерлерді көрсету үшін оларды экранның арт жағынан ұстап, көрсетеді. Кейіпкерлерді көрсету үшін жіппен немесе таяқшамен ұстап қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткен кезде қол көрінбейуі керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрісерін дамытады.

Үстел үстіндегі театры - с әбилер тобынан бастап үстел үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды) .

Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Театр - балабақшада баланы мәдениетке, әдемілікті көруге, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, адалдыққа, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Театрдың беретін тәрбиесі өте көп. Театр алды қойылымдар баланың қоршаған орта әлемінің барлық құпияларымен образ арқылы, бояулар арқылы, үн, әуен, дыбыстар арқылы танысады. Қойылған сұрақтарға жауап іздейді. Ойланады, қорытынды жасап, талдай біледі. Ақыл - ойының дамуы мен тілдің дамуы тығыз байланыста болады. Кейіпкердің әр сөзі баланың сөздік қорының белсенділігін арттырады. Дыбыстың дұрыс айтылу мәдениетін қалыптастырады. Кейіпкер рөлі, оның сахнадағы дауыс ырғағы баланың сөйлеу түрінің дамуына әсер етеді. Жас бала тез еліктегіш, үлгі тұтатын заттың бейнелі жағына көңіл аударғыш келеді. Кейіпкерлер күлсе, бірге күледі, қайғырса, бірге қайғырады, қызықты кезеңдерді ескертеді, сәтсіз кезеңіне жылайды, көмекке келуге әрқашанда дайын тұрады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Ерекше білімді қажет ететін бала тәрбиесінде әр түрлі театрдың алатын орны ерекше. Театр баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде театр бөбектердің дамуына үлкен ықпал етеді. [5]

  1. Инклюзивті қойылымдардың ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға әлеументтенуіне әсері

Инклюзивті театр бүкіл әлемде танымал бола отырып, мүгедектерді оңалту мен әлеуметтендірудің қазіргі заманғы құралы болып табылады. Шығармашылық процесс, халықаралық тәжірибе мен отандық тәжірибе көрсеткендей, мүгедектер үшін олардың әлеуметтік және мәдени бейімделуіндегі ең тиімді әдіс, олардың мәдениетке деген құқығын сөздің кең мағынасында негіздейді және тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың көрермендерге кәсіби актерлердің қатысуымен кейіннен көрермендердің назарына ұсынуы үшін театрландырылған қойылымды ұйымдастыру мүмкіндігі шектеулі жандарды жалпы мәдени ортаға біріктіруге мүмкіндік береді және сонымен бірге театр, педагогика, психология саласындағы зерттеулер үшін кеңістік болып табылады. Бұдан басқа, қысқа мерзім ішінде кәсіпқойлармен жан-жақты әрекеттесудің нәтижесінде бұрын актерлік тәжірибесі болмаған адамдардан жоғары деңгейге жетуге, қоғамда бейімделуге және өмір сүру сапасын жақсартуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар театрының түрлері
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3- 4 жастағы балалармен өтікілетін тіл дамыту сабағы
Театр бала өмірінде
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері
Балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz