ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Жалғау және оның түрлері»
Орындаған:
Қабылдаған:
2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І-тарау. Жалғау . . . 4
1. 1. Жалғаудың сипаттамасы . . . 4
ІІ-тарау. Жалғау және оның түрлері . . . 10
2. 1. Көптік жалғау . . . 10
2. 2. Тәуелдік жалғау . . . 13
2. 3. Септік жалғау . . . 16
2. 4. Жіктік жалғау . . . 21
Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тілімізде сөйлем ішінде сөздерді бір бірімен байланыстырып, нәтижесінде айтылатын ой түсінікті, мағыналы болып шығу үшін аса қажетті қосымша категорияның бірі - жалғаулар. Жалпы жалғаулардың ортақ бір ерекшелігі - жалғанған сөздерге грмматикалық мағына үстеп, форма жағынан өзгерткені болмаса, өз алдына дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан жеке қолданылмайды, әрі тұлға жағынан тұрақсыз. Олардың тұлға жағынан тұрақсыз болуы, қазақ тіліндегі сингармонизм және үндестік заңдылығына байланысты тек қана жуан не жіңішке түрде ғана емес, бірде қатаңнан, бірде ұяңнан не үндіден басталуынан. Жалғаулар тұлға-тұрпаты шексіз деуге болмайды. Мысалы, барыс септігінің жалғаулары: -ға, -ғе, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е түрінде келуі түбір тұлғаның соңғы дыбыстарына, сингармонизм заңына байланысты. Мұнан басқа қай жалғаулар болмасын басқа варианттары болмайды. Жалғаулар жұрнақ секілді сөздің лексикалық мағыналарын өзгерте алмағанымен, оның жалғану аясы кең. Мәселен, жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш болатын бүкіл сөз таптарына жалғанып, сөздерді түрлендіре алады.
Сонда жалғаулар сөздерді байланыстыру жолында өзгертіп, түрлендіретін, грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып табылады. Жалғаулар да сөз құрамындағы жеке морфемалық бөлшек бола отырып, сөздер арасындағы әр алуан қатынастарды, түрлі грамматикалық мағыналар үстеу жағынан, яғни қызметі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді: көптік жалғау, септік, тәуелдік және жіктік жалғау.
Бұл жұмыстың мақсаты: Жалғау және оның түрлері
Зерттеу объектісі: Жалғаулардың сөздің лексикалық мағыналарын талдау
Зерттеу міндеттері:
1. Жалғаудың сипаттамасы
2. Көптік жалғау
3. Тәуелдік жалғау
4. Септік жалғау
5. Жіктік жалғау
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе зерттеудің өзектілігін негіздейді, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; зерттеу объектісі мен пәні анықталады.
І-тарау. Жалғау
1. 1. Жалғаудың сипаттамасы
Жалғаулар, жоғарыда айтылғандай, сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Жалғауларда мағыналық дербестікте, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке-дбра қолданылмайды, екіншіден, жеке-дара түрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалык мағыналар да жамайды.
Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дыбыстардын әуеніне қаран не жуан, не жіңішке болып сәйкесетіні сиякты, дауыссыз дыбыстардың да орайына қарай қатаңдап, 'ұяндап, сонарланыгі, екі-үш вариантты болып түрленгені ғана болмаса, шексіз өзгере бермейді. Мысалы: көптік жалғауды алсақ, оның варианттанған түрлері -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер болса, ілік септіктің қосымшасы -нын, -нің, -дын, -Дің, -тың, -тің, жіктік жалғаудың I жақ косымшасы -мыз, -міз, -пыз, -піз, -быз, -біз т. б. болады. Бірак, осылайша варианттанып келетін жалғаулардьің грамматикалық мағыналарына да, қызметтеріне де түр- ленуден басқа езгеріс енбейді.
Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол катынастардын. түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді. Сондықтан, жүрнақтарға қарағанда, жалғаулардың ерісі де кең, өресі де жазык. болып келеді. Мысалы, септік және тәуелдік жалғауларды алсак, олар тек зат есімдерге ғана жалғанып қоймай, субстантивтенетін сөздердің қай-қайсысына болса да жалғана береді. Көптік жал- ғаудың өрісі де осындай. Ал, жіктік жалғауды алсақ, ол да сөйлемде баяндауыш болатын сездердін бәріне де талғамай жалғана береді.
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың терт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік, септік, жіктік жалғау. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысынын. өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өздеріне тән ерекше қызметтері бар.
ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ
Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі және септеледі.
КӨПТІК ЖАЛҒАУ
Көптік жалғау алты түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер: сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша бір түрлі жалғанып заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қыз-дар, мектеп-тер т. б.
- -лар(-лер) дауысты және дауыссыз [р], [й], [у] әріптерінен кейін жалғанады. Мысалы, оқушылар, дәптерлер, таулар.
- -дар(-дер) [м], [н], [ң], [л], [з], [ж] дауыссыз әріптерден кейін жалғанады. Мысалы, аңдар, әндер және т. б.
- -тар(-тер) [қ], [к], [п], [с], [т], [ш], [б], [в], [г], [д] дауыссыздардан кейін жалғанады. Мысалы, кітаптар, тастар, студенттер және т. б.
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір заттқа (адамға) тәуелді меншігін білдіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Зат есімнің тәуелденуі.
Жекеше
түрі
-ім
-ің
-ңіз
-іңіз
-сі
-і
Көпше
түрі
-ім
Көптік жалғау+-ің
Көптік жалғау+-іңіз
Көптік жалғау+-іңіз
Көптік жалғау+-і
Көптік жалғау+-і
СЕПТІК ЖАЛҒАУ
Септік жалғау зат есімге жалғанып, әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік түрі бар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік. Атаудан басқа септіктің арнайы жалғаулары бар.
Тәуелдік жалғау
(I, II жақ)
ата
қала
қыз
дәптер
кітап
сүт
ағам
ағаң
-сы\-сі
ағасы
-ның\-нің
атаның
қаланың
-дың\-дің
қыздың
дәптердің
-тың\-тің
кітаптың
сүттің
-ның\-нің,
ағамның
ағаңның
-ның\-нің,
ағасының
-ға\-ге
атаға
қалаға
-ға\-ге
қызға
дәптерге
-қа\-ке
кітапқа
сүтке
-а
-е
ағама
ағаңа
-на\-не
ағасына
-ны\-ні
атаны
қаланы
-ды\-ді
тауды
гүлді
-ты\-ті
кітапты
сүтті
-ды\-ді
ағамды
ағаңды
-н
ағасын
-да\-де
атада
қалада
-да\-де
тауда
дәптерде
-та\-те
кітапта
сүтте
-да\-де
ағамда
ағаңда
-нда\-нде
ағасында
-дан\-ден
атадан
қаладан
-дан\-ден
таудан
дәптерден
-тан\-тен
кітаптан
сүттен
-нан\-нен
ағамнан
ағаңнан
-нан\-нен
ағасынан
-мен
атамен
қаламен
-бен(-мен)
қаламен
қызбен
-пен
кітаппен
-мен
ағаммен
ағаңмен
-мен
ағасымен
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда ғана жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғаудың 3-жағы жекеше және көпше түрі бар. Әдетте 1-2 жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, 3-жақта кез келген зат есім бола береді.
-мын\-мін,
-бын\-бін
-пын\-пін
Осы шақ, келер шақта: -мын\-мін, -пын\-пін.
Өткен шақ: -ды\-ді, -ты\-ті+-м
-мыз\-міз,
-быз\-біз,
-пыз\-піз
ІІ-тарау. Жалғау және оның түрлері
2. 1. Көптік жалғау
Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптік категориясы жасалына береді. Мәселен, тіліміздегі қайсыбір сөздердің беретін лексикалық мағынасынан-ақ көптік ұғымдар бары көрініп тұрады. Мұндай сөздерге түбір күйінде тұрып-ақ жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай, су, тұз, ұн т. б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т. б., белгілі бір хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды білдіреді. Мысалы, біздің ауылда қасқыр жеткілікті. Сол секілді: қоян, шегіртке, қой, жылқы, қоңыз, аю т. б. ; қоғамда кездесетін түрлі ұйымдар, әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм, феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т. б. құстар атаулары да көптік ұғымда қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт т. б. Мысалы: Бүркіт - негізінен таулы жерлерде өмір сүретін құстың түрі. Дәл осы секілді күнделікті мерзімді баспалардан шығатын газет-журналдар аттары: «Жұлдыз», «Жалын», «Замандас» т. б. ; адамның жас ерекшеліктері, түрлі ішкі құбылыстар, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекет және күй-жайлардың т. б. атаулары: жастық, кәрілік, қуаныш, ақыл, түс, жүріс, еріншектік, жалқаулық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік т. б., қысқасы, көптік категорияға байланысты сөздердің лексикалық мағынасы сараланып кете береді, біз оның қайсыбіреулерін ғана сөз еттік, тіпті күнделікті қолданылып жүрген құрал-жабдықтардың, құрылыс материалдарының жекелеген атаулары да көптік ұғымда жұмсала алады. Мысалы: Үй салу үшін алдымен кірпіш, тақтай жинау керек дегенде бір ғана кірпіш не тақтай туралы емес, әңгіме көп зат турасында болып отырғаны белгілі.
Сөйтіп, жоғарыдағы айтылған мәселелерді сөздердің лексикалық тәсіл арқылы көптік мағынаны білдірудің бір жолы деп қорытынды жасауға болады.
Сол секілді синтаксистік тәсіл арқылы да көптік ұғымын беруге болады. Мәселен, кейбір сан есімдер (реттіктен басқа), немесе: көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар сықылды сөздердің тіркесулерінен де көптік ұғым жасалынады: он ешкі, бес оқушы, жүздеген студент, бірсыпыра киім, әлденеше кісі, көп қағаз т. б.
Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруі лексикалық-синтаксистік тәсіл деп қараған жөн болады», - дейді А. Ысқақов («Қазіргі қазақ тілі», Алматы, 1974, 41-б. ) Мысалы: бала-шаға, ыдыс-аяқ, іс-әрекет, ата-ана, көрші-қолаң т. б.
Сонымен қатар, көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге -қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. Бұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі -ымыз -ым және -ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т. б. ) жеке-даралықты білдіреді.
Ал бұл қосымшаға қарағанда -ң (-к) формалары ашық райдың жедел өткен шақтың бірінші жағында (көрді-к, тартты-қ), шартты райдың көпше түрінің бірінші жағындағы жіктік жалғауы (келсе-к, барса-қ) әрқашан көптік мағынада қолданылады.
Дегенмен бұл аталған көптік ұғымын білдіре алатын қосымшалар қайсыбір сөздерге ғана болмаса, жалпы көптік ұғымын туғызуда қолданылатын актив формалар емес. Қазақ тілінде көптік категориясының негізгі қосымшасы көптік жалғау деп аталатын -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) қосымшалары. Негізінен, әрине, көптік жалғауы -лар формасы қалғандары оның варианттары болып есептелінеді, ал мұнша варианттары тіліміздегі үндестік, сингармонизм заңына байланысты екені аян.
-лар қосымшасының бір ерекшелігі - тек зат есімге ғана емес, жалпы субстантивтенетін сөз таптарына әрі етістіктің жіктелетін екінші жақ формаларына, есімшеге де жалғанып, көптік ұғымын туғыза алады (семантикалық, стильдік қызметін өздері оқиды) .
Көптік жалғаудың (-лар) қолданылатын негізгі грамматикалық ерекшелігі төмендегіше:
1. Көптік жалғау негізінен түбірден соң жалғанады: бала+лар, студент+тер т. б.
2. Егер сөйлем құрамындағы бірыңғай мүшелерге жалғанса әр мүшеден соң немесе стильдік мақсатта соңғы мүшеге жалғануы ықтимал: қатты толғанғанда жүйрік қаламынан небір өлеңдер, небір әндер қағаз бетіне маржандай тізілетін («Замандастар») . Нақ осы сөйлем құрамындағы көптік жалғауын бір-ақ рет қолданып та көптік ұғымды туғызуға болады: небір өлең, әндер
3. Сөйлемде көптік формада тұрған бастауышпен (жіктеу, жалпылау есімдіктерінен) баяндауыш та көптік формада қиысады: Сендер келіңдер, жалпы келіңдер.
4. Көптік жалғау дербес сөз бен көмекші сөз тіркесіп келгенде көмекші сөзге жалғана береді: осы сияқты+лар, мына неме+лер, күші бар+лар т. б.
5. Көптік жалғау түбірден соң жалғанатынымен, кейде қажетіне орай түбір мен жұрнақтың көнеленген форма аралықтарында қолдануы ықтимал: бұзық+тар+ша, біз+дер+дей, аға +лар+ы+ндай, сен+дер+дікі, мұғалім+дер+дікі, солар+ дағы т. б.
2. 2. Тәуелдік жалғау
Ал тәуелдік категориясы - иеленуші үш жақтың біріне бір заттың меншікті екенін білдіретін тілдік құбылыс. Қазіргі тілімізде меншікті білдіретін категория мына секілді тәсілдер арқылы іске асады (тәуелдеу категориясы) : морфологиялық, синтаксистік және морфосинтаксистік. Синтаксистік, яғни аналитикалық тәсіл сөздердің тіркесінен біз, сіз ілік септігіндегі есімдіктер мен түбір күйінде тіркескен, яғни анықтауыш пен анықталушы мүшелер тізбегі арқылы жүзеге асқан амалдың түрі. Мысалы, біздің көше, сіздің аудан (сіздің аудан биыл өзгеріпті) .
Ал тек есімдік қана емес, басқа да сөз таптарының ілік септігінде келіп (анықтауыштың), анықталушы сөз тәуелдік жалғауда келсе, яғни әрі морфологиялық, әрі синтаксистік тісілдердің қабаттаса келуі аралас (морфосинтаксистік) тәсілге жатады: ауылдың малы, көлдің балығы т. б.
Морфологиялық тәсіл нәтижесінде жасалынатын тәуелдеу категориясы екі түрлі қосымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің) жалғауы арқылы туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz