Нарық жағдайында кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Өндірістік бағдарлама: оның түсінігі, құрлымы мен көрсеткіштері ... ... ... 5
1.2 Өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Ұзақ мерзімді стратегияға сай эконмиканың даму жағдайындағы өндірістік бағдарламаның қалыптасуының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .20

II «КТЗ» АҚ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ.
2.1 «КТЗ» АҚ экономикалық көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы ... ... ..23
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 «КТЗ » АҚ өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау ... ... ... ... ... 36

III КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1 Қазақстан Республыкасы машина жасау саласындағы өндірістік бағдарламаны қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 «КТЗ» АҚ өндірістік бағдарламаны жетілдіру жолдарының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Нарық жағдайында кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның қалыптасуының
теориялық негіздері.
1.1 Өндірістік бағдарлама: оның түсінігі, құрлымы мен
көрсеткіштері ... ... ... 5
1.2 Өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Ұзақ мерзімді стратегияға сай эконмиканың даму жағдайындағы өндірістік
бағдарламаның қалыптасуының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .2 0

II КТЗ АҚ өндірістік бағдарламасын талдау.
2.1 КТЗ АҚ экономикалық көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы ... ... ..23
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 30
2.3 КТЗ АҚ өндірістік бағдарламасының құрылымын
талдау ... ... ... ... ... 36

III Кәсіпорын өндірістік бағдарламасын қалыптастыруды жетілдрудің негізгі
бағыттары.
3.1 Қазақстан Республыкасы машина жасау саласындағы өндірістік бағдарламаны
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 44
3.2 КТЗ АҚ өндірістік бағдарламаны жетілдіру жолдарының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .52
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...53

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, Президентіміз Н.Ә.
Назарбаевтың 2004 жылдың 19 науырызындағы халыққа Жолдауында айтылғандай
елдің дамуын бәсеке қаблетті экономика құру арқылы жүргізу керек1, яғни
халықаралық стандартарға сәйкес келетін кәсіпорындар құрып, өндірістік
шикізаттық бағытынан өндеуші өенркәсіпке көшудің маңызы зор. Сол арқылы
елдің өенркәсібінде тепе – теңдік орнатуымыз қажет. Мұнайдың шикізат
ретінде экспортқа жіберілуін азайтып өз елімізде өңдеу, машина жасау
өнеркәсібін дамытып, елдің басты салаларына күрделі қаржы бөлу мәселесі
тұр.
Дәстүрлі экономика кезінде кезінде мемлекет өнеркәсіптің
барлық салаларын бір орталықтан басқарылып, кәсіпорындарға мемлекет
тарапынан тапсырыс беретін болған. Бұл жағдайда қажеттіліктер салалалық
министрліктермен анықталатын болған, ал өндірістік бағдарлама ең басты
стратегиялық жоспар болып табылады.
Алайда бір орталықтан басқару кәсіпорындардың өз бетімен
қызмет етуіне кедергі келтірді. Олар мемлекеттік стратегияны жүзеге
асырушылар ғана болды, оның басты міндеті болып өндірістік бағдарламаны
орындау болып табылды.
Нарықтық экононмикада бір жағынан тұтынушылар билігі, екінші
жағынан кәсіпкерлік іс - әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті
болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен
зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркеттингтік зерттеулер,
бәсекелестердің, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер
етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.
Біздің жағдайымызда ол КТЗ АҚ шығаратын транформатор
құрылғылары, бұл кәсіпорын Қазақстанда біреу ғана болғандықтан онда
тұтынушылар өте көп, бәсекелестер жоқ. Ал жалпы алғанда өндірістік
бағдарламаны жасау мәселесі нарық экономикасы жағдайында маңызды болып
табылады.
Курстық жұмыс тақырыбының мақсатына болып нарық экономикасы
жағдайында өндірістік бғдарламаны қалыптастыруда жаңаша ұсыныстарды қарап,
оның теориялық және практикалық негіздерін зерттеу.
Курстық жұмыстың тақырыбына сай міндеттері болып:
- нарық жағдайында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық
негіздерін ашып көрсету;
- өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістерін қарастыру;
- транформатор өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын
жасаудағы ерекшеліктерін анықтау;
- кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылмын талдау саналады.
Зерттеп отырған тақырыптың мәні болып, нарық жағдайындағы
кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасу үрдісі болып табылады.
Зерттеудің обьектісіне трансформатор құралдарын шығаратын
Кентау транформатор зауыты АҚ табылады.
Зерттеліп отырған тақырыптың теориялық маңызы, өндірістік
бағдарламаны қалыптастырудағы ұсыныстар мен жаналықтарды енгізу жатады.
Курстық жұмыстың қүрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Курстық жұмыстың I тарауында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының
теориялық негіздері қарастырылса, II тарауында өндірістік бағдарламаға
түрлі талдаулар жасалды. Ал III тарауында өндірістік бағдарламаның
қалыптастыруды жетілдіру жолдары қарастырылды.

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Өндірістік бағдарлама: оның түсінігі, құрылымы мен көрсеткіштері

Өндірістік бағдарлама тұтынушылар үшін өнім өндіретін кез
келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде
әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты
өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды.: материалдық емес өндіріс (өнеркәсіп,
ауылшаруашылық, құрылыс тағы басқа) және материалдық емес өндіріс
(тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және т.б) кез келген
өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады,
сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау, тігу және тоқыма, аяқ киім
тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол,
теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.
Тауарлар мен қызметтердің әр түрлі түрлері өндірістік
бағдарламаның номенклатурасы деп аталады. Өнім ассортименті өндірісте
ерекше бір тауарлардың үлес салмағымен сипатталады.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы – тұтынушылардың
тапсырысы мен келісім – шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен
қызметтер жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда
кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни өнім табыстылығы мен
капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті
кеңейту. Осы жоспарларды орындау ұшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму
стратегиясын жасайды.
Ұзақ мерзімді стратегиясын жасағанда өндірістік
бағдарламада көрсетілген өнім номенклатурасының өмірлік циклының
ұзақтығын ескерген жөн. Әрбір тауардын өмірлік циклы 4 кезңнен тұрады:
басы, дамуы, жетілуі, ескіруі. Сатылған өнім көлемі мен тауардың өмірлік
циклының фазасы бойынша келесідей өзгерістерге үшырайды.

Тауардың
өмірлік циклының фазалары

1- сурет

Егер кәсіпорын бір ғана тауар шығарса, оның қаржылық жағдайда,
жақсарту, кемелдену және төмендеу кезендерінен өтеді. Ал егер де кәсіпорын
бірнеше түрлі өнімдерді өндірсе игіліксіз кезеңдер өзімен өзі тегістелeді.

Қаржылық жағдайда тұрақтылыққа жеткізу үшін тауардың өмірлік циклының
барлық фазаларын жетік меңгеріп, оны дер кезінде басқарып бағытын беру
керек.
Тауардың өмірлік циклының соңғы фазаларын ескеріп, әрқашан өндірістің
диверсификациясын жасау қажет.
Нарықтық жағдайда дамып отырған әрбір кэсіпорынньщ тактикалық
жоспарының басты бөлімі болып өндірістік бағдарлама табылады. Кәсіпорынның
өндірістік бағдарламасы оның шығаратын өнім ассортименті мен
номенклатурасына сэйкес қажепіліктерді аыықтайды. Сонымен бірге өндірістік
бағдарлама қажетті өндіріс қуатын, жүмысшылар санын, шикізаттар мен
материалдар көлемін және көлік қажеттілігін белгілейді.
Өндірістік бағдарлама көптеген басқа жоспарлармен тығыз байланысты:
еңбек және жалақы бойынша, өндіріс шығындары бойынша, табыс пен
рентабелділік және қаржы жоспарымен.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар біздің жағдайда Кентау Трансформатор
зауыты АҚ өз өндірістік бағдарламасын мемлекеттік тапсырыстар бойынша,
жеке тұтынушылар тапсырысымен және тағы басқа нарықтық қажеттіліктерді
ескере отырып жасайды.
Мемлекеттік тапсырыстар көбінесе халықшаруашылық маңызы бар, сирек
кездесетін өнім өндірушілерге ғана беріледі. Мемлекеттік тапсырыстар
экономикасы дамыған барлық елдерде тараған және оның негізгі қагидаларына
қайшы келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар алған кәсіпорьшның
беделін арттырады және ол кобінесе тендер арқылы беріледі. Мемлекеттік
тапсырыс негізінен оны ең тиімді және сапалы орындайтын кәсіпорындарға
беріледі.
Сонымен әрбір кэсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны
кұрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек. Маркетингтік
зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға эсер
етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған
орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратеғияға,
тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сұйенген жөн (2-сурет).
Диверсификация - капитал . мен табыстың тиімділігін жоғалту
тәуекелімен инвестицияланған және басқа жолмек кәсіпорынға түскен қаражатты
бірнеше обьектілер арасында бөлу.
Өндірістік диверсификация - бір уақытта бір-бірімен байланыссыз енім
түрлерін шығару және өнім ассортиментін кеңейту.
Өндірістік бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс
пен ұсьнысты зерттеу кажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді
жоғарылату керектігі анықталады.Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның
орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңғейі табылады.
Сонымен кәсіпорынның тиімді жұмысының тұбінде тұтынушылардың қажеттілігін
толық қанағаттандыру жатыр. 80-жылдары кәсіпорынның тиімділікке жеткізетін
қағидасы ашылды, ол - ресурсты бағыт. Ол бағыттың өкілдерінің айтуынша
нарық тұтынушының ғана нарығы сипатына иеленгенде, кәсіпорын сәттілігі оның
потенциалымен анықталады. Екі түрлі қағиданың өкілдерінің бірінікі ғана
дүрыс деп айту қате болар еді. Әрине біздің айтуымызша өндірістік
бағдарламаны жасағанда нарықтық қағида басты орын алғанымен ресурстық
қағиданың өз орнын мойындамасқа болмайды, оның себебі өз ресурстарын
жақсырақ меңгеріп, өндірістік бағдарламасы құраған кәсіпорын сөзсіз бәскеге
қабілеті жоғары болатыны бәріне мәлім.
Ресурстық бағыт ең бірінші өндірістік стратегияның жасалуымен тығыз
байланысты, ал ол экономикалық әдебиеттерді қарасақ оның негізгі ұш тұрін
бөліп қарауға болатынын көрсетті, шығындардьт минималдау, сапаға
негізделген және уақыт факторын тиімді пайдалану стиратегиясы. Сондықтан да
жетістікке толық жету үшін екі қағиданы да ұйлестірген ұлкен көрегендік
болады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорын КТЗ ААҚ Қазақстан
Республикасында трансформатор құралдарын өндіретін жалғыз кәсіпорын болып
табылады. Сондықтан да кәсіпорында өндірістік бағдарлама жасағанда ұлкен
зерттеулерді қажет етпейді, өйткені оған жасалған тапсырыстар 2005 жылға
дейін толық қамтылған. Негізгі тақырып бойьтнша толық зеттерулерді келесі
тарауларында қарастыратын боламыз.
Өндірістік бағдарлама екі бөлімнен тұрады: өнім өндірудің натуралды
тұрдегі жоспары және құндық түрдегі өндіріс жоспары. Натуралды түрдегі
өндіріс жоспары тауардың белгілі ассортиментіне, номенклатурасына және
сапасына сәйкес өнім өндіру көрсеткіштерінен түрады. Натуралды түрдегі өнім
көлемінің өлшеуіштері ретінде: дана, тонна, шаршы метр, куб жэне тағы
баска. Кейбір кәсіпорындарда екі түрлі өлшеуіштер қолданылады, мысалға:
мата өндірісінде погондық және шаршы метрмен қағазда тонна және шаршы
метрмен, құбырларды тонна және поғондық метрмен. Жоспарда екі өлшеуішті
қолдану өндірістің нақты көлемі мен оның түтынушылық қасиеттерін толығырақ
сипаттауға мүмкіндік береді. Арналуы бойынша бірдей, бірақ түтынушылық
қасиеттері эр түрлі тауарларды жоспарлау кезінде шартты - натуралды өлшем
бірліктері қолданылады, мысалға: қуаты бойынша әртүрлі отын түрлерін
өндіруде жоспарлау кезінде қуаттылығы тоннасы 7000 Ккалл тең отынды шартты
отын тоннамен өлшейді. Құрылыс материалдарыи өндіруді жоспарлау шартты
қуаттылығы миллион данамен есептелсе, консерві өндіру шартты банкамен.
Тауардың бірдей түрін өндіретін, бірақ қуаттылығында, көлемінде, - еңбек
сиымдылығында айырмашылығы бар кәсіпорындарда да шартты және шартты-
натуралды көрсеткіштер қолданылады. Ал біздің зерттеп отырған кәсіпорын
КТЗ АҚ өндіретін өнімі данамен және Квт қуаттылықиен өлшенеді. Өнімді
натуралды түрде өндіру мен өткізу нақты өндірілген өнімді нарық
қажеттілігімен, өндірістің қуатылығымен және қажетті өндіріс ресурстарымен
сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді қолдану көп
арналымды диверсификациялық кәсіпорындарда өндірістің жалпы көлемі мен
құрылымын табуды, шығындарды есептеуді, өнім сатудан тұскен табыс пен таза
табысты есептеуді қамтамассыз ете алмайды. Оны есептеу үшін ақшалай түрдегі
өнім өндіру жоспарын жасау қажет. Ақшалай түрдегі өнім өндіру жоспары
келесі көсеткіштерді қамтиды. Өткізілген өиім (жалпы табыс), тауарлық өнім,
жалпы өнімдер. Бұл бөлімнің негізгі бағалық көрсеткіші болып сатылған өнім
табылады. Өткізілген өнім болып құны тұтынушымен немесе өткізуші ұйыммен
төленген өнім болып табылады. Оның көлемі жоспарлау бойынша жабдықтауға
арналған өнімдер бағасының соммасымен тапсырыс берушімен төлеуге арналган
дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын
тауарларға, жасалган жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқа
келісім шарт бойынша өткізіліп жатқан өнімдер бағасы болып табылады.
Өткізілген өнімнің жоспарлы көлемі (Пр) ақшалай түрде
келесі формуламен есептелінеді.

Мұндағы: Пт - і-лік өнім
түрінің тауарлық көлемі, кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша;
Onn,- жоспарлы жылдың басы мен аяғына кэсіпорыиньщ коймасында і-
лік дайын өнімнің қалдығының өзгерісі; ДОпі жоспарланған жылдың басы мен
аяғына қарай і-лік дайын өнімнің жөнелтілген, бірақ тапсырыс берушімен әлі
төленбеген қалдығының өзгерісі; п - тауарлық өнімнің түрлер саны (і -
1,2,3, ... , п).
Өткізілген өнім жоспарлы жылғы кәсіпорынның жалпы табысын (Дв)
сипаттайды. Осы сатылған өнім бірлігінің санын бағасына көбейткенге тең.

; Двi=Цi*Оni
(2)

мұндағы Дві - і-лік өиім түрін сатқаннан түскен кәсіпорынның жалпы табысы.
Ці- і-лік өнім түрінің бірлігі бағасы (көтерме, келісім бойынша), Опі
-натуралды түрдегі і-лік өнім түрінің сатылуы қажет өнІм көлемі. (і =
1,2,3, ... , п).
Жоспарда жалпы табыстан басқа орташа табыста ескерілуі қажет. Бұл
кәсіпорынмен өнімнің бір данасын сатқаннан түсетін ақша қаражаты.
Орташа табыс көлемі (Дсі) і-лік өнім түрін сатқаннан түсетін табыстың
сатылған өнім бірлігіне қатынасымен анықталады.

=
(3)

Жоспарлы кезеңде өткізу бағасын өзгерту жағдайы болғанда орташа табыс
еріксіз орташа бағаға айналады.

Дсі = Ці , (4)

Тауарлық өнімдер өз қүрамына: өндіруге жоспарланған дайын өнім (техникалык
бақылау бөлімімен қабылданъш, комплектіленіп дайын өнімдер қоймасына
өткізілген), жартылай фабрикаттар, комплектілік бөлшектер мен қосалқы
бөлшектер, кооперацияланған жабдықтар бойынша басқа жаққа жіберілуге
арналған тауарлар, толықтай жөндеуге, құрал -жабдықтар мен қүрылғылар
кұнының қосындысынан тұрады. Ол көтерме бағамеы және салыстырмалы
бағалармен сипатталады. Алғашқысы қаржылық жоспармен қатыстыру ұшін
қолданылса, екіншісі өндіріс кұрылымының өзгерісін, есу қарқынын,
динамикасын есептеу ұшін қолданылады. Тауарлық өнімнің жоспарлық
көлемі (Пт) келесі формуламен есептеледі:

; (5)

мұндағы: Аnі - натуралды турдегі і-лік өнім түрінің өндіру жоспары;
Ці- і-лік өнім түрінің қазіргі бағасы; п - тауарлық енім түрлер саны.
(і = 1,2,3, ... , п); т - өндірістік сипаттағы жүмыстар түрлер саны.
Тауарлық өнім өндірілген дайын өнім көлемін сипаттайды және ол,
өндіріс шығындарын, қаржылық жетістіктерді, рентабелділікті және басқа
өндіріс тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады. Жалпы өнім -
барлық шығарылған дайын өнім мен керсетілген қызметтер қүнының қосындысынан
тұрады, соның ішінде аяқталмаған өндіріс. Ол әдетте салыстармалы бағамен
анықталады.
Жалпы өнім көлемі (Пв) келесі формуламен анықталады.

Пв= Пт+(Нк-Нн)+(Ик-Ин); (6)

Мүндағы: Нк, Нн - жоспарлы кезеңдегі жылдың басы мен аяғына
аяқталмаған өндірістің қалдықтары акшалай тұрде. Ик, Ин - жоспарлы кезеңнің
басы мен аяғына өздері жасаған қүрылғылар мен қүрал-жабдықтар қалдықтары.
Ішкі шаруашылық айналым мен аяқталмаған өндірісі жоқ кейбір
кәсіпорындарда, мысалға тамақ өнеркәсібінде өзіндік құрамы бойынша жалпы
өнімдер тауарлыкпен сэйкес келеді. Жалпы өнімді жалпы айналымнан ажырата
білу қажет, оның мазмұны - барлық бірліктегі өнімдердің соммасы ретінде
түсіндіріледі. Тауарлық және жалпы онімнің көрсеткіштері кэсіпорынның іс-
әрекетінде кең өріс алғанымен бір үлкен кемшілігі бар. Олар кәсіпорынның
соңғы жетістіктеріне қосқан өзіндік үлесіне қате мәлімет береді. Ол кейбір
кэсіпорындарда кездесетін шығыидар көлемінен 80-90% жететін материалдық
шығындар құнымен түсіндіріледі.

1.2 Өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістері.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы жоспарлы кезеңде өндіріс қуатына
сәйкес өнім шығаруға байланысты қалыптасады. Мүндағы мәселе кәсіпорынның
өрщірістік қуаты, өндіруге жоспарланған көлемнен көп немесе аз болуы
мүмкін. Кэсіпорынның мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор ретінде өндіріс
қуаты табылады. Сондықтан да кәсіпорынның өндіріс қуаты өткізу көлемінен
жоғары болса, өндіріс шығындары біршама көп болады. Ал қарама-қарсы
болғанда өнім көлемі өндіріс қуатынан жоғары болса, мұндай жағдайда өндіріс
жоспары орындалмайды. Бұл орайда өндірістік бағдарлама өндіріс қуаты мен
өндіріс көлемі арасындағы ортақ шешімге келтіруші ролін атқарады.
Өндірістік бағдарлама өнім көлемін белгілеп қана қоймай кәсіпорынның
кұрылымдық бөлімдерінің жоспарларын есептеудің негізі болып табылады.
Құрылымдық белімдердеғі өндірістік жоспарды жасағанда тек қаиа тауарлық
өнімдер ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге аяқталмаған өндірісті есептеу
қажет. Соңғы өнімді өндіру әдетте өндірістік бағдарламамен белгіденеді.
Цехтар бойынша өндіріс көлемі өнімнің жоспарлы өзіндік құнына сәйкес немесе
есепті ішкі өндірісті бағамен есептейді. Кішігірім кәсіпорында цехтардың
өндірістік бағдарламасы натуралды жэне шартты натуралды түрде есептеледі,
ал үлкен кәсінорындар құнды және натуралды көрсеткіштермеы есептелінеді.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы бір жылға есептеледі және ол
кварталдарға бөлінеді, ал кварталдар айлар бойынша көрсетіледі.
Бағдарламаыың қалыптасуының типтік алгоритімі 1-суретте көрсетілғеи.
Жоспарлы немесе есепті кезецдерде, жоспардың орындалуының
негізгі міндеттері болып:
* Кұндық жэне натуралды көрсеткіштер бойынша өнімнің шығару мен
өткізу жоспарының орындалуын тексеру;
* жоспарлы көрсеткіштердің оң немесе теріс орындалуына әсері мен
себептерін талдау;
— келешектегі өсу қорын анықтау және өндірістің тиімділігін көтеру;
талдау барысында анықталған қорларды пайдаланудағы іс шараларды
жасау мен өнім көлемін және оның сапасын арттыру;
жеке шараларды енгізудің күнтізбелік мерзімін белгілеу,
өндірістік
қызметкерлер мен жұмыстардың орындалуына жауаптыларды белгілеу,
сонымен қатар іс-әрекеттердің тиімділігін анықтау. Мемлекеттік тапсырысты
қамтитын өнімдерге көнілді ерекше бөлу қажет. Ассортимент бойынша жоспардьщ
орындалуын бағалау келесі түрде жүре алады:
— ең кіші пайыздық әдістеме бойынша (жоспардың ең кіші пайыздық
орындалуын қамтыйтьш номенклатура калпы);
тауардьщ жалпы тізімінде үлес салмағы бойынша;
* орташа пайыздың көмегімен, ал ол өз кезегінде нақты өндірілген өнімнің
өндіріс көлеміне катынасымен анықталады (жоспардан тыс немесе өндірістік
бағдарламада қарастырылмаған өиімдерді өндіру ассортименті бойынша
жоспарға кірмейді).Мұнда сонымен қатар ассортимент бойынша жоспардың
орьндалуына сыртқы және ішкі себептер анықталу қажет. Жеке номенклатуралық
ұстанымнан қиыс кету өндірістік бағдарламада өзгерістер туғызады. Өндіріі
құрылымындағы өзгеріс барлық экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді.

Өндірістік бағдарламаны жоспарлау

Шығарған өнім қүнының өзгерісі өндіріс қүрылымының әсерін орташа бағам
әдісімен анықтауға болады. Бұл үшін ең бірінші өнімнің нақты құрылымындағы
өнімнің орташа бағамын анықтау одан соң, жоспарлы кезеңдегісін анықтайды.
Екеуінің айырмасы нақты шығарылған өнім көлемімен көбейтіледі (натуралдық
түрде).
Дәл осындай жетістікке қарапайым түрде жетуге болады. Өнім ендіру
жоспарындағы құндық және натуралдық тұрлерінің айырмасын жоспарланған өнім
өндіруғе көбейту керек (қүндық түрде). Өндірістік бағдарламаның орындалуын
талдағанда басты орындарының бірін өндірістің ырғақтылығына беруге болады.
Өндіріс ырғақтылығы - өндіріс жоспарымен белгіленген өнімді өндірумен
сипатталады. Өнімді шығару ырғақтылығын есептеу үшін ырғақтылық
коэффициенті қолданылады. Ол нақты шығарылған өнім көлемі соммасының талдап
отырғаи уақыт кезегіндегі жоспарлы өнім шығаруға қатынасымен анықталады.
Сонымен бірге ырғақтылық бойынша жоспарды орындағанда нақты өндірілген өнім
көлемі есептеледі, бірақ ол жоспардың көлемінен артық болмауы қажет.б
Ырғақтылық коэффициеыті (Кр) келесі формуламен есептелінеді.

(7)

мүндағы: Апі- і-лік кезеңде жоспарлы өнім өндірудің натуралды
немесе құндық түрі. Азі - орындалған жоспарда ескерілген нақты онім
шығару. п -есепті кезең үзақтығы.
Кэсіпорын ырғақтылық коэффициентін есептеу өнім өндірудің
бірқалыптылығын анықтаумен қатар, кэсіпорынның жіберіп алған мүмкіндіктерін
есептеуге де мүмкіндік береді. Ырғақтылықтың жоғарлауына негізделген
өндіріс көлемі қорының өсуін әртүрлі эдіспен есептеуге болады. Оның ең
қарапайым талданып отырған кезеңде жоспарлы жэне есепті кезеңдердегі өнім
шығарулардың айырмасы ретінде анықтшіады. Берілген кезеңдегі талдау өнім
сапасын бағалаумен аяқталады. Өнім сапасын талдау келесі көрсеткіштер
жүйесі бойынша жасалуы мүмкін:
—- жалпылама көрсеткіштер (жалпы өндірістегі жаңа өнімнің үлес салмағы,
сертификацияланған өнімнің үлсс салмағы, босекеқабілетті өнімнің үлес
салмағы);
өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бірретті жэне кешенді көрсеткіштер
(пайдалылық, сенімділік, технологиялық, эстетикалық);
жанама көрсеткіштер (ақаудан болған шығындар, сапасыз өнімдер үшін
пеня мен штрафтар, рекламацияны жою үшін шығындар).
Баллдық одіс: оньщ мэні өнім сапасының орташа есептелген баллын
анықтау. Сапа бойынша проценттік жоспардың орындалуы нақты жэне

жоспарлы деңгейін салыстыру арқылы есептелінеді. Біздің зерттеп отырған
кәсіпорында сапаны тексеру өте қарапайым жүреді. Трансформаторлардың
қуатына байланысты ток күшін қосады да оны трансформатор көтерс алса
сынақтан өтеді. Өнімді өндіру жосцарьшың орындалуыы жалпылама талдау
өндіріс көлемі қорын өсуін анықтауға септігін тигізеді және оның келесі
бөлімдерге топталады.
— өндірілген өнімнің сапасын жоғарлату, жаңа өнімді игеру, жасау;
— прогрессивті технологияны енгізу, ендірістік
процесстерді
механизациялау және автоматтизациялау;
* басқаруды жетілдіру, жоспарлау мен өндірісті ұйымдастыру;
* еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
* түпкілікті жөндеу және негізгі қорларды модернизациялау;
* шикізат, материалдар, отын мен энергияны ұнемдеу іс шаралары;
* ғылыми зерттеушілік және тәжірибе құрастырушылық жұмыстар;
* шығарылған өнім мен өндірістің техникалық - экономикалық деңгейлері;
* іс шараларды енгізуді техникалық-экономикалық қорытындылары.
Сатуды жоспарлау жүмыстары тапсырыстар қоржыныыың қалыптасуымен немесе
сату жоспарының қүрылуымен аяқталады. Сату жоспары бұл деңгейде өндірістік
қуатты алдыы ала қарастырмай нарықтың сыйымдылығына негіз етіп жасалады.
Сондықтан да өндірістік бағдарламаны құру кезінде тапсырыстар қоржыыын
тыңғылықты зерттеуді талап етеді. Талдауға негізінен өзіндік сауда жүйесі
арқылы өтетін тұтынушылар сұранысы, тұтынушылардың жеке тапсырыстары,
диллерлер тапсырыстары, көтерме сатып алушылардың тапсырысы. Тапсырыс
қоржынына өтінімдер мен жасалған келісім шарттар негізінде тапсырыс
портфелінің номенклатурасы мен ассортименті қалыптасып талданады. Соңынан
жабдықтауға арналған өнімнің жалпы көлемі, өнімнің әр түрінің жалпы өнім
көлеміндегі ұлесі, өнімнің тұтынушыларға жеткізу кестесі жаңа және
өндірістен алынып тасталынған енімдердің ұлес салмағы, эксиорттық өнімнің
ұлес салмағы, қоймадағы дайын өнімдердің қорлары, тапсырыс берушілерге
жеткізілген бірақ әлі төленбеген өнім көлемі, жоспардан тыс қалдықтар мен
тұтынушылардан алынған тауарға дер кезінде толемеу себептері, тапсырыс
портфелінің қаржылық көрсеткіштері, жоспарланған табыс, рентабелділік,
салықтық төлемдер мен тусімдер көлемін және басқа да сату тиімділігіне әсер
ететін факторларды қалыптастырады.
Өндіріс қуатын есептеу өндірістік бағдарламаиы қалыптастыруда үлкен
орын алады. Өндірістік қуатты есептеу негізінде келесі факторлар
анықталады: өндіріс өсуінің ішкі өндірістік қорлары, өндіріс көлемі,
техникалық қайта карулану қажеттіліғі анықтылады.
Кәсіпорынгғың өндірістік қуаты дегеніміз - номенклатура мен
ассортимент бойынша, кэсіпорындардың құралдары мен ендіріс алаңын,
прогрессивті технологияның, еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыра отырып,
өнімнің максималды көлемін өндіруді айтады. Өидірістік қуат пен ендірістік
бағдарлама түсініктері жоспарлы есептерде сәйкес келмейді. Егер
біріншісі кәсіпорынның белгілі уақыт кезеңінде өнімнің натуарлды түрде
максималды көлемін шығаруға жауап берсе, екіншісі жоспарлы кезеңдегі
өндіріс куатын пайдалануын сипаттайды. Жоспарлау кезінде өндірістік
бағдарлама да өндірістік қуатта бірдей натуралды және құндық түрде
көрінеді. КТЗ АҚ өнімдері данамен максималды фабрикада матаньщ шаршы
метрмен, консервіні шартты банканың мың данасымен белплейді. Өндірістік
қуатты жоспарлау оның көлеміне әсер ететін факторларға байланысты. Қуатын
есептегенде келесі факторлар ескеріледі: негізгі өндірістік қорларыныц
құрылымы мен мөлшері, кұрал-жабдықтардың сапалық қүрамы мен физикалық және
моралды ескіруі, қүрал-жабдықтың өндіруінің техникалық нормалары,
өндірістік алаңды пайдалану, өнімдердің еңбек сыйымдылығы, қолданылатын
технологиялар, жұмыс істеу режимі, өндіріс пен еңбекті үйымдастыру деңгейі,
жүмыстың уақыт коры, шикізат сапасы мен жабдықтаудың динамикасы. Өндірістік
қуат - тұрақсыз. Қуаттың келесі себептерден болады: қүрал-жабдықтардың
тозуы, өнім шығарудың есуі, өнім номенклатурасы мен ассортиментінің кеңеюі,
жұмыс істеу уақыт қорының төмендеуі, құрал-жабдықтардың лизингтік уақытының
бітуі. Бүл факторлар кері бағытта да жүмыс істейді.
Нақты және жоспарлық қуатты айыра білу қажет. Олардың сәйкес келуі оны
меңгеру деңгейіне байланысты. Жоспарлы қуатты меңгеру деңгейі келесі
керсеткіштермен сипатталады: меңгеру ұзақтылығымен, жоспарлык қуатты
меңгеру деңгейшен, қуатты пайдалану ұзақтығымен, меңғеру кезеңіндегі
шығарылған өнім көлемімен, өзіндік қүнның жоспарлы енім деңгейіне жеткенде
еңбек өнімділігі мен рентабелділігі.
Жобаланған қуатты меңгеру кезеңінін ұзақтылығы деген - оны қабылдау
актіге қол қойған күнен бастап, түрақты өнім өндіруге дейінгі уақытты
айтамыз. Меңгеру кезеңіндегі объектілердің өнім өндіру көлсмі осы
керсеткіштерді ескеру негізінде анықталуы қажет. Меңгеру деңгейі - бұл
белгілі мерзімде жобадағы қуаттың меңгерілуі. Ол белгілі кезеңдегі өнім
өндірудің жобалық қуатының қатынасымен анықталады. Кәсіпорынньң өндірістік
қуатын есептеу әдісін қарастырайық. Оны есептеу үшін келесі мәліметтер
қажет: бір станоктың жұмыс істеуінің қоры, станок саны, құрал-саймандардың
өнімділігі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты ондағы басты цехтардың,
учаскелердің, құралдардың қуаты арқылы анықталады. Өндірістік қуатты
есептеудің екі әдісі бар: 1. құралдардың өнімділігі бойынша, 2. тауарларды
жасаудьщ еңбек сыйымдылығы бойынша. Үздіксіз өндірістерде өндіріс қуатын
әдетте - кұрал-саймандардың өнімділігімен, ал дискретті өндірісте - өнім
шығарудың еңбек сыйымдылығы бойынша есептелінеді.
1. Агрегаттық өндіріс қуаты (Ма) жоспарлы жылдық уақыт қорын (Фп)
оның уақыт бірлігі өнімділігіне (Эа) көбейткенге тең.
Ма - Фп * Эа; (8)
Өндірістің қуатын есептегенде агрегаттың жоспарлы жұмыс істеу қорын
есептеген жөн. Уақыт қорының календарлық (Фк), режимдік (Фр) және жоспарлы
(Фп) түрлері болады. Өндірістік құралдардың календарлық уақыт қорын есептеу
арқылы басқа да уақыт қорларын есептеуге болады. Ол календарлық кезеңдегі
күндер санын күндегі сағат санына көбейту арқылы табылады. Агрегаттың
режиміндегі уақыт қоры (Фр) жылдағы календарлық күндер санына (Дк) және
жұмыс істелген күндер (Дн) меп кәсіпорындағы ауыспалы жұмыс санына
байланысты.
Фр = Дк-Дн)М (9)
Мұндағы: 1: - машинаның күндік жүмысының орташа саны.
Уақыт қорының жоспарлы жұмысы (Фп) режимдік қорымен (Фр) жоспарланған
кезеңдегі құрал-жабдықтарды жөндеуге, дұрыстауға, орнатуға кеткен уақыт
шығындарының айырмасына тең.
Фп - Фр - *п = Фр (1-(*р+*п)-1); (10)
Мұндағы: Хр - режимдік қормен салыстырғандағы құрал-
жабдықтарды жөндеуге кеткен уақыт шығындары; Ш - режимдік қормен
салыстырғандағы құралдарды дұрыстауға, орнатуға және т.б. кеткен уақыт.
2. Учаскенің, цехтың өндірістік қуаты, ол бір
типті құрал-
жабдықтармен жабдықталғанда - бір агрегаттың нормативтік, жылдық
өнімділігін, осындай құрал —жабдықтардың орташа жылдық паркіне көбейту
арқылы табылады және өндірудің орындалуының орташа коэффициентін
ескерген.
Му=Ма*К*п (11)
3. Кәсіпорынның ендірістік қуаты негізгі цех бойынша саналады. Ол
үшін барлық цехтардың өндірістік қуаты есептеліп, кәсіпорынның қуаты,
диаграммасы құрылады. Машина жасау мен метал өңдеу кәсіпорындарында
негізгі цех болып қүрастыру цехы саналады. Сонымен
кәсіпорынның
өндірістік бағдарламасын құрағанда бір жағынан қуатын өсіруге бағытталса,
екінші жағьшан бар қуатты толық пайдалануға бағыттау қажет.
Өндірістік бағдарламаны есептеудің қысқаша алгоритмі келесідей
болады:
Тапсырыстар қоржыны талданады. Онда ең ұлкен үлес салмағы бар
өнім таңдалады. Ол үшін ассортимент өнім тұрі мен көлемі бойынша
сыныпталып, ең көп өткізілген өнім тұрі таңдалады.
Негізгі өнім ретінде таңдалған тапсырыстар қоржынындағы өнімнің
бір түрі ассортиментінің қайта. есептеуі жүргізіледі. Қайта
есептеу
коэффициенті тауардың әр бір түрінің еңбек сыйымдылығын, таңдалған өнім
еңбек сыйымдылығына бөлу арқылы анықталады. Содан соң өткізу жоспары
бойынша өнім санын қайта есептеу коэффициентіне
көбейтеміз.
Қорытындылар қосылады да қосынды өндірістік бағдарлама жоспары болып
табылады.
Жоспарлы кезеңде орташа өдірістік қуатты пайдалану талданады.
Жасалған талдау негізінде, қолданылған өндіріс қуаты техника
мен
технологиялық прогрестер, өндірістік алаң мен қүрал-жабдықтар қолдану
деңгейі және кәсіпорын өндірісі мен еңбекті пайдалану деңгейі анықталады.
Орта жылдық өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті - нақты және
жоспарлы өнім өндіруді нақты немесе жоспарлы орта жылдық өндіріс
қуатына бөлу арқылы анықтайды.
4.Бұл кезеңде өндіріс қуатын колдануды жоғарылату жоспарланып
отыр,ол өз кезегінде ішкі өндірістік қорларды пайдалану негізінде жүзеге
асады. Ішкі өндірістік қорларды және қолда бар өндірістік
куаттарды
пайдалану экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.
Экстенсивт
режимдік қор шегінде құрал-саймандардың тиімді жұмыс істеуі уақытының
жоғарылау қоры. Интенсивті факторға уақыт бірлігіне санағандағы құрал-
жабдықтардьң жұктелуі және жылдық өнімді өндіруді жоғарылату.
Жоспарлы кезеңдегі өндірістік. қуатты пайдалану коэффициенті (КмпГ
келесі формуламен есептелінеді:
Кмп = Кмо*J (12)
Мүндағы: Кмо - жоспарлы жылы өндірістік қуатты пайдалану
коэффициенті.j - жоспарлы кезеңде қуатты пайдалану коэффицентінің өсу
индексі.
5. Жұмыс істеп тұрған өндіріс қуатына негізделіп мүмкін болатын
өнім
көлемі анықталады. Бұл мәселені шешудің екі тәсілі бар.
Өндірістік
бағдарламаның қалыптасу шағында қазіргі бар өндіріс қуаты мен өнім өндіру
көлемі олардың көлемінің орта жылдық қуатты қолдануды
жоспарлы
коэффициентіне көбейту арқылы анықталады.
6. Өндірістік бағдарлама жоспары өндіріс куатымен салыстырылып.
оның бір жылғы өнім көлемін өндіре алатыны тексеріледі.
Өндірістік
қуаттың толық пайдаланылуын есептеу натуралды және кұндық тұрде
көрсетіледі. Егер өндірістік бағдарлама өндіріс қуатын толық жаппаса оны
жабудың жолдарын іздестіру керек. Ал егер тапсырыс көлемі
өндіріс
қуатынан артық болса, тұтынушыларды басқа зауытпен байланыстыру
немесе өндірісті кеңейту керек. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатын
сәйкестендіру үшін өндіріс қуатына баланс жасалады. Онда кіруші және
шығушы орташа жылдық өндірістік қуат көрсетіледі. Өндірістік
қуат
балансы өнімнің әр түріне қарай жоспарлы жылдың соңына қарай жылдың
басындағы қуаттарды соммалау арқылы табады.
7. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатының арасында. теңдік
орнағаннан кейін өндіріс жоспары жобасына экономикалық бағалау
жасалады. Өнімді өткізу көлемі мен өндіру көлемі өзгергенде кәсіпорынның
жиынтық шығыны төмендейді. Өндіріс көлемі өскен сайын
өндіріс
шығындары мен одан түскен табыс көлемі арта беріп олардың айырмасы
кәсіпорын түсімін құрайды.
Таңдалып отырған жоспардың тиімділігі тағы келесі көрсеткіштерді
талдау арқылы анықтауға болады, олар: қорқайтарымдылық, қор сыйымдылық,
рентабелділік, өнімнің бір теңге өсіміне капитал салымдары, сонымен бірге
негізгі қорларды салыстырмалы үнемдеу (Эоф) есептеледі.

±Эоф = ОПФпл - ОПФо * Jпт; (13)
мұндағы: ОПФпл, ОПФо - негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық
құны жоспарлы және есепті жылдары; һ\т ~ жоспарлы жылы тауарлық өнімнің
көлемін есептеу индексі.
Өндірістік бағдарламаның тиімділігі: өнім рентабелділігін, капитал
рентабелділігін және өткізу рентабелділігін сипаттайды. Өнім рентабелділігі
(Ри) жалпы (Пв) немесе таза табысты (Пч) өткізілген немесе тауарлық өнім
шығындар соммасына қатынасымен анықталады.
Ри - Пв С немесе ПчС; (14)
Өткізу рентабелділігі - өнімді өткізуден түскен табысты алынған
түсімге бөлу арқылы есептелінеді (Вр).
Рп = ПвВр немесе ПчВр
Капитал рентабелділігі - таза табыстың негізгі және айналым
капиталының орта жылдық құнына бөлу арқылы есептелінеді. Өндірістік іс-
әрекетті рентабелділік деңгейі 3 факторға байланысты:
— өндірістік бағдарлама құрылымның жоспарлы жылы
есептімен
салыстырғандағы өзгерісі;
өзіндік құны озгерісі;
өткізу бағасының өзгерісі.
Өндірістік бағдарламаның орындалу жобасының пәні болып дайындау әдісі
мен өндіріс түрі табылады. Бүл кезеңнің басты міндеті болып өндірістік
бағдарламаны барлық қүрылымдық бірліктерге жеткізіп, оның орындалуын
ұйымдастыру. Бүл кәсіпорынның тактикалық жоспарының бір бөлігі болып
табылатын жедел - күнтізбелік жоспардын құрамдарымен жасалады.
Өндірістік бағдарламаның орындалуының жоспары келесі алгоритм
бойынша жұзеге асады.

Өндірістік бағдарламаның орындалуының технологиялық схемасы.

Негізгі жоспарлау кезеңдерін мазмұнын қарастырайық:
1. Өндірістік бағдарламаны жоспарлы кезеңдер бойынша бөлу.
Ағымдағы жоспарлауда өндірістік бағдарлама әдетте бір
жылға
құрылады. Кәсіпорынньщ ішкі және сыртқы аумағының динамика жағдайында
өндірістік бағдарламаны ұзағырақ мерзімге жоспарлау мүмкіндігі төмен.
Сондықтан да жылдық өндірістік бағдарламаны жұзеге асыруға дайындық, оны
кварталдар мен айларға бөлуден басталады. Өндірістің ырғақтылығы
тиімділіктің жоғарылауына ұлкен әсері болса жылдық шығару көлемі мен өткізу
көлемін нақтылап кварталдар мен айларға бөлу қажет. Жылдық міндеттерді
кварталдарға бөлу келесі факторларды ескере отырып жасауы қажет:
тұтынушыларға келісім шартта көрсетілген мерзімде өнімді жеткізу;
өндірісті кеңейту, өндіріс қуатын пайдалануды жақсарту, сонымен бірге
инновациялық іс-шаралар;
жаңа құрал-саймандар мен қуаттарды іске қосу мерзімдері;
барлық өндірістік бөлімшелерді бірдей жұктелуін қамтамассыз ету;
өндірістің сериялылығын жоғарылату;
әрбір кварталдағы жұмыс күндер саны;
жұмыстың мезгілділігі мен ауыспалдылығы;
өнім өткізілуінің мезгілдігі;
кейбір құралдардың істен шығуын және басқа себептермен тұрып қалу
мүмкіндігі;
өндірістен ескірген және сұранысы жоқ өнімдер түрін алып тастап, орнына
жаңа тауарлар енгізу.
Жаппай және ірі сериялық өндірісте, яғни өнімнің етуі мезгілге
байланысты емес болғанда өндірістік бағдарламаны бөлу пропорционалды түрде
жұмыс күніне бөлінеді. Қалған жағдайларды бөлу тұтьшушыларға өнімді жеткізу
кезеңдеріне байланысты жасалады.
Жабдықтау жоспары натуралды түрдегі өнім ендіру мен өткізу
көрсеткіштерімен байланыстырады, яғни байланыс деңгейі мен есептелуі
келесі формуламен аныкталады:
Ппі = Прі- Ош=Пті+Опсі-Опі (15)
Мұндағы: Ппі - і -лік атауындағы тұтынушыға дайын өнімнің көлемін
жеткізу, Прі - өнім өткізу көлемі,Опі - жылдың басы мен аяғына
жіберілген, бірақ әлі төленбеген өнім қалдықтарының өзгерісі. Пті - өнімді
шығару жоспары,Опсі - жоспарлы кезеңнің басы мен аяғына қарай
фйрмадағы дайын өнімдердің қалдықтарының өзгеруі.
1. Өнімді жабдықтау уақыты тұтынушы кәсіпорындармен жасаған келісім
шартқа байланысты.
2. Өндірістік бағдарламаны құрылымдық бөлімшелерге дейін жеткізу,
Кәсіпорынның ішкі құрылымы мен мамандануына байланысты өнім өндіру
бағдарламасы кәсіпорынның ішкі бөлімшелеріне жеткізіледі. Сонымен бірге
өндірістік өнімді шығару жоспарына кәсіпорын өзі өндіретін дайын өнімдер
мен жартылай фабрикаттар кіреді. Кәсіпорынның құрылымдық
бөлімшелеріне міндеттер келесідей бөлінеді: шығарушы
бөлімшелер, өңдеуші бөлімшелер, дайьшдаушы бөлімшелер. Өндірістік
міндеттерді құрылымы мен көрсеткіштері кәсіпорында жұмыс жасап отырған
жедел күнтізбелік жоспарлауға байланысты. Жоспарлаудың теориясы мен
тәжірибесі жедел календарлық жоспарлаудың бірнеше түрлерін жасап шығарды.
Оған келесі жүйелер кіреді:
* тапсырыстық;
* машина - комплектілі;
* комплектілі-тораптық;
* деталдық.
3. Өндірістік бағдарламаны ұйымдастырудың әдісін таңдау. Өндіру
әдісін жоспарлау, өндірістік ұрдіс қалай ұйымдастырылатынын анықтайтын
бірлік. Өнімді өндірудің ағымдық, партиялық және бірлік түрлері болады.
КТЗ АҚ өнімдерін өндіргенде бірлік әдісті көп қолданылады Өйткені
оған трансформаторлардың жаңа үлгілеріне тапсырыстар көптеп түседі. Бірлік
өндірісте көбінесе универсалды құрал-жабдықтар қолданылады, оның өнімділігі
басқалармен салыстырғанда аз болады. Бірлік өндірісте құрал-жабдықтар
ұқсастығы бойынша орналасады. Олар кебінесе арнайы жұмыстарды атқарады,
сондықтан құрал-жабдықтардың жұктелу: біркелкі болмайды.
Өндірістік бағдарламаны дайындаудың әдісі таңдалғаннан кейін келесілер
есептелінеді:
* өндірістік циклдың ұзақтығы;
* партиялар көлемі;
* оларды өндіріске еңгізу уақыты.
Өндірістік циклдың ұзақтығы жедел күнтізбелік жоспардың негізі больп
табылады. Олардың көлеміне қарай айналым корларының көлемі анықталады.
Өндірістік циклдың ұзақтығы деталдар партиясы көлемімен тығыз байланысты.
4. Құрал-жабдықтардың жүктелуін есептеу. Цехтағы өндіріс жоспары
анықталғаннан кейін, өндірістік бағдарлама, құрал-жабдықтардың жүктелуін
анықтау қажет. Оны есептегенде әрбір жұмыс орнының
өндірістік
бағдарламасына, өндірістік қуатына сәйкестігін табу керек. Сондықтан да
жүктелу әрбір станокқа жеке жасалады. Құрал-жабдықтың жоспарлы
жүктелу коэффициентін анықтағанда жылдық өндіріс көлемі өңдіріс қуатына
және өндірістік бағдарламаға сәйкес келуі қажет.
Нарықтық экономикаға көшу қарсаңында әрбір кәсіпорын өз жұмысын
жүргізу барысында тыңғылықты есептеулердің жасалуын талап етеді. Ол үшін
кәсіпорын экономикалық көрсеткіштерін нақты және дәл талдап, маркетингтік
зерттеулерге сүйенуі қажет. Нақты талдауларды келесі тарауларда
қарастыратын боламыз.

1.3 Ұзақ мерзімдік стратегияға сай экономиканьң даму жағдайындағы
өндірістік бағдарламаның қалыптасуының негізгі бағыттары.

Қазақстан экономикасында көрініс тапқан ұзақ уақыттқа транформация
кезеңінен кейін, ол өз кезегінде өндірістің төмендеуімен халықтың көп
бөлігінің тұрмыстық жағдайының нашарлауымен қатар жұрді Ел экономикасына
жан жақты жақсартатын күрделі стратегия қажеттіліг туды. Өткен жылдар
ішінде ел экономикасының шарықтап дамуына кедергі болатын бірнеше
әлеуметтік-экономикалық мәселелер жиналды, олардың бастысы өндіріс
аппаратының табиғи және моральді ескіруі құрал-жабдықтарының орташа жасы 20
жыл. Ал өнеркәсіпте оның тозу уақтысы 45 55 жылға жоспарланған. Осыған орай
елде ескірген құрал -жабдықтардың жаппай істен шығу процессі күтіп тұр
деген сөз. Ал ол жаңартылуы үин үлкен көлемде кұрделі қаржыны талап етеді.
Кеңестік дәуірдегі ел кен орындарын талан таражға салып өндіру
барысында, сонымен бірге елдегі 60 кішігірім қалалардағы қиьн жағдай
Қазақстан экономикасының шапшаң дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр.
Осындай кедергілерді толық зерттей келе Қазақстан өзінің дамуын 15
жылдық стратегиясын жасай алатындығына көзіміз жетіп отыр. Бұл стратегия
бойынша Қазақстан 2015 жыл ішінде жоғары технологиялар қолдана отырып
елдегі өндіруші саладан өңдеушіге етуге әрекеітер жасап, ғылым сиымды
салаларға көп көңіл бөледі. Бірақ бұл аралықта Қазақстан жоғарғы тиімді
және жоғары бәсеке қабілетті экономика құра алмайды, ол тек қана сол
бағытта сәл ғана жылжи алады және мұнда өндіруші сала әлде болса да ең
басты орында болады.
Сонымен нақты 2015 жылдағы стратегиялық мақсаттар больп:
- Қазақстанның мемлекеттік біртұтастығын және ұлттық қауіпсіздігін
нығайту;
- өңдеуші салаға негізделген экономика құруға тырысу;
* ел экономикасын әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті ету және
интеграциялау;
* экономикалық даму мен халықтың әл ауқатын орта дамыған
мемлекеттер қатарына жеткізу, бұл экономикалық өсудің орта жылдық
деңгейін ЖҰӨ 5-6% жеткізу болып табылады;
Демократиялық азаматтық қоғам мен тиімді әрі мықты құқылық
мемлекет құру.
Аталған 15 жылдық стратегияның жұзеге асуын үш кезеңге бөледі:
кезең (2003-2005) - бұл кезеңде өндіріс жанданып, экономиканың
біршама дамуы болады. Өндірістің дамуы тұрақсыз, әр салада әр түрлі
дамиды. Әртүрлі салаларда реформалар үдей тұседі, ЖҰӨ орташа жылдық
өсу деңгейі 3-4%
кезең (2006-2010) - сапалы өзгерістердің бастамасы. Ең бастысы бұл
кезеңде өндірістік аппараттың , жаңаруы болады, жаңа
салалардың
қалыптасуы больп инвестицияның өсу қарқыны ЖҰӨ өсуінен жоғары
болады.
3 кезең (2011-2015) - бұл жылдық өсімі 8,8-9,2% -ті құрайтын
жеделдетілген экономикалық өсу кезеңі. Мұнда экономикалық өсу өңдеуші
саланың басымдылығымен өндіріске жаңа техникамен жоғарғы технологияны
еңгізуге есептелгең. Бірақ бұл процесс 2015 жылы аяқталмайды. Ол одан ары
қарай өсіп жетіле түседі, яғни халык табысы өседі, ұлттық өнімдердің бәсеке
қабілеттілігі артады, экспорт көлемі жоғарлайды.
Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі дамуы жалпы
ұлттық өнімнің өсуімен сипатталады. 2001 жылы экономикаыың негізгі болып
өндіруші саладағы өндірістік қуатты өсу қарқыны 75% болып отыр. Бұл
көрсеткіштер тек қана экономиканың өсуін ғана емес, елдің қуатты келешегін
сипаттайды. Сонымен қатар президентіміз Н.Ә. Назарбаеватың 2004 жылғы
халыққа жолдауында елдің инновациялық -инвестициялық дамуы қарастырылып
отыр, яғни оның басты мақсаты болып елде ұлттық иновациялық жұйені
қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету біздегі инновациялык жолды таңдауды,
өндірісті интенсификациялау мен технологиялық қайта жаңартуды талап етеді.
Бұл стратегияны жұзеге асыру үшін қомақты жұмыс жасауды талап етеді.
Өйткені бүгінгі таңда өндірістік-техникалық фактор өндірістік күштің
негізгі элементі болып саналады және ол жоғарғы деңгейде қажет болып отыр.
Бұл деңгей туралы Экономикалық өсуге шикізат негізінде12 және Әлемдік
шикізат нарықтарында оңтайлы жағдай негізінде қол жеткізілгені13 де
дәлелдеп отыр.
Республикалық статистика жөнінде агентіктін 2002 жылдың II
жартыжылдығындағы мәліметтеріне сүйенсек, елдің өнеркәсіп кәсіпорындарымен
986,3 млрд теңгеге өнім өндіріліпті, оның ішінде: машина жасау саласында
32,5 млрд теңге. Машина жасау саласына 25% электр құралдарын, электрондың
және оптикалық құрылғыларды (8 млрд жоғары) шығаратын кәсіпорындар
үлесінде. Егер жоғарыда айтылғандарды процентпен көрсетсек машина жасау
саласының үлесі 3,3 % электр құралдары, электрондық пен оптикалық
құрылғылар үлесі - 0,8%.14
Сандарға көңіл бөлсек, инновациялық жобаларды жұзеге асыруды
жеделдете түсуіміз, яғни ғылым мен ғылыми техникалық дамуды ұстану.
Сонымен Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Үшінші мың жылдықтың ғылымы
атты конференцияда айтқандай: Жаңа ғасырда түрақты дамудың стратегиясы
болып, ғылым сыйымды ендіріске өтіп, бәсекеқабілетті өнімді экологиялық
таза технологияларды енгізу арқылы өндіруде жатыр15 -деген сөзіне орай
біз жаңа технологияларды мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, өңдеуші өндірісті
дамытуымыз қажет. Өз кезегінде кәсіпорын деңгейінде өндірістің тиімділігін
мемлекеттің тұрақты экономикалық даму барысында өндірістік бағдарламаны
қалыптастыруда жатқанын бәрі біледі, ол ұшін тек қана үкімет пен басқа да
кіші-гірім бірлестіктер ғана емес бүкіл Қазақстан халқы атсалысуы қажет деп
білем.

2 КТЗ АҚ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ
2.1 КТЗ АҚ экономикалық көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы.

Кентау трансформатор зауыты 1959 жылы маймен жұмыс жасайтын қуатты
трансформаторлар мен 5000 шаршы метр жерде орналасатын-10 Квт істейтін
тарнсформаторлық подстанцияларын жасауға құрылған.
1966 жылдан бастап 15,5 мың шаршы метр алып жататын зауыттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ
Кәсіпорындағы маркетингтік қызмет
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы құжаттардың тәртібі
Кәсіпорында маркетингті жоспарлау
Пәндер