Экономикалық дамудың негізгі факторлары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Басқару және іскерлік әкімшілік

кафедрасының меңгерушісі м. а.

Г. Сейтова

___ 20___ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: «Қазақстан Республикасының инновациялық-инвестициялық экономикалық дамудың моделдерін қалыптастыру»

5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

Орындаған: Т. Абилкасова сырттай оқу

нысанының 3 курс студенті

Ғылыми жетекші: А. Калкабаева, аға оқытушы

Қостанай, 2017

Мазмұны

Кіріспе. . … . . .
3
Кіріспе. . … . . .: 1 Инновациялық-инвестициялық экономикалық даму модельдерінің теориялық аспектілері. .
3: 5
Кіріспе. . … . . .: 1. 1
3: Экономикалық дамудың мәні және оның көрсеткіштері . .
5
Кіріспе. . … . . .: 1. 2
3: Инвестициялық - инновациялық экономикалық дамудың модельдері және теориялары . . .
10
Кіріспе. . … . . .: 1. 3
3: Әлемнің дамыған елдеріндегі экономикалық даму модельдері….
18
Кіріспе. . … . . .: 2 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының инновациялық-инвестициялық моделін жүзеге асыру механизмі.
3: 24
Кіріспе. . … . . .: 2. 1
3: Қазақстан Республикасының инновациялық-инвестициялық моделінің жағдайы және даму перспективалары
24
Кіріспе. . … . . .: 2. 2
3: Инновациялық-инвестициялық моделінде ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасы.
37
Кіріспе. . … . . .: 2. 3
3: Инновациялық-инвестициялық моделінде венчурлық қаржыландырудың мәні . . .
47
Кіріспе. . … . . .: 3 Қазақстан Республикасының инновациялық-инвестициялық моделін жетілдірудің механизмдері
3: 54
Кіріспе. . … . . .: 3. 1
3: Инновациялық-инвестициялық моделін жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстан Республикасының инновациялық-инвестициялық моделін қалыптастыруда қолдану мүмкіндігі
54
Кіріспе. . … . . .: 3. 2
3: Инновациялық-инвестициялық моделді дамытуға бағытталған перспективалы жобалар . . .
60
Кіріспе. . … . . .: Қорытынды . . .
3: 69
Кіріспе. . … . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 71

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауыда әлемнің отыз дамыған елі қатарынан табылуды мақсат етіп қойды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Адамзат Үшінші индустраиалды революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік рыноктың құрылымы мен сұраныстарын түбірінен өзгертеді. Біз енді бұрынғыға қарағанда тіпті өзге технологиялық ақиқаттармен өмір сүрудеміз» деп айрықша атап көрсетті. Қойылған мақсаттарды шешу үшін әлемдік тәжірибе шеңберінде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының инновациялық-инвестициялық моделін қалыптастыру керек.

Қазақстан экономикасының қазіргі сатысының қысқа, бірақ нақты мерзімде трансформациясының басты мақсаты әлемдік экономикалық жүйеден алшақтауды күрт қысқарту болып табылады, бұл жаңа технологияларды, адами әлеуетті пайдалануға, капиталдың шоғырлануына, инновациялық қызмет түрлеріне сүйенеді. Инновациялық- инвестициялық моделін қалыптастыру - ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық және инвестициялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды. Бизнес, ғылым мен білім және мемлекетаралық қарым-қатынас механизмі бар ұлттық инновациялық тиімді жүйе құрған елдерде ғана жалпы ішкі өнімнің ғылыми ауқымының аз ғана уақытта айтарлықтай өсіміне қол жеткізуге болады.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының инновациялық-инвестициялық моделін қалыптастыру ерекшіліктерін қарастыру.

Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:

- инновация және инновациялық жобалар түсінігінің мәні мен жіктелуін анықтау;

- инвестицияның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын анықтау;

- Қазақстан Республикасының инновациялық-инвестициялық моделінің жағдайы және даму перспективаларын қарастыру;

- инновациялық-инвестициялық моделінде венчурлық қаржыландырудың мәнін анықтау;

-. . инновациялық-инвестициялық моделді дамытуға бағытталған перспективалы жобалар жетілдіру жолдарын анықтау.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері отандық және шетел сарапшылардың, ғалымдардың еңбектері, инновация және инвестиция бойынша оқу құралдары мен оқулықтар әдістемелік негіз болды. Жұмыста Қазақстан Республикасының нұсқамалық және заң материалдары, периодикалық басылымдағы баптар, анықтама басылымдар қолданылды.

Инновациялық-инвестициялық жүйесінің шетелдік тәжирибесінің дамуын және мәселелерін бірқатар ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Шет елдік зерттеушілер Й. Шумпетер, В. Леонтьев, Г. Хоскинг және тағы басқалар өндірістік сферадағы кәсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытқан. Ресей ғалымдары И. В. Липсиц, В. Д. Камаев, А. К. Корнев, А. Бутаков еңбектерінде инновациялық-инвестициялық модельді жүзеге асыру нәтижесінде өндіріс тиімділігін арттырудың ғылыми және тәжірибелік мәселелері кең көлемде зерттелген. Зерттеліп отырған мәселеге отандық ғалымдар: А. Қ. Қошанов, М. Б. Кенжегузин. А. Е. Есентугелов, О. С. Сабден және т. б. өз үлестерін қосты.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі Қазақстан Республикасындағы инновациялық-инвестициялық моделін жүзеге қалыптастыру механизмдері.

Зерттеу субъектісі ретінде мемлекеттік органдар, Қазақстан және оның өңірлерінде инновациялық үрдістер мен жобаларды қолдайтын кәсіпорындар мен ұйымдар, жеке кәсіпкерлер алынды.

Дипломдық жұмыс кіріспіден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдибиеттер тізімінен тұрады.

1 Инновациялық-инвестициялық экономикалық даму модельдерінің теориялық аспектілері

1. 1 Экономикалық дамудың мәні және оның көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың, мәдениет, білім беру және руханият салаларын дамытудың негізгі бағыттары баяндалған. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу емес, оның өсуін басқару - жолдаудағы жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда ұлттық шаруашылықтың даму қарқыны экономикалық өсу мен халықтың әл-ауқатының негізінде анықталады. Әдетте экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюын білдіреді. Экономикалық даму қарқыны тек қана мемлекеттің өндірістік потенциалының деңгейіне ғана емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметіне тәуелді. Қазақстан Республикасындағы экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған жағдайдың қалыптасуы, тауар мен қызмет нарықтарындағы толық либерализацияның қамтамасыз етілуі, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі және институционалдық реформалардың жүргізілуі экономикалық өсудің қарқынды дамыуна себепші болды. Қазақстандағы экономикалық даму айтарлықтай дәрежеде экспорт пен сауда көлемінің ұлғаюына, яғни әлемдік нарыққа мұнай, газ, уран және әртүрлі металдарды өткізуге негізделген. Сонымен қатар экспорт көлемінің кеңеюі нәтижесінде, мемлекеттің төлем балансында тіркелетін капиталдың көп мөлшерде шетелге ағылуы байқалады. Республикадағы нақты жалақы деңгейінің өсуі халықтың нақты табысы мен тұтыну көлемінің интенсивті түрде ұлғаюы елдегі экономикалық өсудің ерекше белгісі болып табылады. Қазіргі кезде экономикалық өсудің төмен сапасынан және экономикаға теріс әсер етуші тенденциялардың күшеюінен туындайтын Қазақстанның даму бағыты жайлы мәселе туындап отыр. Экономикалық өсудің жоғары сапасы ғылыми-техникалық прогресс, негізгі және адамдық капиталға салынытын инвестициялар мен ақпараттық технологияларды қамтитын өсу факторларының құрылымына байланысты. «Қазақстан-2050» даму стратегиясында көрсетілгендей, Қазақстанда экономикалық дамудың нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу үшін «шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді» қамтамасыз ету керек [1] .

Экономика, сұраныс және бәсекелестік динамикасы басқару, сапаны қамтамасыз ету, өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнімділігі және өндіріс тиімділігіне деген қалыптасқан көзқарасты қайта бағалауды талап етеді. Қазіргі таңда экономикалық теорияда экономикалық дамудың көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуші фактор ретінде қарастырылады. Әдетте экономикалық даму деп, өндіргіш күштердің мерзімдік дамуымен сипатталатын өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Американдық ғалымдар Й. Шумпетер, Л. Брю, Р. Кемпбелл және К. Макконнелл экономикалық өсу теориясын зерттеу барысында мынадай қорытындыға келеді: «Экономикалық өсу ресурстар шектеулілігінің мәселесін шешуді жеңілдетеді. Өндіріс көлемінің шектеулі болуының нәтижесінде туындайтын экономикалық кедергілерді жою барысында, экономикалық даму қоғамға жаңа кең ауқымды бағдарламаларды жүргізуге және белгіленген экономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді» [2] .

Экономикалық даму саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын иемденген атақты экономист Саймон Кузнец өзінің «Қазіргі экономикалық өсу: қарқыны, реттеу мен құрылымы» атты еңбегінде бұл ұғымның мәнін былай анықтайды: «Экономикалық өсу - тиімді технологиялар мен оларға сәйкес келетін институционалдық және идеологиялық өзгерістер көмегімен халықтың сан қилы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылықтың ұзақ мерзімді қабілеттілігі».

А. И. Анчишкин тұжырымдасы бойынша, экономикалық даму өндірістік ресурстардың ұлғаюы, өндіріс масштабының кеңеюі мен тікелей өндірістік емес тұтынуға немесе өндірістік және өндірістік емес ресурстарды толықтыруға бағытталған өнім көлемінің артуын білдіреді. Жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде, экономикалық дамудың негізгі белгілерін айқындауға болады:

1. Ұлттық өнімнің тұрақты өсуі, сәйкесінше халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаруашылықтар қабілеттілігінің өсуі;

2. Экономикалық өсудің негізі және оның қажетті шарттарының бірі болып табылатын техникалық прогресс;

3. Жаңа технологияларды игеру барысында институционалдық және идеологиялық өзгерістерді қолдану керек [3] .

Оларды қолданбаған жағдайда, жаңа технологиялар тиімсіз болып танылады. Нақты экономикалық дамуды талдағанда зерттеу пәні тек экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі институционалдық құрылымдардың пропорциялары, өсу карқынын өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциалдық көлемінен аз болуының себептері және т. б. жатады. Нақты экономикалык двмудың мәні - экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде және ұдайы өндіру болып табылады.

Экономикалық дамудың негізі мақсаты - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету болып табылады. Экономикалық өсу мақсатына жету барысында халық шаруашылығының өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру, яғни ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру қажет.

Экономикалық өсу - белгілі мерзімде (әдетте бір жыл көлемінде) қоғамдық өндіріс масштабында өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемінің өсуі.

Экономикалық даму ұзақ мерзімді құбылыс Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды, ал халықтың әл-ауқатының деңгейін бағалау үшін халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.

Экономикалық даму динамикасын сипаттау үшін макроэкономикалық деңгейде келесідей көрсеткіштер қолданылады:

- Белгілі бір уақыт аралығындағы нақты ЖҰӨ немесе ТҰӨ көлемінің өсуі;

- Белгілі бір уақыт аралығындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің немесе ТҰӨ-нің өсу қарқыны [4] .

Экономикалық даму динамикасын сипаттайтын бірінші әдіс көбінесе елдің экономикалық потенциалының өсу шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады, ал екінші әдіс халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда немесе мемлекеттер мен олардың аймақтарындағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда пайдаланылады.

Экономикалық өсу динамикасын келесідей формуламен көрсетуге болады:

∆ Y=Y1-Y0 *100%

Y0, (1)

мұндағы :Y0 - алдыңғы (базистік) жылдың нақты ЖҰӨ шамасы,

Y1 - ағымдағы жылдың нақты ЖҰӨ шамасы.

Белгілі бір уақыт аралығындағы экономикалық даму потенциалын бағалайтын жалпы ұлттық өнімнің жылдық өсу қарқынын анықтау үшін, ағымдағы жылдың нақты ЖҰӨ шамасынан алдыңғы жылдың нақты ЖҰӨ шамасын шегеріп, алынған айырманы алдыңғы жылдың нақты ЖҰӨ шамасына бөліп, шыққан нәтижені пайызбен есептеу керек.

Экономикалық дамудың қарқыны мен сапасы оның типіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан қарастырғанда экономикалық дамудың негізгі екі типін, яғни экстенсивтік және интенсивтік типін айқындауға болады.

Экономикалық дамудың экстенсивтік типі өндіріс факторларының көлемін жоғарлату есебінен, яғни өндіріске қосымша еңбек, капитал мен жер ресурстарын тартуға байланысты жүргізіледі. Экономикалық дамудың осы типінде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқынына мамандандырылған жұмыскерлер санын өсіру арқылы, сонымен қатар өнеркәсіп қуатын арттыру, яғни белгіленген құрал-жабдықтардың көлемін жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.

Бұл жағдайда технологиялық мүмкіндіктер бастапқы деңгейінде сақталынады. Нәтижесінде орта есеппен бір жұмысшы басына шаққандағы шығарылған өнім көлемі өзгеріссіз қалады

Экономикалық дамудың экстенсивтік типі халық шаруашылығын дамыту қарқынын жоғарлатудың тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оның көмегімен табиғи ресурстарды шапшаң игеруге, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін қысқартуға, жұмыс күшінің жұмысбастылығын қамтамасыз етуге болады.

Экономикалық дамудың интенсивті типінде өндіріс технологиясын жетілдіру, өндірістің негізгі факторларын жоғарлату қарастырылады. Оған тиімді ресурстарды, жетілдірілген техниканы, прогрессивтік технологияларды, алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктерін пайдалану және жұмысшы күшінің мамандандырылуын жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады. Осы факторларды қолдану нәтижесінде, өнім сапасының жетілдірілуі, еңбек өнімділігінің өсуі байқалады.

Техникалық прогресс негізінде өндірістік факторлардың тиімділігін жоғарлату экономикалық дамудың интенсивтік типінің маңызды ерекшелігі болып табылады. Интенсификациялау халық шаруашылығы құрылымының өзгеруіне, талапты және жоғары мамандандырылған жұмысшы күшінің дайындауына байланысты.

Өндірістің нақты көлемінің өсу қарқынында ғылыми-техникалық прогресс әсерінен жұмыссыздық мәселесі туындауы мүмкін. Кеңейтілген өндіріс жағдайындағы экономикалық дамудың өте жоғары қарқынының байқалмауы өсудің интенсивтік дамудың ерекшелігі болып табылады.

Нақты өмірде экономикалық дамудың экстенсивтік немесе интенсивтік типтері таза күйінде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру қашан болмасын өндіріс құрал-жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық сипаттамаларына өзгеріс енгізеді.

Экономиканың дамудың қабілеттілігі ұзақ мерзімдегі нақты өндіріс көлемінің өсу қарқынын, өсу сапасын және оның тиімділігін арттырудың мүмкіндіктерін анықтайтын бірқатар факторларға тәуелді.

1. Экономикалық даму факторларын сандық немесе сапалық өсу сипатына байланысты экономикалық дамудың типтеріне сәйкес жіктейді: Экономикалық дамудың интенсивтік факторлары:

- ғылыми-техникалық прогрестің жетілдірілуі (негізгі қорларды жаңарту барысында жаңа техника мен технологияны игеру) ;

- Жұмысшы күшінің сапасын өсіру;

- Негізгі және айналмалы қорларды пайдалануды жақсарту;

- Шаруашылық қызметті ұйымдастыру арқылы оның тиімділігін арттыру.

Экономикалық дамудың экстенсивтік факторлары:

- Технологияның қазіргі деңгейінде инвестиция көлемін көбейту;

- Жұмысбасты жұмысшылар санын арттыру;

- Тұтынылатын шикізаттардың, материалдардың, отынның және басқа да айналмалы капитал элементтерің өсуі.

2. Экономикалық дамуға әсер етуіне байланысты факторлар тікелей және жанама болып бөледі: Тікелей факторлар - экономикалық дамудың физикалық мүмкіндігін белгілейтін ұсыныс факторлары:

- еңбек ресурстары санының көбеюі және санасының жоғарылауы;

- негізгі капитал көлемінің өсуі және саналық құрамының жақсаруы;

- өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылыуының жетілдірілуі;

- шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

Жанама факторлар - экономикалық дамудың мүмкіндіктерін ақиқатқа айналдыратын сұраныс пен бөлу факторлары:

- Тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі;

- Экономикадығы салық жүйесінің жағдайы;

- Экономикадағы өндірістік ресурстарды қайта бөлу мумкіндігі;

- Банк-несие жүйесінің тиімділігі.

Экономикалық дамудың типтерге жіктелуіне байланысты өсудің тікелей факторлары негізгі екі топқа, яғни экстенсивтік және интенсивтік топқа бөлінеді ( 1 сурет) . .

Экономикалық дамудың факторлары
Экономикалық дамудың факторлары:
Экономикалық дамудың факторлары: Экстенсивтік факторлар
Интенсивтік факторлар
Экономикалық дамудың факторлары:
Экономикалық дамудың факторлары: Капиталдың өсуі
Жұмыс күші санының өсуі
Қолданатын ресурстар сапасының өсуі
Ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту
Экономикалық дамудың факторлары:
Экономикалық дамудың факторлары: Жұмыс күші сапасының өсуі
Заттық капиталдың сапасын жақсарту
Технологияы жетілдіру
Өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру

1 сурет - Экономикалық дамудың тікелей факторларының жіктелуі

3. Экономикалық дамудың негізгі факторларына тауарлар мен қызметтердің нақты өндіріс көлемін сипаттайтын өндірістік факторлар, яғни еңбек, капитал, жер, табиғи ресурстар, ғылыми-техникалық прогресс және кәсіпкерлік қабілеттілік жатады. Экономикалық даму өзара бір-бірімен байланысты өндірістік факторлардың қосымша шығындарын қолдану арқылы жүзеге асырылады (1 кесте) [7] .

1 кесте Экономикалық дамудың негізгі факторлары

Ресурстар мен факторлар
Ресурстардың сандық көрсеткіштері
Экономикалық өсу тиімділігінің көрсеткіштері
Ресурстар мен факторлар: Табиғи ресурстар
Ресурстардың сандық көрсеткіштері: Ресурс түрлері бойынша көрсеткіштер
Экономикалық өсу тиімділігінің көрсеткіштері: Өнімнің материалдық тұрғыда қамтамасыз етілуі
Ресурстар мен факторлар: Еңбек ресустары
Ресурстардың сандық көрсеткіштері: Еңбек нарығы мен жұмысбастылық көрсеткіштері
Экономикалық өсу тиімділігінің көрсеткіштері: жұмыскерлердің еңбек өнімділігі, жалақымен қамтамасыз етілу
Ресурстар мен факторлар: Ғылым, жаңа технологиялар
Ресурстардың сандық көрсеткіштері: Таза инвестицияға, соңғы нәтежеге жұмсалынатын шығындар
Экономикалық өсу тиімділігінің көрсеткіштері: өнім өндіру барысында жаңа технологияны қолдану, тауарлар мен қызметтерді алмастыру жылдамдығы
Ресурстар мен факторлар: Кәсіпкерлік қабілеттілік
Ресурстардың сандық көрсеткіштері: Білім, қабілеттілік
Экономикалық өсу тиімділігінің көрсеткіштері: Халықтық кәсіпкерлікке қабілеттілігі, табыстың өсу
Ресурстар мен факторлар: Жиынтық сұраныс
Ресурстардың сандық көрсеткіштері: Бағалық өлшемдегі тұтыну деңгейінің көлемі
Экономикалық өсу тиімділігінің көрсеткіштері: Факторлардың әлеуметтік бағытталуына байланысты бөлінуі, сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс
Ресурстар мен факторлар: Адамдық капитал
Ресурстардың сандық көрсеткіштері: Білімнің қол жетерлілігі, практикалық тәжірибе, жұмыскерлердің мамандандырулуы
Экономикалық өсу тиімділігінің көрсеткіштері: Адамдық даму индексі, оқыту тиімділігі, жұмыскерлердің білім мен жаңа технологияларды қабылдау қабілеті

Жоғарыдағы мәселелерді қарастыра келе дамудың экстенсивті жолы өзін сарқып бітті. Жаңа, әлі даму үстіндегі экономикалық қатынастар жағдайында экономикалық жаңа өрлеуге жол бермей тек қайшылықтарға әкеледі. Сондықтан объективті түрде экономикалық дамудың үлгісін ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына қою керек. Бірақ интенсивті жолдың өзі экстенсивтіден туындағанын ұмытпау керек. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына негіз құрып, экстенсивті өсу жолы бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылықтарының дамуына үлкен үлесін енгізді.

1. 2 Инвестициялық - инновациялық экономикалық дамудың модельдері және теориялары

Экономикалық дамудың негізгі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату екендігі белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал, бұл болса халықтың әл-ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйенің өміршеңдігі өндіріс және тұтыну құрылымына, ресурстық , іс-әрекет нәтижелілігіне байланысты. Егер мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының өсуіне қол жеткізу болса, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты тиімді экономикалық өсуге жетудің алғышарттарын жасап, соның негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін жоғарылату болып табылады. Экономикалық даму деп жалпы ұлттық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т. б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

«Экономикалық даму» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады. Ал, «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.

Экономикалық даму қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық даму экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери-саяси, географиялық-климаттық, ұлттық-демографиялық, мәдени және т. б. факторлар жатады.

Қандай болмасын экономикалық емес фактордың әсері әртүрлі болып келеді және уақыт бойынша өзгерістерге ұшырайды. Айталық, климатқа, географияға байланысты экономикалық емес факторлардың әсері XX-ғасырда едәуір кеміген болса, әскери-саяси және ұлттық факторлардың әсері арта түсті. Мұндағы экономикалық емес факторлардың әсері тек қана теріс мәнге ие болып қоймайды, олар өндіріс тиімділігін жоғарылататын оңды әсерлер де болуы мүмкін. «Дегенмен экономикалық даму факторларын таза экономикалық және экономикалық емес факторларға бөліп қарастыру шартты нәрсе және оның өзін сандық жағынан ажырату оңай емес. Кез келген экономикалық даму факторы ішінде экономикалық емес фактор жүреді және керісінше де бола береді» [8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бименгиева Экономикалық теория
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты
Экономикалық өсу концепциялары
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Экономикалық өсу жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz