Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы

Орындаған:
Тексерген:

2021 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау.Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... .5
1.1.Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..13
ІІ-тарау.Қазақ диалектологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1.Диалектологияның қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2.Қазақ диалектолгиясының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Халық тілінен, түрлі көркем шығармалар тілінен сан-салалы сөз орамдарын, диалектілік сөздерді яғни жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап, бір ізге түсірудің маңызы зор. Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи-мәдени мұрасы болып табылады. Осы диалектілік ерекшелікердің тілдегі қызметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында жан-жақты толық қарастыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвистикалық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, сараптап, лексика-семантикалық, тақырыптық, мағыналық т.б. түрлі жақтарынан жіктеп, қарастыру бұл уақыт талабы.
Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тілінің даму заңдылықтарын жете түсіну үшін, қазіргі тілдегі жеке категориялардың тарихын зерттеу керек. Бұған қажетті материалдар бұрынғы заманнан қалған тарихи жазба ескерткіштерде, көне нұсқаларда, туыстас түркі тілдерінде және осы күнгі халық тілінің өзінде, оның жергілікті диалектілері мен сөйленістерінде жатыр.
Қазіргі тілдердегі диалектілер (сөйленістер) бұл күнге дейін өте күрделі жүйелерді басынан өткізіп келген. Олар бір кезде негізі бір ру-тайпалық сипатта болып, келе-келе жергілікті сипатқа көшкен.
Тіл жүйесінің негізгі белгілері оның диалектілері мен сөйленістеріне де тән, ал әрбір диалекті мен сөйленіс жүйесінің ерекшеліктері мен тілдік белгілері тұтас тілге және оның диалектілері мен сөйленістеріне тән емес. Мысалы: етістіктің - лық, йық бұйрық райы жалпыхалықтыық тілге де, әдеби тілге де, оның сөйленістеріне де тән. Ал оның - лы, лі түрі оңтүстік-батыс сөйленістеріне ғана тән, жалпы ұлттық сипаты жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы жайлы
Диалектология ерекшеліктерді тарихи даму жағынан, пайда болу, шығу төркіні тұрғысынан алып қарағанда, оның құрамында көне тілдің сарқыншағы ретінде сақталып қалған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтарын, көнеленген қат-қабаттарын табамыз. Бұдан басқа қазақ халқының әртүрлі дәуірде көрші халықтармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде, ауыс-түйістен пайда болған кірме сөздер де бар. Осыған орай оларды дәстүрлі және дәстүрлі емес ерекшеліктер деп екі топқа бөліп қарауға болады.
Зерттеу объектісі:Қазақ тіліндегі диалектология ерекшеліктерінің қолданылуын талдау
Зерттеу міндеттері:
1.Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы
2.Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
3.Қазақ диалектологиясы
4.Диалектологияның қалыптасу тарихы
5.Қазақ диалектолгиясының ерекшелігі
Зерттеу құрылымы: Кіріспенің соңында кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұратын курстық жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы берілген.

І-тарау.Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
1.1.Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы

Қазақ диалектологиясы -- Қазан революциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық грамматикалык және лексикалық құрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.
Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердін революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-белінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар.
Диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеу жолдары әр түрлі. Олардың қайсысын қандай жағдайда қолдану зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты.
1.Бақылау тәсілі. Диалектілер мен сөйленістерді зерттеудегі ең негізгі материал жергілікті халық тілінен тікелей жиналған материал болып табылады. Халық тілінен материал жиюда әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданылады. Солардың бірі - байқау әдісі. Байқау әдісі екі кезеңге бөлінеді: алдын ала жалпы байқау және негізгі нысан бойынша тікелей байқау.
2. Сұрақ қою тәсілі көбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т. б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады. Сұрақ қою үстінде білгісі келіп отырған тұлғаны не зат атауын зерттеушінің өзі айтып қоюдан сақтану керек. Сіздерде былайша айтыла ма?, Мұндай сөз қолданыла ма?, деп сұрақ беру орынсыз. Мұндай сұрақтарға жоқ, бар, не айтылады, айтылмайды деп жауап қайтаруы мүмкін. Ал егер зерттеуші затты көріп тұрып, Бұл қалай аталады?, Бұл не? деген сұрақ берсе, білгісі келген сөзді я тұлғаны естиді. Сондықтан сұрақ мүмкіндігінше тікелей емес, жанама түрде қойылғаны жөн.
3. Ауыл - село жайында мәлімет жинау. Зерттеп жүрген ауыл - селоға да көңіл бөлуі керек. Оның қай облысқа, ауданға, ауылдық, селолық әкімшілікке қарайтыны, дәл аты (ресми атынан басқа жергілікті аты), өзінде не маңында қандай өндіріс, кәсіпорны бар, теміржолға, қалаға, аудан орталығына алыс - жақындығы, қандай мәдениет орындары бар, олар қашаннан бері жұмыс істейді т. б. жөнінде толық мәлімет берілу керек. Сол сияқты ауыл, селоның және ондағы тұрғындардың тарихына байланысты материал жинау да қажетті жұмыстың бірі. Мәселен, бұрын қандай уақиғалар, өзгерістер болды, халықтың құрамы қандай, басқа жақтан қоныс аударып келгендер бар ма, бұрын қандай әкімшілік орындарына бағынды т. б. Бұл айтылғандар тілдік материалды жете түсінуге, сөйленістің даму бағытын неғұрлым дұрыс айқындауға мүмкіндік береді.
Тоқаш Бокиннің сөздігінде оңтүстік сөйленістерге тән тұма (бұлақтың көзі, қайнар), тана (тайынша), бұл (мата, тауар), қамчы (қамшы), маңлай (маңдай), сым (матадан тігілген шалбар) т. б. сөздер кездеседі.

Сөйтіп, ревалюцияға дейінгі туркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері мен оның диалектілерге бөліну - бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топқа бөлуге болады:

а) В. В. Радлов, П. М. Мелиранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды;
ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиранский, М. Тереньтев т. б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады.

Қазақ тіліндегі сөйленістерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар ревалюциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш. Уалиханов, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Лаптев т. б.) бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсақалырында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық жиақталып қорытылған жоқ.
Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.
Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы - ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді.
Осы күні ғалымдар қолданып жүрген Жергілікті тіл ерекшеліктері деген атауды алғашқы қолданған Ж. Аймауытов.
КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет Алматы облысының кеген, нарынқол; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал; қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедициялар 1939 жылы Мақтаарал , Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып, материал жинады. Міне, осы кезден бастап күні бүгінге дейін Қазақстанның әрбір аудандарына жылма - жыл диалектологиялық экспедициялар шығарылып келді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс біржола тоқтап қалған жоқ. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып, материал жинаған. 1944 жылы Ж. Досқараев Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан салалардың бірі болғандықтан, оның кейбір мәселелері тіл мамандары арасында көпке шейін пікір таласын туғызып келді.
19 ғасырдан, әсіресе оның екінші жартысынан бастап, орыс туркологиясы түркі тілдерін зерттеуде алғашқы қадам жасап, елеулі нәтижелерге жетті. Бірақ соның өзінде түркі тілдерінің әлі де белгісіз, ашылмаған сыры аз емес еді. Бірсыпыра түркі тілдерінің ревалюцияға дейін жеке тіл ретінде танылмай, тек наречие дәрежесінде қаралып келуі бұған айғақ бола алады. Профессор П. М. Мелиоранский алғашында қазақ тілі диалектісіз деп, соңынан кейбір ерекшеліктерімен таныса келе басқаша пікір айтуы да осыны көрсетеді.
Дәл осындай жағдайда ғасырлар бойы келе жатқан диалектілер бірден сіңіп, жоғалып кетті деу, әрине, артық болады. қайта жоғарыда айтылған жағдай диалектілік ерекшеліктердің белгілі мөлшерде сақталып қалуына мүмкідік берді.
Қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген пікір таласы 1953 жылға дейін созылды.
Қазақ диалектологиясының тарихында 1937 жылдан 1950 жылдың орта тұсына дейінгі зерттеу жұмыстарының ерекше орны бар.
Ж. Досқараев 1955 жылы Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика) деген атпен диалектологиялық сөздік шығарды.
С. Аманжоловтың ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алды. Оның 1959 жылы шыққан Вопросы диалектологии и истории казахского языка атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді.
Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғылымның бірі - филология ғылымының кандидаты Ж. Досқараев. Оның әсіресе халық тіліндегі мол байлықты - диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби сөздерді - жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Бірнеше жылдар бойы экспедиция ісіне тікелей қатыса жүріп, Қазақстанның көптеген аудандарынан материал жинады. Әсіресе, оңтүстік өлкедегі халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін ғылыми дәлелдеп брді. Ж. Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойәы Қазақстан Ұлттық Ғылыми академиясында Тіл білімі институтының диалектология бөлімін басқарды. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері жинау әдістері жайында мақалалар жариялап, сұраулық жасауға қатысты.
Ж. Досқараевтың қазақ диалектологиясына сіңірген еңбегі мұнымен ғана бітпейді. Оның 1955 жылы шыққан Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері(лексика) деген еңбегі тек қазақ тіл білімінде емес, туркология ғылымының диалектология сөздіктердің бірі болып табылады.
Ж. Досқараев қазақ тілі сөйленістерін зерттеуде салыстырмалы тарихи принципті қолданудың алғашқы үлгілерін көрсетті. Бұдан басқа Ж. Досқараев қазақ тілі диалектологиясы мәселелеріне арнап бірнеше мақала жазды.
Қазақ диалектолгиясы мәселелерімен профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев та шұғылданды. Қазақстан Ғылым академиясының тарих және диалектология бөлімін басқарды. Оның Диалекты в современном қазахском языке және басқа ғылыми мақалаларында қазақ тілі тарихына байланысты қазақ диалектологиясының тероиялық мәні бар мәселелері сөз болды. қазіргі сөйленістерді тіл тарихындағы елеулі кезеңдермен байланыста қарап, қазақ диалектологиясының қалыптасу, даму тарихы туралы ілімді тереңдетті.
Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы - екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір құралы - тіл қажет. Тіл - адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің басты шарты. Осыған орай диалектология екі сатыға бөлінеді. Олар: Сипаттама диалектологиясы, тарихи диалектология болып жіктеледі. Бұл екі бөлік бір ғылым алайда екі нысандар екі түрлі әдіспен зерттеледі. Оларға тоқталып, ара-жігін анықтап көрсетіп берейін.
Тарихи диалектологияның міндеті - жазба ескерткіштердегі және этнография, т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.
Сипаттама диалектологиясының міндеті - диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін айқындау. Қазақ диалектологиясы жөніндегі алғашқы зерттеулер жұмысын 1937 жылы Нарынқол, Кеген, Мақтаарал, Нұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталған деседі. 1944 жылы Ж.Досқараевтың қорғаған кандидаттық, 1948 жылы С. Аманжоловтың докторлық диссертациясы қазақ диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазіргі қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды. Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи - мәдени мұрасы. Осы тіліміздегі диалектілік ерекшеліктердің тілдегі қызыметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында оны толық қарастыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвистикалық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, саралап әрі сараптап, лексика - семантикалық, тақырыптық, мағыналық т.б. түрлі жақтарынан жіктеп, қарастыру қажет. Ауыз екі тілімізбен түрлі ақын - жазушылар тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы да сол аймаққа тән тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін, тіл тұңғиығын, халықтың жергілікті тілдік табиғатының, сөз байлығының, сөз құнарының тереңін білуге болады. Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи-мәдени мұрасы. Осы тіліміздегі диалек-тілік ерекшеліктердің тілдегі қызыметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында оны толық қарастыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвистикалық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, сараптап, лексика-семантикалық, тақырыптық, мағыналық т. б. түрлі жақтарынан жіктеп, қарас-тыру қажет. Ауызекі тіліміз бен түрлі ақын-жазушылар тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы да сол аймаққа тән тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін, тіл тұңғиығын, халықтың жергілікті тілдік табиғатының, сөз байлығының, сөз құнарының тереңін білуге болады. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер жергілікті халық өмірінің тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен таным, көзқарас-тарына тікелей байланысты. Олар арқылы халық тілінің мол тілдік мұралары қалыптасып, дамып, қажетінше жалпыхалықтық тілдің мол тілдік қорына әсер етіп, оларды байытып, толықтырып та отырады. Тілімізде айшықты көрініс тауып, жергілікті жерге қатысты халықтың бүткіл рухани-мәдени өмірінен, өмір сүру салты мен әдет-ғұрыпынан, тұрмыс-тіршілігінен т. б. мол нақты мәліметтер беретін диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер материалдар, бірліктер арқылы көрініс табады. Қазақ тілінің аймақтық, жергілікті тіліндегі көптеген сөздерді танып-білуде, оларды өз кәдемізге жаратуда, хал-қымыздың төл тіл байлығын байытуда тіл білімінің сүбелі бір саласы - диалектология ғылымының алатын орны ерекше. Қандай да тілдің болмасын өзінің жергілікті тіл ерекшеліктерінен бастап, тілдің ең жетілген, сұрып-талған жоғарғы түрі жалпыхалықтық әдеби тілге дейін дамып, нормаланып, қалыптасып отырады. Тілдегі көптеген жергілікті тіл ерекшеліктері, сан түрлі сөздері арқылы сол халықтың яғни ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, болмысын, танымын, тарихын көруге болады. Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді барынша зерттеп, зерделеудің қазіргі қазақ тіл білімі үшін үлкен мән-маңызы зор. Себебі тіл халық тарихы, мұрасы, оның өткені мен бүгіні, тіл біздің рухани мол құндылықтарымыздың басты белгісі болып табылады. Тіл халықтың айнасы десе де болады... О.Нақысбековтіңкласификациясы бойынша бұл топқа алты сөйленіс кіреді.
Олар:
1. Жетісу сөйленісі -- Алматы (Талдықорғанмен қоса) облысының жерін қамтиды;
2. Шу сөйленісі -- Жамбыл облысының жерін қамтиды;
3. Шымкент сөйленісі -- Шымкент облысының жерін қамтиды;
4. Қызылорда сөйленісі -- Қызылорда облысының күншығы-сынан бастап Түркістанға дейін Сыр бойын қамтиды; 5. Ташкент сөйленісі -- Өзбекстан республикасының Ташкент, Бұхара облыстарын қамтиды; 6. Тәжік сөйленісі -- оған Төжікстан республикасындағы қазақтар мекендеген аудандар жатады.
Оңтүстік сөйленістер тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері
1.Оңтүстік сөйленістер тобына ортақ фонетикалық ерекшеліктер.
дл: маңлай -- мандай, таңдай -- таңдай, өңлеу -- өндеу, анла -- анда, шаңлақ -- шандақ;
жй: Тіл алды ж дыбысы жарты дауысты й-мен алмасады. Қай, сол, ол, бұл сияқты есімдіктерден соң жақ, жер сөздері келгенде, көсемшелік тұлғадағы бара, келе, әкеле етістіктерімен жатыр көмекші етістігі тіркесінде кездеседі: қайер -- кай жер, сөйер -- сол жер, бұйақ -- бұл жақ, бара патыр -- бара жатыр,.келейатыр -- келе жатыр.
Тіл - кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Тілдің қыры мен сырын зерттейтін ғылым - лингвистика. Бұл ғылым біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы - екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір құралы - тіл қажет. Тіл - адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің басты шарты.Мұндай диалектілерді іздестіріп, біліп жүрудегі мақсатым - халқымыздың келешегі болып саналатын жастарды өзі өмір сүретін жергілікті жердегі диалектілерді біле жүргеніме оны ауызекі сөйлегенде қолданбай, таза әдіби тілде сөйлеуді насихаттау, туған тілімізді келешек ғасырларға таза, әдеби қалпында жеткізу.
Жалпы әлемде 5 жарым мыңдай тіл бар екендігінен хабардармыз. Сол тілдердің ішіндегі бірден - бір таза, бай тіл болып саналатын туған тіліміз қазақ тілін өткен ғасырда - ақ әлем зиялылары мойындаған екен. Ғалым Мешоранский Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай, тілге жатады, -- десе. Клапрот: Қазақтардың диалектісіз бір тілде сөйлетіндігіне көзім жетті -- депті. Әрине туған тіліміздің қасиетті мәртебесі табиғаттың сыйы, әйтпесе, жаңа Гвинея сияқты 2 миллиондай ғана адамы бар арал тұрғындары 400 дей тілде сөйлейді екен, яғни көрші деревня тұрғындары бір - бірін түсінісе алмайды. Бұл, меніңше, қасірет қой. Құдайға шүкір әлемде өмір сүретін 12 миллиондай қазақ (демограф М. Тәтімов есебі бойынша) бірімен - бір ана тілінде түсінісе алады. Сондықтан, әр қазақтың абыройлы міндеті - ата - бабамыздың бізге аманаттап тастап кеткен сарқылмайтын да, сатылмайтын да байлығы - туған тілімізді таза, әдеби қалпында келешек ғасырларға жеткізу. Тілімізді таза сақтауымыз үшін өзіміз өмір сүретін өңірде қандай диалектілер бар екенін біле жүріп, әдеби нормадан ауытқымай сөйлеу. Әрқайсысымыз - үлкеніміз де, кішіміз де тілге ұқыпты болуымыз керек.

1.2. Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы

Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеу, экспедициялардың ұйымдастырылуы XX ғасырдың 30-жылдары ғана қолға алынғанмен, қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктердің кездесетіндігі туралы одан әлдеқайда бұрын айтылған. Миссионерлік пиғылмен болса да, қазақ тілінің орыс жұртшылығына таныстырыла бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталатыны белгілі. Сол кездердегі еңбектерден-ақ қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктер бар деген тұжырымды анық байқауға болады.
Ендеше қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері кездесетіні туралы пікірдің тарихы өте ертеден басталатынын көреміз. Халықтың ауызекі тіліндегі өзгешеліктер туралы XX ғасырдың басында да жан-жақты сөз болған.
Жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының ағартушылық саласында тынбай ізденіп, ғылымның қай саласында болмасын, батыл қадамдар жасағаны тарихтан белгілі. Алайда жазудың түрлілігіне, материалдың тапшылығына байланысты ол кезең әлі толық зерттеу нысанына айнала алмай келеді. XX ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері туралы пікірлерге мүмкіндігінше шолу жасалып, мәлімет, деректер негізделе отырып бұл кезеңде бірқатар батыл тұжырымдар айтылғанына көз жеткізуге болады. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері туралы пікір Қошке Кемеңгерұлының Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс, Ж.Аймауытовтың Тіл туралы, Әдебиет тілі мен емле т.с.с. мақалаларда сөз болады. Аталған мақаласында Қошке Кемеңгерұлы Қазақша-орысша тілмашта бірқатар, көптеген түсініксіз сөздердің кездесетінін, себебі сөздік құрастырушылардың көпшілігі Ақмоладан болғандықган, сөздікте бірқатар Ақмоланың жергілікті сөздері кіріп кеткенін ескертеді.
Ғалымның осы сөздерінен-ақ қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері кездесетінін мақұлдағанын байқауға болады.
Бұл орайда, әсіресе Жүсіпбек Аймауытұлының мақалаларына назар аударарлық. Тіл туралы деген мақаласында: Қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл(провинциализм) деп атайды.
Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектизмдер бар екенін, оның қандай сипатта екенін айтып қана қоймай, сонымен қатар оның әдеби тілге (өз сөзімен айтқанда, әдебиет тілі) қатысын, пайдасы мен залалын ашып көрсетеді. Атап айтқанда, жергілікті сөздердің әдеби тілге кері әсерін, біріншіден, бір ойды, бір нәрсені әр түрлі етіп айту көпшілікке түсініксіз болатынын, екіншіден, сөздің тұрақсыз, құбылмалы болуы сауаттандыру, хат таныту ісінде бірқатар кедергі болатынын айтады.
Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби тілге: Ол тіл қара халықтың сөйлеп жүрген тілінен өзгеше, ойдан шығарылған, көктен түскен тіл емес, сол қара халықтың сөйлеп жүрген тіліндегі ең қолайлысы, қонымдысы, таңдамасы, пернелісі болуы керек, - деп анықтама бере келіп, жергілікті сөздерді әдеби тілге қатысына қарай:
1) пайдалы сөздер,
2) зиянды сөздер,
3) даулы сөздер деп бөліп, жіктейді. Даулы сөздердің қатарына ғалым көрім, оспадар сияқты сөздерді келтіре отырып, оны бір жақта жағымды, екінші бір жақта яғни аймақта жағымсыз мәнде қолданылатындығын айтып, ондай сөздерді түрік, парсы, араб тілдерінің мамандары зерттеп, түбірін, әуелде қай мәнде қолданылатындығын анықтау керектігін айтады. Әдеби тілге зиянды сөздер ретінде Ж.Аймауытұлы геул-көңіл, 7мха-піскен, буоатана-бұралқы, sapap-залал-зиян, күнімейін-кун\ бойы-күн ұзын-күн ұзаққа-күн ұзайын, абьдауо-әбійір-абырой т.с.с. лексикалық, фонетикалық вариант сөздерді жатқызып, бір сөздің осылайша әр түрлі болып жазылуына тілімізге келер пайда жоқ екенін айта келіп, оның ішінен біріншіден, әуелгі шыққан түбіріне жақынын, екіншіден, көбірек айтылатынын, үшіншіден, тіл заңына сәйкес өзгерген түрін, төртіншіден, жазуға жеңілін таңдап алу қажеттігін айтады. Ал әдеби тілдің өркендеуіне, баюына жәрдем ететін пайдалы сөздер ретінде ғалым басқыш - баспалдақ - тепкішек, тағдыр - пешене, кереге - дуал - қабырға, шалбар - сым, сыпайы - сыпа - кірпияз т.с.с. сөздерді атайды. Бұл сөздер өзара мәндес, синонимдес болғанмен, әрқайсысы әр түрлі түбірден шыққанын айта келіп, оларды да қалай болса солай қолданбай, сұрыптап қолдану қажеттігін айтады.
Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ тілінде бұрыннан бар сөздің орнына басқа тілден енген сөзді алуға болмайтынын, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында жалпы мәліметтер (Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)
Диалектілік лексика
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі
Сөз түрленуіндегі ерекшеліктер
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі туралы
Арготизмдер
Кәсіби сөздердің әдеби тілге қатысы жайында
Пәндер