Дауысты дыбыстар кестесеі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ тіліндегі дыбыстардың игерілу жолдары

Орындаған:
Қабылдаған:

2021 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау.Қазақ тіліндегі дыбыстардың игерілу жолдары ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін ойындар арқылы игерту ... ... ... ... ... ... ... . ... 6
ІІ-тарау.Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді оқыту ... ... ... ... ... ... ...14
2.1.Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптердің жазылуы ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Қазақ тіліндегі дыбыстарды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Сол үшін де мектептерде, соның ішінде білім негізі қаланатын сыныптарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүргізілуде.
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың шалағай меңгеруін жою, оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз.
Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.Фонетика дыбыстардың жасалу,айтылу,естілу және буын,екпін,интонация мәселелерін қарастырады.
Адамның тілі - дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары болмаса,тіл өмір сүре алмайды.егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса,тіл қатынас құралы да,пікір алмасу құралы да бола алмас еді.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады.Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді.
Бұл жұмыстың мақсаты: қазақ тіліндегі дыбыстардың игерілу жолдарын анықтау
Зерттеу объектісі: мектептегі қазақ тіліндегі дыбыстардың игерілу жолдары қолдануды талдау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым
2. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін ойындар арқылы игерту
3.Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді оқыту
4.Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптердің жазылуы
5. Қазақ тіліндегі дыбыстарды жіктеу
Зерттеу құрылымы: Кіріспенің аяқталуында курстық жұмыстың құрылымы жайында қысқаша сипаттама берілді.Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

І-тарау.Қазақ тіліндегі дыбыстардың игерілу жолдары
1.1. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым

Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар.
Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.

4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Дауысты дыбыстар кестесеі
Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысына қарай Тілдің қатысына қарай
Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, Ү А, Ә, Ы, І, (Э) А, Ә, О, Ө, Е Ы, І, (И), У, Ұ, Ү А, О, (У), Ұ, (И) Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)
Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі:
а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады.
б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды.
в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у) , һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.
Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц; в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ

1.2. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін ойындар арқылы игерту

Мақсаты:
# Қызықты ойындармен тапсырмаларды орындауда, пәнге деген қызығушылықты арттыру;
# Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетелеу;
# Оқушылардың зейінін ойлау қабілетін дамыту;
# Қиялын ұштау, шығармашылық дарындылығын дамыту

Міндеті:
# Оқушылардың дыбыс түрлерін ажырата білу, іскерліктерін қалыптастыру. Ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету.
# Түрлі тапсырмаларды орындау барысында білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
# Оқушылардың сөздік қорын дамытып, сөйлеу шеберлігін шыңдау.

Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Сол үшін де мектептерде, соның ішінде білім негізі қаланатын бастауыш сыныптарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүргізілуде.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда оқушылардың шалағай меңгеруін жою, оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз.
К.Д.Ушинский: Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көрсеткіші, -- деді.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісіне үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бала ойыны үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан ұстаздар мен ата - аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сай ұйымдастырып отырулары қажет.
Ойын арқылы балалардың достық сезімі оянып, бір - біріне қамқорлығы ұжымдық бірлігі нығайа түседі. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшінші бір ойын есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Жалпы ойын түрлерін тиімді пайдаланудың бала тілін дамытуда көптеген септігі тиері анық.Сонымен қатар әрбір ойында ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі. Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.Олай болса осы ойын түрлері ойын оқушылардың фонетиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады.
-- Оқушылар бастауыш мектепте: Дыбыс және әріп, Дауысты дыбыс, оның жуан және жіңішке түрлері. Дауыссыз дыбыс. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар, олардың үндесуі және емлесі. Буын және буын үндестігі. Тасымал. Қазақ алфавиті сынды сөздің фонетикалық құрамымен танысады.
Осы кезеңде ойын түрлерін тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекіліктер мен қоса жұмбақ, ребус және де ойын түрлерін баланың жас ерекшелігін ескере отырып, пайдалануға болады. Енді осындай ойын түрлерінің 1 - ші, 2 - ші сыныптарда қазақ тілі сабағында қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
1. Қай әріпті жоғалттым ? ойыны.
Бірінші сыныпта қазақ тілінен дыбыс пен әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, жуан және жіңішке дыбыстар тақырыптарын өткенде ал екінші сыныпта У дыбысының бірде дауысты бірде дауыссыз болып келуі ы, і,и,я,ю әріптерінің жазылуына байланысты тақырыпты өткен кезде, үшінші сыныпта э,ц,в,ф,ч,щ,х,һ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері туралы тақырыптарды өткен кезде пайдалануға болады.
Ойынның мақсаты: оқушылар дауысты, дауыссыз жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.
Ойынның ережесі: Сөз ішінде бір әріп қалдырылып кеткен бірнеше парақшалар жасалынады. Жоғалған әріптер парақшаларын жасағанда сөздердің басында, ортасында немесе соңынан әріптер қалдырылады.
Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде бала жаттыққанға дейін сөздің жеңіл түрлері алынады. Одан әрі қарай күрделендіріп отыруға болады.
Алдымен мұғалім ойын ережесін түсіндіреді. Одан әрі қарай жұмысты оқушы өзі жасайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушы сөздерді дұрыс құруға, қатесіз жазуға, сөз мағынасын ажырата білуге қалыптасады.
2. Бұл қалай өзгергенойыны.
Бұл ойын бірінші сыныпта әліппені үйрету кезеңінде д - т, ұ - ү, б - п, о - е және а - е әріптерін салыстыру сабақтарында қазақ тілінен дыбыс пен әріп дауыссыз, дауысты дыбыстар. А- ә, ұ - ү, о -- ө әріптері бар сөздер тақырыптарын өткенде екінші сыныпта жуан және жіңішке дауыстылар ы - і әріптерінің жазылуы дауыссыз дыбыстар тақырыптарын өткенде пайдаланылады.
Ойынның мақсаты: Ойын барысында оқушылар сөз ішіндегі дыбыстардың дұрыс жазылуына (егер сөздің бір дыбысы дұрыс жазылмаса), сөздің мағынасының өзгергенін анықтайтын деңгейге жетеді.
Ойынның ережесі: Берілген дыбыстарға қатысты бірнеше сөз беріледі. Және сол сөздердің жазылуы мен айтылуна баса назар аударылады.
Ойынның кезеңдері: Мұғалім ойын ережесі мен таныстырады одан әрі ойынды оқушы өзі жалғастырады.
Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар сөз мағынасын дұрыс жазылмаған жағдайда өзгеретінін жете түсінеді, жуан, жіңішке дыбыстардың жазылуын ажыратуға дағдыланады.
Ойынның тиімділігі: Сол сияқты жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс жазылуына көңіл бөлінеді.
3. Қай буыны жоғалттым ойыны.
Ойын бірінші сыныпта кісі аттарын бас әріппен жазылуы бақырыбын өткенде қолданылады.
Ойынның мақсаты: Оқушылар буындардың бір - біріне сай келетіндігін іздеп табады. Және кісі аттарының бас әріппен жазылатыны есте сақтайды.
Ойын ережесі: Әрбір партаға буындар салынған олардың біреуі бас әріппен, екіншісі кіші әріппен жазылған қалталар таратылады.
Ойынның кезеңдері: Мұғалім ойын ережесімен таныстырады. Оқушылар одан әрі жұптасып жұмыс жасайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушы жұптасып жұмыс жасай отырып, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді. Кісі аттарының бас әріппен жазылатынын жете түсінеді.
4. Ойлан тап ойыны
Бұл ойында балалар буын арқылы жаңа сөз жасауы керек. Мұғалім қима қағазға сөздің бірінші буынын жазып қояды, ал екінші буынды оқушы өзі іздеп табады. Мысалы: Кар - топ, дәп - тер, көр - пе, пар - та, тақ - та.
Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.
Ойынның ережесі: Бірнеше буындар жазылған қима қағаздар таратылады. Сол буындарға сәйкес буындар тауып жаңа сөз құрайды.
Ойынның кезеңдері: Мұғалім ойын шартын түсіндіреді, одан әрі оқушы жұмысты өзі жасайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, қатесіз жазуға дағдыланады.
5. Сөзді тап ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Ойынның ережесі: Көлденеңі бес, тігінен сегіз қатар тор көз кесте тақтаға ілінеді. Кестедегі тор көздеріне алғашқы және соңғы дыбыстарын бірдей әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерден оқыса да, оңынан оқыса да бірдей сөздер ойлап табады.
Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп тақтаға кесте іледі. Екінші кезеңде оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар дыбыстарды, сөздерді дұрыс құруға, сөздердің мағыналарын жете түсінуге дағдыланады.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсінігін нығайтады. Олардың ізденімпаздығын қабілетін жетілдіреді.

Қ

Қ
Қ

Қ
Қ

Қ
Қ

Қ
К

К
К

К
К

К
К

К

(Жауабы: қызық, қазық, қалақ, қырық, кесек, кезек, кебек,)
Оқушылар жоғарыдағы сөздерді дұрыс табу арқылы өздеріне таныс сөздермен де, мағыналары түсініксіз сөздермен де танысалы. Бұл ойын оқушының дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін тез түсіну, дыбыстардан сөздерді дұрыс құрай білу дағдысын қалыптастырады. Тапсырмадағы жасырылған сөздер оқушыларға таныс болмаса, мұғалім ол сөздердің мағыналарын түсіндіріп өтеді. Мұндай ойындар оқушылардың сөздік қорын байытуға, үйренуге, сөздерді дұрыс қолдануға көмектеседі.
6. Өлең шумағын дұрыс оқы ойыны.
Ойында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың басқа да білетін өлеңдерін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдеріне тоқталып өтеді. Және содан кейін тақтаға таңдалған өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу жолдарын үйрету.
Ойын ережесі: Оқушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркеу арқылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.
Ойын кезеңдері: Ойын үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде балалар жасырылған өлең шумағын дыбыстарды тіркестіре отырып табады. Бұл шәкірттің сөздерді дұрыс құрау біліктерін қалыптастырады.
Екінші кезеңде өлең шумағын өз сөздерімен айтып түсіндіреді. Бұл олардың сөздік қорын жетілдіріп, өз ойын ашық жүйелі түрде айтуға дағдыландырады.
Үшінші кезеңде: Олар өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды. Оқушылар өтілген материалды қайталайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіреді. Олардың сөздік қоры молайып, дұрыс сөйлеуге дағдыланады.

А
Т
І
К
С
Л
Л
О
П
Н
Р
Р
А
О
М
Б
Т
І
П
І
Ң
Б
А
З
А
Г
І
Б
А
З
Ә
А
Б
І
Ш
Е
Р
А
Р
П
А
Т
Д
Д
Қ
П
Н
М
Р
Е
Ү
Н
А
Р
Е
Е
Қ
К
Н
Е
Л
Е
Г
С
А
Е
И
С
А
Н
Е
Ә
Л
Д
Е
.
Н
Ө
,
Д
А
Н
Г
С
П
М
Ң
Ө

Жауабы: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та арқалан.
Бұл ойын оқушылардың қазақ тілі дыбыстарын дұрыс игеру дағдыларын жетілдірумен қатар, олардың сөздік қорын дамытады, логикалық ойлауға үйретеді. Оқушылар жасырылған өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік мәнін жете түсінеді.
7. Қадам бас ойыны.
Оқушылардың тапқырлығын дамытуға У дыбысының өзіндік ерекшелігін терең түсінуге негізделеді. Бұл ойын қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын меңгеріп болғаннан кейін, білімдерін бекіту мақсатында қолданылады.
Ойынның мақсаты: Оқушылар баспалдақ күйінде берілген тор көздегі сөздерді дұрыс табуы қажет. Тор көздің санына қарай табылған сөз толық мағыналы болуы шарт.
Ойынның кезеңдері: Ойынның алғашқы кезеңінде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп, У дыбысының өзіндік белгілерін атауды тапсырады. Келесі кезеңде оқушылар тапсырманы орындайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың фонетикалық дағдыларын жетілдіреді.
Жауабы: У,ау, тау, ауру, жырау, Атырау, қоңырау, Көкшетау, Маңғыстау.
Ойын барысында оқушылардың фонетикалық дағдылары жетіліп, сөздік қоры дамиды.
Қазақ тілімен қоса ана тілі сабақтарында оқушылардың ой -- өрісін дамытумен бірге сөздік қорын байыту, тілін дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Осындай мақсатта
Дыбыс таңдау ойынын пайдалануға болады.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын дамыту.
Ойын ережесі: Оқушылар таңдаған дыбыстан басталатын сөз тіркесінен сөйлем құрайды.
Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады. Мұғалім ойын ережесімен таныстырады.
Бірінші кезең: балалар дыбыс таңдайды;
Екінші кезең: сол дыбыстан басталатын сөз тіркестері арқылы сөйлем құрайды.
Ойын тиімділігі: Оқушылардың ой -- өрісі, сөздік қоры дамиды, белсенділігі артады.
Мысалы: Ойын нәтижесінде мынандай сөйлемдер құрауға болады:
Талғат таңертең тұрып, тауға тартты.
Бақыт бүгін бақшаға барды.
Осындай көптеген ойындар арқылы оқушылар дыбыстардың түрлерін олардың негізгі ерекшеліктерін жете ұғынады.
Жалпы бастауыш сыныптарда қандай пәнді болсын оқыту барысында ойын түрлерін пайдалану маңызды рөл атқарады. Тамызығын тапса таста жанады деп халық даналары айтқанда, әрбір ойынды тиімді пайдалану арқылы кез келген сабақты жандырып өтуге, бала бойындағы шығармашылық қабілетін жандандыруға мүмкіндік зор.

ІІ-тарау.Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді оқыту
2.1.Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптердің жазылуы

Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптердің жазылуы.
Ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты дыбыстың әрпі.
Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады, соңғы буында жазылмайды: ә - сем, ә - леумет, ә - демі, тәр - тіп, кә - сіп, Сәу - ле, дәу - рен, ән, әл, әр, жә (одағай).
Сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке дауысының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә дыбысының орнына, негізінен, а әрпі жазылады: тәкаппар (айтылуы - тәкәппар), ләззат (айтылуы - ләззәт), рәсуа (айтылуы - рәсуә), Жәмила (айтылуы - Жәмилә), Сәбира (айтылуы - Сәбирә), Кәмила (айтылуы - Кәмилә) және тағы осы сипаттас жалқы есімдер.
Ескертулер:
1. Мына сөздердің екінші буындарында естілуінше ә әрпі жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм (суы), жүдә, күмән, мүсәпір, дүдәмал, шүбә, мәмпәси (бұлардың жазылуын емле сөздіктерінен қарап білу керек).
2. Бірінші буыны жіңішке ү дыбысымен келген жалқы есімдердің (көбінесе кісі аттарының) екінші буынында да естілуінше ә әрпі жазылады: Күлән, Күләнда, Күләш, Күләй, Мүтән.
3. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарының алғашқы буынында) ә әрпі жазыла береді: Гүлжәмила (Гүл жә - мила), Бейсенәлі (Бейсен ә - лі), әлсін - әлі (әлсін ә - лі), кәп - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі жайында
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзге тілдерден айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Тіл дыбыстарының түрлері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тілінің фонетикасы дәрістер
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Қытай тіліндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы
Пәндер