Етістікті сөз тіркесінің байланысуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі

Орындаған:
Қабылдаған:

2021 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1.Сөз тіркесі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3.Сөз тіркестерін топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1.Етістікті сөз тіркесінің байланысуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...18
2.3.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің көркем шығармада қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қабысуда бағыныңқы мен басыңқы мүшелер бір- бірімен ешбір қосымшасыз келіп байланысады. Қабысуға изафет- тің І жəне ІІ түрлері жəне ешбір қосымшасыз келіп байланысқан барлық сөздер, сол сияқты септік жалғаулары түсіріліп отыратын сөздер де осыған енеді.
Қазақ тіл білімінде қабысу мен жанасу екеуі көп уақытқа дейін екі түрлі байланысу формасы ретінде қарастырылып келді. Сонда жанасу ешбір қосымшасыз келген сөздердің басыңқымен алшақ жəне қабат тұрып, ал қабысу ешбір қосымшасыз сөздердің басыңқымен қабат тұрып байланысуы тұрғысынан зерттелді. Бірақ мұндай қосымшасыз түрде келген сөздердің басыңқымен байланысы ғылыми тұрғыдан басқаша қарала бастады. Сондық- тан профессор М. Балақаев кейінгі еңбектерінде жанасуды қабы- судың бір түрі деп тауып, оны өз алдына қарастырмайды. Бірақ осы негізде мектеп грамматикаларында əлі күнге дейін жанасу өз алдына беріліп жүргені белгілі.
Бұл жұмыстың мақсаты: Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерін анықтау.
Ендеше, қабысу деп басыңқы мен бағыныңқы мүшелердің бір-бірімен ешбір қосымшасыз түрде тіркесуін айтады. Олар бір-бірімен қабат жəне алшақ тұрып та байланыса береді. Мы- салы: Сара жетінші бітіреді ғой? Жақсы оқи ма? (Ғ. Сланов). Көк жиекпен астасқан кең дала, кең жазық (Жұлдыз). Күміс жапқан төрт адалбақан екі-екіден бөлініп, екі босағаға жақын орнапты (Ғ. Мүсірепов).
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері қатысты жүйелі зерттеулерді М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев сияқты ғалымдар жұргізе бастады.. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің құрылымы мен синтаксистік қызметінің мәні зерттеле бастады. М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев сияқты ғалымдар қазақ тіліне алғаш енген сөз тіркесінің түрлері, қарым-қатынас формалары мен құрылымы тіл білімінің негізгі бөлігін құрайды дейді.
Зерттеу нысаны:Т.Сайрамбаев, М.Балақаев, М.Серғалиев сынды ғалымдардың пікірлерін талдау.
Зерттеу мақсаттары:
1.Сөз тіркесі туралы түсінік
2.Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
3.Сөз тіркестерін топтастыру
4.Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
5.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Жұмыс құрылымы: Кіріспенің соңында кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұратын курстық жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы берілген.

1.1.Сөз тіркесі туралы түсінік

Ілгеріде біз негізгі синтаксистік тұлғалар мен синтаксистік формалардың сипатын атадық. Осындай тұлғалар ретінде біз сөйлемді, сөз тіркесін, сөзді де атадық.
Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді. Мысалы, Күн ұясына қонды деген сөйлемді алайық. Мұнда сөйлем кұрамына енген сөздер өзара мынандай грамматикалық (синтаксистік) байланыста тұр: Күн -- қонды; ұясына -- қонды.
Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды. (Т. Ә. Сары сыбызғы). Бұл сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: Ол қарап тұрды; жұлдыздарға қарап тұрды; аспандағы жұлдыздарға (қарап тұрды).
Біз сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жа-ғынан бағыньңқы қатынаста түруға тиіс.
Жұлдыздарға деген сөзге аспандағы бағынынқы болып байланысып тұр. Қарап тұрды деген сөзге жұлдыздарға бағыныңқы болып байланысып тұр. Сөздер сөйлемде салаластық қатынасқа түсіп байланысуы да мүмкін. Мысалы, бірыңғай мүшелердің байланысуы.
Көкшетау мен Айыртаудың сылқылдаған бұлағы, күрсінген көлі, шулаған орманы ақынды ерте әлдиледі
(Т.Ә.).
Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара катынасын, сөз тіркесіне жатқызбау керек деген де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай мүшелерді сөйлемнің өз кұрылымына байланысты, онын өрбуіне қатысты компонент деп қарамайды. Оны дара-дара сөйлемдердің сыйысу амалы деп атайды: Көкшетаудың бұлағы әлдиледі. Айыртаудың бұлағы әлдиледі. Бірақ тіл біліміне арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай мүше болып келген сөздері де сөз тіркесінің қатарына жатқызады. Сондағы дәлелдері мынандай: сөйлем құрамында бірыңғай мүшелер өзара белгілі бір грамматикалық қатынасқа түседі: ыңғайластық, талғаулык, карсылықты т. т. Бұл қатынастар шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі.
Бірыңғай мүшелердің қатысуымен кұрылған сөз тіркестері салаласып байланысқан тіркес деп аталып жүр. Ілгеріде келтірілген сөйлемде Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер бұлағы деген сөзге бағыныңқы мүше ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы, Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста: Көкшетау мен Айыртау.
Сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден кұралады. Мысалы, өршіген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын кұбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі катарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде кетірілген сөздер -- күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанмен, казір бір ұғьмды атайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай кұралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөзге айналып кетеді. (Ашқарақ, шетел, қолғап, жапалақ). Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапкы байланысқа түсуі арқылы пайда болған бөлшегі, тұлғасы деп санаймыз. Осыған карай сөз тіркесін сөйлем құрауға қатысатын материал деп те атауға болады. Өйткені сөздер сөйлемге дара-дара кірікпейді, өзара мағыналык, грамматикалық байланысқа түсіп кіреді. Күлімдеген ай шалқып тұр: ай шалқып тұр, күлімдеген ай. Сөз тіркесі, сонымен, екі сөздің арасындағы катынасты білдіреді. Құрамы жағынан бұл сөзден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан қалай десек, сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады: оқыған бала, жаңа қалада, далада жайылған, т. т. Бұл жағынан сөз тіркестері сөзге жуық. Осылай екенін мынадан байқауға болады. Атау көп жағдайда жаңа ұғымға жуық келетін сөздерге түрлі анықтауыш қатыстыру арқылы жасалады: шай қасық, сары май. Осылай кұралған атауыш тіркестер тұтасып біріккен сөзге айналып кетеді: қол қап-қолғап.
Сөз тіркесін сөздер бағыныңкылық катынасқа түсіп те жасайды дедік. Солай болғандықтан олардын бірі басыңқы, екіншісі грамматикалық қызметі, формасы жағынан соған бағынышты болады. Бірі басыңкы компонент деп аталады, екіншісі бағыныңқы компонент деп аталады: судың ағысы.
Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компоненті түгелдей өзіне лайықты етіп, бағындырьп тіркестіреді. Бағыныңкы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды толықтырады: анықтайды, мекенін, мезгілін білдіреді, объектісін атайды т. б. Осынысына орай сөз тіркесінің кұрамындағы басыңқы компонент пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен анықтауыштық, толықтауыштык, пысықтауыштық деп топтап, жинақтап атауға болады.
Сусыған құм. Аспанды бұлт торлаған.
Сөз тіркесінің грамматикалық бітімін басыңқы сөздің сипаты белгілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: етістікті тіркестер, есімді тіркестер (сын есімді тіркестер, зат есімді тіркестер, есімдікті тіркестер); алыс жол, асау өзен. Алыс жол -- зат есімді тіркес, өйткені басыңқы сөз -- жол. Ол зат есімге жатады.
Аспанды торлаған -- етістікті тіркес, өйткені басыңқы сөз -- торлаған, ол -- етістік. Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес, дара болуы керек екенін айттық. Осы шартпен құралған тіркестер еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің кұрамындағы сөздер еркін катынаста. тұрып, өзгеріп, алмасып жатады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды. Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалык, грамматикалық тұлғалар тудыру үстінде де тіркестер пайда болады.
Ора бастады, ат үсті, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен күн көру т. т.
Лексикалык, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын тіркестерді түйдекті тіркес деп атайды.
Экспрессивті лексиканың қатары да көп жағдайда тіркестер арқылы қорланып жатады. Аузы қышиды, ала аяқ т. т.
Бұлар фразеологиялык, идиомдық, тіркестер немесе тұрақты тіркес деп аталады. Өйткені тіркес тұтас күйінде бір ғана ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Тіркестегі сөздер даралауға келмейді, дара, дербес алынғанда, бастапқы ортақ лексикалық мағына жойылады.
Түйдекті тіркес те, тұрақты тіркес те синтаксис, соның ішінде сөз тіркесі синтаксисі зерттейтін объект емес. Бұларды атағанымыз тіркестің пайда болатын жайларын, олардың түрлерін байқату үшін ғана. Ескертіп кететін нәрсе -- тіркес, сөз тіркесі деген екі терминдік атауды ажыратып тану керек. Тіркес -- тілдегі процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағынада жұмсаймыз. Сөз тіркесі -- тіркестің белгілі шартқа сай көрінісі. Сөз тіркестері компоненттерінің құрамына қарай жай сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі деп екі топқа бөлінеді.
Екі жай сөзден құралған сөз тіркесі жай сөз тіркесіне жатады. Егер тіркестің бір компоненті ретінде күрделі сөздер қатынасса, оны күрделі сөз тіркесі деп атаймыз: көлге қонды -- жай тіркес, көлге қонып жатыр -- күрделі тіркес.

1.2.Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары

Сөз тіркестері құрылысы жағынан алғанда жай жəне күрделі болып келеді. Жай сөз тіркестері кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады, олардың əрбір сыңары жеке-жеке бір сөзден ғана болады. Ал күрделі сөз тіркестерінің құралуы əртүрлі болып отырады. Бірде басыңқы мүше, бірде бағыныңқы мүше күрделі болады. Сол сияқты мұндай кезде сөз тіркестерінің əрбір сыңарлары да күрделі бола бе- реді. Сонда олардың əрбір мүшесінің күрделі болуы, біріншіден, сөз тіркесінің құрылысына, екіншіден, жалпы өзара сөз тіркесін құрай алуына əсерін тигізе ме?
Сөз тіркесінің əрбір сыңарлары күрделі болғанда, олар екі- үш мүшеден құрала отырып, өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Өйткені оның біреуі негізгі мағынаға ие болады да, ал қалғандары оған қосымшалық қызмет атқаруы тиіс. Сөз тіркестерінің əрбір мүшесінің күрделі болуы оның құрылысын кеңейте түседі. Олар- дың құрылысын кеңейтуге түрлі көмекші етістіктер, шылау, т.б. əсер етеді.
Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, синтаксистік топ жасайды дедік. Дəл осы негізде кейбір сөйлем мүшелері күрделі түрде бір сұрауға жауап беріп жұмсалады. Сонда осы күрделі мүшелер, яғни күрделі анықтауыш, күрделі толықтауыш немесе күрделі пысықтауыштар өзара сөз тіркесін құрай ала ма, əлде құрай алмай ма? Осының төңірегінде əртүрлі талас пікірлер бар. Мысалға мына сөйлемді талдап көрелік: Асқар Қазақ тіліне жетік. Сөз тапқанға қолқа жоқ (Мақал). Міне, осы мысалдарда Қазақ тіліне деген екі сөз неге? деген сұрауға жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарған. Сол сияқты сөз тапқанға деген екі сөз кімге? деген сұрауға жауап беріп, ол да толықтауыш қызметін атқарған. Осы Қазақ тіліне жəне сөз тапқанға деген топтарды кейбір тілшілер сөз тіркесіне талдаудың қажеті жоқ деп табады. Бұл дұрыс емес. Өйткені олардың өз алдына байла- нысу формасы, амалы, т.с. заңдылықтары, яғни сөз тіркесіне тəн өзіндік белгілері бар екендігі айқын. Қазақ тіліне дегенде Қазақ тілі, қазақ тілі, т.б. деп те орын алмастырып еркін тіркесте айта береміз. Олар қатып қалған, яғни фразалық тіркес құрай алмай- ды. Қазақ тіліне дегенде қабыса байланысқан анықтауыштық қа- тынастағы есімді сөз тіркесін құрап тұрғандығы белгілі.
Сол сияқты сөз тапқанға дегенде де қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері. Олай болса сөйлемдегі күрделі мүшелерді сөз тіркестері деп атауға əбден бо- лады. Мына төмендегі сөздердің сөз тіркесіне қатысы туралы да əртүрлі пікірлер бар.
а) дұрыс-бұрыс, кіп-кішкене, өкпе-бауыр жəне анда-санда, т.б. қосарлы сөздер.
б) айтуға тура келеді, күліп жіберу сияқты негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер.
в) 1958 сияқты күрделі сан есімдер.
г) жер үшін, барған сайын - негізгі сөздер мен шылаулар. д) еңбеккүн, қарақұс - біріккен сөздер.
е) компартия - қысқарған сөздер.
ж) жолдас болсаң, жеңіл болу - есім мен көмекші етістіктер. Ал енді осылардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталалық.
Қос сөздердің əрбір сыңарлары мағыналық жағынан əртүрлі болып (дұрыс-бұрыс, өкпе-бауыр), кейде бір жағы толық ма- ғыналы, екінші жағы мағынасыз немесе екі жағы да толық мағы- налы бола береді. Бірақ олар өзара сөз тіркесін құрай ала ма? Бұл туралы əртүрлі пікірлердің барлығы байқалады. Е.И. Убрятова қос сөздердің өзін де сөз тіркесіне қосады.
Негізінде сөз тіркестері болу үшін, жоғарыда көрсетілгендей, олардың əрбір сыңарлары толық мағыналы сөз жəне біріне- бірі бағына байланысуы тиіс дейтін болсақ, осы қасиеттерді қос сөздерден таба беруге бола ма? Қос сөздер, біріншіден, бірімен- бірі бағына байланыспайды. Екіншіден, қос сөздердің əрбір сы- ңарларының мағыналары үнемі толық мағыналы бола бермейді. Ондай қасиет оларда түрліше.
Осындай қасиеттеріне сай қос сөздерді сөз тіркестеріне жат- қызуды орынды деп есептемейді. Осы негізде біріккен сөз, қысқарған сөздер де сөз тіркесін құрай алмайды. Мысалы, еңбеккүн зат есімі, бірнеше, бірталай сияқты есімдіктер жəне 1958 күрделі сан есімдері түрлі сөздерден бірігіп барып қолданы- лып тұр. Сонда қос сөз, біріккен, қысқарған сөздер, кейбір есім- діктер, күрделі сан есімдер еш уақытта сөз тіркесі бола алмайды. Өйткені сөз тіркесінің заңдылықтарына сəйкес келмейді. Олар сол күйінде сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарып, сөз тір- кесінің бір сыңары ретінде қолданылады. Сол сияқты жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, негізгі етістіктер мен көмекші етістік (айтуға тура келеді, жазып отыр), есімдер мен көмекші етіс- тік жəне негізгі сөздер мен шылау сөздер де сол түйдекті күйін- де сөз тіркесінің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Кейбір автор- лар сөз тіркесі болу үшін, олардың толық мағыналығына қара- май, қабат келген екі сөз болса, сөз тіркестеріне жатқыза береді. Сол сияқты М.Б. Балақаев мұндай жағдайдың бар- лығын түйдекті тіркес деп дəлелдейді. Өйткені ол кезде негізгі мағына есім мен етістікте болады да, ал көмекші сөздер оларға қосымша мағыналар үстемелейді. Жоғарғы мысалдардағы жер үшін, жолдас болу, барған сайын, жеңіл болады, т.б. тіркестерде негізгі сөздер жер, жолдас, бару, жеңіл сөздері болса, ал үшін, болу, сайын, т.б. сол негізгі сөздерге түрлі көмекші мағына қосып тұр. Сонда үшін, болу, сайын көмекші сөздері мен көмекші етістіктердің мұндай жерлерде өз алдына толық мағыналары жоқ. Сондықтан сөз тіркестерінің негізгі заңдылықтарына сəйкес мұн- дай толық мағынасыз сөздерді сөз тіркестерінің негізгі мүшесі етіп есептемеу өте орынды. Көмекші сөздер мен кө- мекші етістіктерді түйдекті тіркестер тобына қоспауымызға тек олардың көмекші сөздердің толық мағынасының жоқтығы ғана себеп болмаса керек. Екінші бір негізгі себеп сол түйдекті тіркес құрауға тиісті сөздеріміз белгілі бір синтаксистік қатынаста, яғни белгілі сөйлем мүшесі бола алмайтыны болып табылады.
Сол сияқты фразалық тіркестер де сөйлемде өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Олар тұтас бір ойды білдіріп, сөз тіркесінің бір ғана мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, Не жазығым бар екенін білмеймін, жатып жастық, иіліп төсек боп күттім, қой сойып берген жоқпын, құлын сойып бердім, етін екі мезгіл түгел асып бердім, екеуінде де жей алмай қайтарды (С. Мұқанов). Бұл бу- фетте думанын құрып, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ боп отыр- ғанда поезд жүріп кетеді (Жетісу газетінен). Міне, бұл мы- салдардағы жатып жастық, иіліп төсек немесе қағанағы қарқ, сағанағы сарқ дегендер сол күйінде бөлінбейтін тұтас ой болып табылады.
Жалпы қорытындылай айтқанда, біріккен сөз, қысқарған сөз, фразалық тіркес, шылау, т.б. сөздердің барлығы түйдекті күйін- де сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.
Көптеген ғалымдар сөз тіркестерін түсіндіруде сөз тіркесі мен тіркес сөздерді бір-біріне шатастырып келеді. Олардың еңбектерінен не сөз тіркесі немесе тіркес сөз екенін анықтау қиын. Əрине, сөз тіркесі мен тіркес сөздердің өздерінің бір-бірі- нен айырмашылықтары бар. Сөз тіркесі ойдың кішкене бір бөлшегі бола отырып, толық мағыналы екі не одан да көп сөз- дерден құралады. Оның əрбір мүшесі белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалса, ал тіркес сөздерде ондай қасиет жоқ. Олар сол тобымен жинақталып сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Əрине, бұл айтылғандардың барлығы - сөз тіркесінің ішкі даму заңдылықтары. Негізінде, олардың əлі де болса көп- теген заңдылықтарының, оның үстіне əрбір байланысу форма- лары мен амалдарының ішкі жүйелері, ол кездегі əрбір сы- ңарларының тіркесу аясы, дамып жетілуі немесе олар туралы басқа да зерттеу жұмыстары жалпы сөз тіркесінің синтаксисін толықтыра түсетіні белгілі. Осының нəтижесінде жалпы түркі тілдерінде, əсіресе, оның ішінде қазақ тіл білімінде сөз тіркестері туралы көптеген жұмыстар жазылды жəне ол туралы істеліп жатқан зерттеулер де мол.

1.3.Сөз тіркестерін топтастыру

Тіл ғылымында сөз тіркесін бірқатар ғалымдар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырады. Олар тіркескен сөздердің өз ара мүшелік қарым-қатынасына қарай сөз тіркесін „предикативтік" және „предикативтік емес" деп екіге бөледі де, соңғыдан „толықтауыштық", „анықтауыштық", „пысықтауыштық" сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркесін бұлай топтастыру сөздердің өз ара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өз ара тіркесіне негізхделген болады. Егер сөз тіркесін „сөйлем мүшелерінің тіркесі" деп есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жіберген боламыз. Бұл - бір. Екіншіден, сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дәрігері, қос ауыз, қазан, пышақ сияқты сөз тіркестері бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бір-бірімен тіркесу нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оынң ең басты белгісі бола алмайды.
Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек. Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі - сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өз ара тіркесуі - олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз топтарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өз ара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі айтылады. Осыларды негізге ала отырып, сөз тіркесінің құрамын, олардың мағыналарын, синтаксистік қызметтерін сөз ететін боламыз.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өз ара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек-сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өз ара бірнеше топқа бөлінеді. Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Етістікті сөз тіркестері қабыса, меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін).

Негізгі бөлім
2.1.Етістікті сөз тіркесінің байланысуы

Тiлiмiздегi сөз тiркестерiнiң аумақты тобын eтicтiктep құ- райтыны белгiлi. Етicтiктi сөз тіркестepi көп түрлi болып келедi. Етiстiктiң əрбiр категориялары морфологиялық жəне синтаксис- тiк жағынан да жеке-жеке белгiлi дəрежеде зерттелгенi мəлiм. Бiрақ соған қарамастан, етiстiктердiң cөз тіркестepiн құраудағы ерекшелiктерi арнайы зерттеудiң объектiсi болған емес. Eтicтiктepсөз тipкecтepiнің түрлерiн айқындауда басты рөл атқарады. Ен- деше сол басты тұлғаның сөз тіркестepiн құраудағы өзiндiк ерекшелiктерi тұлғалық, мағыналық сипаты арнайы сөз етудi қа- жет етедi.
Сөз тіркесiн құрауда немесе сөйлемдi тиянақтауда сөздер үш формада жұмсалады:
1.Таза eтicтiк:
а) Ол жəне дүниежүзi əдeбиетiнiң классиктерiн көп оқыған (Ə. Ахметов). Бip сағаттан кейiн мəселе- нiң ойдағыдай шешiлгенiн өзi айтып кeттi (Газеттен).
2.Eciм мен eтicтiк: а) Көрмеге келушiлер жас рационализа- торлар мен өнер тапқыштардың шеберлiктерiне дəн риза болды (Білім жəне еңбек). ə) Дене еңбектерiн орындамайтын бала сыл- быр, ынжық болады (Н. Марков).
3.Таза eciмдep: а) Адам баласына - адам баласының бəрi дос (Ə. Əбішев). ə) Тарбағатай тayы - нағыз қoй малының қоны- сы (С. Бақбергенов).
Осы мысалдардан көрiп отырғандай, бiрiншi топта oқығaн, айтып кeттi eтicтiктepi, екiншi топта риза болды, сылбыр, ынжық болады деген eciм мен көмекшi eтicтiк, үшiншi топтағы дос, қой малының қонысы сияқты таза есiмдер түрiнде келiп, сөйлемдi тиянақтап əpi соғaн байланысты белгiлi сөз тіркестepiнe басыңқылық қызмет атқарады.
Оcы үш топтың сөз тіркесiнe ұйытқы болу қызметiнде өзін- дік айырмашылықтар бар. Ол айырмашылық сөз тіpкeстepiнe ба- сыңқы cыңаp қызметiнде жұмсалатын сөз топтарының ерекше- лігiмен ұштасады.
Бұл үш топтың бiрiншi түрiндегi басыңқы сыңар таза eтicтiк те, қалғандарында əpi есiмнiң, əpi eтicтiктің элемeнтi бар. Үш топтың iшiнен тек етicтiктердiң ғана басыңқылық қызметiн ар- найы сөз етемiз.
Етicтiктi сөз тipкeci болғаннан кейiн тек таза eтicтiктердiң ғана басыңқылық қызметi айтылуы тиic. Басқа топтарынан таза eтicтiктiк мағына табылмайды. Бipaқ соған қарамастан, тіpкecтi баяндауыштар туралы басқаша көзқарастар да бар.
З.И. Будагова Қабыл ет - aпd ic типтi баяндауышты eтicтiк немесе есiмдерден болған баяндауышқа жатқызу керек пе деген талас мəселеде бiз мынаны еске алғанымыз жөн: eciм мен eтicтiктeн болған құрама баяндауыштар eтicтiк баяндауыштарға жат- қызылуы тиic, себебi заттың ұғым есiмде болғанымен, бүкiл сөз тipкeci eтicтiк қимылды көрсетедi - деп eтicтiк тобына жатқы- зады.
Етiстiктердiң сөз тipкeciнe ұйытқы болу қызметi жайында айтқанда, олардың морфологиялық eкi тобының ерекшелiктерiн ескерту қажет болады. Таза қимылдық мағына негiзгi eтicтiктep арқылы берiлетiнi мəлiм. Ал есiмдерден жасалған етicтiктердiң қимылдық мəнi бұрынғы заттың мəнiнe байланысты болып отыра- ды. Соңғы топқа (есiмдерден жасалған туынды eтicтiктep тобына) басқа тiлдерден енген сөздер де кiредi.Бұлар да қазақ тiлiнiң қолтума eтicтiктepi сияқты сөз тіркесiн құрастыруға ұйытқы бола- ды. Мысалы, етicтiктердiң басқа сөздермен тiркесу аясы кең. Олар барлық сөз табымен тipкece бередi. Ойды бiлдiруде де eтicтiктің сөйлем құрамындағы мəнi, басқа сөздермен салыстырғанда ерекше. Бұл жайында белгiлi тiлшi Г.Д. Санжеевтiң мына пiкiрi орынды айтылған: Eтicтiк көп қолы бар жан сияқты, өйткенi ол сөздердiң əртүрлi тұлғаларын бiр жерге топтастырып, сөйлем, сөз тіркестepi жəне фразеологиялық единицаларды құрамына енгiзе алады.Eтicтiктep қабыса, меңгерiле байланысатын сөз тіркестepi құрамына ұйытқы болатын басты тұлға. Дегенмен, тiл бiлiмiнде етiстiктердiң жеке тұлғаларының ұйымдастыру қызметi туралы өзгеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз және күрделі сөз тіркестері
Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы
Сөз тіркесінің синтаксисі
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі
Сөз тіркесі синтаксисі
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Есімдік пен есімдіктің тіркесі
Пәндер