Тура толықтауыш болатын сөздер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ашық және жасырын форма, тура толықтауыш

Орындаған: Казкенова.Н.К
Қабылдаған: Шагирбаева Б.К.

Көкшетау 2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау.Толықтауыш және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Толықтауыштың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Тура толықтауыштың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ-тарау.Тура толықтауыш оның жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1.Ашық және жасырын форма, тура толықтауыш ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 17
2.2.Тура толықтауыш болатын сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім(не) туралы? кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?
Толықтауыш құрамына қарай бір сөзден ғана болып дара толықтауыш және бірнеше сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден құралып күрделі толықтауыш болып бөлінеді. Мағынасы мен тұлғасына қарай тура толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш, ал атау, ілік, табыстан басқа септіктердің бірінде немесе туралы, тақырыпты, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың тіркесінен болған толықтауышты жанама толықтауыш дейміз. Сөйтіп, табыс септігінің сұрағына (к і м д і? н е н і?) жауап беретін сөз тура толықтауыш болады да, барыс (к і м г е? неге?), жатыс (кімде? неде?), шығыс (кімнен? неден?), көмектес (кіммен? немен?) септіктердің және кім (не) туралы? кім (не) жайында? тәрізді сұрақтардың біріне жауап беретін сөз жанама толықтауыш болады. Тура толықтауыш сабақты етістікпен ғана байланысып қолданылады.
Толықтауыш пен толықталатын сөздің арасындағы байланыс түрі меңгеру болады, өйткені толықтауыш белгілі септік (табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес) тұлғасында немесе туралы, жайында, жөнінде, тақырыпты деген шылаулар арқылы то-лықталатын сөзге бағына (меңгеріле) байланысады.
Бұл жұмыстың мақсаты:Ашық және жасырын форма, тура толықтауыш.
Зерттеу объектісі: Толықтауыш және оның түрлерін талдау.
Толықтауыш зат есім мен есімдіктен, атау мен іліктен басқа септік тұлғаларының бірінде тұрып заттанған өзге де сөз таптарынан (сан есім, сын есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері), негізгі сөздің туралы, жөнінде, жайында деген шылаулармен тіркесінен болады. Мысалы: Тәңірберген жаз бойы теңіз жағасын торуылдап кетті. Қарт ана балаларын өлдіге қимайды. Еламан карт балықшыдан бұл ауылдың таяуда ауыр қазаға ұшырағанын есіткен-ді. (Ә. Нүрпейісов) деген сөйлемдерде теңіз жағасын (нені торуылдап кетті?), балаларын (кімді қимайды?), қазаға ұшырағанын (нені есіткен-ді?) сөздер мен тізбектер сабақты етістіктерге табыс септік жалғауы арқылы меңгеріліп, тура толықтауыш болып тұр, ал өлдіге (неге қимайды?), балықшыдан (кімнен есіткен-ді) деген сөздер барыс (-ге), шығыс (-дан) септік жалғаулары арқылы меңгеріліп, жанама толықтауыш болып тұр. Балаларын және балықшыдан дегендер зат есімнен болған, өлдіге деген етістік тұлғасының барыс септігі арқылы заттанып қолданылуынан болған дара толықтауыштар да, теңіз жағасын екі зат есімнің (теңіз және жаға) тіркесуінен, қазаға ұшырауынан тұрақты тіркестен болған күрделі толықтауыш болып саналады.
Зерттеу міндеттері:
1.Толықтауыштың түрлері
2.Тура толықтауыштың түрлері
3.Ашық және жасырын форма, тура толықтауыш
4.Тура толықтауыш болатын сөздер
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе зерттеудің өзектілігін негіздейді, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; зерттеу объектісі мен пәні анықталады.

І-тарау.Толықтауыш және оның түрлері
1.1.Толықтауыштың түрлері
Тұрлаусыз мүшелердің ішінде сөйлемнің семантика - грамматикалық құрылымында бас мүшелерден кейінгі орынды толықтауыш мүше иеленеді. Себебі ол субъекті ( бастауыш) қимылының жүзеге асуына себепші, оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты болып, субъект әрекетін толықтырып, нақтылай түсетін объектіні ( затты, кісіні, сол мағынадағы басқа да сөздерді) білдіреді. Мысалы: Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды ( Әуезов).
Меңгеруші (баяндауыш) сөз бен толықтауыштар арасындағы мағыналық қатынас басқа тұллаусыз мүшелер тіркесіне қарағанда біршама тығызырақ болады. Өйткені меңгеруші яки баяндауыш сөздің сөйлемдегі семантикалық мағынасы толықтауыш арқылы ғана толық ашылып, өзінің бар мүмкіндігімен айқын көрінеді. Толықтауыш пен меңгеретін сөздің арасында тығыз мағыналық байланыс болу себепті, толықтауыш іс-әрекеттің тікелей объектісі ғана емес, оның мағынасын түсіндіруші, саралаушы, нақтылаушы да болып табылады. Толықтауыштың бұл қызметтері сөйлемде арнаулы тұлғалар арқылы көрініп отырады. Толықтауыштар тура және жанама болып бөлінеді. Бұл баяндауыш қызметіндегі етістіктің семантикалық сипатына сай қай септіктегі сөзді меңгере алуына байланысты айқындалады. Сонымен бірге, толықтауыштар құрамы жағынан дара да, күрделі де болып келеді.
Мағыналық жағынан етістіктің сабақты түрінен болған іс-әрекетке тікелей байланысты болып, сонымен ғана бір тіркес құрайтын заттық - объектілік қатынастағы толықтауыш түрін тура толықтауыш деп атайды. Тура толықтауыш табыс септігінің сұрағына жауап береді. Ағашты жарды, шұлықты тоқыды, інісін ойнатты.
Басқа түркі тілдеріндегі тәрізді қазақ тіл біліміндегі тура толықтауыштар меңгерілетін сөзбен табыс септігінің ашық және жасырын тұлғасы арқылы байланысады. Қыздың көзінен сонау тұнық аспанды көрді (Алауов). Айгүл жақында ғана ауылдағы ағасынан хат алған ( Мағауин).
Объектілік мағынасы өзінен-өзі айқын, яғни тарихи жағынан ертеден белгілі бір іс-әрекет, қимыл-қозғалысқа ұшырауға бейім болып қалыптасқан, ұзақ дәуір айтылу барысында арнаулы екпінді қажет етпей-ақ түсінікті болатындай дәрежеге жеткен сөздер тура толықтауыш қызметінде жалғаусыз боп қолданылады. Ал жалғаулы болып қолданылатын тура толықтауыштар, көбіне, басқа қызметте жұмсалуға бейім, бірақ әр түрлі себептермен (лексикалық, грмматикалық, семантикалық) объектілік қызметке ауысқан сөздер. Бұдан шығатын қорытынды- тура толықтауыштың жалғаусыз болуы- алғашқы сөздердің өте ерте дәуірде ешбір жалғаусыз, түбір күйінде келіп тіркескенін ғалымдар жоққа шығармайды, ал жалғаулы түрі - кейін пайда болған құбылыстар. Болат пен кірпіштерді өріп қалап, төбесі айнамен шатырланбақ (Әбілев).
Өзін меңгеретін сөздермен (сөйлем мүшелерімен) атау, ілік және табыс септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысып, сөйлемді мағыналық-мазмұндық жағынан қосымша, жанамалай толықтырып тұратын толықтауыш түрін жанама толықтауыш деп атайды. Жанама толықтауыштар өзін меңгеретін мүшелермен біршама еркін байланыста болады. Бұл да толықтыратын сөздің лексика-грамматикалық сипатына байланысты болады. Жанама толықтауыштардың мәндері олардың грамматикалық тұлғаларына сай алуан түрлі болып келеді.
Зат есімдер мен заттанып солардың орнына қолданылған сөздер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, салт және сабақты етістіктерге меңгеріліп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Қазіргі оқығаннан сіз ойлаған адамды таппадым ( Әуезов).
Жанам толықтауыштар әр түрлі септік жалғауда, әр түрлі тіркестер құрамында айтылатындықтан, олардың мағыналары да әр алуан болады.
1. Зат есімдер мен заттанған басқа да сөз таптары барыс септік жалғауында келіп іс-әрекеттің жанама объектісін білдірумен бірге оның орны болатын немесе барып тірелер затын білдіреді. Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер болып барады ( Әуезов).
2. Жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар зат есім және заттанған басқа сөз таптарынан жасала отырып, көбінесе, іс-қимыл таралған объектіні зат, құбылыстың орны болған объектіні білдіреді де, негізінен статистикалық жай-күйді білдіретін етістіктерге меңгеріледі. Оның әрекетінде байыпты іскерлік, тиянақты тындырымдылық жоқ (Ахтанов). Жадымызда жаңғырығы қалған зұлмат жылдардың бетін енді аулақ қылғай ( Сыр бойы газеті).
3. Шығыс септік жалғаулы жанама толықтауыштар, көбінесе, кісінің күйін, сезімін білдіретін, кеңістік заттық мәнге байланысты қолданылатын етістіктерге меңгеріледі. Шығыс септік жалғаулы жанама толықтауыштарды салт етістіктер де, сабақты етістіктер де меңгере беретін болғандықтан, олардың мағыналық аясы да қолданылу шеңбері де кең болады.
а) Заттың себеп-салдарын білдіреді:
Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қалды ( Мүсірепов).
ә) Заттың тегін, неден жасалғанын білдіреді: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды ( Алтынсарин).
б) Заттың, құбылыстың салыстырмалы ерекшелігін білдіреді: Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді ( Әуезов).
в) Іс-әрекеттің шығар арнасы болған объектіні білдіреді: Игіліктің шойындай күрең қошқыл бетінен ешнәрсенің белгісі байқалмайды (Мүсірепов).
г) Іс-қимылдың өзгеруінің белгісін білдіреді: Ешнәрсе демесе де, жолдасымның осы қарасынан жүрегім лоқсып қалғандай болды (Мүсірепов).
ғ) Логикалық субъектіні білдіреді: Ұлағатты ұстаздан талай шәкірт тәрбие алып шықты ( Алтынсарин).
д) Объектіден дараланып, бөлініп, ажырап шыққан затты, құбылысты білдіреді: Ішінде қазақтан төртеуміз ( Мұқанов). Ендеше, осы естіген, көрген жайдан жыр туғызса нетеді? (Әуезов).
Сонымен, шығыс септік объектілік ұғымдағы зат есімдер немесе заттанған басқа сөз таптары жанама толықтауыш болады да, ал көлемдік, кеңістік, мезгілдік мәндегі шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің пысықтауышы болады.
4. Көмектес септік жалғаулы сөздердің де жанама толықтауыш қызметін атқаратындары көбіне орын-мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ зат есімдер немесе заттанған басқа сөз таптары болады. Мұндай сөздерді меңгеретін құралмен орындалатын іс-әрекетті білдіретін етістіктер және күй - қалыпқа байланысты ортақтастықты білдіретін етістіктер болып келеді. Көмектес септікті жанама толықтауыштар:
а) Іс-әрекеттің орындалу құралын немесе соған жұмсалған объектіні білдіреді: Атты қамшымен айдама, жеммен айда ( Мақал). Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (Әуезов).
ә) Іс-әрекетке іс иесінің басқа субъектімен ортақтас болғанын білдіреді: Раушан Марияммен сүйісіп амандасты ( Майлин).
б) Заттың бірөңкей заттардан ерекше белгісін де білдіруі мүмкін: Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді ( Мақал).
Көмектес септікті сөздер басқа жағдайда сөйлемнің пысықтауыш мүшесінің қызметін атқарады.
Сөйлем ішінде етістіктермен септеулік шылаулардың кей түрімен байланысқан заттық ұғымдағы сөздер де тура немесе жанама толықтауыш болады. Бұл етістіктердің лексика-семантикалық мәнімен айқындалады. - Сіз үшін оралдым,- деп насыбайын бір атты ( Мұстафин). Жеңіс туралы сұрастыра берсеңіз, көптеген жәйттерді естисіз, бәрі де мақтау, ел ризығы.

1.2.Тура толықтауыштың түрлері

Тура толықтауыштың табыс жалғауының ашық түрінде жұмсалатын орындары төмендегідей:
а) Тура толықтауыш өзі меңгерілетін (толықтайтын) мүшеден
арасына сөз салып, алшақтап тұрады. Мұндай реттерде ойдың логи-калық сындарлылығы, сөйлемнің әуені бұзылмас үшін тура толық-тауыш табыс жалғауында тұруы қажет болады. Мысалы: Бірақ ол аласапыранда әлдеқайда барып қайтты да, дырау қамшыны екі бүктеп ұстап, батыс жақты нұсқап тұрып... (Мүсірепов). Тура толықтауыш (қамшыны) пен баяндауыш ортасына сөз (екі бүктеп) түспесе, тура толықтауышты жалғаусыз да айтуға болар еді. Бірақ ортасына басқа сөз түсіп, баяндауыштан алшақтаған соң, баяндауышпен грамматикалық байланыс жүйесін үзбеу үшін табыс жалғауында айтылуы қажет. Тағы да мына мысалды талдайык,: Дереу алғы шепке о қ-д ә-р і жеткізсін (Ахтанов). Осы сөйлемдегі тура толықтауыш пен баяндауыштың арасына басқа бір сөз салып: Алғы шепке оқ-дәріні дереу жеткізсін деп айтатын болсақ, тура толықтауыш тағы да жалғаулы болар еді.
Араларына басқа сөз түскенде жалғаулы болып айтылу жұмыс істеді, еңбек етті, қызмет көрсетті, жазу жазды, қол тигізді, бас көтерді (қарсыласты) тәрізді күрделі сөздер құрамында да байқалады. Айтылуда, жазуда сөзге ерекше мән, экспрессиялық әр беру үшін есім мен көмекші етістік арасында солардың мағынасын айқындап, аша түсетін басқа бір сөз қосып жұмысты мықтап істеді, еңбекті аянбай етті, қызметін бар әлінше көрсетті, жазуды асықпай жазды, қолын мықтап тигізді, -- деп айтса, есім сөз табыс жалғаулы болып көтеді. Сөйтіп, меңгеруші етістік пен тура толықтауыштың арасында басқа бір мүше айтылғанда, тура толықтауыштар әр уақыт табыс жалғаулы болып жұмсалады.
Меңгеруші сөзден алшақтаған, алдында бір белгісіздік есімдігінен жасалған анықтауышы бар тура толықтауыштар да табыс жалғаулы болады: Алыстан бұлдыраған бір қара көрді. Бұлдыраған бір қ а -р а н ы алыстан көрді.
ә) Сол сияқты шаш, ағаш, егін, бақша т. б. жинақылық ұғым бе-ретін сөздер мен кейбір абстракт мәнді сөздер де көптік жалғауды қабылдаса, тура толықтауыш қызметінде табыс жалғаулы болып жұмсалады. Колхозшылар е г і н орды деп жекелік мәнде жалғау-сыз айтылғанмен, көптік тұлғада: Колхозшылар егіндерін жинады, мемлекетке астықтарын тапсырып бітірді түрінде қолданылады. Сол сияқты, балалар а ғ а ш т а р д ы тасыды, бағбандар бақша-ларын баптауда деп, табыс жалғауында ғана қолдану мүмкін. Бұл ыңғайдағы табыс жалғауы әлгі сөздердің объектілік (тура толық-тауыштық) қызметін айырып көрсету үшін де қажет. Әйтпесе, сөздің сөйлем құрамындагы мәні де, қызметі де айқындалмай қалады. Мыс.: Бірақ біз әрдайым өз жұмысымыздың нәтижелерін сын көзбен бағалап, кемшіліктерді мезгілімен жоя отырып, болашаққа көз жіберуге тиіспіз (Соц. Қаз.).
-- Әне бір жерде бар ғой жалтырағы -- деп әйелдердің ала бер-ген тастарын тартып алады (Мүсірепов).
б) Тура толықтауыш қызметінде тәуелдік жалғаулы сөздер жұм-салса, олар, көбінесе, табыс септікте тұрады. Шелпектерін пі-сіртіп, дастархандарын жайғызып, бір жеті бойында өз үйлерінде аза қылып отырысты (Әуезов).
-- Адрестерін алып қалуым керек қой... Адрестеріңді, ад-рестеріңді қалдырыңдар... Даусым, әрине, щықпайды (Мүсірепов). Жұпыны ғана шаруаның баласы Арқаның ақ төсін жайлап Шудың ну қамысын қыстайтын е л і н еміс-еміс қана біледі (Әлімқұлов).
Келтірген фактілер мынаны дәлелдейді: тәуелдік тұлғасы сөз-дердің жекелік, я көптік мәніне қарамай, тура толықтауыш қызметін-де табыс жалғаулы болуды қажет етеді. Жоғарыда келтірілген сөй-лемдер құрамындағы тура толықтауыштарды табыс септігінсіз тәуелдік тұлғада (шелпектері пісіртіп, дастархандары жайғызып) айтуға болмас еді. Олай болған жағдайда ойдың логикалық желісі бұзылып, түсініксіз бірдеме болар еді. Осы тура толықтауыштардың тәуелдік қосымшасы жоқ болса, табыс жалғауын түсіріп айтуға бо-лар еді (шелпектер пісіріп, дастархандар жайғызып, т. б.). Онда ой-дың логикалық желісі бұзылмас та еді.
в) Сөйлем ішінде қатар келген, бір-бірімен жалғаулықтар арқылы, немесе орын тәртібі арқылы байланысқан, бірыңғай тура толық-тауыштардың соңғысы, көбінесе, табыс септігінде тұрады.

Жарау, жатаған Қ а р а г е р ат пен қ а р а к ө к б и е н і же-тегіне алған (Әлімқұлов). Б о л а т пен кірпіштерді өріп қалап, төбесі айнаменен шатырланбац (Әбілев). Фашист генералы о ф и -ц е р л е р і мен солдаттарын жиыстырып, қайта-қайта ілгері қуалады (Ахтанов). Бірыңғай тура толықтауыштардың соңғысының табыс жалғауы түсіріліп айтыла қалса, сөйлемнің мәні бұзылады. Қазақ тілінде кейде бірыңғай тура толықтауыштардың бәрі де табыс жалғаулы болатын кездері де бар. Мысалы: К ү л с а л ғ ы ш т а р- д ы, к е с е-ш ә й н е к т е р д і саудыратып алып жүруге ерінбеген-де, тастаған дүниелері қандай болды екен? деген бір күдікті ой келеді (Әлімқұлов). Бірыңғай тура толықтауыштардың мұндай бас-басына табыс жалғаулы болып келуі сол сөздерге автордың логикалык, екпін түсіріп, айрықша атап айтуына байланысты. Екінші сөзбен, бұл сөз-дің қолданылу мақсатының салдары есепті құбылыс болса керек.
г) Бір сөйлем ішінде бір сөз екі рет айтылып, екі түрлі мүше қыз-метінде жұмсалса, тура толықтауыш қызметіндегі сөз табыс жалғау-лы болады: Туады күлкі әр қилы, Ауыздан әзіл кетпейді, Қал-жыңды қалжың аңдиды, нарядный оны сөкпейді (Әбілев).
-- Ө т к е л д і өткел деп сұрау керек. Өткел бұл жерде жоқ (Мүсірепов). Ж а м а н д ы жаман десе, бөркі қазандай болар (мақал).
Алдыңғы сөйлем құрамындағы қалжың сөзі тура толықтауыш және бастауыш қызметінде жұмсалса,екінші сөйлемдегі өткел сөзі тура толықтауыш болумен бірге, пысықтауыш құрамында (өткел деп) қолданылған. Ал, үшінші сөйлемдегі жаман сөзі тура толықтауыш қызметінен басқа, баяндауыш құрамында айтылған.
д) Тура толықтауыштардың табыс жалғаулы болуы кейде сол сөзге логикалық екпіннің түсуімен де байланысып жатады. Айтушы сол сөзді айрықша мән беріп айтады да, соның салдарынан тура толықтауыш табыс жалғауын қабылдайды. мыс.:
-- Апа, қонақ! -- деп қуанғандай ыржиып әлгілер де есікті аша берді (Мүсірепов). Бірақ осы соңғы екі жылда Жұмағүл о р н ы н тапты (Әуезов). Содан бері Тәкежан өз ауылына Жұмағұл шабарманды бастатып төрт с т р а ж н и к т і жіберіп, Базаралыны алғызып кеп жаңа сәскеде ұлық қолына табыс етті (Әуезов). Осы сөйлемдер ішіндегі есікті, орынын, стражникті сөздерінің табыс жалғаулы болуы логикалық екпіннің салдары. Егер автор сол сөздерге айрықша мән бергісі келмесе, оларды жалғаусыз да қолдануға болар еді.
ж) Тура толықтауыштардың табыс жалғаулы болуы кейде оларды анықтайтын сөздерге де бағынышты болады.
Сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштары бар тура толық-тауыштар: Сикорский бұл жауапты үлкен қуаныш үстіндг екенін жасыра алмай, айқын сезілер мазақ үнмен ескертіп еді (Мүсі-репов). Жақын абысындарына бұл с ы р д ы бастапқы кезде ол ішкермелеп айтты (Мұқанов).

-ғ а н есімшелерінен болған анықтауышы бар тура толықтауыш-тар: Қалада бейбіт шақта тәртіп үшін жанжалдасып жатқан

а д а м д ы сирек көруші едік (Мүсірепов).
-- Айтып отырғаным, -- деді Мадияр Базарханға тапсыр д е- г е н х а т ы н Асқардың қолына беріп жатып (Мұқанов).
-ғ ы\\-г і, -қ ы\\-к і жұрнақты туынды сын есімдерден болған анықтауышы бар тура толықтауыштар: Кеше шабан поезбен жүйке құртқанша, бүрсі күнгі с а м о л е т т і тосайық деген (Әлім-құлов). Бойшаң қара жұмыскер тайғанай құлап түсті де, отыра қалып аяғындағы ш о ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері
Қазіргі қазақ тіліндегі жанама толықтауыштар
Жай сөйлем синтаксисі
Тұрлаусыз мүшелер
Жай сөйлем
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Сөйлем мүшелері
Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Инверсияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару анализі
Пәндер