Экологиялық фактордың организмге әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама

Тақырыбы: Экологиялық факторлардың түрлері.

Жоспар:

Кіріспе
1. Экологиялық факторлар туралы түсінік
2. Экологиялық фактордың организмге әсері
3. Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған
бейімделуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз -- организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Экологиялық фактор - кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер ету бойынша әр түрлі.Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі - обиотикалық,биотикалық және антропогендік. Абиотикалық факторлар (гр. 'a' -- теріс және bіotіkos -- тірішілік, өмір) Тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық ,атмосфералық,геоморфологиялық,гидр ологиялық және басқа факторлар жатады. Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды Биотикалық фактор-тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері.Олар түр іші және түр аралық болып болінеді.Түр іші факторларына-демографиялық,этология лық және т.б. жатады.
Алтүраралық факторларға бәсекелестік,аменсализм,мутуализм,с имбиоз жатады
1) шығу негізі тірі организмнің ортаға аралық әсері болып табылатын фактор. Биоталық факторға, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер тағы басқа),организмдердің жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі), олардың бұрынғы ұрпақтарының қарекеті (топырақ түзілуі) және тағы басқа жатады; 2) биогенді фактордың синонимі. Басқаша айтқанда биоталық фактор дегеніміз -- бір организмнің тіршілік әрекетінің басқа организмнің тіршілік әрекетіне, сондай-ақ өлі мекен ету ортасына әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар тірішілік (демографиялық, этологиялық, топтық эффект және тағы басқа) және тұраралық (селбесу, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық және тағы басқа) болып бөлінеді. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер арасындағы қарым- қатынас алуан түрлі. Олар тікелей, бір организмнің басқасына тікелей әсер етуіне байланысты және жанама -- өсімдіктің қатысуы ортаның абиоталық факторларының режімін өзгертіп, басқа организмдергеәсер етеді. Антропогендік фактор (грек. anthropos - адам, genos - тегі, пайда болуы, лат. factor - іс-әрекет) - адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 - 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртекоксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.айқындалады. Орта факторлары және олардың ағзаға әсері. Ағза - француздың - organisme, латынша - organiso - құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді. Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен құрылысы біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады. Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар),отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.Қысқаша алғанда, ағза - дара, индивидиум, тірі дене.Тіршілік ортасы - ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі - адаптация деп аталады.Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсер етуші жалпы заңдылықтары:
1.Оптимум Заңы.
2.Әсер етуші фактордың түрлі функцияларға әсерінің бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік, вариабелділік және түрдің жеке даралардың орта факторларының әрекетіне жауап қайтару реакциясының әр түрлі болуы. 4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір - бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі.
5.Жеке түрлердің экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.
6. Факторлардың өзара байланысы.
7. Факторларды шектеу ережелері.
Негізгі абиотикалық факторды және ағзаның оған адаптациялануын қарастырайық. Жарық. Күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді. Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді: Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі. Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері қауыпті, ал аз мөлшерде көптеген түрлерге - өте қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің күюін (терінің қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм.-ге жететін ұзын толқындар ағзаны жылулықпен қамтиды. Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі: 1).Хлорофиллдің пайда болуы (фотосинтез) ептесіктердің жұмысын қалыптастырады (газ алмасу және транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартады. 3).Жасушаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Қоршаған ортаның экологиялық факторлары
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері
Экологиялық факторлар
Абиотикалық факторлар және олардың тірі организмдерге әсері
Дара организмдер экологиясы - аутэкология
Экология ғылымының өрлеу кезеңі
Негізгі тіршілік орталары. В. Шелфорттың толеранттылық заңы
Экологиялық фактор түсінігі
Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары туралы ақпарат
Пәндер