Биологиялық ырғақтар мен ұйқы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

«Астана медициналық университеті» КЕАҚ

Оңалту бөлімі, спорттық медицина және дене шынықтыру

Реферат

Тақырыбы: «Биологиялық ырғақтар мен ұйқы»

Орындады:Сергазина Асем

Факультет: Фармация

Топ:103

Қабылданды: Атетов Ерген Бекбулатович

Күні: 01. 11. 2021

Нұр-Сұлтан қаласы

2021 жылы .

Жоспар

I бөлім . Негізгі бөлім . . . 3-6 бет

I I бөлім . Негізгі бөлім . . . 6-10 бет

I I I бөлім . Негізгі бөлім . . . 10-14 бет

Қорытынды . . . 14 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 15 бет

I бөлім . Негізгі бөлім

Тірі ағзаларға тән ырғақ - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік әрекетіне әсер етеді.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың дамуы тікелей ғарыштық факторлардың әсері арқылы жүріп отырады. Әсіресе, Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның қан қысымы өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да әсерін тигізеді.

Тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым - хронобиология (грекше «chronos» - уақыт) деп аталады. Кейде бұл ғылымды биоритмология (грекше «bіos» - тіршілік, «rhytmos» - ырғақтылық) деп те атайды.

Ырғақтылық - тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Биологиялық ырғақтылық арқылы ағзалар сыртқы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғақтылықтың үйлесімділігі жүйке және эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы қызметінің ырғақтылығын реттеуде әлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс тәртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады. Жылдық ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты. Температуралық өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды маусымдық өзгерістер басты рөл атқарады. Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу қабілеттері өзгереді. Күз бен қыста ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу қабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5-7 күн аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіндігі анықталған.

Адам ағзасында тәуліктік ырғақ айқын байқалады. Күн мен түннің ауысуы ұйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуға ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей тәуліктік ырғақтың бұзылуынан пайда болады. Тәуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс тамақтану, белгілі бір уақытта ұйықтау, тынығып алу қажет.

Ұйқы және оның маңызы. Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап демалады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бәсеңдейді, жүректің соғу жиілігі баяулайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы белсенді түрде жүретін психикалық және физиологиялық процесс. Ұйқы мидың үйлесімді қызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асықпай талдап, ертеңгі қызметіне қажетті бағасын белгілейді. Ұйқы арқылы ағза өзінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинақталады. Ұйқының белгілі бір уақытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатындығы анықталған.

Өміріміздің үштен бір бөлігі ұйқыдан тұрады. Егер 90 жыл жасасаңыз, оның 30 жылында ұйықтап жатасыз. Аз емес қой? Бұл қызық құбылыс әлемдегі психолог, невролог, антрополог, әлеуметтанушы мамандардың зерттеу нысанына айналды. Ең дұрысы қанша уақыт ұйықтау қажет, жұмыс нәтижелілігіне ұйқы қалай әсер етеді, ұйықтай алмаған жағдайда не істеуге болады - таусылмайтын бұл сұрақтар барлығына да қызық.

Адам ұйқысының құрылымы екі сатыдан тұрады:

Баяу ұйқы (Non-REM)

Оның өзі төрт кезеңнен құралады. Ұйқыға жатқаннан кейін бірден баяу ұйқы басталады. Ұзақтығы 90 минутқа созылады. Тыныс алу бірқалыпты, байсалды, қысым төмендейді, көз алдымен ақырын қозғалыста болады, содан кейін қозғалысын тоқтатады. Ми жартылай белсенді, дене босаңсиды. Сіз тынығып, күш жинайсыз.

Жылдам ұйқы (REM)

Баяу ұйқыдан кейін орын алады, ұзақтығы - 10-20 минут. Температура мен қысым көтеріледі, жүрек жиі соғады. Дене қимылсыз, жүрек соғысы мен тыныс алуға жауап беретін бұлшық ет қана аздаған қозғалыста болады. Жұмылған қабақ астындағы көз алмасы жылдам қозғалыста болады. Ми белсенді жұмыс істейді, түс көресіз.

Баяу ұйқы мен жылдам ұйқы алма кезек ауысып отырады. Алдымен 90 минуттық баяу ұйқының барлық белгісін сезінесіз, одан кейінгі жылдам ұйқы ұзаққа созылмайды, ары кетсе 5 минут, одан соң қайтадан баяу ұйқы басталады да, ұйқы кезеңі бірінен соң бірі ауысып отырады. Алмасқан сайын Non-REM уақыты қысқарып, REM ұзақтығы 1 сағатқа дейін өзгереді. Денсаулығы жақсы адам бірден бес кезеңді бір-ақ өткізеді.

Ұйқының мәні

Толыққанды ұйқы кәсіби қызметте де, жеке өмірде де жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Жұмысқа қабылдайтын бастықтың алдында есінеп отырсаңыз не ұнатып жүрген қызыңызбен киноға барғанда ұйықтап қалсаңыз, «иә» деген жауап алуыңыз екіталай. Бірақ, ең маңыздысы бұл емес.

Байқадыңыз ба, кейде ұйқыңыз келіп отырғанда күнделікті міндеттер өте қиын сияқты көрінеді. Ал ұйқыңыз қанып тұрған кезде бәрі өз-өзінен шешіліп жатқандай болады. Мәселе мынада, ұйықтаған кезде жадтағы ішінара кей ақпараттар өшіп қалады. Ми күні бойы жинақталған мәліметті сараптап, қажетсізін "қоқыс жәшігіне" тастап, маңызды ақпараттарды "мұрағатқа" сақтап қояды. Естеліктеріміз осылай қалыптасады. Ұйқыдан тұрған соң қабылдау қабілетіміз жақсарып, бірнәрсені үйренуге, ойды шоғырландыруға деген қасиетіміз артады.

Ұйқы қанбаса, мидың кей бөліктерінің қызметі нашарлайды. Мысалы төбе бөлігіндегі нейрондар үдерісі баяулайды, соның себебінен реакция жылдамдығында мәселе туындайды, ойды жүйелей алмай, тіпті көру қабілеті де нашарлауы мүмкін. Мидың шаршауы бүкіл негативті нәтижеге әкеліп соғады.

Эйнштейн мен Шопенгауэр - тәулігіне 10-12 сағат ұйықтаған. Ал Оноре де Бальзак, Лев Толстой, Чарльз Дарвин - күніне 8 сағат ұйықтаған. Алты сағаттық ұйқы режимін ұстанғандар - Зигмунд Фрейд және Владимир Набоков. Олардан сәл азырақ, Моцарт пен Маргарет Тэтчер тәулігіне 5 сағаттан, Наполеон Бонапарт пен Вольтер 4 сағаттан ұйықтаған. Ояу жүруден рекорд жасағандар - Томас Эдисон мен Никола Тесла, көп сатылы ұйқымен өмір сүрген.

Ұйқының мерзімі физикалық және ақыл-ой белсенділігіне тікелей байланысты. Бәлкім өз ісіңді жетік атқару үшін ғалымдар, жазушылар, саясаткерлердің айтқан уақыты бойынша ұйықтау керек шығар. Бұл сұрақтың біртекті жауабы жоқ. Ұйқының әмбебап рецебі де жоқ. Оның мөлшері аяқ киімнің өлшемі секілді. Көпшілігіне 8 сағат шақ келеді, юбірақ ол біреуге аз, біреуге көп. Сізге қанша уақыттық үйқы жеткілікті екенін тәжірибе жүргізу арқылы ғана анықтай аласыз.

◊ Тест. "Сіз жеткілікті деңгейде ұйықтайсыз ба?"

Үш сұраққа жауап беріңіз:

1. Ұйқыдан тұру үшін оятқышты пайдаланасыз ба?

2. Күндіз сергек жүру үшін кофе не басқа да энергетикалық сусындар қолданасыз ба?

3. Жатқаннан кейін 5 минут ішінде ұйықтап кете аласыз ба?

Алғашқы екі сұраққа "иә" деп, ал соңғысына "жоқ" деп жауап берсеңіз, қазіргі ұйқыңыздың ұзақтығын әлі де көбейту қажет деген сөз.

Бозторғай VS Үкі

Циркадты ырғақ адамның психологиялық жай-күйіне де әсер етеді. Ақыл-ой белсенділігінің шегіне қарай адамдар екі түрлі хронотипке бөлінеді: күндізгі (бозторғай) және кешкі (үкі) .

Бұл бөлінуді 1970 жылдары Батыс ғалымдары ойлап тапты. Сол уақыттан бері "бозторғайлар" мен "үкілер" арасында кім күшті деген сұраққа бітпес тартыс жүріп келеді.

Әдетте, бозторғайлар еңбекқор, жолы құтты деп есептеледі. Ерте тұрған еркектің . . . Әлем осы кішкентай ғана құс үшін жаралғандай. Мемлекеттік қызметтер, емханалар, дүкендер, ұйымдар - барлық жерге барып үлгергің келсе ерте тұруың керек. Бірақ ғылыми зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, үкілер де жұмысқа қабілетсіз емес. Мысалы биржалардағы трейдер не фрилансерлер үшін қатып қалған жұмыс уақыты жоқ, оны әркім өзіне ыңғайлап белгілейді.

Бұл тартыс түбі шығарған нәтижесіне адамның күлкісі келеді. Олар тіпті бөлінгенде, үкілер тіл табысқыш, романтик, ал торғайлар жауапты, жылы шырайлы деп жатады. Адамның жеке қасиетін хронотипіне емес, тұлғалық болмысына қарап анықтаған дұрыс болар. Өзінің қай қатарға жататынын білмейтін жандардың да ұйқы режимі бар.

I I бөлім . Негізгі бөлім

Биологиялық ырғақ - биологияда - биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы - биоритмология. Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т. б. ) түрінде байқалады.

Ал жануарларда биологиялық ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық процестер (температура ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың бөлінуі, т. б. ) активтілігінің кезеңділігімен бейнеленеді. Жеке органдардың, тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық құбылыстардың мерзімдік реттілігін құрайды, тірі организмдерде жүретін барлық процестердің үйлесуіне негіз болады. Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.

  1. Экзогенді биологиялық ырғақ - организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.
  2. Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т. б. ) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.

Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану мерзіміне қарай биологиялық ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 - 12 сағат аралығында), циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегі жануарлардың физиологиялық құбылыстары мен қылығының бір заңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура, ылғалдық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына - айдың толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу ырғағына сәйкес (24, 8 немесе 12, 4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік заңдылықтары: қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы, т. с. с. ) болып бөлінеді.

Биологиялық ырғақ - психологияда - адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: сыртқы биологиялық ырғақ (Күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын) және ішкі биологиялық ырғақ (адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын) . Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:

  • ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 - 12),
  • ең аз белсенділік - тәулік ортасында (сағат 12-16),
  • екінші ең үлкен белсенділік - кешкі мезгілде (сағат 16 - 2),
  • барынша байқалатын ең аз белсенділік - түнде (сағат 2 - 8) болады.

Таңертеңгі және кешкі мезгілдегі белсенділіктің сергектігі организмде болып жататын ішкі биохимиялық процестерге байланысты. Мысалы, адам психикалық белсенділігінің ішкі биологиялық ырғағының тәуліктегі күшеюі мен бәсеңдеуі организмдегі адреналин мен норадреналин гормондарының көбеюіне тәуелді. Мұндай қатаң тәуелділік ішкі биологиялық ырғақтар мен сыртқы тіршілік әрекетінің ұйымдасуы арасында нақты үйлесімнің болуын қажет етеді. Егер бұл үйлесім бұзылатын болса, оның нәтижесі жүйке жүйесінің түрлі ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар, жүрек-қан тамырларының аурулары) соқтырады. Сондықтан психологиялық тексеру мен психокоррекцияда міндетті түрде адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғақ құрылымы ескерілуі тиіс.

Ұйқы қанбауының зардаптары

• Когнитивтік қызмет нашарлауы (есте сақтау, назар аудару, ойлану), үйлесімділік, сөйлеу, бағдарлау, бақылау, т. б. Жолда не өндірісте бұл апаттық жағдайлар туғызуы ықтимал. Статистикаға сүйенсек, әр бесінші жол апаты жүргізушінің ұйықтап кету себебінен болады екен.

• Иммунитет әлсіздігі. Зерттеулер нәтижесі бойынша, ұйқысы қанбайтын адамның ауыру ықтималдығы үш есеге өседі. Ұйықтағанда иммундыұ жүйе цитокин ақуызын жинақтайды. Айналаңызда инфекция көп болса, бұл нәрсені де көбірек қажет етесіз. Ал адам аз ұйықтаса, цитокин түзйлмейді. Ұйқы емдейді деген сөз бекер айтылмаған.

• Артық тамақтану мен артық салмақ. Ұйқы жетіспесе, аштық сезімін туғызатын грелин гормоны түзіледі. Сол себепті адам тойғанын білмей, мөлшерден тыс тамақ жеп қояды. Шаршаған ми ұйқыдан ала алмаған энергиясын тамақтан іздеп, тағы-тағы жей бергісі келеді.

• Еңбек өнімділігі төмендейді. Адам ұйқысы келсе барлығын баяу әрі салғырт істейді. Әдетте бір сағатта бітіретін ісін екі-үш сағатқа созады. Көп жағдайда оны тіпті қайта істеуге тура келеді. Уақытты тиімді пайдалану коэффиценті нөлге теңеледі.

• Мотивация құлайды. Топырақты су іргетасты шайып кеткені секілді бір нәрсе істеуге деген құлшыныс та бірден сөніп қалады. Күн сайын ұйқысырап жүрсеңіз, мақсатқа жетуге деген талпынысыңыз азайған үстіне азая береді.

• Зиянды әдеттер және жабырқаңқы көңіл күй. Жеткілікті деңгейде ұйықтай алмасаңыз, зиянды әдеттерді көбейте бересіз. Ұйқыдан ала алмаған ләззатты никотиннен, кофеиннен және басқаларынан іздейді. Оның үстіне ұйқысырап жүретін адам бүкіл әлемге ренжулі, ашулы күйде болады.

• Сырт келбеті де сұрықсызданады. Ұйқысыздық адамның түрінен білініп тұрады, беті, көзі ісіп, өңі кетіп қалады. Уақытылы ұйықтамаған адамның терісі де уақытынан бұрын қартая бастайды.

Әдетте мұндай жандар өзінің физикалық қабілеті төмендеп, психологиялық жағдайы жақсы болмай тұрғанынына мойынсұнбай: "Ұйқы - әлсіздер үшін! Менде бәрі жақсы!" деп жүре береді. Адам ұйқысыздығын мойындамаса, жағдайды одан ары ушықтыра түседі. Ұзақ мерзімді ұйқы жетіспеушілігі денсаулыққа орасан зор зиянын тигізеді: жүрек, қан тамырлары ауруына, қант диабетіне шалдықтырады. Мұны ескермей, ұйқыны уақытты босқа өлтіру деп қабылдап, мейлінше аз уақыт ұйықтауға тырысатындар бар. Бұл өте зиян әдет.

Қанша уақыт ұйықтаған дұрыс?

Мұны табиғаттың өзі есептейді. Естеріңізде болса, мақаланың басында ұйқының сатылары туралы жазған едік. Әрқайсысы шамамен 100 минуттан тұратын бес саты алмасады дедік, демек 100-ді 5-ке көбейтіп, оны 60-қа (минут) бөлсек, 8 сағат шығады.

Ұйқының ұзақтығы жас шамасына да байланысты. Неғұрлым жасы кіші болса, соғұрлым көбірек ұйықтауы қажет. Америкадағы коммерциялық емес ұйым - Ұлттық ұйқы қоры осы саладағы 25 жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, адамға қажетті ұйқы мөлшері жөнінде мынадай ұсыныс айтады:

° 0-3 айлық нәресте - 14-17 сағат;

° 4-11 айлық сәби - 12-15 сағат;

° 1-2 жасар бала - 11-14 сағат;

° 3-5 жасар бала - 10-13 сағат;

° 6-15 жастағы бала - 9-11 сағат;

° 14-17 жастағы адам - 8-10 сағат;

° 18-64 жастағы адам - 7-9 сағат;

° 65 жастан асқандар - 7-8 сағат.

I I I бөлім . Негізгі бөлім

Биологиялық ырғақтың түрлері және функционалдығы

Жоғарыда айтылғандай, хронобиология биологиялық ырғақтың ұзақтығына қарай үш түрге дейін ажыратады. Бұл ырғақтар: циркадиандық, инфрадиандық және ультрадиандық деп аталады .

1. Циркадтық ырғақтар

Осы терминнің этимологиялық шығуын ескере отырып: айналасында және өлген күні; Біз тәуліктік ырғақтар дегеніміз - дене қажеттіліктері немесе әр 24 сағат сайын болатын әдеттер немесе солай.

Ең танымал және көрнекі мысал - ұйқы циклы. Әдетте ұйқыға деген қажеттілік әрдайым бір уақытта пайда болады және осы ырғақтың кез-келген өзгеруі кейде бұзылыстың немесе ұйқының бұзылуының кез-келген түрін болжайды.

Егер біз осы мысалды қарастыратын болсақ, онда бұл әдеттер күндізгі жарық сияқты сыртқы реттегіштерге өте тәуелді деп ойлауымыз ғажап емес. Демек, әрдайым толық қараңғылықта ұйықтау ұсынылады, өйткені тіпті жасанды жарық біздің ұйқы циклімізді өзгерте алады.

Бұл экзогендік реттегіштердің әсері осындай, олар тіпті кейбір аурулардың немесе психологиялық жағдайлардың ағымына әсер етеді. Депрессия бұзылған жағдайда, адамдар тәулік бойы қалыпты болатын тәуліктің алғашқы сағаттарында психологиялық симптомдардың нашарлауы туралы хабарлауы әдеттегідей.

2. Инфрақұрылыс ырғағы

Инфрадиандық ырғақтар арқылы біз 24 сағаттан аспайтын, яғни күніне бір реттен сирек кездесетін дененің барлық әдеттері мен әрекеттерін түсінеміз. . Бұл таңқаларлық болып көрінгенімен, осы тербелістермен жұмыс жасайтын дененің белгілі бір әдеттері бар.

Ең көп таралған мысал - бұл етеккір циклі, өйткені ол 28 күнде бір рет аяқталады. Менструальдық циклге ұқсас басқа құбылыстар ай айлары мен толқындар болып табылады, сондықтан көптеген жағдайларда әйелдер циклдарының әртүрлі кезеңдерінде ай фазаларының әсерін орнатуға тырысылды.

Алайда, бұл байланыс ешқашан ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген. Мұны қорғайтындар бұл мүмкін еместікті екі ырғақты үйлестіруге кедергі болатын көптеген күнделікті факторлар бар екендігімен негіздейді.

3. Ультрадиандық ырғақтар

Сыртқы әсерлерге аз бейім және аз әсер етсе де, жиілігі әр жиырма төрт сағатта бір реттен көп болатын ритмикалық қозғалыстар тізбегі бар.

Бұл ырғақтар - жүрек соғуы, жыпылықтау, тыныс алу жиілігі немесе REM ұйқы циклы әр 90 минут сайын болады.

Биологиялық ырғақты қалай сақтауға болады

Жоғарыда талқыланғанындай, бұл биологиялық ырғақтар көптеген сыртқы және қоршаған орта факторларымен шартталғанын ескере отырып, олар кез-келген өзгеріс нәтижесінде қоршаған ортада немесе біздің күнделікті өміріміздің өзгеруіне байланысты оңай өзгертілуі мүмкін.

Біздің биологиялық ырғақтарымыздың ықтимал салдарын болдырмау үшін (ұйқысыздық, түтіннің өзгеруі, тәбеттің өзгеруі және т. б. ) энергияны сақтауға мүмкіндік беретін күнделікті режимді сақтауға ыңғайлы.

Төменде биологиялық ырғақтарымызды сақтауға арналған бірқатар ұсыныстар берілген.

1. Бір уақытта тұрыңыз және ұйықтаңыз

Мүмкіндігінше, біздің күнімізді әрдайым бір уақытта немесе, ең болмағанда, шамамен уақытта бастау және аяқтау ыңғайлы. Біз оянған сәтте денемізді белсендіру кезеңі басталады.

Сонымен қатар, ең аз бірнеше сағаттық ұйқыны жасау қажет. Яғни, егер біз бір күні қандай да бір себептермен әдеттегіден кешірек жататын болсақ, онда тек кестеге сай болу үшін тым ерте тұрғанға дейін ұсынылған 7 немесе 8 сағаттық ұйқыны алған дұрыс.

2. Демалыста да күн тәртібін сақтаңыз

Бұл көңілге қонымсыз көрінгенімен, демалыс кезінде де әдеттегі жұмыс уақытымызды сақтаған жөн . Осылайша, біз биологиялық ырғақтарымызды іс жүзінде өзгеріссіз ұстаймыз және олар аяқталғаннан кейін біз энергияны үнемдеуді жеңілдетеміз, ал біз күнделікті өмірге оралуымыз керек.

Қажет болса, сіз бос уақыттың көбеюі жүйелілікке ықпал етілетін тапсырмаларды кейінге қалдыруымыз үшін алдын-ала жоспарланған салыстырмалы құрылымдық кестені сақтай аласыз.

3. Әрдайым бір уақытта тамақтаныңыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуліктік ырғақтар
Биоритмология
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі
Биологиялық ырғақ
Маусымдық циклдар
Биологиялық ырғақтар. ұйқы
Жануарлардың тәуліктік миграциясы
Мерзімдік процестер биофизикасы. Биоритмология. Жарық және биоырғақ. Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясы. Биологиялық сағат
Дәрілік заттардың әсеріне биологиялық ырғақтың ықпалы. Хронофармакология туралы түсінік
Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу және ғылыми-әдістемелік талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz