Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру


«Ветеринариялық гигиена » пәнінен
Тақырыбы: Дезинфекция, дезинсекция және дератизация
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
I. Кіріспе . . . 3
II. Әдебиетке шолу . . . 4
III. Негізгі бөлім . . . 8
3. 1. Мал фермалары мен кешендеріндегі ветереринарлық - санитариялық нысандар . . . 8
3. 2. Мал шаруашылығындағы қалдықтарды зарарсыздандыру және пайдаға асыру………. . . 10
3. 3. Дезинфекция . . . 16
3. 4. Дератизация . . . 26
3. 5. Дезинсекция . . . 28
3. 6. Мал өлекселерін және басқа да биологиялық қалдықтарды жинау және утильдеу . . . 30
3. 7. Қиды зарарсыздандыру әдістері . . . 33
III. Қорытынды . . . 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Қосымшалар
Кіріспе
Ауру қоздырушыларының басты берілу факторлары болып табылатын өлексе, көң және басқа да мал шаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандыру ауру тудырушы жәндіктермен, кемірушілермен күрес жүргізу дезинфекция, дезинсекция және дератизация шаралары арқылы іске асады.
Дератизация - адам мен малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы. Бұлар эпидемиялық жағынан өте қауіпті. Сонымен қатар шаруашылыққа да көп нұқсан келтіреді. Кеміргіштерге қарсы күресті, әдетте, олардың көп мекендеген жерінде жүргізіледі. Сондай - ақ мұндай шараларды адамның тұрған үйлерінде немесе мал кешендерінде іске асады.
Дератизация [1] (де . . . және лат. rat - егеуқұйрық) - індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т. б. ) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т. б. ) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т. б. ) ; биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану) ; химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т. б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды
II. Әдебиетке шолу
Басты мақсат-мал шаруашылығы кәсіпорындарын ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан қорғап ауру тудырмау, оның алдын-алу. Бұл бағытта жалпы гигиеналық және ветеринарлық- санитарлық шараларды мал шаруашылықтарында мүлтіксіз жүргізудің маңызы зор. әсіресе дератизация және дезодарация, өлексені дер кезінде утильдеу шараларын жүргізіп отыру-малды инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғаудың кепілі. Санитарлық- гигиеналық ережелерді. Санитарлық -гигиеналық ережелерді сақтаудың маңызы бұл тарауда кеңінен қамтылған.
И. Наурызбаевтың айтуынша, мал фермаларының санитариялық-гигиеналық ережелерге сай келмейтін жағдайларына төмендегілер жатады: олардың бактериялармен ластануы, шаңдануы, оң иондардың пайда болуы, температура мен біршама ылғалдылық, аммиактың, күкіртсутегінің, көмірқышқыл газының жинақталуы, індол, скатол және басқадай зиянды иісті газдардың пайда болуы.
Объектінің жоғары санитарлық мәдениеті, жақсы санитариялық және техникалық жағдайлары, ауаны кезінде дұрыс тазартып отыру-осының бәрі мал қораларында қалыпты температуралық-ылғалдылық режімін және ауаның тұрақты құрамын сақтап отыруға, қора ішіндегі ауадан микроорганизмдер мен шаңды аластатуға, өкпеде теріс иондардың жинақталуына жәрдемдеседі[1] .
Ж. Мырзабековтың пікірінше, мал шаруашылықтарында, құс фабрикаларында әртүрлі індетті, инвазиялық аурулардан сақ болуы үшін, біршама ұйымдастыру-шаруашылық, гигиеналық, ветеринариялық- санитариялық шараларды орындау керек. Осындай шараларға жататындар:
- шаруашылыққа жаңа әкелген малды карантинне өткізу кезінде барлық ветеринариялық- санитариялық шаралар қатаң сақталуы керек;
- мал басын топтастыру кезінде, малды сатып алған шаруашылық барлық індетті аурулардан сау болуы тиіс немесе өзіне асыл тұқымды малды індетті ауру жоқ шаруашылықтардан алуы;
- көлік немесе фермата жұмыс істейтін жұмысшылар арқылы малға ауру тарату жолын болдырмау, сол үшін фермаға кірер алдында дезөткел және ветсанөткізу жолы, арнайы киімдерді зарарсыздандыру, т. б. шаралар сақталуы тиіс;
- арнайы қоршау арқылы тарайтын әртүрлі індетті ауруларға қарсы күрес жүргізу[2] .
малшылардың арасында туберкулез, бурцеллез, сальмонел лез және басқа індетті аурулардың тарамауы үшін оларға дер кезінде медициналық тексерілу жұмысы жүргізілуі тиіс.
В. И. Гершун мен Р. К. Туякованың әдебиеттеріне суйенсек, ферма территориясын, қора ішан таза ұстау және санитариялық тұрғыдан тәртіп болу ретінде айына бір рет санитариялық күн белгіленген жөн. Осы күні қора ішан және территорияны мұқият тазалайды, жем-шөптің, қидың қалдықтарын алып тастайды; ақырды тазалайды, ақтайды, су құбырларын сырлайды, еден қабырғаларына жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, мал сауатын залға аса көңіл бөлінеді, сүт бөлмесін өте таза ұстау керек. Жазды күні мал қораға дезинфекція, дератизація жүргізеді. Мал қорадан тарайтын иісті, микробты, шаң-тозаңды жою мақсатында, сон дай-ақ, ауа бассейнінің таза болу ретінде қора айналасына ағаш, көп жылдық шөп отырғызу керек. Осы ағаштар, ауадағы газды сіңіреді, шаң-тозаңға тосқауыл болады, яғни биологиялық фільтр есебінде өте маңызды роль атқарады. Сонымен қатар осы көк шөп, ағаштың арқасында ферма территориясының санитариялық-гигиенелық жағдайы жақсарады[3] .
Т. Сайдуллиннің дерегіне сүйенсек, мал және құс кешендері мен фермалық ауылдық жерлердегі ауаның, топырақтың, су қоймаларының ластануына себе болатын аса ірі қайнар көзі болып есептеледі. Ал оның қуаты мен ауқымы жағынан олардың Ірі өндіріс орындары-зауыт, комбинаттармен салыстыруға болады.
Санитариялық-гигиеналық жағдайларды жақсартып, мал кешендері мен құс фабрикаларын оқшаулап және қорғау үшін оларды салу кезінде елді мекендердің, ветеринариялық объектілер мен жолардың ара қашықтықтарын ескерген жөн.
Мал шаруашылығы объектілерінің ауаға тарататын зиянды қалдықтары, өсімдіктер дүниесінің шартты түрде немесе тым асқынған зиянды әсерлерін ауа арқылы жайып жіберуі, жұқпалы ауруларды бір нысандардан екіншісіне тарату қаупін туғызуы мүмкін және жағымсыз әр түрлі иістің таралуына жол бермеу де маңызды роль атқарады[4] .
А. Ф. Кузнецовтың айтуынша, дезинфекция (франц. des - жоямын, лат. Infectio - жұқтыру ) - зардапты және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға, малдың арасында індет ауруларын болдырмау шараларына бағытталған іс - әрекеттердің бірлестігі деп түсінуге болады. Осы дезинфекциялық шаралар зардапты және жоюға бағытталған.
Мал шаруашылығында профилактикалық (сақтық) дезинфекциясының басты міндеті - ол малдан алынатын өнімнің айналымын орындауды қамтамасыз ету.
Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - қораны тазалау, екіншісі дезинфекциялық ертінді шашу[5] .
Б. Б. Исқақбаевтың деректеріне көз жүгіртсек, Дезинфекция жүргізуге жататын нысандар мал мен құс қорасы, құралдар, жабдықтар және малды күтуге арналған заттар, қора ауасы, ферма территориясы (серуен алаңы ) , малды көлікке тиеу және түсіру аалаңы, ветеринариялық - санитариялық нысандар, көлік, малды сауу қондырғысы, сүт ыдыстары, арнайы киімдер, қи, садыра және лас су.
Тазалау кезінде, әсіресе, ақырға, суарғыштарға, қабырғаның төменгі жағына, қабырға ортасындағы қалқандарға, еденнің ашық саңылауына және қи тазалайтын каналға аса көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі кездегі мал қорасының бөлшектерінің үстіңгі қабаттарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, құрылас материалдардың ылғал өткізгіштігінің төмендігі, темір - бетонды конструкцияны кең түрде қолдану, беткі қабаты жылтыр материалдар, шыны, тағы басқа материалдар өзінің тегіс тайғанақ бетіне дезинфекциялық ертінділерді көп мезгілге ұстап тұра алмайды[6] .
М. С. Найденскийдің айқанына көз жугіртсек, дератизация ( франц. De - жоямын, лат. Ratus - егеуқұйрық ) - адам мен малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы. Бұлар эпидемиялық жағынан өте қауіпті. Сонымен қатар шаруашылыққа да көп нұқсан келтіреді. Кеміргіштерге қарсы күресті, әдетте, олардың көп мекендеген жерінде жүргізеді. Сондай - ақ, мұндай шараларды адамдардың тұрған үйлерінде немесе мал кешендерінде іске асырады. Шаруашылыққа көп зиян келтіретін кеміргіштердің түрлері : сұр және қара атжалман және үй тышқандары. Сұр және қара атжалмандар республиканың барлық облыстарында кездеседі[7] .
А. А. Егеубаевтың жазғанына қарасақ, дезинсекция ( франц. Des - жоямын, лат. - incectum - жәндік ) - бұл табиғатта кездесетін ұзын тұмсықты, көп аяқты шаян - құрттарға қарсы жүргізілетін шаралардың жиынтығы, шыбын - шіркейлерге қарсы күрестің тиімді көзі. Ол - барлық ферма территориясына, өндірістік, қосымша қосалқы қораларға және ғимаратпен құрылыс орындарына бірдей профилактикалық жою ( құрту ) шараларын жүргізу болып табылады. Малдың індет ауруларына қарсы профилактикалық шаралардың ең маңызды жолы - ол мал фермасында шыбын - шіркейлерге қарсы күрес жүргізу, себебі олар топалаң ( сібір жарасын ), туляремия, бруцеллез, туберкулез, қойдың және құстың шешегін, қарасан, гельминттер жұмыртқасы, тері қабындыратыын саңырауқұлақтар қоздырғыштарын таратуға себеп болуы мүмкін. Немесе шыбын, маса, шіркей, қансорғыш, қос қанаттылар және басқа жәндіктер малдың тынышын алып, мазасын кетіреді, сөйтіп малдың өнімділігін, сүттілігін төмендетеді[8] .
А. Г. Онеговтың пікірінше, шыбын - шіркейді жою шаралары - үлкен шыбындарға және олардың бала құрттарына қарсы қолдағы заттармен әдістерді қолдану арқылы жүргізілуі тиіс. Шаруашылықта химиялық инсектицидтерді ( эмульсия немесе ертінді және аэрозольды ұнтақ, дуст ) жиі қолданылады. Мал қораларын бүрку үшін қолданылатын интекцидтер : 0, 5 -1 пайыз ( АДВ бойынша ) хлорофостың судағы ертіндісі ( 50 - 150 мл/м есебінен ) ; сондай - ақ 0, 1 пайыз трихлорметафос - 3 эмульсиясы ( 100 - 150 мг/мл ) ; 0, 25 - 0, 5 пайыз циодрин, неоцидол, 1 пайыз карбафос, байтекс, байгон эмульсиялары[9] .
И. Ф. Храбустовскийдің оқулықтарына тоқталсақ, дезодарация - дегеніміз субстратта шіріген кезде пайда болатын жағымсыз иісті жасанды түрде жою немесе оны басып тастау.
Мал қорасындағы ауада жағымсыз иістің шығу көзі - ол малдың қиы мен зәрі. Осы жаңадан бөлінген қи органикалық зат болып тез ұшып шығып жағымсыз иіс береді. Сондықтан тазаланбаған қидың қалдығы, еденнің бетіне қатып қалған қи, садыра, малдың зәрі, қи шығаратын каналда жиналып аммиактың шоғырлануы ( 20 - 35 мг/м ) көбейеді. Ал енді күнделікті қорадағы қиды тазалап оны дер кезінде сыртқа шығарып тұрса ауадағы аммиактың шоғырлануы 8 - 17 пайыз, жеңіл ұшатын органикалық заттардың қолайсыз иісі - 35 пайыз, ауаның бактериялармен ластануы - 5 - 10 пайыз кемиді, ал малды топтап баққанда жоғарыдағы газдардың шоғырлануы және бактериялар саны кемиді[10] .
Н. О. Омарқожаевтың айтуынша, Мал өлекселерін уақытша жинау және утильдеу - малдың жұқпалы ауруларын алдын алуда аса маңызды шара болып табылады. Барлық малдың өлексесі топырақты, суды және ауаны ластайды, сөйтіп мал мен адамның арасында індет ауруының тарауына себепкер болады.
Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі мен ішкі ағзаларында патогенді микроорганизмдер ұзақ уақыт сақталады. Мысалы, өлекселерде туберкулез қоздырушылары 500 тәулік, ал листериоз қоздырушылары 160 тәулікке дейін сақталады. Соған байланысты, мал өлекселері түрлі жұқпалы ауруларды таратушы фактор болуы болуы мүмкін. Мал өлгеннен соң, мал дәрігері тез арада өлексені қарап - тексеріп, қажетті шара қолдануы керек. Өлекселерді сою және терісін сыпыру биоткрмиялык шұңқырдың бетондалған алаңқайындағы немесе утель- зауыттардың арнайы бөлімдерінде жүргізіледі[11] .
Г. К. Волкованың айтқанына қарасақ, Көң сыртқы ортаны ластайтын бірден-бір фактор болып табылады, ал кей жағдайда індеттік және эпидемилогиялық қауіп төндіруі мүмкін.
Ауру малдан нәжіс арқылы сыртқы ортаға ауру қоздырушылары бөлінеді. Олардың қида сақталу ұзақтығы температураға, қоздырушының түріне байланысты болады. Жұқпалы аурулардың қоздырушыларының қида сақталу мерзімі бірнеше тәуліктен бірнеше жылға дейін (туберкулез қоздырушысы 475 тәулік сақталады), ал гельминттердің жұмыртқалары - 7 - 15 айға дейін созылады. Осыған байланысты, жұқпалы аурулармен ауыратын малдан алынған қиды зарарсыздандыру қажет[12] .
III. Негізгі бөлім
3. 1. Мал фермалары мен кешендеріндегі ветеринариялық -санитариялық нысандар
Мал фермалары мен кешендерінде жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігі тиісті нысандардың қызметіне байланысты. Ол нысандарға жататындар-дезинфекциялық тосқауыл, санитариялық өткелек, оқшауханалар, карантиндік жайлар, көн қоймасы, санитариялық қасапхана, малды тотығуға арналған жабдықтар, ет-сүйек ұнын өндіруге арналған шикізатты жинау пункті.
Дезинфекциялық тосқауыл . Фирманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді.
Дезтосқауылды жерді ойып, бетін битондап жасайды. Оның жалпы ұзындығы 9-12 м, ал дезинфекциялық ерітінді құйылатын бөлігінің ұзындығы 6-8 м. Кіретін және шығатын екі жағы 1, 5-2 м мөлшерінде жадағайланып барып бітеді. Дезтосқауылдың ені қақпаның енімен бірдей 3-3, 5 м мөлшерінде. Ерітінді тұратын бөлігінің тереңдігі 35-40 см. Көлік өткенде шайқалған ерітінді кемерінен асып кетпеу үшін кіретін және шығатын екі жағы да жер бетінен дөңестеліп барып бітеді. Шұңқырдағы ерітіндіні ағызып жіберетін құбыр болу керек. Дезтоскауыл формальдегидтің сілтілі ерітіндісімен толтырылады. Ерітіндіде 3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий болу қажет. Аталған заттарды 2%-данда алуға болады. Іс жүзінде бастапқы кездегі концентрациясы 3%-дан болып, пайдалана келе 2%-ға дейін кемиді. Дезтосқауылдың шұңқырын басқа да ерітінділермен толтыруға болады. Атап айтқанда 3% каустикаландырылған сода-сахар қоспасы ксилонафт немесе нафтолиздың 5%-ды эмульсиясы. Қысты күні ерітінді қатпау үшін оған 10-15% мөлшерде ас тұзын қосқан жөн. Дезтосқауылды бір рет толтыру үшін 10мᵌ ерітінді кетеді. Дезтосқауылдың үстіне жауын-шашыннан сақтау үшін шатыр орнату қажет.
Санитариялық өткелек -фирмадағы маңызды санитариялық объект болып табылады. Оның атқаратын қызметі: 1) көлік, құрал-сайман, тараны жуып, дезинфекциялау; 2) адамдарды душ қондырғысынан өткізу; 3) жұмыс киімін жуып, дезинфекциялау.
Көлікке арналған санитариялық өткелек аэрозольді және суармалы дезинфекция жасауға бейімделген. Ыдысқа арналған өткелек дезинфекциялық камера шектескен екі бөлімнен тұрады.
Өндірістік аймаққа өтетін барлық көлік алдымен жуылып, содан кейін 2% формальдегид ерітіндісімен дезинфекцияланады.
Өндіріс аймағына өтерде барлық жұмыскерлер гардеробта киімі мен аяқ киімін шешіп, душ қабылдап, дезинфекцияланған жұмыс киімі мен аяқ киімін киюлері керек. Жұмыс біткен соң жұмыскерлер ветсанөткелек бөлмесінде жұмыс киімі мен аяқ киімін шешіп, жуып, дезинфекциялауға өткізіп, өздерінің киімін киіп фермадан қайтады.
Әр жұмыскерге екі дана жұмыс киімі болу керек. Жұмыс киімін ветсанөткелекте булы формалин, булы ауа камерасында дезинфекциялайды. Бұл камераның екі бөлімі болады. Салатын бөлімінің есігі лас киімді сақтайтын бөлме жақта болады. Алатын бөлімнің есігі дезинфекцияланған киім сақталатын бөлмеге қарайды. Аяқ киімді 2% формальдегид ерітіндісін шүберекпен сүрту арқылы дезинфекциялайды.
3. 2. Мал шаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандыру және пайдаға асыру.
Мал шаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандырудың және пайдаға асырудың аса зор санитариялық, экологиялық және экономикалық маңызы бар. 10 мың тайынша бордақылайтын бір кешен 100 мың тұрғыны бар қаланың тұрмыстық қалдығына пара-пар қалдық береді. Мал шаруашылығы қалдықтарының ішінде басты орынды көң алады. Ол инфекциялық қоздырушыларының ең маңызды тарту факторы болып табылады, өйткені онда микробтардың сақталуына жағдай өте қолайлы.
Малдың көнінде болатын микробтар өте көп және алуан түрлі. Сиыр нәжісінің 16 %-дайы бактериялардың үлесіне тиеді. Бұл 1грамға шаққанда 40 млрд микробқа дейін жетеді. Көңде кейбір зардапты саңырауқұлақтар, дерматомикоздардың қоздырушылары, өсіп-өне алады.
Туберкулезбен ауырған бір сиыр нәжәісімен тәулігіне 37 миллионға дейін туберкулез таяқшаларын бқліп шығарады. Олар көңде тіршілік қабілетін 7 айдан артық, ал уыттылығын 6 айға дейін сақтайды. Көңде бруцеллалармен сальмонеллалармен 4 айға дейін, пастереллалар 2, 5 айға дейін, вирустар 1 айға дейін сақталады.
Көң өсімдіктерге зиянды фитофатогенді микробтардың да берілу факторлары болуы мүмкін. Өйткені малдың ішек қарнынан өткен кезде микробтар тіршілік қасиетін сақтап қалады. Көңде арам шөптердің дәні де сақталады, олар малдың ас қорыту мүшелерінен өну қабілетін жоймай өтеді. Осы аталған себептердің барлығы көңді егістікке төгерден бұрын оны дұрыстап залалсыздандыру керек екенін көрсетеді.
Ірі мал және құс шаруашылығында, ет комбинаттары мен қасапханаларда, малдан алынған шикізаттарды өңдейтін мекемелерде инкубаторлық станциялар мен басқа да қосалқы өндіріс орындарында әрқашан мал шаруашылығы қалдықтары пайда болады. Олардан жоғары калориялы, құнарлы, белокты құс пен шошқа жейтін жем, өсімдіктер үшін тыңайтқыш дайындауға болады.
Барлық технологиялық өңдеу сатыларын қадағалайтын ветеринариялық-санитариялық шараларды мұқият орындай отырып, қасапхана тастандыларын, жануарлардың өлекселерін, теріні алғаш өңдегендегі қиқымдары мен шелін, кемістігі бар жұмыртқаларды, инкубация кезінде өлген балапандарды және т. б. мал шаруашылығы қалдықтарын пайдаға асыруға болады. Бәрақта бұл қалдықтарда шикі кезінде зардапты микроютар, оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырушылары болуы мүмкін. Сондықтан олар адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып табылады. Жұқпалы аурулардан өлген малдың өлексесі ағзаларында ауруды қоздырған микробтар ұзақ уақыт бойы тіршілік қабілетін жоймай, зардаптылық қасиетін сақтайды.
. Көңді зарарсыздандырудың биологиялық, химиялық және физикалық жолдары бар.
Биологиялық немесе биотермиялық зарарсыздандыру көңдегі микробтардың тіршілік әрекеті әсерінен іске асады және бұл ең жеңіл әрі тиімді әдіс болып табылады. Биотермиялық жолмен ылғалдылығы 70%-дан аспайтын қатты көңді немесе сұйық көңнің қатты фракциясын зарарсыздандырады. Зарарсыздандыру көнін қызынып, температурасы 60 ˚С-қа жеткен күннен басталады деп есептеліп, жылдың жылы уақытында 2 ай, ал суық уақытында 3 айға дейін созылуы тиіс. Бұл мерзімде көң зарарсызданып болады деп есептелінеді. Ал егер көң жұқпалы ауруларға шалдыққан малдан алынған болса, сақтау мерзімі одан да ұзақ болуы керек. Туберкулезден басқа спора түзбейтін ауру қоздырушылары үшін биотермиялық процестің ұзақтығы 12 айдан кем болмайды, ал туберкулез кезінде бұл мерзім 2 жылдан кем болмауы керек. Биотермия кезінде ауырған малдың қиын сау малдың қиымен жабу керек. Өйткені көңнің сыртқы қабаты тобарысып кебеді де, биотермиялық процесс ойдағыдай жүрмейді.
Егер көңнің ылғалдылығы 70%-дан артық болса, бірақ 88%-дан аспаса, онда оны ылғал сіңіретін сабан, ағаштың үгіндісі, ескі құрғақ көң сияқты заттармен араластырып ылғалдылығын 70%-дан аспайтын деңгейге төмендетеді де, үйіндіде ұстайды. Бұндай әдісті компастау деп атайды. Компастау мерзімі 6 ай, оның 2-3 айы жылдың жылы мезгілі болу керек.
Сұйық көңді арнаулы сиымдылықта аэрациялау арқылы биотермиялық жолмен зарарсыздандырады. Арнаулы қалқып жүретін аэратор қалақшалары айналған кезде көңнің төменгі қабатының ауамен жанасуын қамтамасыз етеді. Аэрацияның дұрыс жүргендігінің белгісі-көңнің қатты фракциялары сиымдылықтың түбіне шөкпей, көңнің температурасы жоғары дәрежеде болуы.
Химиялық зарарсыздандыру ерекше жағдайда, жұқпалы ауруға шалдыққан малдың көңін зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Көңді химиялық жолмен дезинфекциялау үшін сусыз аммиак, формальдегид хлоры әк қолданылады.
Көңді туберкулез микобактериялары және басқа да спора түзбейтін зардапты микробтармен ластанған кезде сусыз аммиакпен дезинфекциялайды. Ол үшін көңнің 1м³ көлеміне 30 кг дезинфектантты қосып, жабық сиымдылықта немесе пленкамен жабылған көң қоймасында 5 тәулік ұстайды.
Аммиак өте күшті, қопарылыс қаупі бар у. Оны арнаулы автоцистернамен тасымалдайды. Ал көңге дезинфектантты цистернадан тікелей ұшы ине тәрізді турба арқылы көңмен толтырылған сиымдылықтың түбіне береді. Бұл жұмысты арнаулы дайындығы бар маман противогазбен комбинизон, алжапқыш, резеңке қолғап киіп атқарады. Осылайша өңделген көң топырақтың астына соқамен аударған кезде тасталынады.
Сұйық көң, егер онда спора түзбейтін туберкулезден басқа аурулардың қоздырушысы болса, формальдегидтің көмегімен зарарсыздандырылады. Үнемі араластыра отырып, көңнің әрбір кубометріне құрамында 38% формальдегид бар 7, 5 л формалин қосады. 72 сағат ұстағаннан кейін дезинфекция аяқталады деп есептелінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz