Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы
Курстық жұмыс тақырыбы:
Әлеуметтік кәсіпкерлік
Орал, 2021
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Кәсіпкерліктің мәні мен теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары және кәсіпкерлік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3.Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
II. Әлеуметтік кәсіпкерлік
2.1 Әлеуметтік кәсіпкерліктің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Кәсіпкерліктің субъектісі мен объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Жеті-Ағаш ұйымы - әлеуметтік кәсіпкерліктің жарқын мысалы ... .14
III. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік кәсіпкерлік
3.1 Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша АҚШ тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.2 Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.3 Әлеуметтік кәсіпкерлік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Еліміздің экономикалық дамуының қай кезеңінде болмасын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту маңыздылығын жоғалтпақ емес. Қазақстанның дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды басқаруда өте күрделі мәселелердің пайда болуымен сипатталады. Ол әлемді қамтыған қаржы дағдарысы, еліміздің әлемдік экономикаға кіруі мен жаһандану жағдайында, сондай-ақ дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық тұсында бизнесті ұтымды үйымдастыру, басқару және тиімділігін арттыру сияқты мәселелерді де қамтиды. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оң шешімін табуына және экономиканың өсу қарқынына оң ықпал етеді. Экономиканың нақ осы секторы мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен ағымдагы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Осы аталғандарды ескере отырып, кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді. Өйткені ол мемлекеттің экономикалық жаңаруы мен жетілуіне, өндіріске, халықтың жүмыспен қамтылуына және өзге де мәселелерді шешуге оң әсерін тигізумен бірге белгіленген экономикалық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты мемлекеттің кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуга және оны жан-жақты қолдауга жағдай жасауы бірінші кезекте шағын жэне орта кәсіпкерліктің дамуына мол мүмкіндіктер ашады. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде барлық даму стратегияларында, мемлекеттік бағдарламаларда және ҚР Президенті Қ. К Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларында да қарастырылып, мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында ел дамуына бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді мақсат-міндеттер мен бағыт-бағдар айқындалған. Олардың қатарында саяси-экономикалық, медицина мен әлеуметтік салалар, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көзделген. Бұл кәсіпкерліктің экономикадағы рөлінің жоғарылығын, оны ұйымдастыру, дамыту мен қолдауға баса назар аудару қажеттігін көрсетеді. Сондықтан елімізде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәселесін теориялық-әдістемелік және ғылыми-талдамалық негізде қарастырудың маңыздылығы жоғары.

1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы
Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық, экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты. Экономикалық әдебиетке Кәсіпкер түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шығып, Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігінде келтірілген екен. Мұнда кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс обьектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі. Ғылыми термин ретінде Кәсіпкер түсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субьектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым - қатынастағы субьектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда делдал деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал - жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған. Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясы өндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстанған. Альфред Маршал мен жолын ұстанушылар кәсіпкердің ұйымдастырушылық функциясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы - кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген. Кәсіпкерлік туралы ерекше бағытты ұстанған австриялық әлеуметтанушы Иозеф Шумпетер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адамдар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлік статус тұрақсыз, өйткені нарықтық экономика субъектісі тек жаңашылдық функцияларын жүзеге асырған кезде ғана кәсіпкер бола алады, ал өз қызметінде күнделікті ұсақ-түйек жұмыспен айналысқан кезде осы статусынан айрылады деп есептеген. Й. Шумпетер өндіріс факторларын жаңаша үйлестірудің бес түрін бөліп көрсетті: 1) жаңа тауарды немесе қызмет түрін дайындау не болмаса оларды жаңа сапада жасау;2) жаңа ғылыми жетістіктер негізінде өндірістің жаңа әдістерін енгізу не болмаса сәйкес игіліктерді коммерциялық пайдаланудың жаңа тәсілін ойлап табу;3) жаңа өткізу нарықтарын ашу;4) шикізаттың жаңа көзін немесе түрін пайдалану; 5) кәсіпкерлік құрылымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа қағидаларын енгізу.Ағылшын экономисті, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1974 ж.) Фридрих фон Хайектің (1899-1984) пікірінше, кәсіпкерлік - қызмет түрі емес, іс-әрекет сипаттамасы, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу және зерттеу.Экономикалық ілімдер тарихын зерттеу көрсеткендей, кәсіпкерлік теориясының дамуында төрт негізгі бағыт бөліп көрсетіледі.Бірінші бағыт. Оның көрнекті өкілдері Р. Кантильон, И. Тюнен және Ф. Найт кұтпеген төтенше жағдайлармен байланысты тәуекел кәсіпкерліктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығына негіздеме жасаған. Тәуекел жағдайында өздерінің жетістікке жету мүмкіндіктерін іске асыра білу қабілеттерін иеленетін кәсіпкерлер мұндай қабілеттері жоқ бизнесмендермен салыстырғанда жоғары пайда ала алады.Екінші бағыттың бастамашылары - Ж. Б. Сэй мен А. Маршалл. Жоғарыда атап өткеніміздей, Ж. Б. Сэй кәсіпкерліктің мәнін өндіріс факторларының (жер, еңбек, капитал) ұтымды үйлесуімен байланысты қарастырады. Ол кәсіпкерлікті макроэкономика деңгейінде зерттеген. Ал А. Маршалл кәсіпкерлік теориясын зерттей келе, жоғарыда аталған өндіріс факторларын өндірісті ұйымдастырумен байланыстыра отырып үйлестіруді микродеңгейде қарастырған.Екінші бағыттың жалғасы ретінде кәсіпкерлік теориясын дамытқан Й. Шумпетер болды. Ол үшінші бағыттың негізін қалаушы болып табылады. Й. Шумпетер экономиканы дамытудың маңызды қайнар көзі - кәсіпкерлік екенін айқындаған. Оның еңбегі - ерекше сападағы еңбек, яғни өндіріс факторларының жай ғана үйлесуі емес, жаңа комбинацияларды іске асыру деп есептеген. Мұндай жағдайда кәсіпкер лауазым да емес кәсіп те емес. Егер шаруашылық қызметтің кез-келген субъектісі жаңа комбинацияны жүзеге асырса, кәсіпкерлік болып табылады.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:
1) Новаторлық қызмет: Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады.Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.
2) Ұйымдастыру қызметі: Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды.Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер,еңбек капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.
3) Тәуекелге бара білу қызметі: Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады. 4) Басқару қызметі:Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын, яғни кадр мәселесін, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді өз жауапкершілігіне алады. Осылайша, әрекет етуге қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен теңдей түрде құқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар. Бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларына төмендегідей қызметпен айналысуға болмайды: 1) өз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;2) өз меншігінде кәсіпорынға ие болуға;3) шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында өз бетінше немесе өкілдері арқылы оларға тиесілі болатын акциялармен, салымдармен, пайлармен, үлестермен даауыс беруге;4) шаруашылық жүргізу субъектісінің басқару органдарында белгілі бір лауазымға ие болуға.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға полиция, салық органдарының қызметкерлері, сонымен қатар кейбір басқа да қызмет категориялары бойынша құқықтары жоқ.
1. 2 Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары және кәсіпкерліктің түрлері
Нарықтық экономика жүйесінде әртүрлі меншікке негізделген кәсіпорындардың ұйымдық - құқықтық нысандары жұмыс істейді. Кез - келген кәсіпорынның құқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысаны келесілермен анықталады: жарғылық қордың қалыптасу тәртібімен; кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауапкершілік дәрежесімен; меншік нысанымен.Қазақстанда кәсіпорындардың барлық ұйымдық - құқықтық түрлерінің құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей және заңдық тұрғыдан кепілдендірілген. Бірақ, кәсіпорындардың әрқайсысысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар нысандарында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдарға шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар жатады. Заңды тұлғаны құру үшін құрылтай құжаттарын: жарғы мен құрылтай келісім - шартын әзірлеу қажет. Жарғыда ұйымның ұйымдық - құқықтық нысаны, фирмалық аталуы, орналасқан жері, аты, көрсетілген қатысушылар тізімі, орналасқан жерлері, мекен-жайлары, банктік реквизиттері (егер құрылтайшысы заңды тұлға болса), немесе төлқұжат бойынша аты, берілген жері мен уақыты, құжаттың берілген мәліметтері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса), қызмет ету аясы мен мақсаты, жарғылық капиталдың мөлшері туралы мәліметтер, құрамы мен қалыптасу тәртібі, басқару мен бақылау органдарының құзіреттілігі, пайда мен зияндарды бөлу тәртібі, қайта құру мен жою тәртібі және шарттары көрсетіледі.
Кәсіпкерлік қызмет алуан түрлі. Кез - келген бизнес қандай да бір дәрежеде ұдайы өндірістік циклдың негізгі фазаларымен - өнімдер мен қызметтерді өндірумен, тауарларды айырбастау және бөлумен, оларды тұтынумен - байланысты болғандықтан кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, және қаржылық кәсіпкерлік. Сонымен қатар, соңғы онжылдықта әлемнің барлық экономикалық тұрғыдан дамыған елдерінде кәсіпкерліктің өз бетінше қалыптасқан түрі пайда болды, ол кеңес беруші (консалтинг) кәсіпкерлік. Жоғарыда аталған кәсіпкерлік түрлерінің әрқайсысы өз кезегінде басқа түрлерге бөлінеді. Кәсікерліктің түрлерін келесі сызба түрінде сипаттауға болады. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнім, тауарлар өндіру, жұмыс жасау мен қызмет көрсету жүзеге асырылады, белгілі бір рухани ққндылықтар қалыптасады. Коммерциялық сипаттағы кәсіпкерлік ең алдымен, онда негізі рөлді тауарлы - ақшалай, тауарлы - айырбас операциялары атқаратындығымен сипатталады. Олар коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі мазмұнын сипаттайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл түрінің маңыздылығын сатып алу - сату бойынша операциялар мен мәмілелер, жүргізіледі. Мұнда қайтарымдылыққа тез қол жеткізуге болады. Бұл сфера бұрын шектеулі болса, кейінгі кездері ынталы адамдардың арқасында қарқынды түрде әсіресе жеке, дара кәсіпкерлік түрінде дами бастады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде оның қаржылық (қаржы - несиелік) түрі болып табылады. Оның қызмет ету саласы - құн айырбасы, айналымы. Қаржылық қызмет өндірістік, коммерциялық салаларға да әсер етеді, бірақ өз бетінше қызмет етуі мүмкін: банктік, сақтандыру және т.б. 1. Өндірістік кәсіпкерлік - сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі. 2. Коммерциялық - тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады. 3. Қаржылық -- бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді. 4. Серіктестік кәсіпкерлік - тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады. 5. Сақтандырушылық - кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны ( компенсация) кепіл етеді.
Меншік қатысушылардын санына байланысты кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге болады: 1. жеке (индивидуалды) заңды тұлға құрусыз кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке жатқызылады; 2. ұжымдық ( коллективтік) меншік иелері болып бір уақытта бірнеше субъектілер табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады, оларға: акционерлік қоғам кооперативтері. Серіктестік - екі немесе одан жда көп серіктестерінің құралымен құралады. Серіктестілік басымдылығы - қосымша капитал тарту мүмкіндігі және фирма ішінде бірнеше серіктестердің білімдері мен ілімдеріне негізделеді. Бір серіктестің әрекеті қалған барлығына міндетті болады.Серіктестің келесідей топтары бар: толық серіктестік, коммандитті серіктестік. Коммандитті серіктестік - серіктестердің бір бөлігі шектелінбеген, ал екінші бір бөлігі шектелінген болады. Ол ЖШС бір түрі болып саналады.
1.3 Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы
Кәсіпорын (ұйым) қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің, өнімдер мен қызметтердің сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді. Кәсіпкерлік мәдениет түсінігінің біршама анықтамалары бар. 1) Кәсіпкерлік мәдениет - бұл құндылықтар туралы түсінік пен нақты сенімді үйлестіре отырып жүзеге асырудың жүйесі. Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім - кәсіпорын қалай қызмет ету қажет және оны қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік тудырады. 2) Ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекше нысан екенің көрсететін түсініктер, құндылықтар мен ережелердің жиынтығы жатқызылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік мәдениетке аясы кең ұғым ретінде төмендегідей де анықтама беріледі: Кәсіпкерлік мәдениет - белгілі бір уақыт аралығында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез - құлық үлгілерінің, құндылықтар мәдениеті құндылықтар туралы түсінік мінез-құлық нормалары мен ережелері нақты мінез-құлыққа арқылы танылады жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы болып табылады. Адамдарға әсер етудің, яғни оларды басқарудың үш түрлі құралы бар, олар: иерархия (ұйым), онда адамға әсер етудің негізгі құралы бағындыру болып табылады; нарық, онда көлденең түрде тепе - теңдіктен қарым-қатынастар қалыптасады; мәдениет - жасап шығарылған және қоғаммен танылған құндылықтар, мінез - құлық ерекшеліктері, әлеуметтік нормалар. Мәдениет қызметтің әртүрлі нысандарында және әлеуметтік жүйелердің әртүрлі деңгейлерінде танылады. Мәдениеттің екі жағын бөліп кӛрсетеді: рухани және материалды. Материалдық мәдениеттің құрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық - өндірістік база, оның ішінде шикізат және энергетикалық ресурстар, еңбек құралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері, адамдардың материалдық - заттық, тәжірибелік қызметі, өндіру, айырбастау және тұтыну барысындағы материалдық - заттық қатынастар, материалдық құндылықтар жатқызылады. Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігі кәсіпкерлік мәдениет болып табылады. Оған басқару мен айырбастау мен үлестіру, технологиялар, еңбек жағдайларының және т.б. мәдениеті жатады. Яғни, ол кәсіпкерлік қызмет үрдісінің барысындағы субъектілер арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісімен байланысты. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп кӛрсетуге болады: 1) мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді; 2) ұжым мүшелерінің мінез - құлқын реттейді; 3) адамдармен құрылады; 4) барлық қызметкерлермен қабылданады; 5) дәстүрлерді ұстануға негізделген; 6) танымды сипатқа ие болады; 7) өзгеруге бейім; 8) көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес; 9) сезілмелі және сезілмейтін;10) тұрақты даму ҥегізінде болады. Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы: - біріншіден, табиғи жолмен жүзеге асырылады. Яғни, онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып, қойылған мақсаттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды; - екіншіден, мінез - құлықтың белгілі бір кешендерін енгізу жолымен қалыптасуы мүмкін. Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады: коммуникативті - интегративті, ол әлеуметтік - экономикалық ортада тұрақтылықты қамтамасыз етеді, консервативті - кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен, сыртқы қарама - қайшылықтарға төзімділік пен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды, инновациялық - өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады.Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы - құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу, ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына келесілер әсер етеді: жалпы адами құндылықтар (борыш, әділеттілікке деген ұмтылыс және т.б.), өмірдің мәні, адамның парызы туралы жалпы түсініктер; елдегі өмір сүру бейнесінің ұлттық - мәдени және діни-мәдени стереотиптері (таптаурын), мінез - құлық нормалары мен ережелері, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу үлгілері, еңбекке, байлыққа, жағдайға деген құндылық-мотивациялық қатынас (еңбек этикасы). Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы ең алдымен, кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетімен, кәсіпкерлердің өздерінің мәдениетімен, іскерлік этика деңгейімен, іскерлік қатынастардың мәдениетімен қалыптасады. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті бірқатар сыртқы және ішкі факторлармен анықталады.
II. Әлеуметтік кәсіпкерлік
2.1 Әлеуметтік кәсіпкерліктің мәні
Әлеуметтік кәсіпкерлік - экономиканың таяуда ғана пайда болған секторы. Бұл - жаңа немесе бұрын тартылмаған ресурстарды іздеп, оны өндірісте қолдану арқылы әлеуметтік түйткілдерді шешуімен ерекшеленетін жүйе. Бұрын қолданылмаған ресурстарды экономикалық айналымға енгізіп, елдің жағдайын көтеретін кәсіпкерліктің түрі. Ғалымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті не коммерциялық, не коммерциялық емес салаға жатқызуға тырысуда. Алайда Атамекен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының пайымдауынша, әлеуметтік кәсіпкерлік профиттік және нон-профиттік секторлар элементіне ие бола отырып, өзінің жеке заңдарымен тіршілік етіп, дамып жатыр. Профиттік және нон-профиттік сектор дегеніміз - ақша табуды көздемейтін ұйым. Бизнестің мақсаты табыс көру екені жалпыға белгілі. Ол нарық қатысушыларының мінез-құлық түрткісі мен логикасын айқындап береді. Алайда коммерциялық емес сектордың негізгі міндеті - бұл барынша жоғары әлеуметтік әсерге қол жеткізу, қоғамдық маңызды түйткілдерді шешу. Сәйкесінше, бұл ортадағы жүріс-тұрыс логикасы, шешім қабылдау механизмі, табыстылық критерийлері және басқалары белгіленген түрткіге сәйкес құрылады. Коммерциялық саладан да, комерциялық емес саладан да бөлек жатқан жаңа кеңістікте де орын алып отырғаны осы. Профиттік және нон-профиттік секторларда әрекет етуші тұлғалар осы жерден табылады, бірақ олардың өз мақсаттары, құндылықтар жүйесі, өзара байланыс, жүріс-тұрыс логикасы мен мотивациясы бар. Қоғамдық пайда мен қоғамдық маңызды түйткілдерді шешуге бағытталған өзіндік қарым-қатынас жүйесі бар. Әлеуметтік кәсіпкерлік - дәл осы ортаның өнімі. Негізгі түйткіл даму бағдарламасын қалайша қалыптастыру керектігін түсіну үшін, аталмыш ұғымға дәл анықтама беруде болып отыр.Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз не? Әлеуметтік терминіне анықтама беру салыстырмалы түрде оңай. Бірақ, әрине, тұлғаның ба, әлде қоғамның мүддесі маңыздырақ па, не болмаса, экономиканың дамуы ма, әлде қоғамның басқа қажеттіліктері артық па, деп дауласуға болады, - алайда жалпы әлеуметтік ұғымының мағынасына қатысты айтарлықтай келіспеушіліктер жоқ. Кәсіпкерлік ұғымының жалпыға белгілі анықтамасын табу басқа дүние. Кәсіпкерлікке әлемдік тәжірибеде көпшілік мақұлдаған анықтаманы табу біршама қиын болғандықтан, - кәсіпкерліктің өзі де - көп қырлы күрделендірілген процесс, - әлеуметтік кәсіпкерлік терминіне бір мағыналы анықтама беру де айтарлықтай қиындық тудырады. Әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл экономикалық тиімділікке қол жеткізу мен кәсіпкерлік жаңашылдықты әлеуметтік миссиямен біріктіретін әлеуметтік қызметті жүзеге асыру тәсілі.
Бұл жерде әлеуметтік кәсіпкерліктің негіз қалаушы белгілері туындайды:
Әлеуметтік миссияның коммерция алдындағы біріншілігі;
тұрақты коммерциялық әсер (өзін өзі ақтау және бәсекеге қабілеттілік);
Әлеуметтік және экономикалық ресурстармен қисындастырудағы жаңашылдық;
Ел экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы несімен пайдалы?
Әлеуметтік кәсіпкерлердің әлеуметтік түйткілдерді шеше отырып, жаңа немесе бұрын тартылмаған ресурстарды іздеуімен. Бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, не болмаса жалғыз басты аналар үшін арнайы жұмыс орындарын құру түйткілдерін шешу болуы мүмкін. Не болмаса қоршаған ортаны ластаумен байланысты түйткілдер. Әлеуметтік түйткілдер жетіп артылады, ал әлеуметтік кәсіпкерлер оларды шеше отырып, елдің жиынтық экономикалық тиімділігін көтереді, өйткені бұрын қолданылмаған ресурстарды экономикалық айналымға енгізеді. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен кім айналыса алады сұрағына жауап берсек, кәсіптің аталған түрімен қоғамда шешімін таппай жүрген мәселеге бейжай қарамайтын кез келген адам айналыса алады. Дегенмен, ол кәсіп ашудан хабары болуы қажет. Өйткені, әлеуметтік мәселе қоғамның әр саласында болғандықтан, ол экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бизнес түрі де болуы мүмкін. Бұл тізімде қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсарту, абақтыдан шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, балалар демалысын тиімді ұйымдастыру да бар. Көбіне әлеуметтік бизнес жобалар ұсыну арқылы жүзеге асады. Мәселен, кәсіпкер өз қол астына әлеуметтік аз қорғалған топ өкілдерін жұмысқа алу арқылы әлеуметтік бизнесті дамытады. Немесе көпшілікке пайда әкелетін жобаны іске асырады. Бастысы - адамдың әлеуметтік жауапкершілікті тереңірек түсінуі. Әлеуметтік кәсіпкерлік жөнінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттің бірқатар функцияларын үкіметтік емес секторға беру жөніндегі ұсынысында айтқан болатын. Нәтижесінде, жақында Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер тізімі мен картасы құрылып, жергілікті атқарушы билік органдары ісін жаңа бастаған әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдайтын болды. Соның аясында жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыру көлемі артуда. Бейресми есепке сүйенсек, бүгінде Қазақстанда шамамен 200 әлеуметтік кәсіпорын жұмыс істейді. Ozgeris Ustasy сыйлығына келіп түскен өтінім нәтижесіне сәйкес, ұйымдардың 60%-ға жуығы мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу, жалпы әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелерін шешеді. Сондай-ақ, білім сапасы мен қолжетімділігі (16,3%) және экология (9,3%) мәселелері де өзекті болып отыр.
2.2 Кәсіпкерліктің субъектісі мен объектісі
Кәсіпкерлік қызметтің объектісі мен субъектісі бір үрдістің екі жағы болып табылады. Объектісі бұл кәсіпкердің қызмет түрі болса, ал субъект осы қызметпен айналысатын адам. Сондықтан, Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің бірлестіктері, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар кәсіпкерлік субьектілері болып табылады. Ал, кәсіпкерліктің обьектісіне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық делдалдық, инновациялық,кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздар мен операциялар жатады. Азаматтар заңды тұлға құрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке тұлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Қазақстан Республикасының №375-V ҚРЗ кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі. Ал, заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттеріне мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беру; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыру;5) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау;6) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыру.
Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, жаңа тұлға құрамай, заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің рөлі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайға және мемлекеттің алдына қойылған мақсаттарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz