Гастрит себептері, дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ВЕТЕРИНАРИЯ факультеті
КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

6В09101 - Ветеринариялық медицина

Тақырыбы: Гастрит

Орындаған: Қилыбай Ерзат
Тобы:ВМ-406
Тексерген: Мухамедкалиев Айдар

Алматы, 2021
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Гастрит себептері,дамуы
2.2 Клиникалық белгілері
2.3 Патологиялық анатомиялық өзгерістер
2.4 Емі
2.5 Сақтандыру шаралары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Гастрит-асқазанның кілегей қабығының қабынуының жіті түрі-catarrhalis acuta -Асқазанның кілегей қабығының қабынуы салдарынан оның сөл бөлу, жирылу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Жалпы асқазанның қабынуының жіті және созылмалы. басалқы және қосалқы; гинер, гапо- нормоацидтік ажыратады. Көбінесе жылқылар, шошқалар, ет коректілері ауырады.
Ауру шошқаларда, жылқыларда және ет қоректілерде жиі таралған. Жиі төлдер шалдығады. Өндірісте шошқа кешендерінде оларды енесінен айырған алғашқы 15 күнінде 26-30 күндігінде құрғақ,құрама жеммен азықтандырғаннан ауруға көптеген торайлар ұшырайды.
Көптеген мал басының гастритке шалдығуының негізгі себептеріне жататындар: малдың жасына сәйкес емес сапасыз азықьармен азықтандыру, олардың құрамында улы заттардың болуы, бірыңғай және құрансыз белокты, витаминді және минералды азықтандыру, азықтандыру режимін бұзу. Этиологиялық себептердің құрамында тітіркендіргіш заттары бар болуы мүмкін: қиын қорытылатын өте суық немесе ыстық азықпен, асхана қалдықтарымен азықтандыру технологиясының бұзылуынан.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Гастрит себептері,дамуы
Гастрит (Gastritis)- асқазанның кілегейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу, фермент бөлу, эвакувторлы, экскреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін ауру. Туындауына байланы сты гастриттер негізгі және туындаған, өтуіне жіті және альтеративті қабыну сипатына ұйымалы, катаральды, гемаррагиялық, фибринозды және терең, ошакты және диффузды болып бөлінеді. Альтеративті қабыну эрозиязы және ойық жаралы болады. Қызметтік белгілеріне қарай гастрит қалыпты сөл бөлетін, сөлді көп бөлетін жіне әлсіз сөл бөлетін, морфологиялық белгісіне атрофиялық және гипертрофиялық болады.
Мүмкідік туғызатын себептерге ылғалды жіне лас қораларда ұстау, организмнің күрт салқындауы жіне ысып кетуі, тығыз ұстап, азық жеткіліксіз болуы жатады. Асқазанның сөл бөлу, моторлы қызметінің бұзылуы төлдерді өндірістік технологиямен өсіру және бату кезінде ұзақ мерзімді әртүрлі күшті стресстер әсерінен кілегейлі қабық талаурап қабынғаннан болады. Туындаған гастрит тіс, ауыз қуысы кілегейлі қабығының, өңеш, ұйқы безі ауруларынан болады. Асқазанның зақымдануы кейбір вирусты обасына, ауески ауруына, вирусты гастроэнтеритке, бактериальді инфекцияға, кейбір паразитарлы ауруларына тән. Гастриттің этиологиясында аутоиммунды факторлар мен аллергиялық реакциялар айтарлықтай рөл атқарады.
Патологиялық процестің дамуы этиологиялық фактордын силатына, күші мен ұзақ мерзім әсер етуіне, сонымен малдың түріне, жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ал солардың ішінде жалпысына асқазан бездерінің қозуының өзгеруінен, оның сөл бөлінуінің сапасы мен мөлшері жатады. Патологиялық сөл бөлудің бірнеше түрлері бар: гиперацидті, астеникалық, инертті және субацидті. Біріншісі бұл асқазан қызметінің бұзылуының бастапқы кезеңі, бұл асқазанның жүйке безді аппаратының қозуының күшетоі, ал астеникалық түрі асқазанның реттеуші қызметінің бұзыла бастағанын көрсетеді. Инертті және субацидті түрлеріне асқазаңның сөл бөлінуінің регуляторлы механизмінің өте күрделі бұзылу деңгейінде екеніне сәйкес келеді.
Тұрақты гиперсөл бөлу, жиі асқазан жынының қышқылдығының жоғарылауына сәйкес келгенімен, ал бұл қалыпты, кейде қышқылдығы гөменде болуы мүмкін, сонымен қатар қышқылдылықтың жоғарылауы оның көлеміне байланыссызда болады. Мұндай жағдай кілегейлі қабықтың қабынуын да тана емес басқада ағзалар мен жүйелер аураларында рефлекторлы берілуі мүмкін, әсіресе жүйке мен эндокринді бездер ауруларында. Жас малда көп бөлудін қозғыш түрі болады, ал оларда қабынуға, сыртқы және ішкі гормональды бральды тітіркендіргіштерге аденватсыз жауап береді. Гиперацидті жағдайларда көбінесе пилорустың түйілуінде және кілегейлі қабықтың тосқауылдық қызметі бұзылғанда қанның эвакуациясы кідіреді . Гиперсөл бөлу,эвакуацияның кідіруі, асқазан ішек жынының келіп түсуінен пайда болған газдардан асқазан кеңейеді. Осылардың бәрі және улану болғандықтан мал құсады. Сөл бөлудің тежелуінің асқынуы ахилияғадушар етеді. Бездердің тұз қышқылы мен пепсинді бөлу қабілеті нашарлайды. Асқазанда пепсиннің протсазды және пепсидазды қасиетіне көрсете алмайтын орта пайда болады. Ішекте келешекте ыдырай алмайтын белоктар келіп түседі, ішектің кілегейлі қабығы птіркенеді, сол себепті перистальтика күшейеді.
Сонымен қатар үйқы безінің сөл бөлуі, ішектің сөлі азаяды,диспепсия күшейе түседі. Боз тұш қышқылының концентрациясы төмендегендіктен, асқазан сөлінің бактерицидті қасиеті азаяды псмесе мүлдем жоғалады. Осылардың бәрі пилорикалық сфинктрдің қызметінің бұзылуына ішектерде ашу және шіру процестерінің басымырақ болуынан дисбактериозға душар етеді. Пайда болған улы заттар қанға сіңіп, бауыр ұлпасын зақымдап, оның қызметін бұзады. Асқазанның моторлы қызметінің бұзылуы оның сөл бөлуі мен, сфинктілердің тонусымен, рефлекторлық әсерімен, сонымен қатар этиологиялық факторлармен тығыз байланысты.
Қышқылдылық төмен болса және ахилияда асказанның сөл бөлуі күшейеді. 12 елі ішекте жынның нейьралдануынан асқазанның пилорикалық бөлігінің жиырылуы әлсірейді және сфинктер ашық тұрады. Асқа анның сөл бөлінуінің күшеюінен ондағы жын жылдам эвакуацияланады, химуска қосылады. Олардың бөліктері әсіресе өз асқазнда тек
эксуда тивті гана смес альтеративті қабыну туғызады. Бұлшық ет тонусын басқару иттерде түйілмелі жиырылу пайда болады, сол себепті ауырсыну бұзылғанда күшейеді.
Асқазанның негізгі қызметтері түгелдей бұзылғанда оның орнын ішектегі ас қорыту толтыра алмайды, ас қорытудың барлық бөліктерінде өзгерістер пайда болады, соңында зат алмасуы бұзылады. Анмия, өзін өзі уландыру дамиды, малдың дене массасы және өнімділігі азаяды.
Себептері. Көбінесе малдарды азықтандыруды ұйымдастырмаудан Ауыз қуысының, тістің аурулары; әртүрлі уланулар бөлінуіне не жирылу процесіне кедергі жасайтын барлық факторлар аурудың себебіне жатады. Қосалқы ауру ретінде жүректің, бауырдың, ішектердің, бүйректердің, алдыңғы қарыншақтардың ауруларында; сондай-ақ індетті ауруларда жиі кездеседі.
Көптеген мал басының гастритке шалдығуының негізгі себептеріне жататындар: малдың жасына сәйкес емес сапасыз азықьармен азықтандыру, олардың құрамында улы заттардың болуы, бірыңғай және құрансыз белокты, витаминді және минералды азықтандыру, азықтандыру режимін бұзу. Этиологиялық себептердің құрамында тітіркендіргіш заттары бар болуы мүмкін: қиын қорытылатын өте суық немесе ыстық азықпен, асхана қалдықтарымен азықтандыру технологиясының бұзылуынан. Мүмкідік туғызатын себептерге ылғалды жіне лас қораларда ұстау, организмнің күрт салқындауы жіне ысып кетуі, тығыз ұстап, азық жеткіліксіз болуы жатады. Асқазанның сөл бөлу, моторлы қызметінің бұзылуы төлдерді өндірістік технологиямен өсіру және бату кезінде ұзақ мерзімді әртүрлі күшті стресстер әсерінен кілегейлі қабық талаурап қабынғаннан болады. Туындаған гастрит тіс, ауыз қуысы кілегейлі қабығының, өңеш, ұйқы безі ауруларынан болады. Асқазанның зақымдануы кейбір вирусты обасына, ауески ауруына, вирусты гастроэнтеритке, бактериальді инфекцияға, кейбір паразитарлы ауруларына тән. Гастриттің этиологиясында аутоиммунды факторлар мен аллергиялық реакциялар айтарлықтай рөл атқарады.
Дамуы. Қабыну процесі асқазанның негізгі қызметтерін бұзады (сөл бөлу, жирылу т.б.). Қышқылдығы жоғарлаған уақытта пилорус қатты түйіліп, ауырсынғандықты тудырады. Егер қышқылдығы төмендесе, онда асқазандағы ас қорту пропесі бұзылады, қарын сөлінің бактериоцидтік қабілеті жойылады. Сфинктер ашық, асқазанда толық қорытылмаған ас қалдығының ішекке өтуі жылдамдайды, дисбактериоз пайда болады. Ашу-шіру процесінің үдеуі салдарынан улы заттар (зат алмасуының метаболиттері) шоғырланады да, жалпы организмге әсер етеді. Оның үстіне бауырдың усыздандыру қабілеті нашарлайды. Қабыну салдарынан бөлінетін кілегейлі сұйық асказанның кілегей қабының қалындап жауып, асқазан сөлінің асқа әсеріне кедергі жасайды, керісінше сөлді сұйылтып, оның концентрациясын төмендетіп, әсерін әлсіретеді. Улы заттар қанға сіңеді, дене кызуы көтеріледі, ішекке өтіп оны қабындырады.

2.2.Клиникалық белгілері
Ауру мал салғырт, дене қызуы аздап көтеріледі, тынышсыздығының белгілері байқалады. Тәбеті өзгерген төсенішті жеп, ылай сұйықты ішеді, қабырғаны, т.б. бөгде заттарды жалап кеміреді. Көздің кілегей қабықтары басапқыда қызарады, артынан сарғаяды. Ауыз қуысының кілегей қабықтары қоймалжың сілекеймен қапталған, тілдің үстінгі жағында сарғыш дақ пайда болады, ауыздан жағымсыз иіс сезіледі. Гепоацитке гастритте ішектердің жирылуы іш өткенге дейін үдей түседі, аурудың бұл түрі ауырлау өтеді: ауру мал жүдейді, тәбеті нашар аш карында қарын сөлі алынбайды, ал тексеру тітіркендіргішінен кейін алғанда инертті, не субацидті түрі анықталады.
Гиперацидті түрінде нәжіс қатқанға дейін ондай өзгеріс білінбейді. Нәжіс, қара түсті, сырты жалқаякпен қапталған. Іш шаншуының белгілері білінеді. Тістері дұрыс қажалмаған жағдайда тілі қабықтары жарақаттанады. Аурудың түріне байланысты асқазан сөлінің кышқылдығы өзгереді; гипер- гипо- және субацидті түрлері анықталады.
Асқазанның сөл бөлу және моторлы қызметтерінің бузылу деңгейі мен оның кілегейлі қабығында қабыну процесінің қаншалықты бұзылуы мен өтуіне байланысты байқалады. Малдың түрі, жасы және жеке эзфагогастродуоденальды кешеннің функциональды, анатомиялық, мерфолеглялық өзгерістері үлкен рөл атқарады.
Гастрит жіті өткенде симптом атикасы әртүрлі болып келеді: жалпы кейде жергілікті эксудативті және альтеративті қабынуға дейін, гиперсекрецияда дене қызуы айтарлықтай өзгере кой айды, ал күйзелу және азыққа тәбеттің шаппауы дамиды. Кекіру, ал шошқалар мен итгер азық кабылдағаннан кейін немесе оған байланыссызда құсу пайдаболады. Кұсықта көп мөлшерде азық, сілекей және кілегей көп, ал қайталанған құсуда өт бар. Ішектердің перистальтикасы төмендейді, іші жүрмейді. Нәжісі қатты, қара түсті,сыртында жұқа кілегейлі қабықша бар. Ал егерде құсу жоқ болса, онда торайл мен иттерде асқазан аумағы аздап ауырсынады, асқазанның гипотониясы мен пилорустың түйілуінде сипап көргенде шылпыл дыбыс пайда болады. Жылқылар ауық аздап мазасызданады, есінейді, басын созалы, ішіне қарай береді, ал пилорустың түйілуінде шаншу пайда болады. Асқазанның ахилиялық қабынуында ұйқы безімен ішектің қызметі өзгермесе онда ауру өзіне тән симптомсыз өтеді.
Азық қорыту бұзылғанда перистальтика күшейеді, нәжісі мол, құрамында қорытылмаған азық бар, гастрогенді химиялық диарея пайда болады. Күйзелу күшейе түседі, дененің қызуы кейде 0,5-1С дейін көтеріледі, азыққа зауқы төмендейді және бұзылады, шошқалар жиі жата береді. Ауыздың кілегейлі қабығы сарғыш, жабысқақ сілекейімен қапталған, тілінде көкшіл дақ бар, ауыздан тәттінің иісі шығады. Емізетін мегежіндерде гипо және агалактия болады. Торайларда диарея, сыртқы ортаға реакция қимылсыз қалғанша болады. Улану күшейген сайын малда күйзелу арта түсіп жүрісі шатқаяқтайды, тахикардия және полипноз күшейе түседі, ал созылмалыда дегитратация. Торайлардың тұмсығы,құлақтың ұшы, төменгі іш жағының терісі көгілдір тартып, ауырсынуы күшейеді. Асқазаннын кілегейлі қабығына зақымдану күші әсер етсе, процесс 2-3 сағаттан соң, ал клиникалық белгі ері 6-8 сағаттан соң дамиды. Егерде аурудың себебін тез арада жойса және катаральды гастритті дер кезінде емдемесе, онда клиникалық айығу 3-4 күннен соң, ал ересек малда 8-10 күнге созылады. Шошқаларда кілегейлі қабықтың морфологиялық қалыптасуы екінші аптаның аяғында болады. Гемаррагиялық гастрит үдемелі күйзелу синдромымен, уланумен және жүрек әлсіздігімен байқалады. Асқазанды сипап көргенде ауырсынады, құсықта гемаррагиялық эксудаттың аздаған мөлшері бар. Нәжісте қан жоқ, жіті уланудан індетті аурулардан гематогенді гастритте, асқазан жағынан аурудың симптомы жалпы белгілерімен бірігіп кетеді.
Гастриттің созылмалы өтуінде симптомдары тұрақсыз. Негізгі синдром асқазандық іш өту. Ары қарай ішектік іші өту болады, ол метеоризммен, перистальтиканың күшеюімен, іштің қатунмен, зық қорытылудың нашарлауымен сипатталады. Соымен қатар, біртіндеп терінің серпімділігі төмендейді, түктері жылтырамайды, кілегейлі қабықтар бозарады, кейде сарғаяды. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы құрғайды немесе кілегейімен қапталады, тілде көкшіл лас болады, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Жылқының қатты таңдайынан кілегейлі қабығы ісінген, төлдерде тістер дұрыс мүжілмегендіктен қызыл иек жарақаттанған. Ауру айлап және жылдап өтеді, ауық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттердің гастриті, емі және профилактикасы
Асқазанның кілегей қабығының қабынуы
Бұзаудың гастроэнтерит ауруы
Ішектің қабынуы аурулары
Құс гастроэнтерит ауруы
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Асқорыту ағзаларының аурулары
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Жануарлардағы гастрит ауруы
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Пәндер