Есту биофизикасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
БӨЖ #10
Эссе
Есту биофизикасы

Орындаған: Өмірзақ О.
Курс:1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 108-Б
Қабылдаған: Ақтан Б.

Алматы, 2022
Жоспар

1.Дыбыс туралы ұғым.

2.Медицинадағы дыбыстық зерттеулер.

3.Есту туралы ұғым.

4.Есту биофизикасы.

5.Есту биофизикасының медицинадағы орны.

Акустика - ең төменгі және ен жогаргы (10-10 Гц) жиіліктегі толкындар мен серпімді тербелістерді зерттейтін физика саласы. Осы заманғы акустика Fылымы кең ауқымды қамтиды, онын бірнеше бөліктері бар: физикалык акусти ка, тұрлі ортадағы серпімді толқындардың таралу ерекшелігін зерттейді; фи зиологиялык акустика - адамдардың және жан-жануарлардын дыбыс кабылдау және дыбыс шығару мүшелерін зерттейді. Тар мағынада айтар болсақ, акустика катты денедегі, суйыктағы және газдагы серпімді тербеліс пен толкындарды зерттейтін, адам құлағының қабылдауын зерттейтін ғылым саласы.

Дыбыстык тербелістер мен толкындар-механикалык тербеліс пен тол кындардын дербес жағдайы. Бiрак кейде есту мүмкіндігімізді бағалауда және медициналык козгалыстардын максаты үшiн кейбір мәселелерді арнайы ка растырган жен.

Дыбыстардын мынадай түрлерін ажыратамыз:
1) тон немесе музыкалык дыбыстар;

2) шулар:

3) дыбыстык соккылар.

Дыбыс тоны деп периодты үдеріске бағынатын дыбыстарды айтамыз. Егер бул удерiс гармониялык болса, онда оны карапайым немесе таза деп атайды. ал оған сәйкес дыбыстык толкын теңдеуiмен сипатталады. Таза тоннын физикалык сипаттамасы жиiлiк болып табылады. Гармониялык емес тербеліс ке күрделi тондар сәйкес келеді. Карапайым тонды камертон шыгарады, ол кур делi тондар музыкалык куралдармен немесе сөйлеу аппараттарымен (дауысты дыбыс т.б.) шығарылады.

Курделi тондар карапайым тондарга жіктелуі мүмкін. Жіктелу кезiндегi ен төменгі жиілік у негізгі тонға сәйкес келiп, калган гармониялык (обертондар) 2v., 3v еселiк жиiлiкке ие болады. Салыстырмалы каркындылығымен (4 амп литудалы) көрсетілген жиiлiктер жиынтығы акустикалык спектр деп аталады. . Күрделі тоннын спектрі сызыкты: бірдей жобадағы (vo - 100 Гц) әр түрлі құралдардан алынган (а) роял, (6) кларнет, спектр турi көрсетілген. Демек, акустикалык спектр - курделi тоннын манызды сипатта масы болып табылады.
Шу деп, уақыттан күрделі тәуелділікте болатын, қайталанбайтын дыбыс тарды айтамыз.Шуға машиналардың вибрациясы, қол шапалақтау, шырағданжалынының шуы, шиқыл, сықырлау, дауыссыз дыбыстап шығатын дыбыстар жатады. Шуды күрделi тонның бей-берекет өзгерiсiнен шығатын дыбысы деп қарастыруға да болады.Егер шуды шартты спектрге бөлiп қарасақ, онда оның спектрi тұтас болып шығады.

Дыбыстық соққы -- бұл дыбыстың аз мезеттегі әсері; тырсыл, жарылу т.б. Дыбыстық соққыны толқындық соғумен шатастыруға болмайтынын ескереміз . Дыбыстын механикалык толкын ретіндегі энергетикалық сипаттамасы қарқындылык болып табылады, ол Умов векторы арқылы өрнектеледі. Тәжірибеде, дыбысты бағалау үшін қарқындылықпен қатар кысым қолданылады, ол дыбыс толқындары сұйық және газды ортадан өткенде косымша түрде пайда болады. Дыбыс, кең мағынасында - газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында - адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды. Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 - 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау) нәтижесінде алынатын спектр - дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті (үзілісті) жиілік құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы, ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде қабылданады. Музыкалық дыбыс еселі жиіліктері бар сызықты спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі - дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны - дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде форманттар болады.

Дыбыс жарық сияқты ақпарат көзі болып табылады, онын мәні осында. Табиғаттағы дыбыстар, айналадағы адамдар дауысы, мотордың шуылы бізге кеп нәрседен хабар береді. Адамға айналадағы дыбыстың қаншалықты мәнi бар екенiн көз жеткізу үшін құлақты бiтеп қойсаңыз болады.

Сөз жок дыбыс адамның ішкі мүшелерінің күйi туралы ақпарат көзі бола алады. Көп таралған әдiс дыбысты тындау арқылы емдеу (аускультация) бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi II мын жыл болған. Аускультация үшін сметоскоп немесе фонендоскоп колданылады. Фонендоскоп адам денесiне коятын куысты капсуладан 1, дыбыс беретін 2 мембранадан, дәрігердің құлағына салатын 3 резиналы түтіктен тұрады. Куыс капсулада ауа бағана сынын резонансы болып, дыбыс қаттырақ естiледі. Өкпенің аускультациясы кезiнде демнiң шуларын түрлі қырылдарды берiп, әртүрлі ауруға сәйкес сипаттама береді. Жүрек ырғағынын өзгерiсiнен және шудын пайда болуынан жүректiң жұмыс қабiлетiн анықтауға болады. Аускультацияны қолданып, қарын мен iшектiң жиырылуын және ұрықтың жүрек соғысын аныктауға болады.

Бiр мезетте ауруды бірнеше зерттеушілер оқу жаттығуларында тексеру үшін немесе консилум үшін, микрофон, үдеткіш, дыбыс ұлғайтқыш және бірнеше телефондар қолданады.Жүрек жұмысынын күйiн диагностика жасау үшін аскультация сияқты Фонокардиографты әдіс қолданылады (ФКӘ). Бұл әдіс жүректің ырғағы мен шуларын графикті түрде тiркеп, оларды диагностикалық талдама жасайды. Фонокардиограмманы фонокардиограф арқылы жасайды. Онын құрамында микрофон, үдеткіш , жүйелiктер сүзгiшiнiң жүйесi және тiркеуші құрылымы нан тұрады. Жоғарыда аталған екі дыбыстық әдістен ерекшелiгi бар перкуссия әдісі болып саналады. Бұл әдіс бойынша дененің кейбір мүшесін соғу арқылы дыбысын зерттейді.
Қандай да бір дененің iшiнде ауамен толтырылған куысты көз алдымызға келтiрейiк. Егер бұл денеде дыбыстық тербеліс жасасақ, онда белгілі бір жиілік те оның iшiндегi ауа резонанска ұшырайды да, ѳзiнен сол куыстың өлшеміне сай ырғақты жоғарылатады.Адам денесiн газ толтырылған (өкпе) сұйык (ішкі мүшелер) және қатты (сүйек) ретiнде қарастыруға болады. Дене бетiн ұрғанда кең диапазонды жиiлiгi бар тербелістер пайда болады. Осы диапазондағы жиiлiктiң кейбіреулері өшiп, кейбіреулері керiсiнше жоғарылап, резонанс арқасында естiлетiн болады. Тәжiрибелi дәрiгер осы перкуторлы дыбыстардын ырғағынан адам ағзасының күйiн дәл анықтай алады.

Есту -- адам мен жануарлар организмінің дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті. Көптеген жәндіктерге, барлық омыртқалы жануарларға (әсіресе, сүтқоректілерге) тән қасиет. Адам мен жануарлар қоршаған ортадан көбіне биогенді (жануарлардың өздері шығаратын) дыбыстарды қабылдап, оған жауап қайтарады. Есту қабілеті жануарлардың ерекшелігіне, жасына, физиологиялық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молекулярлық биофизика
Физика және медицина
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі
Физика мен биология байланысы
Қазіргі таңдағы биофизикалық зерттеулердің жетістіктері
Биофизика пәні
Мембрана биофизикасы
Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физика-математикалық заңдылықтары
Пәндер