Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Күрделі мекен пысықтауыш
Орындаған:
Қабылдаған:
2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау.Күрделі сөйлем мүшелерінің ғылыми-теориялық сипаты ... ... ... 5
1.1.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі ... ... ... ... ... ...12
ІІ-тарау.Күрделі мекен пысықтауыш ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1.Пысықтауыштың мағыналық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2.Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің амалын көрсететін сөз -- баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады. Бұлар баяндауышты қалай пысықтайды? Әуелі баяндауыш көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші, орнын айтып, үшінші, сынын, сыйқын айтып, төртінші, себебін айтып, бесінші, мақсатын айтып пысықтайды. Сондықтан пысықтауыш сөздердің өзі бес топқа бөлінеді.
Жана да әр тобы өзінің пысықтау мәнісіне қарай: Мезгіл пысықтауыш; Мекен пысықтауыш; Сын пысықтауыш; Себеп пысықтауыш; Мақсат пысықтауыш деп аталады. Амалдың мезгілін мекенін, сынын, себебін, мақсатын көрсету бұл пысықтауыш сөздердің ішкі белгілері, бұлардан басқа тысқы белгілері де бар. Әр пысықтауыш сөздің өз алдына жауап беретін сұраулары бар. Олар тысқы белгісі болады. Қай пысықтауыш екенін ішкі, тысқы белгілерімен тауып аламыз.
Бұл жұмыстың мақсаты: Күрделі мекен пысықтауышты анықтау
Пысықтауыш іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын, амалын білдіруіне қарай өз ішінен мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, амал пысықтауыш деп бірнеше мағыналық топтарға жіктеледі. Мекен пысықтауыш іс-әрекеттің қайда болғанын, қайдан басталғанын білдіретін пысықтауыштың мағыналық түрлерінің бірі. Мәселен, Аулада бір топ балалар ойнап жүр. Балалар қайда ойнап жүр? ( - аулада ойнап жүр). Әсет университеттен шығысымен үйіне қарай тартты. Әсет университеттен шығысымен қайда кетті? (- үйіне қарай кетті).
Зерттеу объектісі: Пысықтауыштың мағыналық түрлерін талдау
Зерттеу міндеттері:
1.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
2.Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі.
3.Күрделі мекен пысықтауыш
4.Пысықтауыштың мағыналық түрлері
5.Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе зерттеудің өзектілігін негіздейді, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; зерттеу объектісі мен пәні анықталады.
І-тарау.Күрделі сөйлем мүшелерінің ғылыми-теориялық сипаты
1.1.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері түрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, максаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ак түр- түс, сын-сапа жағынан толыктырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып түрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге багынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толыктауыш пен пысыктауыш үнемі баяндауышка тәуелді болса,ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады. [1]
Жалпы қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әркайсысы арнайы зерттеу обьектісі ретінде қаралып келді. Көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды.
Біркатар ғалымдар тұрлаусыз мүшелерді нысанға алып, өз еңбектерінде карастырып отырды. Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбегінде: толықтауыш пен анықтауышқа гана көңіл бөледі де, пысықтауышты мүлде елеусіз қалдырады. Ғалым И.Я.Батманов "Краткое введение в изучение языка" деген еңбегінде пысықтауышты толықтауыш аясында бёрсе,
Ахмет Байтұрсынұлы пысыктауышты анықтауыштың ішінара түрлері етіп көрсетеді . М. Балқаев пен Сауранбаев тf сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөліп, тұрлаусыз мүшелерді үшке бөkді.
Қазак тілінде тұрлаусыз мүшелер жайында көптеген еңбектердің жарыкка шығуына сәйкес қазак галымдарының үлесі зор деп айтуға болады. Сөйлем мүшелеріне ғылыми талдау жасаган ғалымдардың ішінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Х.Басымов,
Бэйтенов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, М.Томанов, Р.Әмір, Т.Сайрамбаевтар кұнды пікір білдірді. Олардын кейбіреулері сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне назар аударса, басқа ғалымдар олардың жасалу жағына басым көңіл бөлген.
Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты казак тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А.Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. Yenлы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, эр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, кай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазак тіл білімінде шоқтыгы биік тұратын А.Байтұрсыновтын мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді (14,282). Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға Айқындауыш деген жалпы атау береді. "Қазак тілі жөніндегі зерттеулер" атты еңбегінде: "Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар магынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар",- дей отырып (31,211), тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толыктауыш, жалғаусыз аныктауыш деп екіге бөледі. Ал пысыктауышты ескермейді. Олардың бүлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: "Біз мағынасына қарай айкындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың эрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайык түрде сатылы топтастыру болып отыр" (31,205). Бұл жерде Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалык принципті басшылыққа алады. [2]
Отызыншы жылдары С.Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен "Қазак тілі ғылыми синтаксисінің кыскаша курсы" деген еңбегі жарыкка шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жагына ғана емес, олардың калыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді аньщтауыш деп атайды. Бір ғана аныктауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысыктауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысыктауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы жэне одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынган мүшелермен жалгастыргандығын көруге болады ( 14 ,80).
Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне катысты С.Жиенбаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев сынды ғалымдарымыз 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мэселелерімен қатар, эдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш.Сарыбаев "Халық мұғалімі" журналында жарык көрген "пысыктауыш пен пысықтауыш мэселесіне" деген макаласында: "Біздің кейбір грамматикалык терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толыктауыш болып жүрген жэне талассыз пысыктауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толыктауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрган септік жалғауларының атымен барыстык мүше, шыгыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз",- дейді. Ш.Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде біркатар галымдар Карсы шықкан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері колайсыз әрі шұбалаңқы жэне мағынаны нак, дәл бере алмайды.
М.Балақаев "Қазіргі казак тілінің" синтаксистік окулығында: "Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену аркылы сөйлем кұраудың материалы болады да, бастауыштык-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) катынаста жұмсалады",- деп нақты көрсетеді7
Сондай-ак тұрлаусыз мүшелер жайлы профессор М.Томанов 1967 жылғы академиялық грамматикада жазды ( 62,95). Алайда олар өте ыкшам, кыска берілген. Р.Әмір "Жай сөйлем синтаксисі" еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін аныктауыш, толыктауыш, пысықтауыш деп саралап, әркайсысының сүрауларын, ережелерін, магыналык жэнОе кұрамдық түрлерін береді (10,36). Сөз етіп отырған тақырыпта М.Сергалиев Ш.Бектүровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз козғаса, О.Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бүл мәселе М.Серғалиев, А.Айғабылов,
О.Күлкеновалардың журналистика факультеттеріне арналған "Қазіргі казак тілі" окулығында да (1991) сөз болды.
Түрлаусыз мүшелер, олардың теориялык мэселелері бойынша Т.Сайрамбаев біраз еңбектенді. Автор "Есім пысықтауыш", "Сөйлем мүшелерінің теориялык мэселелері" бағдарламасында, Р.Өмірбековамен бірігіп жазған "Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары" деген зерттеулерінде сөйлемнің түрлаусыз мүшелері, оларға қатысты түрлі мәселелерді айта келіп, олардың жасалуын бірнеше топка бөліп көрсетеді ( 49,7).
Әр түрлаусыз мүшені, оның түрлерін жеке өз алдына дербес карау енді колға алына бастады. Оған З.Күзекованың "Қазіргі қазак тіліндегі мезгіл пысықтауыш".Г.Есжанованың "Қазіргі казақ тіліндегі тура толықтауыш", Г.Жылкыбаеваның "Қазіргі казак тіліндегі етістік пысықтауыш", Ж.Көпбаеваның "Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер пысықтауыш" т.б. диссертациялык жұмыстарды атауға болады.
В.Виноградов, В.М:Никитин, И.И.Мещанинов жэне тағы басқа көптеген ғалым-тілшілер зор үлестерін косты. Алайда сөйлемнің түрлаусыз мүшелері жөніндегі түсінік түрлі лингвистикалық мектеп өкілдерінде бірдей болмады. Сөйлемнің түрлаусыз мүшелерін бөлуде қандай принциптерді негізге алатындығы аныктаЛмады, ягни көзқарастар әр түрлі болды. Орыс тіл білімі синтаксисінде жүздеген жылдар бойы түрлаусыз сөйлем мүшелерін үш түрлі анықтауыш, толықтауыш, пысыктауыш деп бөлу жүзеге асырылып келді. Бірак осы үш түрлі мүше төңірегінде қаншама дау-дамай болды. Ал пысықталушы сөздер, кимылдың белгісін білдіретіндері жартылай аныктауышка, жартьшай толыктауышқа катысты болды.
Ф.И.Буслаев тұрлаусыз мүшелерді екі түрлі көзкараста, яғни синтаксистік қолданысына карай жэне мағынасына карай қарастырды. Синтаксистік колданысқа карай аныкталатын топ тұрлаусыз мүшелер мен тұрлаусыз мүшелердің байланысу жолдарына тәуелді болды. Ал мағына бойынша аныкталатын топ сұрақтарға байланысты болды ( 18,29).
Сауранбаев мағынасы бойынша классификациялыу әдісіне үзілді-кесілді карсы шыға отырып, тұрлаусыз мүшелердің үш түрлі атауынан бас тартпады. Қайта оларды формальды-грамматикалык негізге әкеп тіреді.
М. Балақаев өз еңбегінде бастауыш пен баяндауыш грамматикалык сөйлемді білдіреді, ал аныктауыш, пысыктауыш, толыктауыш семантикалык сөйлем кұру үшін қажет деп түсіндіреді. [3]
Тұрлаусыз мүшелер жөніндегі мәселелер бойынша А.А.Шахматов та кезінде еңбек етті. Ол сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің дәстүрлі классификациясын қабылдай отырып, классификацияның басты критериі етіп тұрлаусыз мүшелерді алады. "Синтаксистік катынастардағы сөз тіркестерінің ішкі мағыналарын білдіруші етіп тұрлаусыз мүшені негізге алу керек ( 67 ,274), -- деп түжырымдайды. А.А:Шахматовтан кейін түрлаусыз мүшелер жайында журналдарга макалалар көптеп жариялана бастады. Олардың ішінен неғұрлым орынды пікір білдірген Р.И.Аванесовтың, А.Б:Шапироның, С.И.Абакумовтың мақалаларын айырықша атауға болады. Кейіннен бүл мәселе М.И.Мещанинов,
М. Балақаев пен Сауранбаевтың т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды.
Сонымен сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелері тіл мэдениеті, әдеби тілдің дамуы, калыптасуымен тығыз байланысты. Олар көптеген тарихи оқигалармен бірге дамып, біздің заманымызға жетті. Бүгінгі таңда тіл галымдарының көпшілігі бұл мәселеге зор маңыз беріп отыргандығы байқалады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің кейбіреуі, олардың ішінара түрлері әлі де болса зерттей түсуді кажет етеді
Пысықтауыш. Пысыктауыш сөйлемдегі қимыл-эрекеттің жүзеге асуының мезгілін, орнын, сапасын, мақсатын, себебін, мөлшерін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде пысықтауыштың қалыптаскан бес түрі бар. Осыған Ж.Көпбаева алтыншы етіп, мөлшер пысықтауыш деген түрін косады. М.Томанов 1967 жылғы академиялык грамматикада мөлшер пысықтауышқа шағын сипаттама берген,. О.Төлегенов, Ә.Хасенов, Ш.Бектаевалар да бұл терминдерді колданған. Бірак пысыктауыштың алтыншы түрі ретінде жан- жакты зерделей, баска тілдердегі пысыктауыштын түрлерімен салыстыра отырып, зерттеген -Ж.Көпбаева( 34,123).
Мезгіл пысықтауыш деп іс-әрекеттін орындалган мерзімін, уакытын білдіретін мүшені айтады. Арада бір-екі ай өтіп, жиын-терін болган иіақта Ерғабыл қояр да коймай жүріп, макта теруден жинаған акшасына мотоцикл сатып алды (Д.Исабеков). [4]
Мекен пысықтауыш орындалған амал-әрекеттің орнын, мекенін көрсетеді. Ушаковтың үйінде Байжан бір жеті жатты (Ғ.Мүсірепов).
Қимыл-сын (амал) пысықтауыш қимылдың іске асуының сынын, сапасын білдіреді. Осылай сапарға шығарда екі түн кітапхана куысында жарқанатша бұғынып отырып, біраз көне кітап оқыған (Д.Досжанов).
Себеп пысықтауыш жай-күйдің, іс-кимылдың себебін баяндайды. Жаппар қатты ұялгандықтан есіктің алдында кібіртіктеп калды (Жас Қазак).
Мақсат пысықтауыш деп эрекет, істің орындалуының максатын білдіреді. Тілеу орнынан түрайын деп бір-екі үмтылып еді, тұра алмады (Ә.Кекілбаев).
Молшер пысықтауыш іс-кимылдың немесе кимыл уакытынын мөлшерін, сандык, баға, салмак дәрежесін, істің істелу каркынының өлшемін білдіреді. Қойшы жыл он екі ай қой соңында сүйретіліп жүрсе де, онын таоан акы, маңдай тері іске аспайтын (Қаз.әдеб.).
Құрамына карай дара, күрделі болып бөлінеді.
Дара пысықтауыш. Үстіндегі көйлегінің де етек-жені кең ойылыптЫ (Қ.Нұрғалиев). [5]
Күрделі пысықтауыш. Кенет көк тұйғын әлденеден секем алғанД[аИ]' тогай жаққа қарап, бір-екірет үрді "Қ.Жұмаділов).
1.2.Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Тұрлаусыз мүшелер ішінен сөйлемнің формалдық құрылымын жайылмаландыруда, сол арқылы оның жалпы семантикасын кеңейту де алдыңғы орында тұратын толықтауыштан кейінгі мүше - пысықтауыш. Бұл сөйлем мүшесінің сөйлем құрамында жиі қолданылуы оның мағыналық жағынан алуан түрлі болуымен байланысты. А. Байтұрсынов: Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде нəрсенің амалын көрсететін сөз - баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады, - дей келіп, ғалым пысықтауыштың бес түрін (мезгіл, мекен, сын, себеп, мақсат) атап көрсетеді.Міне осы бес түрлі пысықтауыш қазірге дейінгі қазақ грамматикаларында аталып келеді жəне осы түрде арнайы зерттеу нысандарына да айналған. [6]
Осындай зерттеулердің нəтижесінде күрделі пысықтауыштардың басқа тұрлаусыз мүшелерге ұқсас жақтары мен олардан ерекшелендіретін белгілері нақты айқындалған. Ондай ерекшеліктерді жинастыра келе былай жіктеп көрсетуге болады:
* күрделі пысықтауыштың қызметтік жағынан анықтауышқа ұқсастығы бар: пысықтауыш мүше қимыл-əрекеттің белгісін, орындалу сапасын білдірсе, анықтауыш заттың əр алуан сапасын, меншіктілік-тəндік қатынаста болуын білдіреді;
* күрделі пысықтауыштың толықтауышпен формалық жағынан ғана (барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келуі, етістікке меңгерілуі) ұқсастығы болмаса, мағыналық жағынан əр басқа;
* күрделі пысықтауыш та басқа тұрлаусыз мүшелер тəрізді сөйлемді жайылмаландырушы мүше болып табылады;
* күрделі пысықтауыш үнемі етістік баяндауышқа немесе етістіктен болған сөз таптарына қатысты болады;
* күрделі пысықтауыш қызметінде үстеулер, үстеу мəндес есімдер, сапалық есімдер жəне мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі зат есімдер жұмсалады.
Ғалымдардың көрсетуінше, күрделі пысықтауыштың сөйлемді жайылмаландырудағы толықтауыш пен анықтауыш мүшелерден басты ерекшелігі оның детерминанттық қызметте жиі қолданылуы болып табылады.
Нақтырақ айтқанда, олардың сөйлемде берілетін хабарды мағыналық-мазмұндық жағынан жайылмаландыруға бейім келетіні. Мұның өзі - берілетін хабардың мағынасы баяншының еркіне сай субъективтік көзқараспен толықтырылады деген сөз.
Əдетте, күрделі пысықтауыштар етістік баяндауыштардың алдынан тіркесіп, солармен грамматикалық та, мағыналық қатынаста болады. Бұлай тіркесу хабардың ерекшелігіне қарай əр түрлі ыңғайда болады [3, 43]. Мысалы, [7]басқа тұрлаусыз мүшелермен қабаттаспай, сөйлемнің предикативтік құрылымына тек бір немесе бірнеше пысықтауыш мүше қатысады жəне олар бірде сөйлемнің тема бөлігінде болса, бірде рема бөлігінде, ал кейде екеуі бірдей рема бөлігінде бола береді. Күрделі пысықтауыштың бұл қасиеті, əрине, баяншының танымдық ерекшелігі белгілеген хабардың мазмұнына байланысты болады. Мысалы:
1. Мұнара уəделі уақытта бітті (Ж.Д.).
2.Үшеуі де үнсіз отырып қалды (Ж.Д.).
3. Біз хал-жағдайыңызды білгелі келдік (С.Мұқ.).
4. Дастархан басында жалғыз өзі қалыпты (Р.М.). Осы төрт сөйлемнің ішінде бір-бірден пысықтауыш мүше бар. Алғашқы сөйлемдегі пысықтауыш (уəделі) мезгілдік мағынаны, келесі сөйлемдегі пысықтауыш (үнсіз) амалдық мағынаны, үшінші сөйлемдегі пысықтауыш (көмекші боп) себептік мағынаны, соңғы сөйлемдегі пысықтауыш (дастархан басында) мекендік мағынаны білдіреді.
Құрылымдық жағынан алғанда сөйлемнің барлығы да бастауыш пен баяндауыштың қатынасынан тұратын, пысықтауыш мүшесіз де сөйлемдік дəрежедегі сөйлемдер (Мұнара бітті. Үшеуі де отырып қалды. Жалғыз өзі қалыпты. (Мен) келдім.). Алайда, пысықтауыш мүшелердің қай-қайсысының да хабардың мағыналық құрылымы үшін аса қажеттігі байқалады. Бұл қажеттілік, негізінен, баяндауыштың мағынасынан туындайды. Мысалы, біту етістігі қандай да бір атқарылған іс-əрекетке қатысты айтылады, соның аяқталғанын білдіреді. Ал істің орындалуы қандай да бір уақыт шегінде өтеді. Сөйлеуші немесе баяншы алдына мұнараның жай ғана біткенін, яғни, іс-əрекеттің орындалғанын ғана емес, оның келісілген уақыт ішінде біткенін жеткізу мақсатын қойған. Сондықтан, сөйлем ішіндегі пысықтауыш əлсіз де болса баяндауышпен грамматикалық жағынан байланыса отырып (меңгеру), біріншіден, сөйлемнің рема бөлігінің құрылымын кеңейтуге (уəделі уақытта бітті), екіншіден, сол арқылы сөйлемнің мағыналық жағынан жайылмалануына септігін тигізіп тұр. Хабарды қабылдаушы да осы арқылы толық мəлімет алады. Егер сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасына ғана құрылған болса, қабылдаушыда қашан? деген сұрақтың туындары əбден мүмкін болар еді де, баяншы оған жауап беруге тура келер еді, тағы бір сөйлем құрастырылар еді. Баяншы осыны ескере отырып, қабылдаушыда күмəн, сұрақ туғызырлық жағдай туындамас үшін сөйлем құрамына мезгілдік мағынадағы сөзді енгізуді дұрыс деп табады. [8]
Сондай-ақ, екінші сөйлемнің де мазмұны субъектілердің қимыл-əрекет қалпының қандай сипатта болғанын, яғни отырып қалу əрекетінің қалай болса, солай емес, үнсіз болғанын білдіру арқылы субъектінің психологиялық сипатын аңғартып тұр. Баяншы хабарының басты мақсаты да осы.
Үшінші сөйлемде мақсат пысықтауыштың (хал-жағдайыңызды білгелі) баяндауыш алдынан берілуі субъекті қимылының белгілі бір мақсатпен болғанын нақты көрсету талабынан туған. Егер бұл пысықтауыш болмаса, келу қимылының мақсаты анықталмас еді. Осы тұрлаусыз мүшенің баяндауышпен синтаксистік байланысқа түсуі (қабысу) баяндауыштың да, [9]сол арқылы сөйлемнің де мазмұндық жағынан жайылмалануына басты себеп болып тұр.
Бұл үш сөйлемдегі күрделі пысықтауыштардың рема құрамында болып, баяндауышпен тығыз байланыста болуы əрі екпінді қабылдауы оларды əмбебап мүшелер қызметінде болуға жағдай жасаған.
Соңғы сөйлемде баяншы субъектінің басқа субъектілерден ажырап жалғыз қалу орнын көрсету арқылы оқырманның психологиясына əсер етіп, оның себебін білуге ынтықтырады, қызықтырады. Егер сөйлемді бастауыш пен баяндауыштың ғана қатысынан құрылған түрде берсе (жалғыз өзі қалыпты), оқырман одан ештеме ұқпас еді. Ал мекен пысықтауыш (дастархан басында) қосылғаннан кейін, осыдан сəл бұрын дастархан басында бірнеше кісі болғанын, бірақ сəлден кейін қимыл иесінің жалғыз қалғанын біледі де, басқалардың неге кеткенін, мына кісінің неге жалғыз қалғанын білуге деген ынтасы пайда болады. Оқырман осы сұрағына жауап табу мақсатында мəтінді одан ары оқуға кіріседі.
Əдетте, ғалымдардетерминант қызметіндегі мүшелер, соның ішінде, əсіресе пысықтауыштан болған мүшелер хабардың темасы болатын орынды иеленеді деп есептейді [4, 112]. Бұл жерде де осы пікірдің қазақ тіліне жат емес екенін көруге болады. Себебі, бұл жердегі мекен пысықтауыш баяндауышқа тікелей қатысты болып тұрған жоқ. Оны мынадан байқауға болады: сөйлемді Дастархан басында қалыпты деп бастауышсыз құруға болмас еді де, оның есесіне Дастархан басында жалғыз өзі деген сөйлем түрінде де құруға əбден болар еді. Немесе Жалғыз өзі дастархан басында деп бас мүшелердің орнындарын ауыстыруға да болады. Өйткені, жатыс септігіндегі сөздің баяндауыш болуы - қазіргі тілімізде орныққан құбылыс. Сөйтіп, бұл пысықтауыштың детерминант мүше екендігінде дау жоқ.
Пысықтауыш мүшелер сөйлем ішінде бірнешеу болып та кездесе береді. Əрине, бұл да баяншы беретін хабар мазмұнына байланысты. мұндайда олардың біреуі, тіпті кейде екеуі де детерминант мүше қызметін атқарады. Сөйлем құрылымында бас мүшелерден басқа екі пысықтауыштың қатар келген түрін талдап көрейік:
1.Сол күні Əкбар ауық-ауық ұйқысырап шықты (Көз).
2. Қосөткелде Сəлиманың қызы екеуі қалай тату ойнаушы еді...(Б.Н.).
3. Қыр басында Шынаркүл əлі тұр екен (Д.Д.).
Кештетіп шаһарға жетті (Ж). Осы сөйлемдердің бəрінде де екі-екіден пысықтауыш бар. Олардың бірі сөйлемнің басында тема құрамында келсе, екіншілері рема құрамында баяндауышқа іргелес орналасып екпінге ие болған. Құрылымдық синтаксис өкілдері айтатындай, барлық сөйлем құрылымынан пысықтауыштарды шығарып тастағаннан сөйлемнің кіші құрылымына аса залал келе қоймайды.
Өйткені, бастауыш пен баяндауыш предикативтік қатынас құрап тұр деп есептеледі. Алайда, сөйлемнің мағыналық құрылымы, яғни коммуникативтік қызметі бұл тұрлаусыз пысықтауыш мүшелердің болуын қажет етеді. Дегенмен, олардың сөйлем ішіндегі басқа мүшелермен (баяндауышпен десе де болады) қатынасы жəне содан туатын сөйлем мағынасына əсері əр басқа болады. Мəселен, баяндауыштың алдындағы актуальданған пысықтауыштарға қарағанда, тема құрамындағы пысықтауыштардың екпіні əлсіз, сондықтан бұлар синтаксистік құрамға енбеуге бейім келеді. Сол себепті де ол мүшелерді баяндауышты емес, жалпы сөйлем семантикасын жайылмаландырып, сөйлемнің мағыналық құрылымы үшін маңызды міндет атқарып тұр деуге болады. [10] Сырттай қарағанда, осы пысықтауыштардың орындарын ауыстыруға болатын тəрізді жəне олардың жайылмаландырушы қызметтері де өзгеретін сияқты көрінеді. Бірақ, сөйлемдерді баяншының осылай құруының үлкен мəні бар. Мұнда ол сөздердің өзара жəне баяндауышпен мағыналық қатынастарын да, сол қатынастар арқылы қандай мазмұнды жеткізу қажеттігін де ескеріп отыр. Мысалы, алғашқы сөйлемде мезгіл жəне сынқимыл пысықтауыштар бар. Осы сөйлемнің темасы құрамындағы мезгіл пысықтауышты баяндауыштың алдына əкеліп, Əкбар ауық-ауық сол күні ұйқысырап шықты деп құруға болмас еді, өйткені баяншы беретін хабарда ұйқысырау əрекетінің əуелі мезгілі содан соң барып, сол мезгілге қатысты əрекеттің сипаты берілу мақсаты қойылған, екінші жағынан бұл пысықтауыштардың орнын ауыстыру сөйлем құрылымында да стильдік олқылық туғызатыны аңғарылады. Сол себепті баяндауыш əуелі мезгіл атауымен, содан кейін сипат атауымен байланысады. Осы кезде сипат атауы (ауықауық) рема құрамына енеді де, əрі баяндауышты, əрі сол арқылы сөйлем мағынасын жайылмаландырушы əмбебап мүшеге айналады.
Бұл сөйлемді Əкбар сол күні ауық-ауық ұйқысырап шықты күйінде де құруға болады. Бірақ, мезгіл атауы бəрібір тема құрамында қалады да, баяндауышпен алшақ байланысады. Осыған байланысты мезгіл пысықтауыш сөйлем мағынасы үшін детерминант мүше қызметінде қала береді.
Екінші сөйлемнің құрамына мекен пысықтауыш пен сын-қимыл күрделі пысықтауыш енген. Мұнда да мекен пысықтауыш сөйлемнің тема бөлігінде орналасқан, сондықтан детерминант мүше қызметінде. Ал пысықтауыш қызметіндегі сын есім қимылдың сипатын білдіретіндіктен, баяндауышпен қабыса байланысып, екпінге ие болу арқылы əмбебап мүшеге айналған. Бұл екеуінің де орнын ауыстыруға болмайды. Мекен пысықтауышты баяндауышқа жақын орналастыру поэзияда болмаса, прозада тіпті мүмкін емес (Сəлиманың қызы екеуі қалай тату Қосөткелде ойнаушы еді...).
Үшінші сөйлемдегі мезгіл пысықтауышты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz