Қалып етістіктерінің грамматикалық қасиеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданысы

Орындаған:
Қабылдаған:

2021 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау.Қалып етістіктері олардың сипаты мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.Қалып етістіктің ерекшеліктері зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
2.Қалып етістіктерінің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ-тарау.О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің семантикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданыс ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.Қалып етістіктерінің грамматикалық қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Зерттеудің ахуалдылығы:Белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасы, екіншіден, грамматикалық түрлену жүйесі яғни сөйлеу процесінде пайда болатын таза грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадигмалық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты сөздерді таптастырудың негізгі үш приципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде етістік те өз алдына жеке сөз табын құрайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Етістіктер басқа да мағыналы сөз топтары сияқты түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп жүрміз. Бірақ етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар. Ең алдымен ол ерекшелік, О.Бөкей шығармаларынд көрсеткендей,- етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ тілінде етістіктің түбір тұлғасы сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың жекеше ІІ-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сондықтан да қазақ тілінің грамматикасында, етістіктің түбір тұлғасына қимылды білдірумен бірге осындай грамматикалық мағыналар, яғни бұйрықтың және ІІ жақ анайы жекешелік мағына тән көрсетіледі де, етістіктің түбірі - бұйрық райдың екінші жағы деп анықталады.
Етістік- тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика - семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексика-семантикалық сипатының мейлінше өрісті болатын себебі - ол семантика тек субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасып адамның абстракты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекетінде, қимыл, козғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Оның түр-түрі қашанда болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады.
Етістіктің лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебі-ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту сипатын, яғни бағытын, қарқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, демек, етістік тудыратын, есімнен етістік, тудыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі нұсқаларын, қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі.
Бұл жұмыстың мақсаты: О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданысын анықтау.
Зерттеу объектісі мен пәні: О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданысын жан-жақты талдау
Зерттеу міндеттері:
1.Қалып етістіктің ерекшеліктері зерттелу тарихы
2.Қалып етістіктерінің атқаратын қызметі
3.О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің семантикалық сипаты
4.О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданыс ерекшелігі
5.Қалып етістіктерінің грамматикалық қасиеті
Жұмыстың құрылымы: Кіріспенің соңында кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұратын курстық жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы берілген.

І-тарау.Қалып етістіктері олардың сипаты мен қызметі
1.Қалып етістіктің ерекшеліктері зерттелу тарихы

Қалып етістіктер көне жазба ескерткіштерден бастап қазіргі түркі тілдерінің барлығында да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі зерттелу тарихы Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерден басталады.
Қазақ тіліндегі Қалып етістіктердің нақтылы саны анықталып, зерттелмеген деуге болады. Себебі, тілші-ғалымдар еңбегіндегі Қалып етістіктерге берілген сипаттамаларда олардың саны нақты көрсетілмейді. Ы.Маманов пікірінде кішігірім қайшылықтар бола тұрғанмен, толымды (мәнді) Қалып етістіктерге қатысты есім сыңарлы күрделі етістікті тіркесті түбір етістік деп атап, олардың сөзжасамдық қызметін анықтады, күрделі етістіктер мен аналитикалық етістіктердің семантикалық айырмашылықтарын көрсетті т.б.
Қалып етістіктері. Тілімізде адамзаттың амал-әрекеті, табиғи күй жағдайлары тұр, жатыр, жүр, тұр етістіктері арқылы беріледі. Олар тіл ғылымында қалып етістіктері деп аталатыны белгілі. Осы төрт етістіктің формаларындағы, функцияларындағы, семантикалық реңктеріндегі нәзік айырмашылықтарды, бәріне ортақ бірыңғай ерекшеліктерді қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев, М.Оразов, Т.Қордабаев, Н.Оралбаева, З.Оспанова т.б. белгілі ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп, айтып кеткен. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып бұрын соңды айтылмай, зерттелмей келген тың мәселе емес, оның негізгі белгілері, ерекшеліктері анықталған. Біздің мақсатымыз қалып етістіктері Ы.Маманов зерттеулерінде қай тұрғыдан қарастырылды, осы тақырыпты сөз игі әсері қандай болды, бүгінгі таңда оның маңыздылығы неде деген сұраулардың басын ашу болып отыр.
Алғашқылардың бірі болып бұл төрт етістіктің өзіндік ерекшелігін таныған ғалым - профессор Қ.Жұбанов қалып етістіктерінің әрқайсысының беретін лексикалық, семантикалық мағыналарына қарай оларды дәл осы шақтың төрт түріне бөліп қарастырады. Ғалым сыпат категориясына нақты тоқталмағанмен, істің жүру процесін білдірудегі осы төрт етістіктің Қалыплік қызметін аңғара білген деп есептейміз.
А.Байтұрсынов қалып етістіктерін Қалып етістіктер қатарында қарап, оның болымды түрінің жіктелуі басқа етістіктерден өзгеше екендігін, яғни жіктік жалғауы оларға тікелей жалғанатынын, ал болымсыз формада келдгенде қалып етістіктері басқа етістіктер сияқты жіктелетінін, яғни тікелей жіктелмейтінін байқаған.
Н.Т.Сауранбаев Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциясы еңбегінде (1942) күрделі етістіктердің жасалуына тоқталады. Толымды, толымсыз Қалып етістіктерді нақты атамағанмен, жатыр, отыр етістіктерінің көсемше формалы негізгі етістікке тіркесіп, Қалыплік қызмет атқаратынына бірнеше мысалдар келтірген.
С.Аманжолов негізінен шақтық мағына осы төрт етістіктің өз ішінде, бүтін тұлғасында болатындығын айтса (1994), аталған төрт етістіктің грамматикалық мағыналарын орыс тілімен салыстыра зерттеген ғалымдарымыздың бірі Ш.Х.Сарыбаев олардың есімдерше жіктелуін, шаққа, жаққа қатысын т.б. алғаш танып, дұрыс нұсқау берген (1939). М.Оразовтың Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері (1980) атты монографиясында аталған етістіктердің морфологиялық құрылымында туған тұл,алық, мағыналық өзгерістергі және әбден орныққан формаларына тарихи, ғылыми тұрғыдан талдаулар жасалады. А.Ысқақов пікірлерін сараласақ (1991), басқа авторлар пікірінен онша алшақ еместігін байқаймыз. Ғалым қалып етістіктерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге, амал-әрекеттің даму кезеңін (фазасын), өту сипатын білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан, етістіктің нағыз осы шақ категориясын құрауға негіз болады дейді. Бірақ ғалымның өзіндік көзқарасы да жоқ емес. Оған сыпат категориясының синтетикалық түрін атауға болады. Сондай-ақ ғалымның сыпат категориясын үшке бөліп (қимылдың басталуы, жүріп жатуы, аяқталуы), олардың формаларын көрсетуі ғылым үшін жаңалық деп білеміз.
Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес грамматикалық категориясы ретінде түркітануда және қазақ тіл білімінде XX ғасырдың екінші жартысында ғана танылса да, қимылдың жасалуындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін зерттеушілердің назарына ертеден-ақ ілінген. Ы.Мамановтың сыпат категориясына байланысты ойларын сарапқа салғанымызда, ғалым, ең алдымен, сөз мағынасына емес, сөз формасына баса назар аударғанын байқаймыз. Мұны ғалымның мына пікірінен білуге болады: Қалып етістіктерінде шақтық форма жоқ, тек шақтық мағына бар . Ғалым қалып етістіктерінің бойындағы шақтық мағына оларға телулі шақтық мағына емес, олардың бойында шақтық мағынадан басқа да (айталық, қимыл-күйді білдіру - етістіктік мағына; қимылдың өту сипатын білдіру - аспкетуалдылық мағына т.б.) мағыналар бар. Ғалымның бұл пікірін басқа ғалымдар еңбектерінде айтылмаған ерекше жаңалығы деп атауға болады. Сонмен қатар, көсемше формалы етістіктердің қалып етістіктерімен өзге толымды етістіктер арқылы сыпат категориясын жасауы туралы ойлары аналитикалық формалы етістіктер жайындағы күрделі зерттеуге негіз болған. Қимылдың жасалу кезеңдері мен тәсілі бойынша етістіктерді жіктеуі қазіргі грамматика талаптарына толық сай келмегенмен, функционалды грамматика тұрғысынан құнды пікір екендігін көрсетіп отыр.
Функционалды грамматикада қимылдың өту сипаты немесе амалдың өту сипаты деп аталып жүрген ұғым аспектуалность терминімен аталады. Қалып етістіктері осы аспектуалдылық мағынаны білдіруде маңызды рөл атқарады. Олар осы функционалды семантиканы беретін бірден бір тілдік құрал болып табылады. Қалып етістіктерінң фунуционалды-семантикалық өріс жасаудағы қызметі функционалды грамматика мамандарының зерттеулерінде айтылып жүр.
Бұл айтылғандардан қалып етістіктері тек қана аспектуалды семантика ғана жасайды деуге болмайды. Ол басқа да функционалды-семантикалық өрістерді жасауға қатынасады. Айталық, олар қимылдың өту сипатын білдіруден бұрын , ең алдымен, шақтық мағынаны білдіреді. Дәстүрлі грамматика тұрғысынан олардың құрылымдық функциясы нақ осы шақты білдіру делініп, нақ осы шақты білдіретін тілдік құрал, соның көрсеткіші ретінде қаралып жүр. Алайда бұл оларға берілген біржақты ғана пікір. Өйткені шақ тілдік жүйеде және сөйлеуде екі бағытта қызмет етеді. Аталған етістіктер тілдік жұйеде шақ көрсеткіші болса, сөйлеуде, екі бағытта қызмет етеді. Аталған етістіктер тілдік жүйеде шақ көрсеткіші болса, сөйлеуде, яғни сөйлеу бірлігі - мұны зерттейтін сала функционалды грамматика тұрғысынан одан кең түрде қарастырылады. Ол тек қана нақ осы шақтық мағынаны ғана білідрмейді, сонымен қатар шақтық мағынаның басқа да реңктерін беруге қызмет етеді. Сөйлеудегі шақтық мағына функционалды грамматика тұрғысынан темпоральность деген терминмен аталады. Темпоралдылық функционалды-семантикалық өрісін жасауда қалып етістіктерінң өзіндік орны, тиесілі қызметі бар. Олар темпоралдылық категориясының мағыналық қырларын білдретін тілдік құрал болып табылады. Демек қалып етістіктері Ы.Маманов көрсеткендей бір ғана категорияның тілдік көрсеткіші емес, ол аспектуалды, темпоралды, сондай-ақ басқа да қызметтерде жұмсалады.

2.Қалып етістіктерінің атқаратын қызметі

Адамзат атаулының қай- қайсысы болсын яжатқан я тұрған я жүрген я отырған жағдайда ұшырасады және олардың амал әрекеті сол аталған қалыптың бірінде жүзеге асады. Осындай табиғи күй жағдайлардың атауы есебінде жұмсалатын етістіктер қалып етістіктер деп аталады. Оларға жатыр тұр, жүр, отыр, етістіктері жатады. Біріншіден бұл төрт етістік (жатыр, тұр, жүр отыр) өзді- өзіне тән түрткілікті лексикалық мағыналарын толық сақтап, барлық лабараториялық формаларда түрленіп, синтаксистік қызмет түгел атқарып отыратын негізгі етістік есебінде қолданылады. (ат қорада тұр, сіз жүре беріңіз, сәби төсекте жатыр, үлкендер есік алдында отыр тб)
Екіншіден бір төрт етістіктің әрі жетекші етістік ретінде қызмет атқару қабілеттері де түрлену жүйесінде бірыңғай болғанымен олардың лексикалық мағыналары, басқа-басқа, мысалы Наизатасының басында бір кісі тұр, Найзатасының басында бір кісі отыр, Найзатасының басында бір кісі жүр. Найзатастың басында бір кісі жатыр дегендердей төрт етістіктің мағынасынан төрт түрлі қалып ашық түсініледі. Тыныш тұрған адам едім, тыныш отырған адам едім, тыныш жүрген адам едім,тыныш жатқан едім деген сөйлемдерде де қалып етістіктерінің амалдары орындары қызметтері бірдей болғанымен олардың сипатамалары басқа-басқа. Сондай - ақ Абызал сурет көріп тұр.
Қалып етістіктерінің семантикалық айырмашылықтары олардың жетекшілік қызметі ғана емес, көмекшілік қызметіне де не тежеп не парықсыз қолданбайтындай шетке қойады. Мысалы жаңбыр жауып тұр немесі жаңбыр жауып жатыр деуге де болады. Әрине екеуінің мағынасынан да туу процесінің жақында я алыста болуын білдіру жағынан айырмашылық бар . Деген мен, жаңбыр жауып тұр я жаңбыр жауып отыр деуге болмайды. Ендеше бұл етістіктердің қай жерде қолданылмау машығына қатысты ерекшеліктері ең алдымен олардың семетикалық сипатына байланысты.
Үшіншіден тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері әрдайым бұйрық райдың екінші жағына тән мағыналы білдіріп, сол қызметте жұмсалса қалып етістіктері әр бұйрық райдың екінші жағының айнасы түрі есебінде (сен тұр,сенатор, сен жүр, сен жат,) әрі ашық райдың үшінші жағының формасы есебінде қызмет етеді(ол тұр, ол отыр, ол жүр, ол жатыр)
Төртіншіден тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері жіктік жалғауда тікелей қабылдамаса, қалп етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдамаса қалп етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап нақты осы шақ қызметті атқара береді. Мысалы мен тұрмын, сен тұрсың. Осы ерекшелік олардың анаметикалық етістік құрамында көмекші болғандар да сақталады. Мысалы мен түстеніп тұрмын, сен күліп тұрсың.
Бесіншіден. Логикалық және практикалық талапқа қарай тіліміздегі өзге етістіктерге етіс жұрнақтары қосыла береді ол қалып етістіктерімен өзге етіс формалары жасалғанмен(отырғызды, жүргізді) здік етіс жасалмайды ( тұрғызды отырғызды емес)
Алтыншыдан тіліміздегі басқа етістіктердің негіздеріне толымсыз көмекші етістіктер жетіспейді. Ал қалып етістіктері негіздеріне бұл көмекшілер тіркесе береді. Мысалы тұр еді, жүр еді, отыр еді, жатыр еді, тұр екен, жатыр екен, жүр екне, (келе еді немесе оқы екен дейді) Бұл төрт етістіктің өздерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге бір жағынан ампл әрекеттің даму кезеңі( фазасын) өту сипстың білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан етістіктің нағызосы шақ катигориясын қарауға негіз болады.
Қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар жариялаған. Етістікті әрі сөз табы ретінде, әрі мағыналық сипатын қоса талдаған зерттеулерден А.Қалыбаева (Хасенова), Ы.Е.Маманов, А.Ысқақов, Н.Оралбаева еңбектерін ерекше атаған жөн.
А.Хасенова Қазақ тілі грамматикасында түбір етістік дейтін межеге сыйдыруға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан қарастырып, оларды бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлуге болатынын атап көрсетеді. Ұйымдастыру, жорғала, мияула, шырылда сиқты туынды етістіктер де лексика-семантикалық топтардың құрамына енгізілген. Жұмыста басқа түркі тілдерінде қалыптаспаған жаңа үлгіде топтастыру да ұсынылған, алайда бөлудің принциптері ашып көрсетілмеген.
М.Оразов 1983 жылы Семантика казахского глагола тақырыбында жазылған докторлық диссертациясында етістіктің 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді. Ғалым етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық жағынан бөлгенімен, морфологиялық белгілерін де негізге алып отырған.
А.Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық топтарға жіктелгенімен, оларды бөлудің ғылыми принциптері көрсетілмеген (1991).
Ы.Мамановтың етістіктерді басты ерекшеліктері жағынан бірнеше топқа бөлуінде басқа ғалымдармен салыстырғанда алшақтықтар бар. Ғалым түбір етістіктерді семантикалық топтастырудағы ұстанған принципі Г.А.Золотова, А.В.Бондарко, З.Ахметжанованың функционалды грамматика теориясына байланысты теорияларымен үйлесіп жатыр. Әсіресе, ғалымның негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге келмейді, морфологиялық және синтаксистік тәсілдерінің белсенді қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады деген тұжырымы қазіргі функционалды семантиканың негізгі принципі. Ы.Маманов қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі. Қазіргі кезде етістіктің жекелеген лексика-семантикалық тобы арнайы зерттелуде.
Қалып етістіктерінің мұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде калыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық касиеті калып койған. Жатыр етістігінің жат түрінде колданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ак отыр етістігі ол тұр -- ол тұрар тұлғасынан калыптаскандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр жэне жүрүр тұлғаларынан калыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалык қасиеті, процессуальдық мэні сакталып калудың нэтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, ягни эрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, эрі процессуальдық мэні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақтың) негізгі грамматикалык көрсеткіші болып саналып, 3-жак жіктік жалгау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.
Сонда калып етістігінің осы мэндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме? деген сұрак туады.
Қалып етістіктерінің осындай эр түрлі мәндері бар бір гана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр -- түбір десек, сен тұр -- бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр -- 3-жакта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары кандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы -- әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.
Қазіргі қазақ тілінде етістіктің осы шақ категориясын оқытуда бірізділік жоқтың қасы. Әсіресе, нақ осы шақтың екі түрін де қалып етістіктеріне теліп алып, жалпы шаққа тән ережелер мен етістіктің өзіне арналған қағидаларға қайшы келетін тұстарға мән беруді оқыту үдерісі барысында назардан жиі тыс қалдыратын болдық. Осы шақ дегеніміз - қимыл немесе іс- әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта болуы. Барлық оқулықтар мен зерттеу еңбектерінде дәл осындай ереже бірдей үлгіде берілген. Ал ...түбір етістіктер екінші жақ тарапқа тікелей бұйыру я тілек айту мағынасын (сен оқы, сен сөйле) білдіріп, бұйрық(императив) я тілек(оптатив) рай формасымен түрлес те, орайлас та болатындықтан, грамматикада бұйрық - тілек(императив - оптатив) райының жекеше түрінің екінші жағының формасы жасалады (1); ...етістіктің түбірі болып бұйрық райдың 2-жақ, жекеше түрі саналады: ал, бер, қал, жаз, байқа, сыпыр. Бұл қалыптағы етістіктер тек болатын істі, қимылды, қозғалыс, әрекетті ғана білдіреді. Сонымен қатар бұлардан бұйрық мән де байқалады, бірақ ол етістіктің лексикалық мағынасы емес, ондағы істің болмысқа қатынасын, яғни істің кімге арналғандығын білдіреді.

ІІ-тарау.О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің семантикалық сипаты
1.О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданыс ерекшелігі

О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданысы түбірдің грамматикаларда көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі - олардың тікелей жіктелмеуі. Ал бұйрық райдың 2-жағы - жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Міне, осы айтылғандардың барлығы етістіктің түбір тұлғасы мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес екендігін, тек сырттай сәйкес келетіндігін, „етістіктің түбірі - бұйрық райдың 2-жағы деген анықтаманың қате екендігін, етістіктің түбірі басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. И.Е. Мамановтың:„Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады, -- деген пікірінің өте дұрыс екенін байқаймыз (М.-ҚҚТ, І-т, 65)
Демек, етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол - етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы, болып табылады.
О.Бөкей шығармаларындағы қалып етістіктерінің қолданысы қазақ тілінде бұйрық райдың 2-жақ анайы түрінің сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірдей болған ба? деген заңды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін бұйрық райдың жаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.
Жекеше Көпше
мен бар-айын, кел-ейін, сен бар -- , кел -- сіз бар-ыңыз, кел-іңіз ол бар-сын, кел-сін біз бар-айық, кел-ейік сендер бар-ыңдар, кел-індер сіздер бар-ыңыздар,кел-іңіздер олар бар-сын, кел-сін
Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық мағына 2-жақтағыдай емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (І-жақ) немесе көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға (2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол ерекшелігіне және 1 мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап, кейбір ғалымдар, 1 және 3-жақтарды бұйрық рай жүйесінен бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың ондай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола алмайды.
Осы жүйедегі 2-жақтың жекеше сыпайы түрі мен 2-жақтың көпше анайы және сыпайы түрінің тұлғаларына назар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы түрінде -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар, -ңдер, -ыңдар, -іңдер, сыпайы: -ңыздар, -ңіздер, -ыңыздар, -іңіздер. Бұл қосымшаларды -ың (ің, -ң), ыз (із) -ың (із); -ың (ің, -ң), дар (дер), -ың (ің, -ң) ыз (із) +дар (дер) деген бөліктерге бөлуге болады: -дар, -дер -көптік ұғымның көрсеткіші, -ыз, (із) -сыпайылық мәнді білдіруші, ал -ың, -ің, -ң - екінші жақтың көрсеткіші.
Демек, бұйрықтық және 2-жақтық (категориялық) грамматикалық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық форма, яғни, етістіктің түбір тұлғасынан өзге екенін көрсететін грамматикалық көрсеткіш осы болған. Ол жеке тұрғанда (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қалып қолданылған да, бүл форма сырттай ғана етістіктің түбір тұлғасымен ұқсас болып кеткен, ал басқа қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрінің мағынасы сақталып, грамматикалық формасы түсіп қалып, нөлдік тұлғада жұмсалуы, яғни етістіктің түбір тұлғасымен сырттай сәйкес келуі, тұрақты нормаға айиалған. Ал кейбір түркі тілдерінде сен кел, сен ал дегендегі етістіктер алиң, келиң сияқты болып ол тұлға сақталып қалған. Тек -ың, -ің, -ң формасы ғана емес, 2-жақ бүйрық рай мағынасын басқа да тұлғалар, (мысалы, -ғыл, -гіл, немесе -ғын, гін, қьт, кін(бар-ғын, бар-ғыл т.б.) беріп отырған. Қазақтың сөйлеу тілінде, жергілікті тіл ерекшеліктерінде бұлардың кездесіп қалуы тектен-тек емес. Бұның өзі бұйрық рай формасы етістіктің түбірінен бөлек тұлға екенін, ол - грамматикалық түрленудің бір көрінісі екенін байқатады. Өкінішке қарай, осы күнге дейін етістіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі қалып-күй етістіктерінің семантикалық табиғаты, қалып етістіктерінің жетекшілік қызметтен көмекшілік қызметке өту сипаты
Модификациялық етістіктер
Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің семантикасы
Есімше зат есім үлгісіндегі сөз тіркестеріндегі бағыныңқы етістіктердің лексика-семантикалық синтагмалық мағыналары
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
Әкім Таразидің Қорқау жұлдыз романы
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары
Пәндер