Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Қазақ Ұлттық Аграралық Зерттеу Университеті
Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Орындаған: Айдарқызы Ақжан
Тобы:ЛР-301
Қабылдаған: Адилбаева Жанера
Алматы -2021
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. . Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау, кептіру және халықтық медицина
2.2. Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
2.3. Қазақстандағы пайдалы дәрілік өсімдіктерді зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зы-ғыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық қасиетін ежелден біліп, пайдаланған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққаны мәлім. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктерді халық емінде қолданғаны жө-нінде деректер бар. Ал енді Қытайда дәрілік өсімдіктер жөніндегі алғашқы кітап мұнан 5 мың жыл бұрын жазылыпты. Орта ғасыр ғалымы Пара-цельстің ерте заманнан келе жатқан ілімге сүйеніп айтқан тұжырымдамасы: Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуге тиіс. Яғни, сарғайып ауырғандарды сары түсті өсім-дікпен, бүйрегі ауыратындарды жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет деп айтылған. Қазақтардың қылшадан дәрі жасауын басшылыққа алып П.С. Моссагетов 1924 жылы Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалық қасиетін ашты. Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол шипалы қойма іспеттес. Мысалы Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000-дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. Қазақстанда бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар. Бұларға дала жусаны, сүйекті аққурай, және т.б. жатады. Басқада дәрілік шөптер: мысалы итошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дәрмене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ-бақ, шай шөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киікот, тасшөп, т.б. жатады. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездері де адамға өте пайдалы болған және солай болып қалады. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талаптар біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, оларды үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі - 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде ғалымдар дәрілік шөпке барынша ден қойып, әр шөптің ағзаға қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келе дәрілік өсімдіктерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда. Бұл жерлерде және басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің ТМД елдері жағдайына бейімдеп өсіріп, жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: Solanum laciniatum Forst, Cassia abovata Del, Althaea officinalis L, Calendula officinalis L, Rutae graveolentis L., Tanacetum vulgare L, Hyssopus ambiguous (Trautv.) Ilgin, Valeriana officinalis L., Salvia sclare, Foeniculum vulgare Mill, Aerva lanata (L.) Guss және т.б. жатады. Адам денсаулығын қорғау, ауруларға медициналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктер саны өсуде. Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдіктерге көп көңіл аударылуда.Мәденилендірілген дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қолдану фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен байланысты. Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның фармацевтика өндірісін ең перспективті бағыт ретінде дамыту қажет болып табылады, ол бай шикізат базасына негізделеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мөлшері аз және олар қорғауды қажет етеді. Барлық елдерге дәрілік заттарды қолданудың көп жылдық тәжірибесі халықтық медицина негізінде жатыр. Бірақта өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмприкалық болып қала береді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының болжауынша жақын онжылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 60%-ын құрайтын болады. Дәрілік өсімдіктер бүгінгі күні денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Оларды жинау, өсіру және өңдеумен көптеген мемлекеттік және кооперативтік мекемелер айналысады. Сонымен қатар, ескі және жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеу жұмыстары үнемі жүргізілуде. Дәрілік өсімдіктер дәріханаларға тұтас шикізат түрінде емес, дайын ұнтақ немесе кейде қатты ұнтақталған күйде түсе бастады. Мұндай шикізатты көзбен көріп тіпті тәжірибелі адамға тануға қиын болатын. Осылайша фармакогнозияға микроскоп кірді. Өсімдіктің құрылысын микроскоп арқылы зерттеу қарқынды дами бастады, мұны ботаникада өсімдік анатомиясы деп атайды. Өсімдік анатомиясы сол кездегі белгілі фармакогностикалық мәліметтерді жинауымен болған. Өткен ғасырдың соңында және қазіргі ғасырдың басында атақты швейцар маманы А. Чирх пен орыс маманы В. Тихомиров дәрілік өсімдіктерге белсенді микроскопиялық талдау жасаған. Осылайша қазіргі фармакогнозия дами бастады, дәрілік өсімдіктер ілімі адамзаттың ең көне қолданбалы ғылымының бірі болды.
2.Негізгі бөлім
2.1. Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау, кептіру және халықтық медицина
Көптеген жаңа ғылыми жұмыстар әлі белгісіз дәрілік өсімдіктерді зерттеуге бағытталған. Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың 3 жолы бар.
Бірінші жолы - биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір - біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады. Ұзақ уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан түрлер де өте көп. Мысалы: гранат - оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі. Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де ерекшеленеді. Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н. ресничная және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды.
Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы - елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді. Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс істеуге болады.
Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы - халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер және ғалымдар қатар алып жүрген.
Келесі медицина - қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулері де бар. Адам тарихының бастауларында осы екі медицина бір болды. Және кезгелген эмпирикалық медицина жүйесі Шумер - Египет - Грек, Үнді және Қытайлық - халықтық медицинадан бастау алады.Осы заманғы медицина халықтық медицинаға қарсы қойылды. Біріншісі, жазбаша мәліметтерге, дәрілерге арқа сүйенсе, ал екіншісі тірі табиғат пен араласудан алынған бақылауларға сүйенді. Ғылыми зерттеулерді халық пайдаланды және халық тәжірибесі ғылыми медицина зерттеулеріне негіз болды, жалпы алғанда бұл екі медицина бір-біріне сеніміз көзқараспен қарайды. Бұрынғы заманғы медицина эмпирикалық медицинадан биік тұрады. Халықтық медицина локальді, негізінен жергілікті аймақта өсетін, өсімдіктермен байланысты. Әрине, адамдар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған, бұрынғы ормандарын, шалғандарын және жайылым жерлерін басқаларға қалдырып, адамдар территорияларын үлкейтіп, шөлді жерлерді игерді. Бірақ адамзат тарихында бір тайпа екінші тайпаны ауыстырап отырған, олар бұрыннан жерді, өсімдіктерді қалай игеру керек екендігін үйреніп алды. Мындаған жылдар бойы адамдар өзі орналасқан аймақтағы өсімдіктерді зерттеп таныды. Осыдан жүздеген немесе, ондаған жылдар бұрын ауылдық жерлерде тұратын халыққа замануи медицина жетімсіз болса, ал қазір медициналық көмек ала алмайтын ауылдық жерлер жоқ деуге болады. Осыған байланысты халықтық медицина қажеттілігі төмендеді. Себебі жергілікті аймақта ол қанша маңызды болса да, қазіргі заманғы ғылыми ұжымдық медицинамен қатар жүре алмайды. Халықтық медицина жайындағы мәліметтер жинау және осыған сүйене отырып жаңа дәрілік өсімдіктерді табу немесе ескі дәрілік өсімдіктерді жаңа заман медицинасында жаңа қасиеттерін тауып қолдану күрделі жұмысты талап етеді. Дала және орман аймақтарында өсімдіктердің әртүрлі түрлері өседі, сондықтанда халық медицинасы әлі толық зерттелмеді. Халық медицинасы туралы мәлімет жинауда, басты мәселе қариялармен сөз табысу болып саналады, себебі көптеген мәліметтер қариялар жадында сақталған. Халық медицинасын зерттеудің негізгі формасы рецепт жазу. Ақпарат жазу әңгімелесу үстінде болуы тиіс, ал егер ондай мүмкіндік болмаса, сұрастырып болған соң кешіктірмей жазу крек. Жазу уақытын, елді мекеннің нақты аты және айтып отырған адам жайында толық көрсетілуі керек. Ескере кететін жайт, егер қандай да бір себептермен өсімдіктің ғылыми атауы анықталмаса, жазба құндылығы болмайды. Өсімдіктің емдік қасиеті бар бөлігін көрсету өте маңызды. Сондықтан әрқашан, айтылып отырған өсімдіктің кепкен түрін немесе ең жақсы далада өсіп тұрған күйінде көрсетуді сұрау керек. Дәрі жасау әдісін жазып алу оңай жұмыс, бұл кезде әдістер бір тектес, бірақ, кейде ырымдаушылыққа, пайымдаушылыққа байланысты күрделіленіп кетеді. Міндетті түрде барлық сатыларын қалдырмай, мағынасыз көрінсе де, жазып алуымыз тиіс. Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа. Ғылыми медицинада белгілі аурулар түрлерін, халық медицинасы біле бермейді. Мәлімет жинаушы адамның жақсы бір ережесі бар: бір адамға берілген бір ауруды емдейтін өсімдік, ол әлі мәлімет емес. Егер бұл өсімдік бір ауруды емдейді деп бірнеше адам және маңыздысы бір - бірін танымайтын, әр жерден болса, бұл өсімдікке көңіл бөлуге болады. Халық медицинасы - көп ғасырлық ұжымдық тәжірибенің жемісі. Бірақ бұл тәжірибе білімнің әрқашан бірдей болмайтынына көңіл бөлу керек. Табиғатты бақылауға және емдеу өнімдерімен шұғылдануға ниеті бар адамдар әрқашан болған және болады да. Халықтық тәжірибе тірі және өзгермелі. Ол көне мәліметтерден ғана емес, соңғы бақылаулардан да тұрады. Қазірде де өсімдіктердің емдік қасиетін анықтап жатқан адамдар кездеседі. Халықтық тәжірибе медицинаны әрқашан толықтырып отырады. Бұл соңғы онжылдықтарда анық көрінді, қазір оны қателесу деп санамайды, керісінше терең зерттелуде деп қабылдайды. Бірақ зерттеуде асықпасақ, халық медицинасы жойылу алдында, онымен бірге еш жерде жазылмаған көп жылдық тәжірибелер жоғалады. Бұл жолмен алынған мәліметтер көпшілікке қызықты. Енді ғана халықтан алынған мәліметтер, ғылыми медициналық тексерістен өтуі керек, содан кейін ғана дәрігерлермен науқасты емдеу үшін қолданылады. Халықтан жиналған мәліметтерді өзіне немесе туыстарына қолдану өте қауіпті. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктердің тамырларын ыстық сумен жууға болмайды, себебі осы кезде әсер етуші заттары жуылып кетуі мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді жинау бұл тек жұмыстың жартысы, соңғы кептіру кезеңінінің де маңызы зор. Барлық дәрілік өсімдіктерді кептіру керек, оларды аптекаға немесе зертханаға, заводтарға беруге үйге сақтауға қатыссыз барлығын кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикізаттың сапасына әсер етуі мүмкін. Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нәрсеге алып келуі мүмкін. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тірі күйінде болатын болса, оларда ферменттердің жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етуші заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керісінше улы заттарға айналдыруы мүмкін. Ал екінші жағынан өсуші массаның ұзақ сақталуы дымқыл кезінде микроорганизмдердің дамуына қолайлы болып келеді. Ал микроорганизмдердің дамуы шикізатты мүлдем құртуы мүмкін. Кептірудің ең қолайлы әдісі ең тиімдісі ол шатыр астында құрғақ желдету болып табылады. Әсіресе темір шатырда бүкіл терезелерін ашып тастап кептіру өте қолайлы. Егер мүмкін болса терезінің біріне кәдімгі бөлме вентиляторын қойып қоюға болады. Дәрілік өсімдіктерді шатыр астында кептіру міндетті емес. Кез-келген жел қағатын ғимараттар жарай береді. Мысалы, мектептің бос бөлмелері, сарай және т.б. кейде шикізатты күн түспейтін ашық ауада да кептіреді. Кептіру өте ұқыптылықты қажет етеді. Шикізатты құртып алмас үшін оны желден, жаңбырдан қорғау керек. Ең бастысы жапырағын, шөбін, гүлін, күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бояуымен әсер етуші заттарынан яғни құнды заттарынан айырылады. Құрамында алкалоид бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіреді. Ал құрамында гликозидтері бар тамыр пен тамырсабағын күнде кептіруге болмайды. Себебі құрамындағы гликозидтер ыдырап кетеді. Тамыр пен тамырсабағын бір күннің ішінде кептіріп алуға болмайды және мүмкін емес. Шикізатты түнде қалдырғанда оны шықтан қорғау үшін бетін бір нәрсемен жабу керек. Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Жай кезде шикізатты 3 - 4 күнде кептіріп алуға болады. Оңтүстікте мұны тездетуге болады, ал солтүстікте оны кептіруге ұзақ уақыт жұмсалады. Жалпы дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды.
Ескеретін нәрсе, шаң басқан немесе әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.
Ал бүршіктерді ерте көктемде жинаған дұрыс, яғни наурыз (март) - суәр (апрель) айларында әрі таралмаған ісінген кезінде. Медициналық мақсатпен өсімдік қабықтарын тек жас бұтақтардан алған дұрыс. Шөптесін өсімдіктерді гүлдеген кезінде жинайды, оларды төменгі жапырақ деңгейінде кесіп алады. Жапырақтарды гүлдеу алдында немесе гүлдеу басталғанда немесе толық гүлдегенде жинайды. Өсімдік өліп қалмау үшін жапырақтардың көбісін жинамай қалдырады. Гүлдерді гүлдеу енді басталғанда жинаған дұрыс. Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың қайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады (Мухитдинов Н.М. Паршина Г.Н. 2001). Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кәдімгі емен (Quercus robur - Дуб черешчатый), ешкітал (Salix caprea - Ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз (март) айында жинайды. Ал қотыр қайыңның (Betula pendula) және қара теректің (Populus nigra - Тополь черный) бүршіктерін сәуір (апрель) айында жинау керек. Қара аңдыздың (Inula helenium - Девясил высокий) тамырлардың тамырсабатарын; сасықтамырдың (Ferula foetida - Ферулла вонючая) түйнек-пиязшықтарын; кәдімгі бақбақтың (Taraxacum officinale - Одуванчик обыкновенный) тамырларын сәуірде (апрель) жинау керек. Ал дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis - Календула лекарственная), орман құлайырының (Malva silvestris - Просвирник лесной) гүлдерін шілде (июль) айында жинау керек. Ал итшомырттың (Hippophae rhamnoides - Облепиха крушиновая) жемісін қарашада (ноябрь), кәдімгі аршаның (Juniperus communis - Можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда (декабрь) жинау керек. Яғни, шипалы қасиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың әр кезеңінде дәрілік өсімдіктер жиналады.
Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің Лекарственные растения деген кітабымыздың (Мухитдинов, Паршина 2002) 288-301 беттерінде келтірілген.
Дәрілік өсімдіктер шикізаты құрғақ, қараңғы, таза жайда сақталуы керек. Әрине, дәрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.Өсімдік өркендерін, жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды және қабығын сақтау - 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен ұзағырақ сақтағанда дәрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады:
Улы және әсері күшті шикізаттар.
Эфир-майлы шикізаттар.
Жемістер және тұқымдар.
Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелермен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дизенфекциялап) тұру керек. Әрине әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы зире (carum - тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын шық (роса) кеппей ерте таңертеңгісін жинайды, ал жер үсті мүшелерін керісінше шық кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.
Кептірілгеннен кейін дәрілік шикізаттар стандарттық күйге келтіріледі. Яғни сапасы жағынан ГОСТ, ФС, ВФС стандарттарының талабына сай болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасы мемлекеттік органдар бекіткен стандарттардың талабына міндетті түрде сәйкес болуы керек.
- ГОСТ дегеніміз бұл КСРО кезінде бекітілген мемлекеттік стандарт.
- ФС дегеніміз фармакопеялық статья.
- ВФС дегеніміз временная фармакопейная статья.
Бұл жоғарыда келтірілген талаптар біздің Қазақстанда күшін жойған жоқ. Өйткені дәрілік шикізат дегеніміз ол бүкіл дүниежүзілік маңызы бар нәрсе. Сондықтан оған қойылатын талап өте жоғары болуы керек. Яғни, халықаралық деңгейдегі талапқа сәйкес болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаты туралы фармакопеялық мақала жазылғаннан кейін оның ішіндегі шипалық қасиеті жоғары болып медициналық практикаға ендірілгендері Мемлекеттік Фармакопеяға ендіріледі. Дәрілік өсімдік шикізатына қатысты жасалған ФС және ВФС белгілі бір талаптарға сәйкес жасалуы керек.ФС және ВФС-ті дәрілік өсімдіктер шикізатына қатысты былайша хаттау керек. Мақаланың (ФС) басында шикізаттың аты латынша, орысша, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz