Несие механизмі


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1. Несие механизімінің экономикалық мазмұны . . . 4-10
- Несие жүйесіндегі несие механизімінің орны . . . 4-7
- Несиелеу объектілері мен субъектілері . . . 8-10
2. Несиелік механизмді ұйымдастыру . . . 11-22
2. 1 Несиелік механизм және несиелік процесс . . . 11-14
2. 2 Банктік несие және оның экономикалық мағынасы . . . 14-16
2. 3 Банктік несие беру процесі және несиені қайтару кезеңі. . 16-19
3. Әлемдегі банктік несиелік механизмді дамытудың қазіргі тенденциялары . . . 20-25
Қорытынды . . . 26-27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Курстық жұмысымның жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет -журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызды деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланып отырдым.
Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән. Несиелеу операцияларының құқықтық-ұйымдастыру формаларының жүзеге асырылуынан, несиелеудің формалары мен әдістерінің және несиелеу қатынастарының, ұйымдастыру құрылымының өзгеруінен несиелеу жүйесінің жұмыс істеу механизмі әрқашан өзгеріп отырады.
Несие жүйесінің құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады, себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді.
Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты: Қазақстанның Ұлттық Банкі мен коммерциалық банктер және басқа да жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұйымдары.
Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзінің орны ерекше. Несиенің дәл әрі нақты талданып, несиелеу кезеңдері көрсетілген. Несиелік механизм туралы да аз жазылған жоқ. Банктің несие беру процессі, банктің несиесі және де оның экономикалық мағынасы ауқымды түрде жазылды. Үшінші бөлімде әлемдегі банктің несие механизімін мысал ретінде жаздым, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
1 Несие механизімінің экономикалық мазмұны
1. 1 Несие жүйесіндеге несие механизімінің орны
Нарықтық экономикада несие - банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезеқте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.
Несие жуйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлм айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алкшы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы нарқты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Келтірілген 1-кесте мәліметтеріне қарап, банктердің экономика салалары бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы 2005 жылдың басында 48049, 4 млн теңгені құраса, ал 2006 жылдың басына бұл сома 1, 2 есе артып, 60478, 7 млн теңгеге жетеді. Жыл бойынша банк несиелерінің көлемі 1, 4 есе ұлғайып, 2007 жылдың қаңтар айына - 85709, 2 млн теңгені құрайды.
1-кесте Экономика салалары бойынша берген екінші деңгейдегі банк несиелері
2006/2005
өсуі (+; -)
2007/2006
өсуі (+; -)
Берілген несиелердің мерзіміне қарай үлесін анықтасақ, қысқа мерзімді несиелер:2005 жылы - 66%-ды(31718, 2 млн т), 2006 жылы - 68%(41124, 4 млн т) және 2007 жылы - 59% (50557, 5 млн т) құрайды. Қысқа мерзімді несиелер көлемі соңғы жылы азайғандығын көреміз.
Сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне: 2005 жылы-34%(16531, 2 млн т), 2006 ж - 32%(19354, 3 млн т) және 2007 ж - 41%-ды(35151, 7 млн т) тиеді. Орта және ұзақ мерзімді несиелердің соңғы жылдардағы динамикасы олардың өсіп отырғандығын көрсетеді.
2-кесте Несие жүйесі
Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І
Орталық аппарат
Ұлттық банктің облыстық басқармалары
1. ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы.
2. Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.
3. Алтын-валюта резервін басқару.
4. Ақша-несиелік реттеу
1. ЕДБ
2. Маман-данған банктер
Орталық аппарт.
Филиалдары.
Өкілдік.
Еншілес банкі.
Бөлімшелері
Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.
Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған
Пара-
банк жүйесі
Орталық аппараты.
Филиалдары.
Өкілдік.
Орталық аппарат (ААҚ Қазпошта) .
Бөлімшелері
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да ұаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
- Орталық (эмиссиялық) банк;
- Коммерциялық банктер;
- Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т. б) .
Қазақстан республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) несиелік профелі.
Кесте-3 Екінші деңгейлі банктердің несиелері (млн. тг. )
Банктердің несиелері әкономиканы тұрақтандыруда ең маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда банктік несие формасының рөлі арта түседі. Сонымен кестеде берілген екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелі құрылымына экономиканың салалары бойынша соңғы үш жылдағы берген несиелеріне талдау жасайық.
1. 2 Несиелеу объектілері мен субъектілері
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыда несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынастар субъектілері деп атауға болады. Несие берушіге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, сатып алады. Жартылай өнімдер, азық - түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
- өндіріс объектісінің құрылысы;
- өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
- техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
- жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру.
Несиелеу принциптері негізінен несиелік процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижесіндегі және т. б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді:
І - топқа. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциалдығы.
ІІ - топқа. Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер.
- Несиенің мерзімділігі;
- Несиенің қайтарымдылығы;
- Несиенің төлемділігі;
- Несиенің қамтамасыз етілуі.
Несиені қамтамасыз етудің келесі бір жолы - несиені сақтандыру. Несиені кепілмен қамтамасыз ету проблемасы бұрынғыша өзекті болып тұр, әсіресе ауылдық жерлерде. Проблеманың түйіні кепілмен қамтамасыз етудің болмауында немесе жетіспеушілігінде және банк сарапшыларының берілген кепілді бағалау ерекшелігінде болып табылады.
Кепілге қойылатын мүліктің болмауы немесе жетіспеушілігі проблемасы оның рыноктық құнымен және өтімділігімен өте тығыз байланысты. Бүгінгі күні екінші деңгейдегі банктер кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті, жабдықтарды, айналымдағы қаражаттарды, көлік құралдарын, кепілдемелерді, бағалы қағаздарды қабылдайды. Кепіл құны мен өтімділігін банктің сарапшылары анықтайды.
Екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін сақтандыру және несиені қайтаруға кепілдік беру жүйесін енгізу саласындағы шетел тәжірибесі, осы жүйені енгізу арқылы банктердің тәуекелдерін едәуір дәрежеде төмендетуге, өтініштерді қарау және несиені беру мерзімін қысқартуға, әрі шағын бизнес кәсіпорнының қаржы-кредиттік ресурстарына қол жеткізуіне кеңінен мүмкіндік туғызатынын көрсетеді.
Осыған байланысты, Қор өткен жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін несиелерге кепілдік беруге кірісті, оны іске асыру үшін 2005 жылы республикалық бюджеттен 4, 6 млрд. теңге және ағымдағы жылы 5 млрд. теңге бөлінді.
Бастапқы кезеңде Қор арқылы несие тәуекелдерін сақтандыру енгізілмек, бұл болашақта “банк-кәсіпкер - сақтандыру компаниясы” қаржылық қарым-қатынас тізбегін (Қордың қатысуынсыз) құруға және сақтандырудың жаңа түрі “Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыруды” дамытуға негіз болмақ.
Бұдан басқа, Қордың жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша, оның ішінде франчайзинг және факторинг, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп қаржыландыру; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің нәтижелі жобаларын қайта қаржыландыру; оралмандарға, жастарға, зейнетақы жасындағы әлеуетті кәсіпкерлерге, қолөнершілерге, мүгедектерге арналған несие желілері; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымына қатысушыларды несиелендіру бағдарламасы жөніндегі қызметтері дамуда. Жақын арада аудан орталықтарында және шағын қалаларда өкілдіктер ашу арқылы Қордың филиалдық-өкілдік желісін одан әрі кеңейту жоспарлануда. Әсіресе өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмыстың тиімділігі ақпараттық-талдау, консалтингтік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну арқылы көтерілмек.
Несие әдістері - несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорынның қаражат айналысының шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің 2 әдісі қолданылған:
- қалдық бойынша
- айналым бойынша
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиелнетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болып келеді. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы - материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар т. б. ), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несие әдісіне компенсациялық сипатта болады, өйткені, компенсациялық несие жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардық түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болады, себебі несиенің берілуі тікелей төлемдегі қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиенің көмегімен жүргізіліп, арнайы несие шарттары бойынша беріліп отырған. Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдісі;
- қалдық бойынша несиелеу әдісі;
- айналым - қалдықтық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналысындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несиенің несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтары мен өзара байланыс. Қалдық бойынша несиелерді несиелеу объектісін кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелерде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиенің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдық тық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несие деген қажеттіліктің туындалуына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туарлы-материалды құндылықтарды кепілге ала отырып, шығындар айналыстың бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банкалдындағы мерзімді міндеттері негізінде өтеледі. Несие берудің мұндай формасын несие желіні ашу деп атайды.
Несиелік желі - келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің алдыңғы міндеттемесі. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналым бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да болады.
2. Несиелік механизмді ұймдастыру.
2. 1. Несиелік механизм және несиелік процесс.
Экономикалық түсініктегі “механизм” белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында “механизм” термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен байланысты болып келеді.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің “техникалық қабаты” ретінде бөліп қарастырылады. Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесстерін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауларды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелік механизм бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиенің ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Несиелеу процессі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- Несие деген өтінішті қарау;
- Несиелік қабілетін талдау;
- Несиелік келісімшарт жасау;
- Несие беру;
- Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарды қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсатты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz