Амал пысықтауыштың түрлері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Тәсілдік пысықтауыш оның жасалу жолдары
Орындаған: Мухадес А.Б
Қабылдаған: Қияқова.Р.Ж
Көкшетау 2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І-тарау.Пысықтауыш және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Пысықтауыштың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Амал пысықтауыштың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ-тарау.Тәсілдік пысықтауыш оның жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1.Тәсілдік амал пысықтауыштардың сөйлемдердегі қолданысы ... ... ... ... ..16
2.2.Тәсілдік амал пысықтауыш болатын сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Пысықтауыш болатын сөз таптары:
1. Үстеуден болады
2. Сын есімнен болады
3. Сан есімнен болады
4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады
6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады.
Бұл жұмыстың мақсаты: Тәсілдік пысықтауыш оның жасалу жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі: Пысықтауыш және оның түрлерін талдау.
Зерттеу міндеттері:
1.Пысықтауыштың түрлері
2.Амал пысықтауыштың түрлері
3.Тәсілдік пысықтауыш оның жасалу жолдары
4.Тәсілдік амал пысықтауыштардың сөйлемдердегі қолданысы
5.Тәсілдік амал пысықтауыш болатын сөздер
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе зерттеудің өзектілігін негіздейді, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; зерттеу объектісі мен пәні анықталады.
Негізгі бөлім
І-тарау.Пысықтауыш және оның түрлері
1.1.Пысықтауыштың түрлері
1. Пысықтауышқа жалпы сипаттама
2. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер
3. Пысықтауыштың мағыналық түрлері
4. Пысықтауыштың жасалу жолдары
Тұрлаусыз мүшенің бірі болып табылатын пысықтауыш сөйлемде, негізінен, етістіктен болған мүшеге қатысты болып, сол мүшені мекен, мезгіл, мақсаты, орындалу амалы жағынан нақтылап, анықтап тұрады. Нақтырақ айтқанда, "анықтауыш зат есімнен болған мүшені, пысықтауыш етістіктен болған мүшені айқындайды". Сондықтан кеңірек жайға орналасу керек. Бұл қарт өзге ояз адамдарынан қазақ ішін жақсы-ақ біледі (Әуезов). Осы сөйлемдердегі сын есім сөз табына жататын екі сөздің бірі анықтауыш, бірі пысықтауыш болып тұр. Олардың бұл қызметтері өздері қатысты болған сөздердің жай, біледі мағыналарына байланысты екені айқын.
Пысықтауыштар, әдетте, етістік баяндауыштарға қатысты болғанымен, кейде есім баяндауыштарға да қатысты болуы мүмкін. Кеше урядник осы хабарды әкелген екен, бүгін ел іші шапқын (Мұқанов).
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер-үстеулер, үстеу мәндес сөздер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес) зат есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты райлы түрлері. Сондай-ақ, еліктеу сөздер мен көмекші сөзді тіркестер де пысықтауыш қызметінде қолданылады.
Пысықтауыштар мағыналық ерекшеліктеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, амал пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш.
1.Мезгіл пысықтауыш. Қимыл-әрекеттің шақтық мағынасын мезгілдік жағынан дәлдеп, нақтылап тұратын пысықтауыш түрін мезгіл пысықтауыш деп атайды. Мезгіл пысықтауыштар мынадай жолдармен жасалады:
а) Мезгіл үстеулерден жасалады: Қазір жұмыстың ауыры да, асығысы да осы (Мұстафин).
ә) Мезгіл мәнді зат есімдерден жаз, қыс, көктем т.б. және олардың жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктерінде келуі арқылы жасалады: Жер қазу жұмысына көктемнен кірісті (Мұқанов). Жасымда ғылым бар деп ескермедім (Абай).
Кейбір заттық ұғымдағы сын есімдер жатыс, кейде көмектес септігінде келіп, пысықтауыш болады: Қараңғыда қорқытқан күшті дүрсілді жарықта бір көргісі келіп артына қарады (Мұстафин).
б) Жатыс септігіндегі -ған, -ар тұлғалы есімшелер және -ғалы, -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш болады: Туғанда дүние есігін ашады өлең (Абай). Қорықтан күн шыға атқа міндік (Әуезов).
в) Көмекші сөзді кейбір сөз таптары да күрделі мезгіл пысықтауыш жасайды: Сол кезде жартыланған ай туған еді (Мұқанов). Олжабек көпке дейін жауап қайтара алмады (Мұқанов). Осының арасынша Тілеу мен Төлеуіш те келіп қалып еді (Сланов).
2. Мекен пысықтауыштар іс-әрекеттің, қимылдың болу орнын, бет алысын, қайдан шығып, қайда тірелер жерін білдіреді. Жасалу жолдары мынадай:
а) Мекен үстеулері жоғары, төмен, ілгері, кейін, әрі, әрмен т.б. барыс, жатыс, шығыс жалғаулы және -рақ, -рек тұлғалы түрлерінде мекен пысықтауыштар болады: Алысқа кетсе, су жоқ, жақында от жоқ (Мұстафин). Жоғары, төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай).
ә) Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулы есім сөздер қайда?, қайдан? сұрақтарына жауап беріп мекен пысықтауыш болады: Оқуды бітіріп, Қарағандыға жұмысқа бара жатырмын (Мұстафин).
б) Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп, кейде соңғы сөздерінің бірсыпырасының алдынан бір, оң, сол сөздері тіркесіп мекен пысықтауыш жасалады: Мына жақта Жанас пен Арыстан ғана өздерінің күйлерін шертуде (Сланов). Оның ұзын қара шудасын бір оң жағынан, бір сол жағынан шұбатып, үзбей будақтады (Мүсірепов).
в) Көмекші есімдермен тіркескен зат есімдер барыс, жатыс, шығыс септіктерінде келіп мекен пысықтауыш болады: Түнге қарай жауынгерлерімізді көпірдің алдына қойсам, күндіз жол бойын өрлей, әр сайдың қабағына қоям (Мүсірепов).
г) Қарай, таман, шейін шылаулары тіркескен барыс, жатыс, шығыс жалғаулы сөздер тұтасымен мекен пысықтауыш болады: Екі дос жаңа құрылысқа қарай бет алды (Иманжанов).
3. Амал пысықтауыштар деп іс-әрекеттің, қимыл-қозғалыстың жүзеге асу амалы мен тәсілін, сапасы мен сындық белгісін білдіретін пысықтауыш түрі аталады. Мағыналық жағынан бұл пысықтауыштар екіге бөлінеді: тәсілдік амал пысықтауыш және сапалық амал пысықтауыш.
Амал пысықтауыштардың бұл түрлерінің өздерін мағыналық жағынан іштей саралауға болады. Тәсілдік амал пысықтауыштар үстеу, еліктеу сөздер, көсемше тұлғалы етістіктер болып келеді де, олардың етістіктермен мағыналық қатынасы қарқындық, қимылдық, бейнелеуіштік болып келеді. Жасалу жолдары:
а) бірден, көзбе-көз, зорға, әрең, тез, дереу, жылдам, шапшаң, шұғыл сияқты үстеулер және оларға -рақ,-рек шырай жұрнақтары жалғану арқылы да іс-әрекеттің түрлі қарқынын білдіретін тәсілдік амал пысықтауыш жасалады: Мен тез барып, тез қайттым (Мұқанов). Ол үйге бірден кіріп келді.
ә) қылт, кілт, тарс, тарс-тұрс, жалт, бұрқ-бұрқ,маң-маң, талтаң-талтаң тәрізді еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерден жасалады: Жантық осыны айтты да, қалт тоқтай қалды (Мұстафин). Нұрқожа талтаң-талтаң басып, Шәйкеннің үйіне жөнелді (Мұқанов)
б) көсемшелерден жасалады: Олар бір-біріне күле қарады (Сланов). Жарқырап, міне, жаз келді (Жамбыл).
в) бейнелік үстеулерден шалқасынан, жүресінен, етпетінен, бүге түсіп т.б. жасалады: Ол жүресінен отыра кетті (Мұқанов).
Сапалық амалды білдіретін пысықтауыштар қимылды сапалық жағынан анықтайтын сөздер болғандықтан, мағыналық жағынан анықтауышқа жақын сөз таптары көбіне осы қызметте қолданылады. Бұл сөздер етістіктермен қабыса байланысып, қалай? деген сұраққа жауап береді.
а) негізгі сын есімдер, оның ішінде лексикалық мағыналары етістіктермен үйлесімді болатын түрлері, сапалық амалды білдіреді: Әрине, баланың бәрі де осылай әдемі ұйықтайды (Мұстафин).
ә) сапалық амал пысықтауыш қызметін атқаруға көбінесе туынды сын есімдер бейім болады: Алтын бидай дариядай шалқиды (Сәрсенбаев). Көкшіл түсті үлкен көздері сыр берместей сабырлы қарайды (Әуезов).
б) - ша,-ше жұрнағы арқылы жасалған туынды үстеулер сапалық амалды білдіреді: Бөрененің бір басын нар тартса, екінші басы нарды тартып, таспаша созылады жануар (Мұстафин).
в) жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулы есім сөздер, әсіресе, дерексіз зат атаулары дара немесе күрделі анықтауыштармен, көмекші сөздерімен күрделенген күйде амал пысықтауыш қызметін атқарады: Үй маңындағы гүл, ағаштар өзгеше шеберлікпен егіліпті (Мұстафин). Мен бұл жігітті Ырымбек арқылы білемін (Мүсірепов).
4. Мақсат пысықтауыш іс-әрекет,қимыл-қозғалыстың белгілі бір мақсатқа, талапқа лайық орындалу не орындалмауын білдіреді де, көбінесе кім үшін? не үшін? неге? не мақсатпен? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Жасалу жолдары:
а) Мақсат пысықтауыштар әдейі, жорта, қасақана, бекер, босқа, арнайы тәрізді үстеулерден жасалады. Олардың мақсат пысықтауыштық мағынасы контексте айқындалады. Абай үншіл домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын (Әуезов).
ә) - у тұлғалы қимыл есімдері барыс жалғаулы болып, кел, кет, әкел, шақыр, бер тәрізді етістік баяндауыштармен тіркесіп келгенде мақсаттық мәнді білдіреді: Сырбай буыршынды шалуға әкелген.
Мақсат пысықтауыштық қызметті айқын атқаратын сөздер көбіне күрделі болып келеді:
а) Зат есімдерге -ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғалы көсемшелердің тіркесуі арқылы: Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы кетіп барады (Әуезов).
ә) Барыс жалғаулы есім сөздерге бола көмекшісінің тіркесуі арқылы: Бұл бала сізге бола келіпті.
б) Есімдерге үшін шылауының және көмектес септікті мақсат, ниет сөздерінің тіркесуі арқылы: Мұны сол мінезі үшін қадірлейтін (Әуезов). Бекіністі қайтадан алу мақсатымен немістер екі рет шабуыл жасады (Мүсірепов).
в) Қалау, бұйрық рай тұлғалы етістіктерден кейін деп көмекші етістігі тіркесу арқылы, -а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер кейде жеке тұрып, кейде басқа сөздермен тіркесе топтасып мақсат пысықтауыш болады: Сен әдейі біздің қаланың жағдайын білейін деп келдің (Сейфуллин).
г) Болымсыз есімшеге барыс жалғауы жалғанып та мақсат пысықтауыш жасалады: Қылмыс заңын атамасқа, адам зарын елемеске келіп пе едік осында! (Мүсірепов).
5. Себеп-салдар пысықтауыш іс-қимылдың болу-болмау себебін білдіреді, неліктен? не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп пысықтауыштар мынадай жолдармен жасалады:
а) -ған тұлғалы есімшеге -дықтан, -діктен қосымшасы жалғану арқылы немесе есімшеге тікелей не тәуелдік жалғауынан кейін шығыс септігінің жалғануы арқылы: Шошынғаннан айқайлап жіберді.
ә) Есімшеден кейін себепті, соң, үшін шылауларының тіркесуі арқылы: Бізді тәрбиелегеніңіз үшін бірінші суретті сізге тарттым (Мұқанов).
б) босқа, құр босқа, бостан-босқа, амалсыздан, шарасыздықтан, амал жоқтықтан үстеулері де себеп пысықтауыш болады: Амалым жоқтықтан өзіңе тікелей келдім . Бұл үстеулердің себептік мағынасы көбінесе контекст ыңғайында айқындалады.
6. Мөлшер пысықтауышіс қимылдың мезгілдік созылу , көлемдік таралу мөлшері, қайталану дәрежесі, істі істеуге объектілердің қатысы дәрежесін анықтайды. Мөлшер пысықтауыш болатындар:
а) Сан есімдер және олардың шығыс жалғаулы түрлері мен өлшемдік мағынадағы көмекші сөздермен есе, рет, шақырым, бойы, құлаш, қарыс т.б. тіркес түрлері. Бригадир колхоз басқармасының кеңсесіне үш келді (Мүсірепов). Күн күле шығып, арқан бойы көтерілді (Әбішев).
ә) Заттың нақты санын білдірмей, мөлшерін ғана білдіретін сөздер: сын есімдер ұзақ, қысқа, модаль сөздер аз, көп, мөлшер үстеулер тегіс, жаппай, едәуір, талай, түгел т.б. мөлшер пысықтауыш қызметінде қолданылады. Бас инженер ұзақ сөйледі(Шашкин). Ол бірталай бағып тұрды ( Әуезов).
б) Сан есімдердің мөлшерлік зат есімдермен, зат есімдердің мөлшерлік есімдермен тіркесінен болады: Ушаковтың үйінде Байжан бір жеті жатты (Мүсірепов). Омбы станциясында біз айға жақын тұрдық (Мұқанов).
1.2.Амал пысықтауыштың түрлері
Пысықтауыштың бұл түрі істің, қимыл-әрекеттің сапасы мен бел-тісін, сынын және істің, қимылдың істелу тәсілін, амалын білдіреді. Мағыналық жағынан бұларды екі топқа істің сын-сапасын және белгісін білдіретін пысықтауыштар және істің істелу тәсілі мен амалын білдіретін пысықтауыштар деп бөліп қарастыру мақұл. Бұл екі топта жұмсалатын сөздердің характерлері де осыны қажет етеді.
Сын-сапаны, белгіні білдіретін пысықтауыштар қызметінде жұм-салатын сөздер, әрине, үстеулер. Олар: едәуір, оншама, шапшаң, әлінше, пәрменінше, біржолата, тікелей, іле-шала, әрең-әрең, дереу, жедел, жатпай-тұрмай, ашықтан-ашық, т. б. Мысалдар: Жақын ауылдарға тегіс шапшаң кісі шаптырыңдар. Ұйқысы қатты еді, әрең ояттым (Әлімқұлов). Теңіз тағы да ала й-түл е й долдана-тын болар, -- дейді Володя (Мүсірепов).
Осы қызметте -ша-ше жұрнағы арқылы есімдерден жасалған ту-ынды үстеулер де қолданылады, мыс.: „..Әнді сүйсең, менше сүіі (Абай). Турникке ойнағанда ол ұршықша үйірілетін (газеттен). Құмырысқадай қаптаған сұрғылт түсті жауға қарсы Совет адамдары е р л е р ш е күресті.
Іс-қимылдың қимылдық сапасын, белгісін білдіріп, амал пысық-тауыш қызметінде жиі жұмсалатын сөздер сын есімдер. Бұл қызмет- те негізгі сын есімдер де, сонымен қатар басқа сөз таптарынан жұр- нақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер де кездеседі, мыс: Мирошник с ы п а й ы ғ ан а езу тартты да, қолымды қысып отыруға нұсқады... Сол біраз қалжыңмен талай күнгі азап ауырлығын жуып тастағандай, жауынгерлерім ж е ң і л жүріп келеді... Жалғыз зар қаққан домбыра үні ә л с і з сарнады (Мүсірелов). Ж а қ с ы айтты-ау... Салтанаттың алтынды шолпысы бірде жіңішке шыңғыр салып, бірде сылдырай түседі (Әуезов). Туынды сын есімдердің ішінде, әсіресе, көп жұмсалатын-дары -дай-дей аффиксі арқылы жасалған сын есімдер. Қазір-ақ үсті-басымыз малмандай болып, жаураған қ о й д а й бүрсиеміз-ау (Мүсірепов)... Бірақ мына суретте сол жарастық шымыр денсаулыққа арманшыл көңіл күйіне жалғасып тұрғанын айтқанда, Лиза әлденеден ұ я л ғ а н д а й қызарып кетті (Әлімқұлов).
Сын-сапалық пысықтауыш қызметінде -ып-іп және -а (-е, -й) тұлғалы көсемшелер де жиі қолданылады. Жапырақ көгермей солды, жастық г ү л д е н б е й өлді... Осындай бір қол босағанда еске алсақ, күн асқаи сайын к ү ш е й е түседі (Мүсірепов). Нелла Борисованың өзі жақтауын пісіре түс дегендей ш а л қ и жадырап, үй ішінде киетін кең қара жібек шалбарын сусылдатып, әрі-бері кө-леңдеп өтті (Әлімқұлов).
Көсемшелердің амал пысықтауыш мәнін беруі олардың баяндау-ыштың тікелей алдында келуіне байланысты.
Істің істелу тәсілі мен амалын, орындалу ерекшелігін білдіріп, амал пысықтауыш қызметін атқаратын сөздер щырын, жай, жал-ма-жан, шапшаң тәрізді үстеулер, мыс.: Көкіректегі байлаулы арыс-тан қозғалып, бостандықты ойлап ақырын қимылдайды (Сей-фуллин).
-ша жұрнағы немесе басқа да тәсіл арқылы жасалған кейбір ту-ынды үстеулер де істің істелу тәсілін, орындалу ерекшелігін білдіре-ді: Кісі мінезіне жүйрік Әйгерім ө з і н ш е оқшау сын жасаған (Әуезов). Батыраш көк арбаны орталап салып алған шөптің үстінде шалқасынан жатыр да, екі жігіт оны ұстап отыр (Мүсірепов).
Көмектес, шығыс, жатыс септікті кейбір есім сөздер де етістік баяндауышқа қатысты болып, амал пысықтауыш қызметін атқара алады, мыс.: Басына т о б ы қ т ы ү л г і с і н д е тымақ та тігіп берген еді (Әуезов). Ж ү р е к т е н сүйіп еліңді, жұрт мейірін қан-дырдың (Сыздықов). Чиновникке тұңғиық қара көк көздерін кейіс- пен бұрды. Абайға соншалық м е й і р л і жүзбен, к ө з қ иығымен бір қарап, бетін басып төмен иілді (Әуезов).
Амал пысықтауыштық қызметте жұмсалатын мұндай сөздер, кө-бінесе, дерексіз зат атаулары болып келеді. Оның үстіне, олардың көпшілігі-ақ көмектес септік арқылы ғана амал пысықтауыш болады. Жатыс, шығыс септік жалғауларында тұрып мұндай функцияға ие болатын сөздер әлдеқайда аз. Бұл айтылғандардан басқа, шығыс септікті мына тәрізді сөздердің амал пысықтауыш қызметінде жұмсалуы кездеседі, мыс.: Бұл үйдің адамдары...бірін-бірі қабагынан, е р н і н і ң емеурінен таниды. Біраз бұрын ел отырғаны ә л і к ө н е р е қоймаған ү й орындарынан ғана білінеді (газеттен). Мұндай сөздер осы мағынада арқылы көмекші сөзімен келген тіркестерге синоним болады. Жоғарғы мысалдарды... үй орындары арқылы ғана білінеді, ... қабағы арқылы таниды деп өзгертіп айтуға болар еді. Онда сөздердің қолданылу ерекшелігі айқындалып мән-мағынасы күдік туғызбас еді. Алайда, осы тәріздес сөздердің барлығы бірдей шығыс септікте амал пысықтауыш бола алмайды. Олардың көпшілігі осы тұлғада толықтауыш қызметінде жұмсалуға әлдеқайда бейім, лексикалық мағыналары да соған сай.
Есімдердің амал пысықтауыш қызметінде жұмсалуына байла-нысты айтыла кетуге тиіс бір жәй -- сондай есім сөздердің екі жақ-тылығы. Осыдан бұрын толықтауышқа байланысты ескертілгендей, кейбір есім сөздер көмектес септік тұлғасында екі түрлі түсінілуі мүмкін: жанама объектілік мәнде, немесе амал пысықтауыш мәнде. Дерексіз зат атауларын былай қойғанда, конкретті зат есімдердің өз-дері де көмектес септік тұлғасында екі түрлі сұраққа (немен? қалай?) жауап беруі мүмкін. Ол ауылға а т п е н келді. Осы сөйлемдегі ат-пен сөзіне қалай? деп те, немен? деп те сұрақ қоюға болар еді. Дегенмен, сөйлем құрамында өзінің бұрынғы заттық мәнінен ажырамаған сөздер жанама толықтауыш деп, ал, дерексіз зат есімдер және бұрынғы заттық мәнінен сөйлем құрамында ажырап қалған сөздер амал пысықтауыш деп танылғаны жөн (кейіспен бұрылды, жақтырмаган қабақпен қарады).
Есімдер мен арқылы, құрлы шылау сөздерінің тіркесі де амал пысықтауыштық мән береді. Елеңдей қарасып,ақтар да тілмаш ар-қылы бұл хабарды есітіп, апыл-құпыл аттана жөнелді (Сейфуллин).
-- Несі бар, жаман Несіпбай қ ұ р л ы істей алмас дейсің бе? (Майлин).
Кейде сөйлем құрамында тәрізді, сияқты, сықылды сөздерінің есімдермен тіркесі де етістік баяндауышқа қатысты болып, амал пы-сықтауыштық мән ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz