Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
I тарау Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселелері.
1.1. Сөз тіркестерінің негізгі теориялық мәселелері

Сөз тіркесінің зерттелуі жəне оның объектісінің айқындалуы кейінгі кездің жемісі. Сөз тіркестерінің объектілері негізінде қазақ тілінде арнайы зерттелінді, əлі де зерттелуде.
Сондықтан да жалпы шолу мен онан кейінгі бөлімдерінде сөз тіркестерінің зерттелуі мен өзіне ұқсас категориялардан, яғни сөз, сөйлем, фразеологиялық бірлік пен сөйлем мүшелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болды. Ол туралы ай- тылған əдебиеттердегі көзқарастарға жан-жақты шолу жасалды.
Сөз тіркесіне қатысты мəселенің бірі - оның құрылысы. Сөз тіркестерінің құрылысы қазақ тіл білімінің өзінде де арнайы зерт- теудің объектісі болған емес. Жалпы осы уақытқа дейін күрделі сөз тіркесі деп нені айтамыз дейтін мəселенің өзі де ойландырады. Осы күнде сөз тіркестерінің құрылысы арнайы зерттелінбеді дегенімізбен, кейбір əдебиеттерде, біріншіден, сөз тіркесінің классификациясы, екіншіден, аздап та болса, олардың күрделену процесінің өзіндік ерекшеліктері сөз бола бастағанын айтып өттік. Дегенмен сөз тіркесінің күрделену процесі туралы əртүрлі көзқарастарға шолу жасай отырып, біз сөз тіркестерінің күрделену процесін, толық мағынасы бар сөздер мен дербес мағынасы жоқ сөздердің де қатысын негізге алдық. Əрине, сөз тіркестерін күрделендіруде толық мағыналы сөздер, олардың қатысы негізгі пікір болғанымен, сөздердің күрделі сөз тіркесін құрауы туралы да пікірталасы əртүрлі.
Ал шылау, көмекші етістік, көмекші есім, модаль сөз, т.б. əдетте сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады деумен ғана шектеледі. Шындап келгенде, олар сөз бен сөзді байланыс- тыру қызметін атқаруы бар да, сонымен бірге ондай сөздердің мағыналық тобы мен синтаксистік қызметін де айқындайтынды- ғын ескере бермейді. Ғылыми əдебиеттердегі пікірталасына на- зар аударсақ, қазақ тілін зерттеушілер Сайрамбаев.М, М.Серғалиев, М.Балақаевтардың пікірлерін негізге алу барысында көмекші сөздер тобының сөз тіркесіне қалай да қатысы барлығын мойындауға тура келеді. Осыған сəй- кес сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне олардың қатысын ар- найы сөз еттік.
Көмекші сөзді сөз тіркестері ішінде əсіресе шылаулардың тек етістікті сөз тіркестерімен бірге есімді сөз тіркестерін жасау ерекшеліктері де бұл еңбекте орын алды. Сонымен бірге фразео- логиялық единицалардың да күрделі сөз тіркесіне қатысы туралы қазақ, түркологиялық əдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды.
Сонымен сөз тіркестерінің күрделенуіне əрбір сөз таптары- ның күрделі түрлері, нумеративті сөздер, қосарлы сан есім, фра- зеологиялық единица, көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер қосымшалардың өзіндік қызметі сөз болды.
Жұмыстың одан соңғы тарауында оның есімді, етістікті топтарының да құрылымдық түрлері негізінен қаралады. Сөз тір- кесінің бағыныңқы сыңарларының байланысу формаларына қарай есімді сөз тіркесінде қабыса, меңгеріле жəне матаса, етістікті сөз тіркесінде бағыныңқы, басыңқы сыңарлардың жасалуы мен ма- ғыналық тобы жəне синтаксистік қызметтері арнайы сөз болды.
Сөз тіркесінің жалпы мәселелерімен қатар оның жеке тілге, яғни қазіргі тілге тікелей қатысы бар тұстарын жан-жақты зерттеу қажет. Бұл оның қарым-қатынас формасы мен байланысу тәсілін, түрлері мен белгілі бір сөз таптарын біріктіру қабілетін бөлек қарастыруды талап етеді.
Жалпы қорытындылай айтқанда, біріккен сөз, қысқарған сөз, фразалық тіркес, шылау, т.б. сөздердің барлығы түйдекті күйін- де сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.
Көптеген ғалымдар сөз тіркестерін түсіндіруде сөз тіркесі мен тіркес сөздерді бір-біріне шатастырып келеді. Олардың еңбектерінен не сөз тіркесі немесе тіркес сөз екенін анықтау қиын. Əрине, сөз тіркесі мен тіркес сөздердің өздерінің бір-бірі- нен айырмашылықтары бар. Сөз тіркесі ойдың кішкене бір бөлшегі бола отырып, толық мағыналы екі не одан да көп сөз- дерден құралады. Оның əрбір мүшесі белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалса, ал тіркес сөздерде ондай қасиет жоқ. Олар сол тобымен жинақталып сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Əрине, бұл айтылғандардың барлығы - сөз тіркесінің ішкі даму заңдылықтары. Негізінде, олардың əлі де болса көп- теген заңдылықтарының, оның үстіне əрбір байланысу форма- лары мен амалдарының ішкі жүйелері, ол кездегі əрбір сы- ңарларының тіркесу аясы, дамып жетілуі немесе олар туралы басқа да зерттеу жұмыстары жалпы сөз тіркесінің синтаксисін толықтыра түсетіні белгілі. Осының нəтижесінде жалпы түркі тілдерінде, əсіресе, оның ішінде қазақ тіл білімінде сөз тіркестері туралы көптеген жұмыстар жазылды жəне ол туралы істеліп жатқан зерттеулер де мол.

1.2. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің құрылымы мен синтаксистік қызметінің мәні
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисіне қатысты мәселелер М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев, А.Әблақов, Е.Ағманов, С.Исаев, Қ.Шәукенов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Сөз тіркесін алғаш рет жүйелі баяндау 1954 жылы жарық көрген академиялық Қазіргі қазақ тілі атты еңбекпен байланысты. Бұл еңбектің синтаксис бөлімін жазған М.Балақаев сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінде қарастырады да, сөз тіркестерінің синтаксистік табиғатын жан-жақты зерттеп, тұңғыш рет толық мәлімет береді. Автор сөз тіркесін әрі сөз таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер деп қарастырады. Оның кейін шыққан Основные типы словосочетаний в казахском языке (1957) және Қазіргі қазақ тілі (1992) еңбектерінде сөз тіркесі синтаксисі жай сөйлем синтаксисінен бөліп алынып қарастырылады. Мұнда сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің емес, сөз таптарының тіркесі деп қарастырылып, сөз таптарының сөз тіркесін құраудағы ерекшеліктері, сөз таптары мен сөз таптарының тіркесі, олардың байланысу формалары мен түрлеріне сипаттама берілген. М.Балақаев сөз тіркестерінің байланысу формаларын талдай келе, матаса байланысу формасын енгізеді. М.Балақаевтің сөз тіркестеріне берген анықтамасы: "Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз". Сонымен бұл анықтама бойынша, сөз тіркесі болу үшін кемінде екі толық мағыналы сөздің сабақтаса байланысы қажет екен.
Р.Әміров Жай сөйлем синтаксисі деп аталатын оқулығында сөз таптарының бағыныңқы, басыңқы сыңарда жұмсалу ерекшеліктерін әрі байланысу формасында көрсетіп, олардың байланысу тәсілдері мен синтаксистік қатынастарына тоқталған. Р.Әміров қазақ тіл білімінде салаласа байланысқан сөздердің тобын сөз тіркестерінің қатарына жатқызады. Бұл тұжырымын ғалым былайша негіздейді:
а) сөйлемнің бірыңғай мүшелері де сөйлем ішінде грамматикалық қатынасқа түседі: ыңғайластық, талғаулық, қарсылықты т.б;
ә) ол қатынастар шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі.
Бұл айтылған пікірді М.Серғалиев те қолдайды. Ғалым сабақтаса байланысқан сөз тіркестері мен салаласа байланысқан сөз тіркестерінің өзіндік айырмашылықтары бар екендігін былайша көрсетеді:
1) салаласа байланысқан сөз тіркестері бағыныңқылық-басыңқылық қатынаста емес, тең қатынаста, қатар байланысады (боран мен аяз; сүйкімді, мақтаулы; ағын да, қарасын да);
2) сөйлем құрамынан алынып қалғанда, бірыңғай мүшелі сөз тіркесі түсініксіз болып шығады, яғни сөз тіркесінің бұл түрі, сабақтас сөз тіркесімен салыстырғанда, сөйлемнің "құрылыс материалы" екендігін сенімді дәлелдесе керек. Мәселен, Қайша Шәймерденнің тартқан шылым түтінін бе, әлде сөзін бе, әлде оның өзін бе - жаратпай, жиырыла түсті (Майлин) деген сөйлемнен түтінін бе, әлде сөзін бе, әлде оның өзін бе деген тіркестерді сөйлемнен тыс алып қараса, әлде бірдеңені ұғыну қиындыққа түсер еді.
3) салалас сөз тіркестеріндегі синтаксистік қатынастардың сан жағынан сабақтас сөз тіркестерінен артық болуы.
Екі сөз тіркесі түрінің ұқсас жақтары М.Серғалиев екеуі де толық мағыналы сөздерден жасалатындығы және синтаксистік қатынасты білдіруі деп біледі.
Сөз тіркесінің құрамы, құрылысы, сөз таптарының сөз тіркесін құрау валенттілігі, сөз тіркесінің синонимиясы және т.б. қазақ тілінде жеке-жеке зерттеудің нысаны болды. Мәселен, Т.Сайрамбаев қазақ тіліндегі қүрделі сөз тіркесінің құрылымдық-семантикалық жағын зерттеп, сөз тіркесінің күрделену жолдарын айқындаған. Ғалым сөз тіркесін құрамына қарай талдауды үш топқа бөліп жүргізу қажеттігін айтады. Олар:
1) әр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері;
2) бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері;
3) бір сөздің қайталануы негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің әр байланысу формасы жеке- жеке зерттелген. Мәселен, А.Әблақовтың еңбектерінен меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері мен меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері жайында жан-жақты мағлұмат алсақ, сын есімдердің негізгі синтаксистік белгісі саналатын тіркесімділігі бір ғана қабыса байланысу формасы аясында М.Жолшаеваның, ал матаса байланысқан сөз тіркестері А.Әуелбекованың , изафеттік құрылымдардың жұмсалымдық және құрылымдық аспектілері Қ.Қамзаеваның зерттеулерінде арнайы талдауға түскен.
Сөз тіркесінің басыңқы сыңарын кез келген сөз табы құрай алмайды, өйткені басыңқы сыңар қашан да ұйытқы сөз болуы тиіс, сол сөздің қай сөз табына қатыстылығына қарай сөз тіркестерінің түрлері ажыратылады. Әдетте, оқулықтарда сөз тіркесінің есімді және етістікті түрлері ғана айтылады. А.Тұрарова Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары атты ғылыми зерттеуінде барлық байланыстың формалары бойынша басыңқы сыңар құрайтын сөз таптарын айқындаған. Сөйтіп, әр сөз табының басыңқы сыңар құрау мүмкіншіліктерін нақты мысалдар негізінде дәлелдеген, сөз тіркестерінің түрлерін төртке саралаған: есімді, етістікті, ортақ басыңқылы және әр түрлі сөз таптары.
Сонымен бірге сөз тіркестерінің басқа тілдік бірліктерден, сөз, күрделі сөз, атаулық тіркес, түйдекті тіркес, шектеулі тіркес т.б. айырмашылықтары мен ұқсастықтары, әр сөз табының сөз тіркесі құраудағы өзіндік ерекшеліктері секілді мәселелер кандидаттық диссертация деңгейінде, мақалалар көлемінде айтылған.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисіне қатысты зерттеулерге шолу жасай келе түйгеніміз:
1) сабақтаса байланысқан кемінде толық мағыналы сөздердің тіркесін сөз тіркесі деп тану. Бұл қазақ тіл білімінде, қала берді түркітанудағы сөз тіркесі синтаксисінің негізін қалаушылардың бірі М.Балақаевтың еңбектерінен бастау алады. Сөз тіркесіне қатысты бұл тұжырым қазақ тілінде орныққан, барлық оқулықтардан орын алған деуге болады. Сондай-ақ салаласа байланысқан, яғни бірыңғай мүшелердің де байланысын сөз тіркесі деп тану.
2) қиыса байланысқан сөз байланыстарының тілдік статусын айқындау. Қиысу синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрі саналады. Қиысу дегеніміз ‒ сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғасына, грамматикалық мағынасына қарай тұлғалануы. Егер бастауыш пен баяндауыштың арасындағы қатынасты предикативтік қатынас десек, онда оны сөз тіркесі деп айқындауға болмайды. Сөз түрлендіруші формаларға бай қазақ тілінде бастауыш-баяндауышты тізбектің құрамындағы баяндауыштардың (әсіресе, етістіктердің) жақтық, шақтық, көптік және рай сияқты грамматикалық формалары болатындықтан, тұтас құрылым сөйлемдік қасиетке ие болады да, сөз тіркесі болмайды. Сондай-ақ, бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғаулары негізінде құралып, субьектілік- предикаттық қатынаста жұмсалатындықтан, сөз тіркесінің емес, сөйлемнің нысанына жатады.

II тарау. Т.Сайрамбаев, М.Балақаев, М.Серғалиев сынды ғалымдардың пікірлері.
2.1.Т.Сайрамбаев сөз тіркестерін зерттеу туралы
Профессор Талғат Сайрамбайұлының сөз тіркесі әрі сөз тіркесінің, әрі сөйлемнің қызметін атқара отырып, жай сөйлем синтаксисіне ұласады. Сөз тіркесі - сөйлем құраудың материалдық негізі, - дейді ғалым, - ал сөйлем - адамның ойын айтудың негізгі формасы. Сөйлем құрамындағы сөздердің өзара тіркесуі арқылы белгілі қызметте жұмсалатындығы, сөйлемдегі тиянақты ойды жеткізуде солардың басты орын алатындығы жай сөйлем синтаксисінің зерттелу нысанынан тыс қалмайды. Сөйлем құрамындағы сөз тіркестері сыңарларының еш кедергісіз сөйлем мүшесі қызметіне ауысатыны табиғи құбылыс болып табылады. Яғни сөйлемдегі бір сөз тіркесі - екі сөйлем мүшесі. Сөйлем құрамындағы қиысу бастауыш пен баяндауыш (тұрлаулы мүшелер). Сөз тіркесінің басқа байланысу түрлерінің анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста (тұрлаусыз мүшелер)болуы - заңдылық. Сөйлем мүшелерін оқытудағы жаңаша әдісті осы қағидаларға сүйене отырып, құбылта түсуге болады. Сөздерді байланыстыра білу - сөйлем мүшелерін байланыстыра білу. Тұрлаусыз мүшелердің қай сөйлем мүшесіне қызмет жасайтынын айыра білу - сөздердің байланысу тәсілдерін жетік меңгеру. Ал көп мүшелі сөйлемдерде, негізінен, тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қызмет жасап, баяндауышпен байланысуға бейім келеді. Сондықтан, ғалымның сөз тіркесі - әрі тіркес, әрі сөйлем деген қағидасы үнемі жаңғырып тұрады. Жай сөйлем синтаксисі сөйлем мүшелерінің болмысын бағамдаудан басталады. Сөйлем желісін керіп тұратын екі қазығы - бастауыш пен баяндауышқа арналған Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері еңбегі - жай сөйлем синтаксисінің табиғатын толық тануға арналған зерттеу жұмысы. Оқулықтарда екі-үш беттің көлемін ғана қамтитын сөйлемнің екі мүшесіне ғылыми еңбектің арналуы сөйлемнің құрылымы, сөйлемдегі ойдың мәні сол екі мүшеге тәуелді екенін мойындатады.
Тұрлаулы (бас)мүшелердің ара салмағын сөйлемдегі ұйтқы болу қызметіне қарай екшейді: Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады... Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің негізгісі - бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі. Баяндауыш - сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі (2). Бұдан әрі тұрлаулы мүшелердің жасалу жолдарын жан-жақты талқылай отырып, тұрлаулы мүше болмайтын сөз табы, тұрлаулы мүше болмайтын көмекші сөз жоқ екендігіне дәлелді мысалдармен дәйекті сараптама жасайды. Бастауыштың сөйлемдегі орны да (баяндауыштан бұрын), баяндауыштың сөйлем соңында тұратын беріктігі де (поэзиядан басқа) зерттеу еңбегінің басты нысандағы мәселелерінің бірі болып саналады. Тұрлаулы мүшелерге арнайы зерттеу жүргізген еңбектің тағы бір маңыздылығы - құрама баяндауыштарды ерекшелеп көрсетуі. Ғалым өзіне дейінгі С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев сынды тіл білімі сардарларының баяндауыш туралы еңбектерін негізге алып, құрама баяндауыш сыңарларының қандай есім сөз бен қандай етістіктен болу шарттылығына назар аудартады. Құрама баяндауыштың құрамында үстеу, модаль сөз,еліктеуіштердің емес, тек есім сөздердің және тек көмекші етістіктердің болуы оларды күрделі баяндауыштардан айырып қарауға мүмкіндік туғызатынын ерекшелейді.
Талғат Сайрамбайұлының ғылыми зерттеу тақырыптары сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисіне қатысты көкейкесті мәселелерді қамтиды да, оларды жең ұшынан жалғастырып, сөйлем мүшесінің түрлері, жай сөйлем түрлері туралы тың пікірлері сөз тіркесінсіз, сөз тіркесінің байланысу түрлерінсіз айтылмайды. Бәрін бір- бірімен сабақтастыра зерттеп, салаластыра ой түйеді. Бұның басты себебі: сөз тіркесі де, сөйлем мүшелері де сөйлемнің аясында тұлғаланып, сөйлемнің құрамында қызмет иеленеді (3); Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінде белгілі бір жүйелелік бар. Олар қалай болса солай байланыса салмайды. Синтаксистік байланыстың бұл амалы сөздердің жалғаулар арқылы байланысынан кем түспейді (1). Ғалым ағамыздың жай сөйлем түрлерін зерттеуінде де өзіне тән әдіс-амалдары менмұндалап тұрады. Жай сөйлемдерді алдымен жалаң және жайылма түріне бөліп алады. Өйткені олардың барлық түрі сөйлем мүшелеріне қатысты тиісті атауларға ие болған. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрса - жалаң сөйлем. Ал қалған түрлерінің бәрінің құрамында тұрлаусыз мүше болады. Яғни жайылма сөйлемнің ұғымын қанағаттандырады. Сөйлемдердің мақсатына қарай түрленуінде де зерттеушінің жаңалық сипатқа толы ұсыныс пікірлері жеткілікті: Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы, -ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады Қарағым,мына баланы риза қылшы! Балам, жөніңді айтшы!,- дей келе, -шы, -ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баяндауыштар кейде біреуге сес көрсетіп, қорқыта сөйлегенді білдіреді Қане,осы баланың бәйгесін бермей көрші! Көмірсіз тырп етіп көрші! Тапсырманы орындамай көрші!,- деп ерекше бұйыру үлгісін ұсынады. Әсіресе, -шы, -ші қосымшаларымен болымсыз түрде келген бұйрықты сөйлем бұрынғы бұйрықты сөйлемдерден сұстылау көрініп, бұйрықтылау реңк байқатады.
Жауап алу мақсатында айтылатын сұраулы сөйлеміміздің өзі сұраумен жауап алатын деңгейге көтеріледі: - Біздің ауылға барасың ғой, қызым? - Бармағанда қайтем? - Ой, мынау тамаша емес пе? - Несі тамаша? Бұдан әрі күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ болып жалғаса береді. Өзіне ғана тән әр тақырыпты бөлшектеп талдау осы тұста да көрініс табады.Бір ғана лепті сөйлемді қорқу-сескену мәнді, армандау мәнді, өкініш мәнді, асыра мадақтау мәнді секілді бірнеше түрге бөлшектеп, әрқайсысының жасалу жолдарын айқындайды. Ал болымсыз сөйлемдердің дәстүрлі жасалу жолдарын сараптай келіп, тұлғасы болымды, мазмұны болымсыз сөйлемдерді ұсынады: Оның әзер дегенде үні өшті. Бұның не жазығы бар еді? Сонымен қатар, тұлғасы болымсыз, мазмұны болымды сөйлемдерді де атап көрсетеді: Жуандардың алдауына ермеуде Құрымбай бәйге алып жүрген жоқ па? Біздің ауылдағы Нұртазадан асқан шешен адам жоқ. Қай зерттеу жұмысы болмасын, профессор Т.Сайранбаевқа тән қолтаңбаның табы сезіледі. Сезілуі тиіс те.
Өйткені ұзақ жылдар қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұстаздық етіп, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисінен дәріс оқыды. Әр сабағына шәкірттерін ойландыратын ұсыныстарымен келетін де, сол ұсыныстарын ғылыми негізде тұжырымдататын. Зерттеу еңбектерінің бәрі ұзақ жылдардың талқылауынан сұрыпталып, ғылыми нәтижелілігін білім беру үдерісімен ұштастыратын. - Сабақтың жаңалығы - оны қалай өту әдісінде емес(ойын түрі, көрнекілік, технология), сол сабаққа бұрын айтылмаған ой, ғылми жаңалықпен келу,- дейтін ұстазымыз. Шынында да, жоғарыда атап кеткеніміздей, жаңа дәуірдің азаматын оқытуда қандай жаңа технологияның жетістіктерін пайдалансаң да, оқытушы тарапынан әр тақырыпқа ғылыми үлгідегі жаңалықтар қосып отырмаса, инновация деген ұғымнан алшақ кеткенге саяды. Жиырма жасқа келген студентке оқулықтағыны онлайндық жолмен, интерактив тақта арқылы, шет елдің озық тәжірибесінің көмегімен жеткізсең де, қызықтыра алмайсың. Қызықтырудың бір ғана жолы - оқулықтағыдан өзгеше жаңалық жеткізу. Осы тұрғыдан келгенде, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисіне қатысты ғылыми жаңалығы бар ой- пікірлерді Талғат Сайранбайұлының зерттеу еңбектерінен молынан алуға болады. Саналы ғұмырын ұстаздық пен ғылымға арнаған ғалым- ұстазымыздың әрбір зерттеу еңбегінің астарында әдістемелік жолы әдіптеліп жатқанын айқын байқаймыз.
Ғалымның пікірінше, жеке сөз біз қарастырып отырған мағынаның қарапайым элементі болуы да, болмауы да мүмкін. Енді айт, айт, айт, айт, айт, айт, айт деген сөздерге назар аударсақ, олардың белгілі бір мағынасы мен идеясы бар. Бұл идеяның ештеңеге қатысы жоқ, сондықтан оның не функционалдық, не практикалық мәні жоқ. Бұл сөздердің көп мағыналы екені анық. Бірінші етістік белгілі бір іс-әрекет ұғымына сәйкес келетін бірыңғай дыбыстық бірлік болса, басқаларында бұл негізгі мағына сақталады. Дегенмен, әр түрлі дыбыстық элементтердің бұл сөздермен байланысуына байланысты біршама өзгерістер болды. Бұл сөздер негізгі мағынадан өсіп шыққан күрделі мағынаға ие. Сондықтан бұл сөздерді екі мүшелі сөз ретінде талдауға болады,
Айт сөзін А ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат әл Әдаб», XIV ғасыр)
Сөз тіркесінің атау туғызуы туралы мәселенің зерттелуі
Сөз тіркесін зертеушілер
Пәндер