Туынды сөздердің зерттелуі, қалыптасу негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шохан Уалиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Дулат Исабековтің «Тіршілік» шығармасындағы туынды сөздердің қолданысы»

Орындаған:

Қабылдаған:

Көкшетау 2021 жыл

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 3

1. 1 Туынды сөз-қазақ тілінің үлкен саласы ретінде . . . 5

1. 2 Туынды сөздердің зерттелуі, қалыптасу негіздері . . . 15

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 18

2. 1 Д. Исабековтың «Тіршілік» шығармасындағы туынды сөздердің қолданылуы . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Дулат Исабеков : «Тіршілік» шығармасындағы туынды сөздердің қолданысын қарастыру кезінде зерттеу материалы ретінде алынған көптеген тілдік бірліктер анықталды. Оларға ұлттық таным көрінісі, бес Жақсы, үш тоғыз, бес құрал, Алты Алаш, білім бірлігі болып табылатын сандық ұғымдардың қатысуымен құрылған өрнектер жатады. Егер тұжырымдама теориясынан шығатын болсақ, онда тілдегі кез-келген Бірлік білімнің көрінісі болып табылады. Біз мұның бәрін жұмыс формасында ала алмаймыз. Бізді тек осы бірліктердің рельефі, тілімізді басқа тілдерден ерекшелейтін гравюра қызықтырады. Сондықтан тұжырымдамалардан біз ұлттың дүниетанымын, ұлт практикасында жинақталған білімді, ұлттық мәдениетті көрсететін нысандарды ғана қарастырамыз.

Курстық жұмыстың мақсаты: «Тіршілік» шығармасындағы туынды сөздердің қолданысын анықтау

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе зерттеудің өзектілігін негіздейді, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; зерттеу объектісі мен пәні анықталады.

1. 1 Туынды сөз-қазақ тілінің үлкен саласы ретінде

Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде сөзжасам саласының ғылыми айналысқа енуіне байланысты көптеген морфология саласының терминдері сөзжасамда қолданылып жүр. Бұл мəселе, əрине, қиыншылықтар мен ой дəлсіздігіне (талдауларда), əрбірден соң шатастырушылыққа да əкеп соғып жүрген жағдайлар кездесуде. Айталық: түбір, туынды түбір, түбір морфема, туынды морфема, жалаң жəне күрделі сөздер т. б. бірінің орнына бірі ешбір талғаусыз қолдануда. Нəтижесінде қай сала бойынша талданып жатқанын айырудың өзі кей тұстарда мүмкін болмай қалады. Мысалы, сөзжасам саласына арналған оқу құралдарында, ғылыми еңбектерде, мақалаларда болсын сөз жасалуы үшін түбір мен оған қосылатын (не түрлендіретін, не тудыратын) жұрнақ болуы (жалғануы) қажет. Сонда бұл қай талдау деген сұрақ туады, морфологиялық па, əлде сөзжасамдық талдау ма? Бұл секілді талдаулар екі салада да жиі кездесіп жүргендерін көріп жүрміз. Сөзжасамдық талдауға келгенде қайсыбір терминдерді өз орнымен қолданған жөн. Жоғарыда келтірілген мысалды сөзжасамдық тұрғыдан талдайтын болсақ, туынды сөз жасалуы үшін негіз сөзге сөзжасамдык мағына түрлеріне байланысты (түрлендіруші, тудырушы) сөзжасамдық қосымша жалғануы қажет деп талдаған болар едік те əрі бұлай талдау əңгіме сөзжасам турасында болып жатқанынан хабардар етер еді. Сонда қай ғылым болмасын олардың сол ғылымға қатысты өзіндік терминдері болуы қажет деген мəселені дəлелдеп жатудың қажеті шамалы болар еді. Екі ғылым саласына бірдей ортақ термин екі кеменің құйрығын ұстағанмен бірдей екені онсыз да түсінікті. Негізінен, сөзжасам саласындағы басты тұлғалардың бірі - туынды сөз. Туынды сөзге негізге қосымша жалғану арқылы жасалған жəне аналитикалық сөздер, барлық сөзжасам тəсілі арқылы жасалған туындылардың бəрі жатады да, тілдің сөзжасамдық үрдісі нəтижесінде туған лексикалық дайын тұлғалар болып табылады.

Біріншіден, дайын лексикалық тұлға, яғни, туынды сөз деп отырған терминнің табиғатына көңіл бөлейік. Қазіргі қазақ тіл білімінде бұл термин ғылыми айналыста жүргенімен, ол тұрақты бір мағынада қалыптасты деуге келмейді. Себебі оны кейде туынды түбір деген мағынада да қолданушылық кездеседі. Бұл мəселе ол екі терминнің мағынасына дұрыс көңіл бөлмеуден, үлкен айырма барына баса назар аудармаудан болып отыр. Зерделей келгенде, «туынды сөз» деген терминнің мағынасы «туынды түбір» деген терминнен əлдеқайда кең. Туынды түбірлер - негізінен туынды сөздердің бір түрі ғана болып табылады. Туынды түбірлер морфология саласы терминіне жатады да, тек жұрнақ арқылы, яғни синтетикалық тəсіл арқылы, жасалған сөздер деген мағынаны білдіреді. «Туынды сөз» деген терминге келсек, оның табиғатына туынды түбірлер оның бір тобы ретінде кіретіні сөзсіз, бірақ туынды сөздерге жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірлерден басқа, олардан өзге тəсілдер арқылы (семантикалық, аналитикалық) жасалған түрлі-түрлі туынды сөздердің барлық жиынтығы да жатады.

Туынды сөздер барлық тілдерде кездеседі. Олар күнделікті тұрмыста, жалпы өмірдің қай саласы болмасын пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажетігін өтеу үшін қалыптасқан сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер не сөздер тобы десек те болады.

Туынды сөз деген морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді түсінеміз. Туынды сөздің құрамында негіз морфема жəне қосымша морфема болуы шарт. Мысалы: жазушы, жазушылық, егіншілік, өзенше, құрылысшы, кітапша, əдемілеу, ұзындау т. б.

Сондықтан сөздің құрамын анықтау мақсатымен, əрқилы грамматикалық (морфологиялық) талдау жасағанда, практикалық жағынан жеңіл болуы үшін, түбір сөзді тек қана түбір деп, туынды сөздің түбірін (сөзжасамда) негіз деп атаған қолайлы. Мысалы, құрылысшыларды деген сөздің негізі - құр ( құру мағынасында ) , ал құрыл - құрылыс - құрылысшы - құрылысшылар - құрылысшыларды дегендердің бəрі синтетикалық тəсіл арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Сөйтіп, туынды сөздер деп сөзжасамдық қосымшалар арқылы негізден өрбіген сөздерді айтамыз (бұл, əрине, синтетикалық тəсіл бойынша) . Туынды сөздер сөзжасамның басқа да тəсілдері арқылы жасала беретіндігін жоғарыда ескерттік.

Бұл мəселені дұрыс түсіну үшін мына пікірді ескерген жөн: «Түбір морфема мəселесіне қазақ тілі (сондай-ақ түркі тілдері) тұрғысынан келсек, түбір белгілі бір мағынаны білдіруімен байланысты. Бұл тұрғыдан келгенде, түбір деген ұғым мен сөз деген ұғым сайма-сай келеді де, сөз деген ұғымға енетін туынды түбір дегендер ғана одан өзгеше болады. Сондықтан да түбір жеке сөздің баламасы ретінде ешбір түрленусіз түбір күйінде тілде қолданыла да алады» деп көрсетілген [1; 411] . Пікірдегі сөз ұғымы сөзжасам саласындағы туынды сөз деген ұғымға сай келеді. Сонда сөз морфологиялық тұрғыдан қарағанда түбір морфема түрінде немесе туынды түбір күйінде келуі мүмкін де, ал сөзжасамдық тұрғыдан қарағанда - негіз, немесе туынды сөз, түрінде болады деген сөз. Туынды сөздер тек негізден (түсінікті болу үшін түбірден ) ғана жасалып қана қоймайды, туынды сөздердің өздерінен де өрби береді. Мысалы, өнер, өнершіл, өнершілдік, өнерпаз, өнерпаздық деген сөздерді алсақ, бəрінің де түбірі - өнер . Бірақ ол негізден тікелей туған туынды сөз - өнершіл, өнерпаз дегендер ғана. Қалғандары туынды сөздерден өрбіген.

Туынды сөздер табиғатында негізінен жұрнақтар ерекше орын алғанымен (қазақ тілі жалғамалы тілге жататындықтан), бірақ жұрнақтар барлық сөзге бірдей жалғана бермейтінін ескеру қажет. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ сөздің қайсысына болса да талғамай жалғана берсе, кейбір жұрнақтар бірді-екілі сөздерге ғана жалғанумен шектеледі де көнеленіп қалуына байланысты басқа сөздерге мүлдем жалғанбайтын тұстары да бар.

Əрбір негіз сөздің өзіне лайықты нақтылы мағынасы болатыны да, сондай-ақ сөз тудыратын əрбір жұрнақтың да өзіне тəн жалпы мағынасы болатыны да белгілі. Сондықтан туынды сөздің мағыналық құрылымында (мағынасының құрамында) олардың əрқайсысының қатысына қарай үлесі де болуға тиіс. Ол үлес, əрине, негіз сөздің негізгі морфема, ал жұрнақтың көмекші морфема болуымен байланысты. Демек, туынды сөздің тұлғалық құрамында да, мағыналық құрамында да негіз сөз жетекші, яғни басты қызмет атқаратын мүше болады.

Негіздің сөзжасамдық қабілетіндей ешқандай сөз де жоқ. Сөзжасамда негіздердің бəрі қатысады да, олар арқылы көптеген туынды сөздер жасалады. Ғалымдар зерттеуінше, қазақ тілінде бір негізден 20-30 сөз жасалуы - үйреншікті құбылыс. Ал бір «бас» сөзінің - 140, «жел» сөзінен 90-нан астам туынды сөздер жасалатыны дəлелденіп отыр. Керісінше, туынды сөздердің сөзжасамдық қабілеті нашар, өнімсіз.

Негіздердің омонимдік қасиеті күшті болады: ас, ат, өт, көш, қой т. б. сөздер бірде заттық, бірде етістік ұғымында жұмсала беруі де үйреншікті нəрсе.

Негіздердің буын (дыбыстық) жағынан да туынды сөздерден ерекшелігі бар. Айталық, олардың басым көпшілігі бір буынды болып келулерімен қатар əрі түркі тілдеріне ортақ ретінде де қасиеттері бар. Мысалы, күн, ай, жан, үй, ақ, көз, бет, кел, кет, нан, қол т. б. Кейде мұндай сөздер тек екі немесе үш дыбыстан емес: қарт, төрт, қант, қайт секілді төрт дыбысты болып келе береді. Ал туынды сөздерден тек екі буыннан басталып (семантикалық тəсілден өзгесі), буын сандары ұлғайя береді: білім, келісім, аспазшы, көлшік т. б.

Туынды сөз белгілі бір тəсілмен жасалады (синтетикалық, аналитикалық, лексика- семантикалық) . Осыған орай құрам жағынан туынды сөздер: а) жалаң негізді сөз; ə) күрделі негізді сөздер болып жəне екі топқа бөлінеді. Бұл терминдер де көңілге онша сенімді емес. Себебі жалаң, күрделі деген сөздер морфология саласында да қолданылады. Терминді қайталамас үшін мүмкін жалаң сөздерді «бір негізді», күрделі сөздерді «көп негізді» деп атаған жөн шығар. Əрбірден соң «күрделі негізді сөздер», «көп негізді» дегеннен гөрі «аналитикалық негіздер» деп те атаған жөн секілді. Бұлай атаудың өзі мұндай сөздер аналитикалық тəсілмен жасалғандарын əрі құрамында бірнеше негіз бар деген ұғымды қоса білдіре алар еді. Ескеретін бір жағдай - сөзжасам саласына арналған көптеген еңбектерде (Н. Оралбайдан өзгесі) морфологияда қолданылып жүрген күрделі сөздер түрлерін сөзжасам саласында туынды сөздер деп нақты атамайды. Мұның себебі сөзжасам саласындағы еңбектер негізінен синтетикалық тəсілдерге баса назар аударылатынымен түсіндіруге болады. Сөздер мағынасына қандай да бір өзгеріс болмасын, ол қай тəсілмен жасалса да - ол туынды сөз. Сондықтан бірігу, қосарлану т. б. - туынды сөз жасаудың амалы.

Əңгіме сөзжасам жүйесіндегі туынды сөздер турасында болған соң, сөз арасында айта кететін бір мəселе - қосымша морфемалар жайлы. Морфология немесе сөзжасам саласында болмасын сөз құрамдарына (сөзжасамда туынды сөз құрамына) келгенде «түбір», «негіз» деген терминдер «туынды түбір», «туынды сөз» жасауда негізгі, басты бөлшек (морфема) секілді түсінік, таным ғылыми айналыста əбден тұрақталған. Бұны, əрине, ешкім де теріске шығара алмайды. Дегенмен де, мəселенің екінші жағы барын ескеруге тура келеді. Айталық, қазақ тілі жалғамалы тілге жататындықтан, туынды түбірдің не туынды сөздің жасалуында қосымшалар ерекше қызмет атқарады. Қосымша морфемасыз синтетикалық туынды сөз қалай жасалынбаса, морфологияда туынды түбір туралы мəселені қозғаудың қажеті жоқ. Сонда бұлар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Екіншіден, туынды түбір немесе туынды сөздің жасалуында қосымша морфемадай қызметті ешбір бөлшек атқара алмайды. Сондықтан бұлардың (негізгі, көмекші морфемалардың) сөз жасауда қызметтері бірдей. Қазақ тілі жалғамалы тіл ретінде танылуының өзі де, бір жағынан, осы қосымшалардың ерекше қызметіне байланысты емес пе. Осы себепті тунды сөз құрамында екі негізгі морфемаладың барын дəлелдеудің қажеті жоқ.

Қазіргі таңда сөзжасам жүйесінде күрделі сөздер мəселесі мақалалар, ғылыми еңбектердің барысында болмаса, арнайы тақырып ретінде (қомақты монографиялық тұрғыдан) зерттеу нысанына айналмай отыр. Əзірше, жоғарыда ескерткеніміздей, сөзжасам саласын синтетикалық тəсіл тұрғысынан қарастыру басым. «Күрделі сөз кемінде екі я онан көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантика жағынан біртұтас, лексика- грамматика жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесін) айтамыз».

Сөзжасамдық жүйеге келген кезде «күрделі сөздерді» «күрделі негіздер» деп атауға болатын секілді. Бірақ бұлай атау морфемалық бөлшекке бөлгенмен бірдей болады да сөзжасамдық заңдылық термин табиғаты ескерілмей қалады. Ал «сөзжасам» деген термин сөздер қалай жасалады деген сұраққа жауап іздеу екенін естен шығаруға болмайды да, бұл сөзжасамның қай мəселесі сөз етілсе де, ұдайы ескерілуі шарт. Сонда ғана сөзжасамдық талдау болмақ.

Негізінен «күрделі сөздер» сөзжасам саласында - «туынды сөздер». Мəселе - қай туынды сөздер. «Туынды сөздер» сөзжасам жүйесінде синтетикалық, семантикалық, аналитикалық тəсілдер көмегімен жасалғандардың бəрі - туынды сөздер. Себебі бұл тəсілдер арқылы негіздің семантикалық мағынасына қалай да бір өзгеріс еніп, сөз жасалады. Сондықтан «күрделі сөздердің» тілдік табиғаты сөзжасамда «күрделі туынды сөздер» деген терминге сай келетін секілді екенін жоғарыда ескерттік.

Тағы бір мəселе - бұл екі термин де («күрделі сөз», «күрделі туынды сөз») - екі салада бірдей аналитикалық тəсілмен жасалған тұлғалар. Морфологиялық заңдылық бойынша кемінде екі түбірден тұрса, сөзжасам бойынша - кемінде екі негізден құралғандар. Əр саланың грамматикалық заңдылықтары сақталуы үшін де, мəселен, əңгіме сөзжасамдық талдау екенін аңғарту мақсатында, біріншіден, мұндай сөздер аналитикалық тəсіл арқылы жүзеге асатынын, екіншіден, бұлар бірнеше негіздерден тұратындарын көрсету үшін де «аналитикалық негіздер» деген терминді ғылыми айналыста тұрақтандырған дұрыс секілді. Ал түрлеріне келсек, «біріккен сөз» - «сөзқосым», «қос сөз» - «қосарлы сөз», «құрама тіркестер» - «тіркесім», «қысқарған сөздер» - «қысқарым» деп атау сөзжасамдық жүйе заңдылығына сай келеді. Қалай болған күнде бұлардың бəрі - туынды сөздер.

Ғалым А. Ысқақов морфология саласындағы күрделі сөздер турасында: «Күрделі сөз деп кемінде екі я онан көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесін) айтамыз», - дейді [1; 92, 93] . Бұл, əрине, морфология саласы бойынша болса, ал мұндай күрделі сөздер тобын сөзжасам саласы тұрғысынан келгенде «аналитикалық негіздер» деп атауды ұсынғаннан, «аналитикалық сөздер» деген термин өздігінен сұранып тұрған сияқты. Бұлар, бір жағынан, айтылымдарында ұқсастық та бар: «күрделі сөздер», «аналитикалық сөздер». Шамасы, осы «аналитикалық сөздер» деген термин морфология саласында «күрделі сөздер» деп аталып жүрген сөздер тобының жалпы тұрғыда аталуының тілдік табиғатына сай келетін сияқты. Қалай болған күнде сөзжасам мен морфологиялық талдаулардың ара жігін ажырату мақсатында екі салада бірдей «күрделі сөздер» деген терминнің қолданылуы (қазіргі таңда қолдануда) ыңғайсыздық жағдайлар туғызуда. Сондықтан да сөзжасам саласында мұндай күрделі сөздер тобын «аналитикалық сөздер» деген терминмен атаған жөн болатын секілді. Ал анықтамасына келетін болсақ, бұлар да морфология саласындағы күрделі сөздер секілді:

а) кемінде екі негізден;

ə) лексика-семантикалық жағынан біртұтас; б

) лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға деген ғалым А. Ысқақовтың пікірін басшылыққа алу қажет те, ендігі жерде «күрделі сөздерге» емес, сөзжасамдағы «аналитикалық сөздер» деген терминнің бүкіл табиғатын толық қамтитындай анықтама беру керек.

Ескеретін жəне бір жағдай - қазіргі жағдайда морфология мен сөзжасам салаларында ортақ тер- миндік мəселесі əр саланың өзіндік табиғи талдауларының кейбір тұстарында нақты ара жігін ажыра- тып көрсетуде қиыншылықтар туғызып отырғандығын барлық тілші-ғалымдар мойындауда, бұл туралы проблемалық мəселе жоғарыда сөз етілді. Айталық, мына талдауға назар аударсақ: «Туынды сөздер - тілден көлемді орын алатын, сөз байлығымыздың өзінше бір қалың қабаты. Қазақ тіліндегі туынды сөздердің түрлері де өте көп, олар мыналар: туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз, қысқарған түбір . . . Туынды түбірлер тіліміздің сөз байлығын арттыратын бір кең арна. Біріккен сөздер екі я онан да қөп сөздердің бірігіп, бір лексикалық мағынаны беретін единицаға көшуінен қалыптасқан. Мысалы: жаздыгүні, күздігүні, қыстыгүні. . . . Қос сөздер де тіліміздегі туынды сөздердің бір түрі. Сөздерді қосақтау арқылы жаңа мағынаны білдіру тілде ертеден келе жатыр. Мысалы: аяқ-табақ, ине-жіп . . . т. б. » түрінде талданған. Осы талдау үлгісіне зер салып қарасақ, бұнда екі саланың терминдері аралас қолданылғандықтан да қай сала бойынша əңгіме болып жатқанын нақты басып айту қиын. Себебі мұнда морфология жəне сөзжасам терминдері аралас берілген. Мысалы, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз дегендер таза морфология терминдері болса, туынды сөз - сөзжасам термині. «Қазақ грамматикасында» сөзжасамға арналған.

Теориялық мəселелерде мына секілді жолдарды оқимыз: « . . . Тіліміздегі күрделі сөздердің түрлі түрі бары белгілі нəрсе, олар:

1) біріккен, кіріккен сөздер;

2) қос сөздер;

3) тіркесті күрделі сөздер;

4) қысқарған сөздер». Осы мəселелерге жеке-жеке тоқталғанда терминдерге өзгерістер енгізіліп: Біріккен, кіріккен күрделі сөздер, қосарлы күрделі сөздер, тіркесті күрделі сөздер, қысқарған күрделі сөздер деп берілген. Осы еңбектің морфология саласына келгенде сөз таптарының аналитикалық тəсілдер арқылы жасалған құрамдық түрлерінде біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз т. б. терминдер қайтадан кездеседі. Терминдік ортақтық деген мəселе осындайдан туындайды. Егер əр нəрсенің өз атымен атайтын болсақ, талас туғызбайтын мəселе - жоғарыда айтылған морфология саласындағы күрделі сөздер деп отырғанымыз сөзжасам саласында - туынды сөздер. Туынды сөз болғанда күрделі туынды сөздер, мұны сөзжасамның тілдік табиғатына сəйкестендіріп аналитикалық сөздер деп атау ұсынылды. Ары қарай уақыт төреші.

Екіншіден, екі салада бірдей туынды түбір дегеннің орнына туынды түбір терминін бұрыннан қалыптасқан, ғылыми айналымда əбден тұрақталған морфологияның өз еншісінде қалдырып, сөзжасам саласында қалыптаса бастаған негізді сөз деген терминді тұрақтандырған жөн. Сонда туынды түбір сөзжасам саласы бойынша негізді сөз деген терминмен аталатын болады, кейде аталып та жүр. Ал морфологиядағы түбір сөзжасамда болса да негіз деген терминмен тұрақтала бастады. Бұл - құптарлық жағдай.

Үшіншіден, тағы айтатын мəселе - ендігі жерде морфология саласында күрделі сөздер түрлеріне жатқызылып жүрген біріккен сөз, қос сөз, құрама тіркес, қысқарған сөз секілді терминдерді жəне іштей біріге біріккен, кіріге біріккен, қайталама, қосарлама т. б. түрлерін сөзжасам саласында мəселе сөзжасамдық талдау екендігін аңғарту мақсатында сөзжасамға ғана телінген терминдік аталымдарды тұрақтандыру қажет. Бұл мəселенің біраз терминдері жасалып та жатыр. Жоғарыда біріккен сөз - сөзқосым, қос сөз - қосарлы сөз т. б. секілді морфологиядағы күрделі сөздер түрлері сөзжасамдық үлгіде аталып шықты. Дегенмен бұл терминдер екі салада бірдей талғаусыз қолданылып жүргендері де сөз етілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізінен сөзжасам саласында біріккен сөздер - туынды сөздер
ЗАТ ЕСІМДІ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
Қазақ тіліндегі түбірге сіңіскен көне жұрнақтар
Еліктеуіш сөздерден жасалған үстеулер
Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Сөзжасамдық жұп және оның мағынасы
Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz