Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спортқа қосқан үлесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спортқа қосқан үлесі және рөлі»

Орындаған: Смагул А. Е

Қабылдаған: Жумекенова Д. Е

Қостанай 2021 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спортқа қосқан үлесі

1. 1. Ұлтын әлемге танытқан алғашқы спортшы Қажымұқан Мұңайтпасұлы

1. 2. Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спортқа қосқан үлесі

ІІ-тарау. Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спорттағы рөлі

2. 1. Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спорттағы алатын орны

2. 2. Отандық спорттағы жеткен жетістіктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.

Зерттеудің нысаны: Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спортқа қосқан үлесі жайлы талдау

Курстық жұмыстың мақсаты: Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спортқа қосқан үлесі және рөлін анықтау.

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ халқының маңдайына біткен, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны. Тұтас ғұмырын спортқа, күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу - сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Зерттеудің міндеттері:

1. Ұлтын әлемге танытқан алғашқы спортшы Қажымұқан Мұңайтпасұлы

2. Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спортқа қосқан үлесі

3. Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спорттағы рөлі

4. Қажымұқан Мұңайтпасовтың отандық спорттағы алатын орны

5. Отандық спорттағы жеткен жетістіктері

Ғылыми жаңашылдығы: Кейін Мұқан поляк қызымен отау құрып, оған Бәтима деген ат береді. Патша үкіметі де құлдыраған соң, 1937 жылы «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деген сылтаудың кесірінен Мұқан қудалауға ұшырайды. Сөйтіп, Мұқан отбасын тастап, көрші жатқан Өзбекстан жеріне қаңғырып кетеді. Өмірінің соңғы сәттерін киелі Түркістан жерінде өткізеді. Талай жандардың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғыстың суық лебі орыс жеріне жақындай бергенде, Мұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевтың кабинетіне келіп, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсынысын білдіреді. Сөйтіп, екі жылдай циркте еңбек етеді.

Жұмыстың маңыздылығы: Қазақ батырына «Иван Чёрный» сынды лақап аттар қойылып, азан шақырылып қойған есімін жариялауға тыйым салынды. 1909 жылы өткен Халықаралық жарыста Мұқан жарыс алаңына «Қара Мұстафа» деген атпен шығады. 1910 жылы Оңтүстік Америкаға келіп, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жарыста Америка чемпионы атанады. Дәл сол уақытта түріктерден артық күресетін балуандар жоқ секілді еді. Тіпті, орыстың алып денелі балуандары да ат басын түрік жеріне бұруға жүрексінетін болды.

Зерттеу құрылымы: Кіріспенің аяқталуында курстық жұмыстың құрылымы жайында қысқаша сипаттама берілді. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері
Күрес спорты
Еркін күрестің шығу тарихы
Еркін күрес техникасы
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысы дамуы
Қазақ спорты - республикалық апталық спорт газеті
Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
Қазақ күресінің болашағы бүгінгі жас барыстар
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz