Оралхан Бөкейдің Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оралхан Бөкейдің Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы

Орындаған: Пернебай М.А
Қабылдаған: Жукенова С.К

Көкшетау 2021 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
І-тарау.Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы ... ... .6
1.1. Еліктеуіш сөздер және олардың зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Атау керешығармасындағы еліктеу сөздердің мағыналары ... ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі - кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді
Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау - Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің Атау кере шығармасын талдауды негізгі нысана ретінде алып отырмыз.
Атау кере повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін, қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей Атау кереде жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол себептен, Оралхан Бөкейдің Атау кересі тілдік тұрғыдан біршама зерттеу еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние екендігін де айта кеткеніміз жөн.
Осының бәрін зерттеп-зерделеп, тіл білімінің саласына ендірудің маңызы зор болары анық деп білеміз.
Зерттеу жұмысында Оралхан Бөкейдің Атау кере повесіндегі әр түрлі тілдік амалдардың берілуі сөз болады. Ондағы метафоралар мен метонимиялар, бейвербалды амалдар мен фразеологизмдер арнайы тақырыптарға топтастырылып зерттеледі. Сонымен қатар, Оралхан Бөкейдің аталмыш туындысындағы экспрессивтік-эмоционалдық тілдік бірліктер талданады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы
2.Еліктеуіш сөздер және олардың зерттелуі
3.Атау керешығармасындағы еліктеу сөздердің мағыналары
Курстық жұмыстың құрылымы:Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе зерттеудің өзектілігін негіздейді, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; зерттеу объектісі мен пәні анықталады.

Негізгі бөлім
І-тарау.Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы
1.1. Еліктеуіш сөздер және олардың зерттелуі

Атау кереде мағыналары көмескілене бастаған, өздері қолданысқа аз түсетін сөздер де кездеседі. Олардың тілдік тұлғаларын, мағыналарын ашуды осы тарауда қарастыратын боламыз.
Мәселен, повесте жады сөзінің жұмсалып тұрған сыңайы ерекше көзге түседі: Осы жады сөзінің бойында көптеген түркі тілдеріне ортақ болып келетін тарихи-фонетикалық сөздер жатыр. Ол сыр қазақ тілінің тарихы үшін керек-ақ және қызғылықты да.
Жалпы түркі тілдерін өзара топтап, классификация жасау үшін фонетикалық принципке сүйеніп, оларды жіктеп ажырату барысында әдетте д мен з дыбыстарының қолданылу ерекшеліктері еске алынады: адақазақ (қазақша: айақ) яғни түркі тілдері д дыбысымен сөйлейтін тілдер және з дыбысымен сөйлейтін тілдер болып екіге бөлінеді. (бұл принцип бойынша қазақ тілі й дыбысымен сөйлейтін тілдердің қатарына жатады) Д дыбысымен айтылатын тілдердің тобына көне түрік тілі, көне ұйғыр тілі, қарағас, салар, тува тілдері жатады. З дыбысымен сөйлейтін тілдердің қатарына сары ұйғыр тілі, шор, хакас тілдері кіреді. Й дыбысын қолданатын тілдер - алтай тілі, қырғыз, құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт, қазақө, ноғай тілдері.
Оралхан Бөкей шығармасындағы жадылау деген сөздің семантикалық мағынасы адамның жанына сиқырды жазу немесе жаю деген ұғымды білдіретіні осыдан-ақ айқындалады.
Ас-тағам атауларына байланысты жалпы айтылатын сөздер. Атау кереде ауқат сөзі бірнеше жерде ұшырайды. Мәселен, Тайганың арасындағы ақ тауықтардың көбейіп кеткені сонша, адам ауқатынан асып, өз жұмыртқасын өзіне беретін.
Осы күнгі әдеби тіл тұрғысынан алып қарағанда, бұл тіркесті ыстық тамақ немесе ыстық тағам, ыстық ас деп алуға тура келетін тәрізді, бірақ мынадай бір екі түрлі себептерге байланысты бұл сөздің осы жерде өзіндік орны мен иінді себебі бар екендігі дау тудырмайды. Біріншіден, Қазақстанның оңтүстік өңірінде бұл сөз үнемі айтылады да, жиі қолданылады. Ол туралы С. Аманжолов былай дейді: ауқат: в литературном языке оно означает состояние, а здесь (яғни Оңтүстік Қазақстан облысында) тамақ, ас (пища, еда): Ауқат істеп отырамыз да. Екінші жағынан, бұл лексема туысқан түркі тілдерінде, әсіресе, Орта Азиядағы түркі халықтарының тілдерінде күнделікті қолданыла беретін узус сөз болып есептеледі. Мысалы, өзбек тілінде овқат:
1) пища, кушанье, еда;
2) кушать, есть, принимать пищу деген мағына береді.
Қарақалпақ тілінде де солай: ауқат. Хал-ахуалы жақсы, тұрмысы түзу, тамағы тоқ, бақуатты (дилы) тұратын адамды ауқатты адам дейтін сөз осыдан барып туындайды. Н. Д. Оңдасынов ауқат, ауқаттану, ауқатты, ауқаттылық сөздерін араб тілімен байланыстырып қарайды.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктерінде (1963, 1978 ж) еніп отырғандықтан, бұл сөзді диалектизм деп танығаннан гөрі профессионализм (кәсіби сөз) деп санағанымыз орынды болар деп ойлаймыз.
Әдеби тілде қолданылып жүрген сөз тұлғасының сәл де болса, өзгеріп, құбылып отыруы тіл дамуының басты бір көрсеткіштері болса керек. Сөздің түрі, грамматикалық формасы, түр-тұлғасы ауытқып, өзгермей тұрғанда, оның мағыналық статусы да өзгере қоймайды, семантикалық өрісі де кеңейтіле қоймайды. Осыдан барып, оның функциясы бір қалыпта тұрақтап қалады да, жиі қолданылу мүмкіншілігі артпайды. Сөз формасындағы әрбір өзгеріс сол сөз түбірінің жұмсалу ауқымын кеңейтеді, сонымен қатар, оның мағыналық ерекшеліктерін үстей түседі. Кез келген формант түбірге деривациялық аз да болса үлес қосып отырады. Мысалы, әдеби тілде баж ету (баж ете қалды, баж-бұж) деген тіркес бар, осыдан бажылдау (бажылдату, бажылдасу, бажылдатқызу, бажылдақ, бажылдауық) деген етістік сөздер жасалады. Атау кереде де осындай сөздер кездеседі. Мысалы, Мылтық үнінен әбден үйренген ат мыңқ еткен жоқ, тек қамшылар жақ қапталдағы шөптің арасынан ой-бай деп бажылдай атып тұрған маскүнемнің үнінен ғана көкбесті және жалт ете түскен.
Осы күнгі әдеби тілімізде, сонымен қатар, көркем әдебиет тілінде де қолданылып жүрген еліктеуіш сөздер, соның ішінде араб-парсы сөздері сан алуан, олар ыңғайына қарай әртүрлі жерде әңгіме болып та жүр. Мысалы, Р. Ғ. Сыздықтың еңбектерінде мұндай сөздер өз алдына бөлініп, жеке қарастырылады . Осы автордың сөзіне қарағанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің сөз байлығын байыта беру мәселесіне қатты көңіл бөлетін ғалымдардың бірі А. Құрманбаев былай деп жазған екен: Араб, фарсы һәм өзге тілдері білгенменен білімді болмайды. Бұл тілдер бізге һеш бір пайда келтірмейді. Біздің қазақлар бұл аз пайдалы тілдерді үйренуге уақытын өткізіп, еңбегін һеш қылғанша, онан да өзінің қазақ тілін һәм орысша тілді үйренуге уақыттарын өткізіп, еңбегін һеш қылса жарар еді, бұл тілдер бізге өзге тілдерден гөрі көбірек керекті болса керек-ті
Сонымен қатар, әдеби тілдің нормалану процесіне қатысы бар құбылыстардың ішінде жергілікті диалектілік ерекшеліктердің өзіндік үлесі бар екені анық.
Көркем әдебиет тілінің де, деп жазады Ербол Нүсіпбайұлы Жанпейісов, - сондай-ақ әдеби тілдің де негізгі материалы - халық тілі, халық тіл байлығының барлық қат-қабаты, сонымен бірге әдеби тілді байытатын ең негізгі фактор - көркем шығарма тілі, - деп зерттеуші ғалым өз пікірін түйіп айтады.
Әдеби тілімізде әлі қалыптасып үлгермеген, оның нормалық талап-тілектеріне жауап бере алмайтын, бірақ ауызекі тілдің қолданылу әсеріне байланысты қолданылу аясын өрістетіп, көркем әдебиет тілінде де кездесе беретін сөздер аз емес. Мысалы, осы сөз болып отырған тілде әдеби тілге сыйыса бермейтін диалектілік ерекшеліктер, тұрпайы сөздер, жаргондар, ауызекі тілдердің элементтері қолданылуы мүмкін деп ескертеді С. М. Исаев. Әрине, олар көркем шығармада өзінше өңделіп, түрленіп, орнын тауып, белгілі мақсатпен жұмсалады. Р. Ғ. Сыздық Халықтың ауызекі сөйлеу тілі - қазақ әдеби тілінің негізі және де қазақтың ауыз әдебиетінің тілі - қазақ әдеби тілінің басты арналарының бірі деген тоқтамды тұжырым жасайды .
Сонда, әдеби тіл халықтың қарапайым сөйлеу тілінің негізінде жасалып, көркем әдеби тілінен нәр алып отырады екен. Ол орайына қарай әдетте ауызекі тілдің элементтерінен де (әсіресе, мысалы, кәсіби сөздерді, әдеби тілде өзіндік баламасы жоқ басқа түрлер мен сөз орамдарын ) іске асырып, пайдаланып отырудан бас тарта қоймайды. Сонымен қатар, ол көркем әдебиет тілінде түзіліп, барынша шыңдалып, творчестволық ақыл-ой талабының елегінен өтіп, сүзіліп шыққан сөздерді де өз нормаларына бағындырып алып, толысып, байып, құнарланып құныққан, әрдайым дамып, өсіп-өркендеп отыру процесі осыны көздейді.
Халық тілінің байлығы - ұшан-теңіз. Оның барлығын біліп, меңгеру, алу әңгіменің шынын айтқанда, ешкімнің қолынан келе бермейді. Әр халықтың қандай болса да, жеке бір өкілі (сол халықтың ұлы) өз тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын еш уақытта жете біліп, түгел меңгеріп кете алмайды. Әр тілдің лексикалық байлығы - бойлай алмайтын телегей теңіз. Ол теңізде еркін жүзуге болады, бірақ оны шет-пұшпақтап қана, айнала жүріп, аз-аздап, бойлап меңгеру керек болады, түбегейлі, түгелдей билеп алу мүмкін емес.
Еліктеуіш сөздер, дәлірек айтқанда, араб-парсы сөздері түркі тілдерінің сөздік құрамына ерте кезден бастап ене бастаған. Олар ХІ ғасырда жазылған Құтты біліктің тілінен де, сол кезеңде дүниеге келген Қожа Ахмет Иассауидің де шығармаларынан да, ХІІ ғасырда туып, тараған Ахмет Йүгінекидің еңбектерінен де, т.б. тарихи туындалардың тілдерінен де табылады. Тек қана, Махмұд Қашқаридің сөздіктерінде ғана олар ұшыраспайды, өйткені, автор өз шығармасының тілі қалым-қауым көпшілік оқырманға барынша түсінікті болуы үшін бөгде сөздерді әдейі есепке алмаған. Автор өзі солай деп жазады: мен, бірақ, оқушалардың пайдалану мәселесін көздедім. Мен күнделікті қолдануда жүрген сөздерді бердім, қолданудан шығып кеткен сөздерді алмадым, - деп жазады.
Еліктеуіш сөздер әр тілге, көбінесе ауызекі сөйлеу тілі арқылы енеді. Жазба тіл, кітаби тіл арқылы кіруі де ғажап емес.
Қазақ тілі түркі тілдерінен бөлініп, өз алдына отау тігіп, жүзеге асырылғанда жалпы (немесе бір топ, бір аймақтың) түркі тілдерінен өз үлесін еңсере аударып алғанда, ол тілдердегі кірме сөздердің де белгілі бір бөлегін де, иемденіп кеткен болу керек. Бертінірек келгенде көрші-қолаң отырған туысқан тілдермен ауыс-түйіс жүргізіп, одан қайсы бір сөздерді алып та, өз сөздерін беріп те күн көрген. Осындай байланыс, қарым-қатынас негізінде халық тілінің кірме сөздер тобы жасалып, қалыптасқан. Ондай қор жұтаң емес, сүбелі де, сүйкімді. Көп сөздер қолтума дүние сияқты сіңісіп кетті. Жоғарыда айтылып екткендей, әдеби тілге де барынша бойлап, ен жайлап келеді.
Еліктеуіш сөздер халық тілінің сан-салалы, қат-қабат өмірін түгел қамтиды десек те болады. Олар жұмсалмайтын сала шамалы-ақ, кездеспейтін аясы өте тар. Еліктеуіш сөздердің семантикалық аясы өте кең, стильдік мүмкіншіліктері мол, икемділік қасиеттері - жетерлік. Олар тілге сыналап кіріп, сынаптай сырғиды, көзін тауып, иінін келтіріп, тастай батады, судай сіңеді. Сондықтан да, олар тілден тілге көшіп жүреді, әр тілдің сөздік қорынан өзіне ғана тән орнын (нишасын) таба біледі. Сонысымен қажет те, қастерлі де.
Семантикалық мағынасына қарай ең көп тараған сөздер, бұл адам өмірінің рухани тұрмысын білдіретін, көбінесе абстракциялық ұғымды білдіретін лексемалар болып келеді. Енді біз Атау кереде кездесетін солардың біраз түрін мысалға келтіріп көрейік:
Шариғат. Араб тілінен аударғанда, бұл сөз заң ,діни заңдар жинағы, шариат деген мағынаны білдіреді. Құранда көрсетілген жалпы ережелер негізінде жасалған құқықтық және діни-рәсімдік қағидалардың жиынтығы, оның әдет заңдарынан ерекшелігі де осында. 7 және 12 ғасырларда мұсылман діні негізінде дінге табыну институттары шариғат пайда болды. Атау кередегі бұл діни мағынадағы кірме сөз Нүрке кемпірдің діндарлығын көрсету мақсатында қолданылған:
Мен сол күннен бастап бес уақ намаз оқып, шариғаттың шәлісін жамылдым (Атау кере)
Бұл жердегі тағы бір ерекшелік автордың шариғаттың шәлісін жамылдым деген жаңа бір фразеологиялық тіркес жасауы. Бұл жердегі шәлі шариғат заңдарын бұлжытпай ұстағандықтың белгісі ретінде қызмет етіп тұр.
Діни ұғымды білдіретін тағы бір сөз намаз сөзі. Намаздың араб тілінде салат деп аталатынын ескерсек, бұл лексеманың парсы тілінен ауысып келуі кәдік. Мұсылмандардың бес парызының бірі, күнделікті орындап отырады. Ұлты орыс Нүрке кемпір де күнделікті бес уақыт намазын қаза қылмай орындайды. Атау кереде бұл сөз кемпірдің келініне айтқан кеңестерінен көрініс табады:
Иә, ол кісі бетімдегі жараны да жазып еді, сондықтан да есімнен, бес уақыт намазымнан қалдырмай атап отыратынмын
Атау кередегі тәубе сөзі өз ісіне өкініп кешірім сұрау, құдайдан дұға тілеп жалбарыну
Ол әлі тәубесінен жаңыла қойған жоқ-тын (Атау кере)
Тәспиық Құдайдың есімдерін ауызға алып мадақтау. Екінші мағынасында қолмен санап тартуға арналған 99 моншақ [ Рустемов Л. Казахско-русский толковый словарь. Арабско-иранских заимствованных слов. - Алматы, Мектеп, 1989, 256]. Атау кереде тәспиық сөзі екінші қолданыстағы мағынасында жұмсалған .
Нүрке кемпір басын көтеріп, тәспиығын санап күбірлеп отырған.
Аспанды сыналай ұшқан тырналар тәспиығы да бұрынғыдай сабылыспай, саябырлап, үйрек-қаздың да үні бәсеңси бастаған (Атау кере)
Ғарасат мұсылмандардың ана дүниеге барғаннан кейінгі болатын үлкен тағдыр алаңы. Құдай тағаланың адамдардан дүниеде істеген істері үшін жауап алатын күні. Ғарасат майданында адамдар қорқыныштан тығыларға жер таппай қалады деп айтылатындықтан, ғарасат деген сөз көбінесе қорқынышты ұғымдарды білдіруге жұмсалады.
Қанаттары қайырылып, тіршіліктен айрылғанша, мәңгілік қозғалысын толастатпайтын аралар ғарасат майданын кешуде (Атау кере)
Сонымен қатар, жеке авторлық қолданыстағы сөздердің қатарында шарбағын сындырып деген дерексіз мағынаға ауысқан, сондықтан тұрақты тіркеске айналған абстрактілі мағынадағы грамматикалық құрылым бар, шарбақ сөзі де араб тілінен енген кірме сөз. Бұл сөз чар: төрт және бағ: бақ деген қос сөздің бір-біріне жалғануы арқылы жасалған. Демек, шарбақ атау үлкен бау-бақтың атауын білдіреді.
Араб тілінен енген бұл айтылғандардан басқа әзәзіл (Адамға басимей, Алланың қаһарына ұшырап, лағнет қамытын мойнына ілген, қарғыс таңбасы маңдайына басылған дұшпан. Адамның жауы, оны тура жолдан тайдырушы), әдет (халықтың қаншама ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінде қалыптасқан қағиадалары, дағдылары), дәрет (негізгі түбірі таһарат, бірақ айтылу заңдылығына сәйкес дәрет деп аталып кеткен. Намаз алдындағы және басқа кездерде белгілі бір ереже бойынша жуынып-шайыну) сөздері кездеседі. Оралхан Бөкейдің кірме сөздерді қолданудағы бір қателігі, әдет және ғадет деген жарыспалы дублеттерді жазушы Атау кересінде қатар қолданып отырады. Себебі, ғәйн дыбысы араб тіліндегі тұлғасында ғана осылай айтылады, осылай жазылады. Өзеннің арғы бетіне қаншама көз талдырып қараса да, ақ боз атты Қызды көре алмай, қоңыр күздің соңғы күнін аңдығандай, жылдың дәл осы уағында нұр бейнесін жалт еткізіп бір көрсетіп кетер әдетін бұзғанына налып отыр еді; азапты ойдан әуелеп ұшқан вертолет үні құтқарған
Біздің кейіпкеріміздің көп замандастарында бола бермейтін қасиеті дейміз бе, ерекшелігі дейміз бе, әйтеуір, өз жұлын-жүйкесін жұқартпас тағы да бір тамаша ғадеті бар еді. Болған дүрдараздықты пышақ кескендей тез ұмытып, басын ауыртып тереңдеп ойламайтын (Атау кере)
Бұлардың фонетикалық сипаттары туралы аз-кем айта кетсек: ғәйн дыбысынан басталатын араб тілінен ауысқан сөздер қазақ тілінде көбінесе дерлік ғ дыбысы арқылы немесе соған жақын дыбыстар арқылы айтылып жазылады. Ғ-дан басталатын қазақтың төл сөздері өте сирек кездеседі. Мұндай сөздердің барлығы дерлік қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінің элементтері болғандықтан, ғ дыбысының өзін кірме сөздер көрсеткіші деп санауға негіз бар секілді. Қазақ тіліндегі ғ дыбысын айтқанда көмейде едәуір күшті діріл вибрация пайда болады. Мұның себебі ғ-ны айтқанда артикуляциялық органдар - тілдің артқы шегі таңдайдың жағына тым жуысып жанасып тұрады. Мәселен, мынадай сөздердің арабша және қазақша айтылуына назар аударып көрейік: ғәзәл-ғазел (лирикалық сарындағы өлең), ғәйбәт-ғайбат, ғәйб-ғайып болу, ғафел-ғапыл қалу .
Бұл келтірілген мысалдардан қарап отырып, қазақ тілінде еліктеуіш сөздердің өзінің қолданылу заңдылықтары бар екендігін аңғарамыз. Сондықтан, көркем әдебиет тіліндегі кірме сөздердің сол заңдылықтарға сәйкес жазылуы қажет.

1.2. Атау керешығармасындағы еліктеу сөздердің мағыналары

Көркем әдебиет деген ұғым, ең алдымен, образды сөз, еліктеуіш сөз деген ұғымға келіп тіреледі. Сол себепті де ол - сөздің патшасы, сөз сарасы. Түр мен мазмұны бірлесе келіп, көркем әдебиетті туғызады. Түр мен мазмұнның бірлігінен көркем әдебиеттің шынайы табиғаты, бүкіл болмысы жасалады.
Ал, түрдің өзінің көріну тәсілдері, жүзеге асу жолдары, өмір сүру заңдылықтары болады. Сол түрдің көріну тәсілдерінің бірі - теңеу категориясы. Теңеу категориясы - бүкіл бейнелек, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің бәрі де өз бастауын теңеулерден алады. Сондықтан болса керек, белгілі бір ұлттық әдебиеттің бейнелеу, көркемдеу жүйесі оның көркемдік ойлауының ұлттық ерекшелігі бүкіл бедерімен, күллі бояуымен теңеу категриясынан анық айқын көрініп тұрады.
Теңеу - көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүние танымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категорияның бірі.
Сонымен теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екніші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтететін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік, әрі таным құралы
Теңеудің сипаттамасын берудегі себебіміз, Оралхан Бөкейдің Атау кересінде теңеу мәнінде келетін еліктеуіш сөздерге жиі ұшырайды. Оралхан Бөкейдің көркем сөздің бар қасиетін сарқа пайдаланатын қаламгерлік қыры теңеу сөздерді қолданғандығынан да көрінеді. Мәселен, Оралханның тау табиғатын суреттейтін мына бір сөйлеміндегі теңеулерге назар аударып көрейік:
Түнге қалсаң, тау арасындағы шөп көмкеріп тастаған жалғыз аяқ соқпақтан адасып, соқыраңдап сорың қайнайды, тек - астыңдағы атыңның жершілдігіне сенер едің. Шашты деп аталар асудың үстінде шыққанда, мұқым ойпат: сонау Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол.(Атау кере)
Осында күміс шашбауындай, түймедей, құр жіптей деген үш жерде кездесетін теңеу ұласпалы табиғат көріністерін әр түрлі затқа теңеп көрсету қызметін атқарып тұр.
Мұнда балауға негіз болып отырған шашбаудың заттық белгілері Бұқтырма өзенінің белгілері болып кеткен. Түйменің белгілері болса ауылдың келбетін салыстыруға жұмсалған, ал жолдың бейнесі құр жіптей деп мүлдем кішірейтіле көрсетіледі. Теңеудің теориялық негізіне салатын болсақ, бұлардың толымды теңеулер болып саналатынын байқаймыз. Толымды теңеу деген ұғымды ғылымға алғаш енгізген - орыс ғалымы В. В. Томашевский. Оның ойынша, толымды теңеу болу үшін, теңеулік құрылымның үш элементі де (зат, образ, белгі) түгелдей болуы қажет. Біз Атау кереде кездесетін теңеулерді құрылымдарына қарай толымды, толымсыз деп сұрыптағанда, В. В. Томашевскийдің осы пікірін басшылыққа алатын боламыз. Оған Атау кереден басқа да мысалдар келтірейік:
Тіпті сол сылаңдаған сұлулықты әдібін ашып түсіне де қоймапты; жоқ іздегендей қанағатсыз көңілмен ұзақ қарап тұрды да, аспанмен таласқан заңғар асуды бауыздай бауырлап кетер қолдың тамырындай сан ирек, сан тарау соқпақты қуалап құлдай бастаған; құлдаған сайын, жайлаудың әлгіндегі жаныңды жаннатқа бастап аймалаған салқын самалы биікте қалып, тамыздың таңдай кептірер аптабы алдынан анталай ұмтылды.
Осынау апшысы қуырылған монданақтай жер шарының әлі де болса кеуде кере кең тыныстар, алаңсыз аяқ көсілер көрікті бір пұшпағы аман сақталғанына тәубе айтар едің. Бірақ көзіңді қытықтар мұндай мақпал көрініс барған сайын барған сайын базары тарқап, келмеске кетіп бара жатқанын осы отырғандар ойлаған емес (Атау кере)
Мұхиттың арғы бетінен даңғарадай магнитафон алып өтетін пысық жігіттерге сіріңкенің қорабына салған шыбын бұйым ғұрлы ма екен.
Ол етектеген сайын, өрмекшінің торындай көзге көріне шымырлап қайнап тұрған ыстық леп ындынын қаңсыта бастаған; ат тұяғы тиген сәтте сырт-сырт етіп ыршып түсер шегірткенің миыңды тербеп зәрезап қылар шырылы құлақ тұндырады; ойдың шөбі пісіп қалған - мұрынға ерменнің кермек иісі келеді, ал басы сарғайыңқы тартып, қаулап өскен ақ ерменді кешіп өткеніңде, басынан тозаңы ұшып, тиген жерін сап-сары ала тоңғақтап тастайды.
Бұл сөйлемде қолдың тамырындай сан ирек, сан тарау соқпақ, монданақтай жер шары, даңғарадай магнитофон, өрмекшінің торындай деген теңеу сөздер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы
Оралхан Бөкейдің монологтары
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі
Атау кере шығармасын талдау
Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ АТАУ КЕРЕ ШЫҒАРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ДАЙЫНДАУ
Оралхан Бөкей шығармашылығы
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.)
Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Пәндер