Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: 'Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштардың қызметі

Орындаған:
Қабылдаған:

2021 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау.Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштардың қызметі ... ... ... ... ... ...5
1.1. Бастауыштың зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ-тарау.Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1.Повестегі бастауыштың тақырып атау қызметін атап көрсету ... ... ... ... .16
2.2.Повестегі бастауыштардың қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Ұшқан ұя повесін зерттеу барысында жоғарыдағы шығарманың мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, жұмыстың зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге көңіл бөлдік. Тақырыптың өзектілігі Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғасын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау үшін Ұшқан ұя повесін жан - жақты қарастыру арқылы белгілі бір мақсатқа жету болып табылады.
Ұшқан ұя туындысы Б.Момышұлының орыс тілінде Наша семья деген атпен жазылған алғашқы көлемді шығармасы болады.
Бұл шығарма мазмұны мен көркемдігі жағынан жоғары бағаланып, Абай атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алды. Бұл шығарма 1956 жылы жазылған болатын. Ал Москва үшін шайқас деп аталатын туындысы орыс және қазақ тілінде жазылған, әрі Баукеңнің майдан төрінен оралмай қалған қанды көйлек майдандас жауынгерлер тағдыры суреттеумен ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармасына айналып үлгерді. Ұлы Отан соғысында халқының ұлттық батырына айналған Б.Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқастарда қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Бауыржанның Москва үшін шайқас кітабын жазудағы басты мақсаты Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдандас жауынгерлерге солдаттық парызы ретінде ескерткіш орнатуы болатын.
Бұл жұмыстың мақсаты:Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштардың қызметін анықтау
Зерттеу объектісі:Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштарды талдау.
Осындай өзекті де келелі мәселенің халықтың аяулы, сегіз қырлы, бір сырлы перзенті Б.Момышұлының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өскен ортаның әсерін зерттеу мақсатында, ғибрат алу жолында Ұшқан ұя повесін зерттеудегі басты міндеттерді атасақ:
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыштың зерттелуі
2. Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштардың қызметі
3.Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштар
4.Повестегі бастауыштың тақырып атау қызметін атап көрсету
5.Повестегі бастауыштардың қолданысы
Зерттеу құрылымы: Кіріспенің аяқталуында курстық жұмыстың құрылымы жайында қысқаша сипаттама берілді.Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

І-тарау.Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштардың қызметі
1.1.Бастауыштың зерттелуі

Бастауыштың сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі.
Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері - бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист - ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Өйткені баяндауыш, алдымен, синтаксистік категория, сонымен бірге тілімізде баяндауыш қызметінде жұмсалмайтын сөз жоқ. Ал әр сөз табына енетін сөздердің білдіретін жалпы грамматикалық мағыналары да әр алуан. Сондықтан анықтамада баяндауыш болатын сөздің мағыналық түрлерін түгел қамту мүмкін емес.
Бастауыштың грамматикалық тұлғалары
а) атау тұлғалы бастауыш
Бастауыш - сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, арнаулы тұлғада тұрып, онымен тікелей байланысатын тұрлаулы мүше.
Бастауыш басқа сөйлем мүшелерімен салыстырғанда ойдың иесі ретінді қолданылумен ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке қолданылып өмір сүре алмайды, ол қалайда басқа сөйлем мүшелерімен оның ішінде баяндаушпен синтаксистік байланыста айтылғанда ғана грамматикалық табиғаты айқындала түседі. Ал бастауыштың ой иесі болу қасиетін логикалық және грамматикалық аспектіде айқындаған жөн. Осыған сәйкес тіл білімінде бастауышты грамматикалық және логикалық бастауыш деп екіге бөліп қарайды. Тіл мен ойлаудың тығыз байланысынан туындаған бұл бірегейлердің (единицалардың) өзіндік ерекшеліктері бар. Байымдаудың логикалық субъектісі мен сөйлемнің грамматикалық бастауышының бір-бірімен кейде сәйкес келетіні бар. Мысалы: Мен оқимын деген сөйлемдегі мен сөзі әрі қимылдың субъектісі, әрі атау тұлғалы бастауыш болып бір-бірімен сәйкес келіп тұр. Бірақ пікір білдіруде бұл сәйкестік үнемі сақтала бермейді. Қимылдың, ойдың субъектісі басқа грамматикалық тұлғада тұрып, сөйлемде өзгеше синтаксистік қызмет атқаруы да мүмкін.
Грамматикалық бастауыш - атау септігінде тұрып ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен жақ және жекеше, көпше түрде қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Алайда оқулықтар мен зерттеу жұмыстарында бастауыштық тұлға әр түрлі авторларда әрқалай көрсетіліп жүр.
Бастауыштық тұлға жөніндегі пікір алалығы өзге түркі тілі зерттеушілерінің еңбектерінде де орын алған. Қырғыз тілінде А.Жаппаров менің оқығым келіп тұрады. Саған қорқуға болмайды деген сөйлемдердегі менің, саған сөздерінің логикалық жағынан бастауыштық мәні бар екенін, бірақ ол сөздердің грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтыны көрсетеді.
Ал әдеби тілі синтаксисінің авторлары бастауыштың нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғада, кейде шығыс жалғаулы тұлғада (Магазинге ажойб узумлардан келди) келуін өз тілі материалдары негізінде дәлелдейді. Шығыс жалғаулыбастауышты Г.Д.Санжеев те көрсетеді.
Е.И.Убрятова якут тілінде негізінен бастауыш атау тұлғада болу керектігін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бастауыш қана емес, анықтауыш, баяндауыш, т.б. сөйлем мүшелері бола береді дей келіп, якут тілінде бастауыш болатын сөздерді тек мағынасына қарап ажыратуды ұсынады.
Ал қазақ тіл білімінде М.Балақаев атау, түбір, тәуелдік жалғаулы бастауыштарды көрсете келіп, формаланбаған ілік септігінің де бастауыштық қызметін көрсетеді. Ал Т.Сайрамбаев көптік, тәуелдік, атау тұлғаларының бастауыштық қызметіне тоқталады. Қ.Шәукенов бастауыш болуды атау септігі шеше бермейтінін, сөйлемдегі мағына шешетіндігін, бастауыш болатын сөздердің түрлі тұлғада (түбір тұлға, септік, тәуелдік жалғаулы) келетіндігін айтады. Бұл фактілер бастауыштың тұлғасын анықтау мәселеінің күрделілігін танытса керек.
Қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің бастауыштың грамматикалық тұлғасын анықтауда кейбір тұлғалардың сыртқы формасының ғана ұқсастығына қарап, олардың грамматикалық мәнін, соған сай синтаксистік қызметін шатастыру фактілері орын алып жүр. Әсіресе, бұл түбір және атау тұлғалы сөздердің грамматикалық мәнін ажырата білмеуден көрінеді. Аталған екі тұлғаның ара жігін ашуда С.Исаев: Рас, атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан атау септік тұлғасы сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес, ұқсас келеді. Бірақ бұл екеуі бір емес,-деп, атау септігінің өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанымен, зат есімнің түбір тұлғасынан өзгеше болып келетін арнайы грамматикалық мағынасы (субстантивтік-заттық мағына) бар және сол арқылы формасыз атау септік тұлғасы басқа септік тұлғаларындай семантикалық мән синтаксистік қызмет атқаратындығын айта келіп: сырттай бір-біріне ұқсас болса да, зат есімнің түбір тұлғасы мен атау септік тұлғасы бір емес, бөлек-бөлек грамматикалық тұлғалар, зат есімнің түбір тұлғасы септік тұлғаларының түрленуіне негіз болатын, соның ішінде атау септігіне де негіз болатын тұлға болса, атау септігі - септелудің парадигмалық жүйесіндегі түрлену тұлғасы,-дейді.
Шындығында да, аталған екі тұлға - сырт формасы жағынан ұқсас болғанымен, білдіретін грамматикалық мәні, өзге сөздермен байланысу тәсілі, соған сай синтаксистік қызметі мүлде басқа формалар. Айталық, темір кереует деген тіркестегі темір сөзі мен Темір - металл сөйлеміндегі темір сөзінің грамматикалық тұлғасы, өзі бағынған сөзбен байланысу формасы, сөйлемдегі синтаксистік қызметі өзгеше. Бірінші тіркестегі темір түбір тұлғада тұрып, өзі бағынған сөзбен атрибутивтік қатынасқа түссе, сөйлемде берілген темір сөзі атау тұлғада тұрып, сөйлем баяндауышымен жақ жағынан қиысып, предикаттық қатынасқа түседі. Түбір тұлғаның грамматикалық мәні мен қызметінің өзгеше болуына байланысты оны бастауыштық тұлға ретінде тануға болмайды. Егер аталған тұлғаларды бастауыштық тұлға деп танитын болсақ, онда бұл тұлғадағы сөздердің бәрі сөйлемде тек бастауыштық қызмет атқаруы керек.
Ал тілдік фактілер тілімізде бұл тұлғалардың әр түрлі синтаксистік қызметін дәлелдейді. Көптік жалғауы да бастауыштық тұлға болып танылмайды. Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы - заттың көптігін білдіру. Ол көптік мағынаны білдіргенде, септік жалғауларындай сөз байланыстырушылық қызметті атұара алмайды. Оған төмендегі сөйлемдер арқылы көз жеткізуге болады: Ол келді, олар келді. Бірінші сөйлемдегі ол сөзі өз баяндауышымен 3 жақта, жекеше түрде қиыса байланысып, предикаттық қатынасқа түссе, екінші сөйлемдегі көптік жалғаулы бастауыш өз баяндауышымен қиыса байланысқан кезде баяндауыш тұлғасы еш өзгеріссіз (алдыңғы сөйлемдегідей) қалады.
Тәуелдік жалғауы да бастауыштық тұлға болып саналмайды. Апам келді, інісі ақылды тәрізді сөйлемдердегі бастауыштың грамматикалық тұлғасы, дәлірек айтсақ, сөзді бастауыштық позицияға түсіруші форма - атау септігінің нөлдік тұлғасы. Бастауыш болып тұрған сөздің құрамындағы тәуелдік жалғау оны өзінің алдындағы ілік септікті сөзбен (менің апам, оның інісі) матаса байланыстырып тұр, ал бастауышты баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланыстырып тұрған - атау септігі мен жіктік жалғаудың нқлдік тұлғалары.
Атау және түбір тұлғалы сөздердің әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мәні мен синтаксистік қызметі болатынын, өкінішке орай, көптеген оқулықтар мен грамматикаларда, зерттеу жұмыстарында ескерілмей келеді. Қазақ тіл ғылымында бұл мәселені көтеріп жүрген С.Исаевтың еңбектері тілші ғалымдардың осы мәселеге аса жауапкершілікпен қарауын талап етеді.
Бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде келетіндігін М.Балақаев: Атау тұлғалы сөздер әр уақытта бастауыш қана бола бермейді, сөйлемнің басқа да мүшелері болады. Дегенмен, атау септігін, негізінде, бастауыштық тұлға деп қараймыз, - деп түсіндіреді.
Міне, осы сияқты бастауыш атау тұлғада тұрады, - дей келе, атау септік тұлғасы бастауыштың ғана тұлғалық көрінісі емес, сонымен қатар ...атау тұлғалы сөз мағынасына, орнына қарай анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш және баяндауыш қызметін де атқара береді, - деген пікір академиялық грамматикада да көрсетіледі.
Шынында да, атау септігі сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен ұқсас келетіндіктен, жоғарыда қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп, танылып жүрген атау тұлғасындағы сөздің анықтауыш, баяндауыш болу қызметтері, сондай-ақ кейбір септеулік шылаулар тіркескен сөздер атау септіктегі сөз емес, одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір тұлғасы болатындығын С.Исаев толық дәлелдеген.
Атау септіктің арнайы грамматикалық тұлғасы болмағанымен, бір жағынан, оның түбір тұлғадан бөлек етіп танытатын, екінші жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей олардың саралануына негіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақ жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъект сияқта атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді. Сондықтан сөйлемдегі атау тұлғалы бастауышты, демек грамматикалық бастауышты тек сұрақ қою арқылы тауып алуға болады. Ал баяндаушсыз сөйлем болмайды, сөйлемде тек бастауыш қана өз баяндауышымен қиыса байланыса алады. ...

1.2. Ұшқан ұя повесіндегі бастауыштардың қызметі
Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп оның сәби шағынан бастап-ақ кейінгі өмірінің қалыптасу барысының алғашқы баспалдақтарын жасаған. Немесе өзі атап көрсеткендей:
Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады... Балаға
адамның, азаматтың бойындағы барлық жақсы, асыл қасиеттер ананың ақ сүтімен бірге берілуі қажет.
Бауыржанның қанатын қатайтып, биікке самғаған қыран болуындағы отбасының әсері қандай, ол қандай жанұядан өркен жайды?
Ана сүтімен бірге бітетін қасиеттерге ол осы шығармасында зеректік, ойшылдық және сезімталдықты жатқызады. Мұны адам сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір, қоршаған орта оны не ұлғайта түседі, не өшіреді
Бауыржан ұясынан көрген - білген, алған өнеге - тәрбиесін жазудағы мақсатының өзі де сол өзі шыққан биігінің тәрбие нәтижесі ғана емес, сонымен қатар бүкілхалықтық салт - дәстүрден, ұлттық мінезден нәр алғандығын "Ұшқан ұя" шығармасында барынша ашып берген.
Және де бұл повесінде негізінен сөз таптарының ішіндегі бастауыштың қызметі ерекше жұмыс атқарады.
Тұрлаулы мүшенің негізгісі болып саналатын бастауыш сөйлемде басты кызмет аткарады десе болады. Сөйлемдегі берілетін ойдың ұйыткысы болумен бірге, орналаскан орнына карай сол ойды толық, дәл жеткізуге бірден-бір себепші сөйлем мүшесі. Әр сөйлем мүшесінің өзіндік кызметі әр түрлі болады. Біреуі сөйлемдегі ойдың аркауы ретінде басым көрінсе, екінші мүше соның эрекетін түрлендіруге икемді келеді. Ал қалғандары ойды толықтырып не анықтап, тіпті болмаса пысыктап кана жүреді.
Бастауыш жай сөйлемдерде баяндауыштан бұрын келіп, барлык мүшелерді ұйымдастыратын, байланыстыратын орталык болып табылады.
Повесте тұрлаулы мүшелерге бас мүше (бастауыш) мен баяншы мүшені (баяндауыш) жатқызады. "Бас мүше дегеніміз,- деп жазады өз еңбегінде Б.Момышұлы,- сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазык сөзі, сөйлем иесі. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады"
Бастауыш қай тілде болмасын "сөйлемде айтылган ойдың синтаксистік субъектісі" болып саналады. Ол тұлгалық кұрамы жағынан дара, күрделі болып келуімен катар, морфологиялык кұрылысы тұрғысынан атау формасындагы есім сөздерден жэне субстантивтенген басқа сөз таптарынан жасалады. Сөйтіп бастауыш -- тіліміздегі жай сөйлемнің негізгі ойын ұйымдастыратын, калган мүшелерге ұйытқы болатын мүше. Ол -- баяндауыштағы кимылдың, әрекеттің иесін тікелей білдіретін, аныктайтын көрсеткіш. Сөйлем ішіндегі орны да еркін.
Қазак тіл білімінде бастауыш туралы жазылған оку кұралдары, макалалар жарык көрді. Біраз галымдар арнайы сөз кылмаса да, өз еңбектерінде жалпы карастырды. Б.Момышұлы еңбегінен кейін С.Аманжолов, Қ.Жұбанов,
І.Бәйтенов, Ж.Басымов, Ә.Хасенов, М.Балакаев т.б. ғалымдардың бастауышка катысты пікірлері, макалалары жарияланды. Онда бастауыштың жақтык мағынасы, тұрлаулы мүшелердің байланысы сынды мәселелер козгалды.
1966 жылғы еңбегінде Қ.Жұбанов бастауышка: "сөйлемнің кімнің я ненің жайынан сөйленгендігін көрсететін мүшесін бас мүше немесе кыскартып бастауыш дейміз", -- деп аныктама бере отырып, ол жайлы кыскаша мағлұмат береді.С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтардың мектеп грамматикасында да бастауыштың ережесі, оған коятын сұраулар, онын кұрамдық түрлері жайлы біршама деректер берілген. Н.Сауранбаев, М.Балақаев, М.Томанов, Р.Әмірлер де өз зерттеу еңбектерінде сөз етеді.
1996 жылғы "Синтаксис" атты кітабында Қ.Шаукенов: "Бастауыш -- бұл сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, бас мүшесі. Сондыктан ол сөйлемдегі айтылған ойдың казығы, негізі болады. Бастауыштардың сұрактары да эр алуан. Бірак грамматикалык жағынан тұлғаланған көрсеткіші -- атау септігінде тұру", -- дей келіп, бастауышты кұрамына қарай күрделі грамматикалық бастауыш, ал мағынасына қарай мекендік, меншік, мезгіл, сапалық, сандык, амалдык, салыстырмалы, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау деп он түрге бөледі. [66]. Бірак автордың бүл пікіріне косыла кою киын. Бұл жерде ғалым эр сөздің беретін магынасына жүгінеді. Шындығына келсек, белгісіздік, болымсыздык, жалпылау бастауыштары деп отырғаны олардың есімдіктен, олардың ішінара мағыналык түрлерінен жасалған бастауыштар екені айдан анық.
Жалпы бастауыштар кұрамына карай дара және күрделі болып келеді.
Дара бастауыштар деп бір ғана сөзден болған мүшені айтады. Рахима бұған бірнеше рет ескерту жасады.
Күрделі бастауыштарға кемінде екі сөзден болған сөйлем мүшесі жатады. Көмір қазушылар ауылда бір жүмадай жаты.
Сонымен бірге бастауыштың логикалық бастауыш деп аталатын түрі бар. Әдетте, жақты сөйлемнің бастауышы көрініп, ашық та тұрады, кейде жасырын тұлғада келеді. Ал жақсыз сөйлемдердің бастауышын табу киын. Бірак сөйлем жақсыз болған жағдайда сөйлемнің ішінде субъектінің қызметін дәл атқарғанмен, сол дэрежеде ойға катысты сөздер де болатыны анык. Демек ондай сөйлемдерде бастауыш жок, алайда баска септіктегі сөздер сол сөйлемде ойға катысты айтылуы тиіс болады. Логикальщ бастауыш баяндауышпен жақ, сан жағынан қатыса алмайды.
Яғни жақсыз сөйлемдерде бастауыш жок, тек онда логикалық бастауыш болады. Маған биыл окуға түсу керек (Жас Алаш). Осы сөйлемде бастауыш жоқ. Логикалық бастауышы -- мен.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі
Бастауыштың грамматикалық тұлғалары
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық тұлғасы
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздердің атау тұлғасы
БАСТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Қазақ және моңғол тілдеріндегі сөйлем құрылысының ұқсастығы мен ерекшеліктері
Етістікті болымсыз сөйлемдер
Пәндер