Зорлау қылмыстарын тергеу


Зорлау қылмыстарын тергеу
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУШЫЛЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ АНЫҚТАЙТЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР.
- Зорлау қылмыстарының криминалистикалық сипаттаманың жалпы мәселелері
- Зорлаудың криминалистік сипаттамасы
2-ТАРАУ. ЗОРЛАУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ТИПТІК ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ ТЕРГЕУШІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ
2. 1. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі жағыдайлардағы тергеушінің іс-әрекеттері
2. 2. Тергеудің кейінгі кезеңдеріндегі тергеушінің іс-әрекеттері
3-ТАРАУ. ЗОРЛАУДЫ ТЕРГЕУДЕГІ КЕЙБІР ІС ҚИМЫЛДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3. 1. Оқиға орнын тексерудің тактикалық ерекшеліктері
3. 2. Жауап алудың тактикалық ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтардың денсаулығын қорғауға кепілдік береді, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясында адам (оның құқықтары мен еркіндіктері) ең жоғарғы құндылық делінген және адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктерін тану, сақтау мен қорғау - мемлекеттің міндеті деп көрсетілген. Бұл мақсатта мемлекет әртүрлі шаралар мен әдістер қолданады. Олар саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдениет, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы сипатта болуы мүмкін. Аталған шаралар мен әдістердің мазмұны мен түсіндірмесі алуан түрлі, бәрінің қолданылатын өз салалары бар. Бірақ жалпы олар әр адам мен азаматтың дене және психикалық саулығын сақтауға және нығайтуға, ұзақ және белсенді өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. 1986 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетті. Мемлекет Конституциядағы кепілдіктерге қарамастан өз азаматтарының денсаулығы мен ұзақ өмір сүруіне жағдай жасауға әлі келмеді. Өмір сүру ұзақтығы, халықтың денсаулық жағдайын нашарлап, азаю беталыстары байқалды. Осының барлығы, бір қарағанда, біздің жұмыстың тақырыбына қатысы жоқ болып көрінуі мүмкін, алайда олар Қазақстандағы азаматтардың жалпы денсаулығының нашарлығы, әл ауқатының төмендігінің көрсеткіші, ол өз кезегінде қылмысқа алып келетін себептердің біріне жатады. Жоғарыда аталған жағымсыз құбылыстарды жеңбей, емделмей, қоғам қылмысқа қарсы ем таба алмайды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Конституциясы бұл біздің шынайы өміріміздің сипаттамасы емес, ұмтылуымыз керек идеал деуге болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде денсаулыққа қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл адам тұлғасына қол сұғатын әрекеттер тобы, оның ішінде соққыға жығу мен азаптау. Олар басқа да денсаулыққа қарсы қылмыстар сияқты құқық бұзушылық әрекеттер негізінде жасалады және заңда нақты қылмыс деп көрсетілген.
Тақырыптың өзектілігі айқын және қоғамда белгілі. Қоғам өмірінде, өкінішке орай, қылмыс әрқашан болған, бар, бола да береді.
ҚР Конституциясы - бұл тұлға еркіндігінің кепілдігі, ал Қылмыстық Кодекс - бұл адамды оның өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұғушылықтан қорғау құралы. Сондықтан да Қылмыстық заң көмегімен тұлғаны қорғай отырып, әділ сот органдары құқықтық және адамгершілік бастауларды нығайтып, тұрмыстық қылмыстар деңгейін төмендетуі тиіс.
Тұлғаға қарсы бағытталған қылмыстардың заң ғылымы мен тәжірибеде маңызы зор. Ғылыми тәсілдеме бойынша аталған қылмыстардың себептері, сыртқы және ішкі көріністері, белгілері, олардың бір-бірімен және басқа да құқық бұзушылық әрекеттермен өзара байланысы зерттеледі. Бұл ғылыми ізденістер құқық қорғау органдарының жұмысында қолданыс табады. Осындай айқын өзара байланыс аталған қылмыстардың алдын алу және олармен күрес әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Криминалистиканың ғылыми әдістерін жетілдіру, тергеушілер мен басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру тергеулердің тиімділігі мен қылмыстардың ашылуын айқындайды. Қазіргі сәтте сарапшылар мен криминалистер қылмыспен күрес мәселелер шешудің көптеген жаңа концепциялары мен тәсілдемелерін жасап шықты. Алайда заңдық оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерде адамгершілікке қарсы қылмыстарды, оның ішінде зорлауды тергеу ерекшеліктері мәселелеріне жеткілікті назар аударылмайды.
Жүргізілген аналитикалық талдаулар көрсеткендей, бұл тақырыпты зерттеумен айналысқан заңгерлер оның мазмұнын әртүрлі сипаттайды: біреулер қол соғу пәні - әйелдердің жыныстық қол сұғылмаушылығына басты назар аударса; екіншілері қылмыс туралы мәліметтер көзін және т. б. қарастырып, зорлауды жасыру мақсатында жасалатын «сериялық» адам өлтірулерді тергеу ерекшеліктерін тәжірибелік тұрғыдан қарастырмайды.
Бұл дипломдық жұмыстың басты міндеті әдеттегі қылмыстық тәжірибе жағдайларына қатысты зорлауды тергеу бойынша бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулықтар жасау. Сонымен бірге автор жәбірленушілердің виктимологиялық өзін-өзі ұстауына назар аударды, оған талдау жасау бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі.
Жұмыстың мақсаты адамгершілікке қарсы қылмыстарды тергеу теориясы мен тәжірибесі арасындағы алшақтықты жою.
1-ТАРАУ. ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУШЫЛЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ АНЫҚТАЙТЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР.
- ЗОРЛАУ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Зорлауды жәбірленушіге таныс немесе таныс емес тұлғаның жасауы, оның жасы, күдіктінің тергеу барысында ұстанатын позициясы, ұқсас қылмыстардың қайталана жасалуы және басқа да бірқатар жағдайларға байланысты тергеу процессі өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Жәбірленушіге таным емес тұлға жасаған зорлау кезінде тергеушінің басты міндеті жәбірленушінің арызын растайтын дәлелдерді жинау және пысықтау, кінәлі жайлы ақпарат алу және тұлғасын анықтау. Осы мақсатта оқиға орны тексеріледі және жәбірленушіден жауап алынады, оның барысында жасалған қылмыс жағдайларымен бірге қылмыскердің ерекше белгілері анықталады. Жәбірленушідегі дене жарақаттары мен киіміндегі іздерді табу үшін куәландыру жүргізіледі, оның киімі алынады және тексеріледі.
Жыныстық байланыс фактін растау, дене жарақаттарының ауырлық деңгейін анықтау, ол жарақаттардың түсу механизмі мен мерзімін, биологиялық сипаттағы іздердің табиғатын айқындау мақсатында сот-медициналық және биологиялық зерттеулер жүргізіледі. Жәбірленуші жақын араласатын куәгерлерден жауап алынады. Жәбірленушінің жауаптары мен басқа да істе бар ақпараттардың негізінде кінәліні іздеу шаралары жоспарланады және жүзеге асырылады.
Осыған ұқсас қылмысты кінәлі бірнеше мәрте жасағаны жайлы болжамдар болған жағдайда, осы санаттағы уақытша тоқтатылған және тоқтатылған қылмыстық істер, кері қайтарылған материалдар және т. б. талданады. Кінәліні анықтау кезінде, сонымен қатар ол тұлға жәбірленушіге белгілі болған жағдайда, тергеушінің міндеті оның қылмыс жасауға қатысының бар-жоқтығын тексеру. Бұл мақсатта күдіктіден жауап алынады, куәландыру жүргізіледі, оның киімі алынады және тексеріледі.
Қылмысты жасау кезінде күдікті киген киімді, сондай-ақ сол сәтте жанында болған заттарды табу үшін оның тұрғылықты жерінде тінту жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сот-медициналық және биологиялық зерттеу тағайындалады. Зорлау туралы қылмыстық істі тергеу барысында күдікті, әдетте, келесідей жауаптар береді:
- Жәбірленушіні танымаймын, бұрын кездеспегенмін және зорлаған жоқпын;
- Жыныстық қатынасқа түсуге жәбірленуші өзі келісім берді;
- Жеке себептерге байланысты жәбірленуші жала жауып отыр.
Күдіктінің бұрын жәбірленушімен кездеспегені және зорламағаны жайлы мәлімдемесін келесідей жолдармен жоққа шығаруға болады:
А) жәбірленушінің оны тануы;
Б) жәбірленуші мен күдіктінің кездескенін көрген куәгерлердің жауаптары;
В) күдіктіден жәбірленушіге тән немесе ол өз жауаптарында атаған заттарды табу мақсатында жүргізілген тінту нәтижелері;
Г) сарапшылық зерттеу нәтижелері.
Күдіктінің жәбірленушімен ерікті жыныстық қатынасқа түскені туралы позициясын төмендегідей жолдармен анықтауға болады:
А) оқиға орнын және жәбірленушінің бүлінген киімін тексеру;
Б) жәбірленушіден, сондай-ақ жәбірленушіні қылмыс жасалғаннан кейін көрген, тартыс шуын, көмек сұраған айғайды және т. б. естіген, көрген куәгерлерден жауап алу;
В) сот-медицина сараптамасын жүргізу;
Г) күдіктіден жәбірленушіге дене жарақатын салу үшін, қорқыту үшін қолданған заттардың күдіктіден табылуы, сонымен қатар жәбірленушіні қауқарсыз күйге түсіретін заттардың табылуы. Жәбірленуші мен күдікті ұзақ уақыт бойын таныс болса, достық немесе тіпті интимдік қатынаста болса, күдіктінің әрекеттеріндегі қылмыс құрамының бар-жоқтығы жайлы шешімді тергеуші олардың әрқайсысының тұлғасын, олардың арасындағы қатынасты мұқият зерттеу, мүмкін болатын жала жабу себептерін анықтау және тексеру негізінде қабылдайды.
Мұндай ақпараттар күдікті мен жәбірленушіге жақын куәгерлерден, олардың арасындағы хат алмасудан, күнделіктер мен басқа да құжаттардан белгілі болуы мүмкін.
- Зорлаудың криминалистік сипаттамасы
Зорлаудың криминалистік сипаттамасының мазмұнына кіретін элементтер бүтіндей бір жүйе құрайды:
- Қылмыскер тұлғасы, топтық зорлау кезінде қылмыскерлердің тұлғалары;
- Зорлау мотиві;
- Жәбірленушінің тұлғасы және оның зорлауға дейінгі, зорлау кезіндегі және одан кейінгі өзін-өзі ұстау ерекшеліктері;
- Зорлауды дайындау, жасау және ізін жасыру әдістері;
- Қылмыс іздері;
- Зорлау жағдайы (уақыты мен орны) .
Қылмыскер (қылмыскерлер) тұлғасы.
Зорлаудың криминалистік сипаттамасындағы аза маңызды элементтің бірі қылмыскер тұлғасы.
Зорлаудың 40% жуығын бұрын қылмыс жасаған тұлғалар жасайды. Үштен екісі мастық жағдайында жасалады, әдетте, оған жартысының тұрақты табыс көзі жоқ жергілікті тұрғындардың қатысы болады.
Зорлаушылардың жас сипаттарында да белгілі бір бірізділік байқалады. 18 ден 24 жасқа дейінгі тұлғаларда қылмыстық белсенділік жоғары (шамамен 40%) ; 22-23% кәмелетке толмағандар; 30 жас пен одан жоғары тұлғалар мөлшері де осындай, 17% 25-29 жастағылар. 2018-2020 жылдардағы аталған көрсеткіштер 2008-2010 жылдармен салыстырғанда өзгеше. Ол кезде 21 жасқа дейінгі тұлғалар зорлаушылардың үштен екі бөлігін құраған; ең жоғары қылмыстық белсенділік 16-17 жастағы жасөспірімдерден байқалған. Осылайша, он жыл ішінде зорлаушылардың жастық белгілері көтерілген.
Білім деңгейі бойынша зорлауға барған қылмыскерлердің жалпы орта және негізгі орта білімі барлары -70%; орта кәсіби білімі барлар - 15%, кәсіби жоғары білімі барлары - 2%. Соңғы көрсеткіш жалпы қылмыскерлер тобында кәсіби жоғары білімі бар тұлғалардың пайызынан екі есе төмен екенін айта кеткен жөн[1] .
Қылмыскерлердің әрекеттерінде олардың тұлғасының көптеген қасиеттері көрініс табады, ал бұл өз кезегінде ықтимал зорлаушының типтік моделін жасауға мүмкіндік береді, мұндай модельге іздеудегі нысанды бейнелеп немесе елестетіп, ойша жасайтын жүйені жатқызамыз, осылайша оны зерттеу іздеудегі қылмыскер туралы жаңа ақпарат алуға жағдай жасайды.
Зорлаушыларды шартты түрге екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа әртүрлі психикалық ауытқулары бар, сондай-ақ жыныстық елітудің патологиялық көріністері бар (фетишизм, эксгибиционизм, садизм және т. б. ) тұлғалар жатады. Олардың психикалық кемістіктері тек өзін-өзі ұстаудағы қисынсыздық пен өзгешелігінен ғана емес, сөйлеуінен де байқалады, бұл жәйлі жәбірленуші жауап алу кезінде хабарлауы мүмкін. Бұл топқа қарттық алжу, кейінгі жастағы психозбен ауыратын тұлғалар да кіреді. Олар көп жағдайда жасы кіші және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылыққа барады.
Екінші топқа психика мен жыныстық жағынан патологиялық өзгерістері жоқ тұлғалар жатады. Оларды үш топшаға бөлуге болады. Біріншісіне маскүнемдер, нашақорлар, бұрын бұзақылық, тонау, жыныстық және басқа да күш қолдану қылмыстары үшін сотталғандар кіреді. Олар дөрекі, айналысына аяусыздығымен, моральдық ұстанымсыз, жыныстық қалауын қандырудағы бұзылған санамен ерекшеленеді. Екінші топқа бірінші топшаның айқын белгілері жоқ тұлғалар жатады. Олар негізінен қарапайым қызығушылығымен, әйелдерге қатысты қате түсініктерімен, алкогольді сусындарды мөлшерден тыс пайдаланумен ерекшеленеді. Жәбірленушімен күрделі, ерекше қатынаста болған кезде, оның әрекеттері ағат, қауіпті және тіпті провокациялық сипатта болғанда, зорлауға барған тұлғалар да осы топқа кіреді.
Үшінші топқа кәмелетке толмаған зорлаушылар кіреді. Статистика бойынша, кәмелетке толмағандар жыл сайын зорлаушылардың үштен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар жасөспірімдер жасаған зорлаулардың пайыздық арақатынасы тұрақты өсуде.
Жалғыз болған кезде олар көбіне баларға немесе кәмелетке толмағандарға шабуыл жасайды. Топпен қылмыс жасау кезінде кәмелетке толмағандар да, ересек әйелдер де, тіпті егде жастағы адамдар да олардың құрбандарына айналуы мүмкін. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын топтық зорлауда құрбанға аса қатігездік көрсету, азаптау сияқты жыныстық қажеттілікті қанағаттандыру әдістері жиі қолданылады. Кейде мұндай зорлаулар адам өлімімен аяқталуы мүмкін, жасөспірімдер өлікті қорлап, жыныс мүшелерін, сүт бездерін кесіп, қынапқа бөгде денелерді тығып қоятын (бөтелке, таяқ және т. б. ) жағдайлар да кездеседі. Кәмелетке толмағандар немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстарды ашу кезінде мұндай топ басқа да қылмыстарға баратынын (тонау, қарақшылық, бұзақылық және т. б. ), әдетте, олар бірінен кейін бірі жасалатынын ескерген жөн. Топ қатысушыларының басым бөлігі оқуда, уақытын бірге өткізу арқылы бір-бірін жақсы білетін, бір ауданның тұрғындары шығады, қылмысты өздері тұратын жерге жақын маңда немесе бос уақыттарын өткізетін жерлерде жасайды. Олардың барлығы немесе басым бөлігі кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу бойынша инспекцияларда тіркеуде тұрады.
Бұл жерде кәмелетке толмаған қылмыскерлер мен сексуалды маньяктардың қылмыс жасау жолдарының (іздерінің) ұқсастығы байқалатынын ескеру керек, ал бұл тергеу бағытын таңдауда, сексуалды негізде жасалатын қылмыстар бойынша нұсқаларды ұсыну және тексеру барысында өте маңызды рөл атқарады.
Кәмелетке толмаған зорлаушылардың топтарында ересектер де кездеседі: тек жас балалардан бөлек (18-19 жастағы), ұл балаларды, өз пікірінше, тым жуас және жақсы құрбыларын, таныс қыздарын зорлауға итермелейтін қыздар да (ұйымдастырушылар, арандатушылар, сыбайластар), 9-13 жастағы кішкентай балалар да болуы мүмкін. Соңғылары өздерінен үлкендерге еліктеп, зорлау кезінде ұқсас әрекеттерді қайталайды, жыныстық қатынасқа да баруы мүмкін. Жоғарыда аталған бірінші топқа жатқызылған, әртүрлі психикалық ауытқулары бар (нақтырақ айтқанда жыныстық ойлауы бұзылған психопаттар) тұлғалардың зорлауына байланысты жағдайларды толығырақ қарастырған жөн. Мұндай тұлғалардың жалпы атауы - сексуалды маньяктар.
Сексуалды сипаттағы зорлау мен күш қолдану әрекеттерін жасау кезінде олар өз құрбандарына ерекше жауыздық танытады, қылмыс кезінде және тіпті жәбірленушілерді өлтіргеннен кейін де денесін қорлайды. Сексуалды сипаттағы мұндай қылмыстар ХV ғасырдан белгілі, олар әлемнің барлық елдерінде кездеседі және әдетте сериялы түрде жасалады.
Сексуалды негізде қылмыстар жасауға бейім тұлғаларды анықтау - криминалистиканың басты міндеті [2] .
Әдетте, олар қылмыстық тек жалғыз, ешкімге білдірмей жасайды, жақындарына ол жайлы тіс жармайды. Сондықтан да олар зорлауға мұқият дайындалады, қылмысты жасау, жасыру әдістерін, жәбірленушінің қарсылығын басу мақсатындағы немесе психологиялық қысым көрсету, қинау үшін қолданылатын қылмыс қаруларын мұқият ойластырады; өзінің қауіпсіз құралдарын дайындайды: сырт келбетін өзгертеді - өзгеше киім, көзәйнек, қолғап және т. б., тасымалдау көлігін жасырады (зорлаушы қолданған жағдайда) ; белгілі бір жаққа жұмыспен кетіп бара жатқаны жайлы туыстарына, жақындарына, көршілеріне жалған ақпарат қалдырады және т. б.
Сексуалды маньяктар зорлауды бір рет емес, бірнеше рет жасайды, ұқсас жерлерде бір типті жәбірленушілермен өз әрекеттерін қайталайды. «Оған тағы бір құрбан керек, содан кейін тағы біреу, солай шексіз жалғасады. Қанға тойғаннан кейін ол бірнеше апта тынышталады, содан кейін жаңаша күшпен өзінің құмарлығын қанағаттандыру үшін жаңа құрбан іздейді».
Зорлау мотиві.
Зорлау кезінде мотив жыныстық қалауды қандыруға талпыну, басқаша айтқанды, зорлаушыны сексуалдық қалауы итермелейді. Алайда бұл жалғыз мотив емес. Әйелді қорлау, оны некеге тұруға мәжбүрлеу, бұзақылық, кек, қызғаныш және т. б. зорлауға барудың басқа мотивтері болуы мүмкін. Мотив зорлаған ер адамда ғана емес, әйелде де болуы мүмкін, себебі әйел адам зорлауға ұйымдастырушы, арандатушы және сыбайлас ретінде қатысады. Мысалы, өзінің таныстарын қандай да бір әйелді зорлауға көндіреді.
Зорлауды дайындау, жасау және жасыру әдістері.
Зорлауды жасау әдістері - бұл зиянды салдарға алып келген немесе алып келуі мүмкін физикалық күш, қорқыту, алдауды қолдану немесе жәбірленушінің қауқарсыз күйін пайдалану арқылы қылмыскердің жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
Зорлауды дайындаудың өзіндік әдістері бар: тұрғылықты жерінің маңында кешкі уақытта әйелдерді аңдау; жалған сылтаумен алыс жаққа алдап алып келу; түнде жұмыс жасайтын немесе үйде жалғыз әйелдерді анықтау; әйел жалғыз өзі тұратын пәтерге алдап немесе күшпен кіру; улайтын, есірткі, психотропты әне басқа да препараттар көмегімен құрбанын қауқарсыз күйге түсіру; кәмелетке толмағандардың жыныстық өмірін бастаған қыздарды анықтауы; сыбайластар арқылы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің өз таныстарын алдын ала келіскен орынға алып келуі; әйел адамды балалары арқылы қорқыту (әдетте, емізілетін, кішкентай) ; әйелдерді қрлау және бостандығынан айыру және т. б.
«Классикалық» зорлау әдісінде әйел мен ердің жыныс мүшелері қосылатын жыныстық қатынас орын алады. Тергеу тәжірибесінде қылмыскер әйелдің жыныстық органымен жыныстық қатынаста болғанына сенімді болғанымен, іс жүзінде жалған (екінші) қынаппен, не болмаса қайық тәрізді ойықпен жыныстық қатынас жасаған жағдайлар кездеседі. Мұндай жыныстық қатынастар да зорлау әдісіне кіреді [3] .
Көп жағдайларда қылмыскерлер зорлау іздерін жасыруға тырысады. Егер зорлау туралы біреуге айтса, жәбірленушінің өзін немесе жақындарын өлтірумен қорқытады; жәбірленушінің өзін өлтіріп, мәйітін жояды және жасырады; киімді жуады, жояды, сондай-ақ қылмыс іздерін жою мақсатында жыныстық органдарды тазалайды; қылмыскер түрін өзгертеді; жәбірленушінің туыстары мен жақындарына оны жеңіл жүрісті деп айтумен қорқытады; тұрғылықты жерінен алыс маңда зорлайды және т. б.
Күш көрсету алдында қылмыскер бірқатар жалпылама дайындық әрекеттерін жасайды: қылмыс орнын, қаруды, жасыру құралдарын және т. б. таңдайды.
Зорлау әдісі туралы деректер күш қолданушы тұлғасының кейбір ерекшеліктері туралы пайымдау жасауға мүмкіндік береді (оның жасы, қылмыстық тәжірибесі, мінезі, мамандығы, психикалық ақаулары және т. б. ) . Мысалы, тістеу іздері, құрбанның интимді заттарын ұрлау зорлаушыда психикалық ауытқулар бар екенін білдіреді.
Қылмыстың ерекшелігін ескере отырып, зорлауға талпыну кезінде қылмысты жасау әдісі толығымен орындалып, бірақ биологиялық себептерге байланысты зорлаушы жыныстық жағынан қанағаттанбауы мүмкін. Алайда бұл жағдайда қылмыс әдісінің криминалистік сипаты, қылмыстық-құқықтық сипатпен салыстырғанда толықтай көрініс табады.
Қылмыс іздері.
Қылмыс іздеріне ең алдымен зорлауды жасау әдісін және күдіктінің оқиға орнында болу фактін сипаттайтын типтік материалдық іздер жатады.
Зорлау іздеріне белгілі бір қылмыс әдісін қолдану іздерін де жатқызуға болады, мысалы, оқиға орнында және жәбірленушінің қанында есірткі құралдары немесе алкоголь іздерінің болуы немесе болмауы, жәбірленуші мен зорлаушы арасындағы күрес нәтижесінде пайда болған дене жарақаттары, сондай-ақ зорлау, күштеп жыныстық қатынасқа бару кезіндегі жәбірленуші денесіндегі көгерген тұстар, қан, сперма, қынаптан бөлінетін зат іздері, жәбірленуші киіміндегі қылмыскер киімінің талшықтары жатқызылуы мүмкін.
Зорлаушының оқиға орнында алуан түрлі іздері қалуы мүмкін:
- Заттар, құжаттар, киім және аяқкиім немесе оның құрамдас бөліктері (жұлынған түймелер, қалталар, жеңдер және т. б. ) және басқа да зорлаушыға тән бүтін заттар;
- Аяқ киім, табан, тіс, алақан, киім және т. б. іздері;
- Биологиялық сипаттағы іздер (қан, шәует, тырнақ, тері, шаш) ;
- Микронысандар (әртүрлі заттардағы киім талшықтарының іздері, оқиға орнына кездейсоқ келген зат бөлшектері) ;
- Иіс іздері.
Оған қоса мінсіз іздер - бұл зорлау жағдайларын қабылдауына байланысты қатысушылар мен куәгерлердің жадында, сондай-ақ іс үшін маңызы бар деректерді білетін басқа да тұлғалардың есінде қалған естеліктер, олар кейіннен қылмыстық істі тергеу аясында процесстік құжаттарда, куәгерлерден, жәбірленушіден жауап алу хаттамаларында бекітіледі.
Зорлау жағдайы
Қылмыстың жасалуы кезінде қылмыскердің әрекет ету жағдайының криминалистік маңызы үлкен. Бұл фактор зорлаудың жасалу себептері мен қайталану жағдайларын анықтауға, белгілі бір қолайлы жерлердегі зорлаудың жасалуының алдын алу бойынша сәйкес шараларды қолға алады.
Танымал криминалистердің пайымдауларына талдау жасай отырып, жасалған қылмыс жағдайлары туралы мәліметтер тергеудегі оқиғаның криминалистикалық сипаттамасындағы жүйе бөліктерінің бірі. Шын мәнінде қылмыс жасалу жағдайы тек тәжірибелік, зерттеушілік қана емес, дидактикалық та маңызға ие [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz