Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Кәрімова Зере Нұртайкызы

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» концептісінің лингвомәдени ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы: 5В021000 - «Шетел филологиясы»

Қарағанды 2021

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

«Қорғауға жіберілді»

Шетел филологиясы кафедра меңгерушісі

Есказинова Ж. А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» концептісінің лингвомәдени ерекшеліктері

мамандығы: 5В021000 - «Шетел филологиясы»

Орындаған: Кәрімова З. Н.

Ғылыми жетекші,

PhD доктор, доцент Есказинова Ж. А.

Қарағанды 2021

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Факультет: Шетел тілдер факультеті

Мамандық: 5В021000-Шетел филологиясы

Кафедра: Шетел филологиясы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

«___» 20__ж.

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға

ТАПСЫРМА

Студент Кәрімова Зере

(аты-жөні)

5В021000-Шетел филологиясы- КАФ-42, күндізгі

(курсы, тобы, мамандығы, оқу түрі)

1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы:

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Бақыт» концепті

университет бойынша «06» қараша 2020 ж. №1571 бұйрықпен бекітілді.

2. Студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «___» 2021 ж .

3. Жұмысқа бастапқы мәліметтер (заңдар, әдеби көздер, зертханалық-өндірістік мәліметтер) . Теориялық әдебиеттер мен ғылыми мақалаларға шолу жасау. Фразеологиялық сөздіктерді оқып, талдау және т. б.

4. Дипломдық жұмыста (жобада) өңдеуге жататын мәселелер тізімі: «Концепт» терминін зерттеу және талдау. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» концептісінің философиялық, психологиялық, физиологиялық және тіл білімдік еңбектерде зерттелуіне ғылыми-теориялық шолу жасап, тұжырымдау, лингвистикалық көрінісін лексикалық және мәдени түрде талдау.

5. Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. ) : кестелер.

6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Воркачев С. Г. Счастье как лингвокультурный концепт. Монография. - М. Гнозис. 2004. 236стр. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы /Ғылыми монография. - А., Ан Арыс, 2007. - 312 бет. Воркачев С. Г. Концепт счастья: понятийный и образный компоненты // Известия РАН. Серия лит-ры и языка - 2001. - T. 60, №6. - C. 47-58. Қазақстан ұлттық энциклопедия. 2 том. Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. 1993. - 720 бет. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. ІІ том А-Б. - А., Арыс. 2006. 617-649 б. б. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. / Құрастырғандар: А. Ысқақов, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев. Алматы., Наука 1966. 240 б. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. -А., Қазақ энциклопедиясы. 2011. 14-том. Т-Ұ. - 800 б.

7. Жұмыс бойынша консультациялар (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсетумен)

Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырманы алу мерзімдері

Тапсырманы берді

(қолы)

Тапсырманы қабылдады (қолы)
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы: Кіріспе
Ғылыми жетекші, кеңесші: Есказинова Ж. А.
Тапсырманы алу мерзімдері: Қазан 2020
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы: І тарау
Ғылыми жетекші, кеңесші: Есказинова Ж. А.
Тапсырманы алу мерзімдері: Желтоқсан 2020
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы: ІІ тарау
Ғылыми жетекші, кеңесші: Есказинова Ж. А
Тапсырманы алу мерзімдері: Наурыз 2021
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы: Қорытынды
Ғылыми жетекші, кеңесші: Есказинова Ж. А
Тапсырманы алу мерзімдері: Сәуір 2021
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы:
Ғылыми жетекші, кеңесші:
Тапсырманы алу мерзімдері:
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы:
Ғылыми жетекші, кеңесші:
Тапсырманы алу мерзімдері:
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы:
Ғылыми жетекші, кеңесші:
Тапсырманы алу мерзімдері:
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы:
Ғылыми жетекші, кеңесші:
Тапсырманы алу мерзімдері:
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы:
Ғылыми жетекші, кеңесші:
Тапсырманы алу мерзімдері:
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):
Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы:
Ғылыми жетекші, кеңесші:
Тапсырманы алу мерзімдері:
Тапсырманы берді(қолы):
Тапсырманы қабылдады (қолы):

8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі

Жұмыстың кезеңдері
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері
Ескерту
№: 1
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жоба тақырыбын бекіту
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 6. 11. 2020
Ескерту:
№: 2
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жобаны дайындау үшін материалдар жинау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 25. 03. 2021
Ескерту:
№: 3
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) теориялық бөлімін дайындау (1 тарау)
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 25. 12. 2021
Ескерту: Іс-тәжірибеге кеткенге дейін
№: 4
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) сараптамалық бөлімін дайындау (2-3 тарау)
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 25. 02. 2021
Ескерту: Іс-тәжірибе уақытында
№: 5
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) толық мәтінінің жобалық нұсқасын аяқтау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 20. 03. 2021
Ескерту: Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейінгі бірінші аптада
№: 6
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғауға ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:

29. 03. 2021-

02. 04. 2021

Ескерту: Шолу дәрістерінің (консультациялар) уақытында
№: 7
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмысты (жобаны) сын-пікірге ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 05. 04. 2021-19. 04. 2021
Ескерту:
№: 8
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшінің пікірімен және сын-пікірмен соңғы нұсқасын тапсыру
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 20. 05. 2021
Ескерту:
№: 9
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 25. 03. 2021
Ескерту: МАК кестесіне сәйкес

Тапсырманың берілген күні «___» 20__ ж.

Ғылыми жетекшісі PhD доктор, доцент Есказинова Ж. А.

(қолы) (аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі)

Тапсырманы қабылдады: студент Кәрімова З. Н.

(қолы) (аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе7

1 Қазақ тіліндегі «бақыт» концептісінің танымдық көрінісі11

1. 1 Ортағасырлық Түркі пәлсапасында «бақыт» ұғымының пайымдалуы11

1. 2 «Бақыт» ұғымының философиялық еңбектерде, лингвистикада зерттелуі16

1. 3 «Бақыт» концептісінің ақпараттық кеңістігінің ерекшеліктері23

2 Ағылшын тіліндегі «happiness» концептісінің когнитивті ерекшелігі, өріс құру сипаты42

2. 1 «Happiness» концептісінің ақпараттық тіл бірлігінің танымдық қызметі42

2. 2 «Happiness» ұғымының жүйелік ерекшеліктері48

2. 3 Қазақ, ағылшын тілдеріндегі «бақыт» және «happiness» лексемаларының ұқсастығы мен айырмашылықтары52

Қорытынды57

Қолданылған әдебиетер тізімі62

Қосымша65

Кіріспе

Зерттеу нысанасы: қазақ және ағылшын тілдеріндегі көп өлшемді, жан-жақты «бақыт» тұжырымдамасы.

Зерттеу пәні: қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» концептісінің әлеуметтік-мәдени шындық ретіндегі тұжырымдамасы.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының идеологиялық көзқарастары мен ұлттық идеясының дамуында рухани құндылықтар белгілі орын алады. Өз кезегінде ұлттың рухани бағыты, негізгі өмірлік ұстанымдары, дүниетанымы осы құндылықтар бойынша қалыптасты және дамыды. Қазіргі кезде нарықтық экономика мен бұқаралық мәдениет жағдайында адам өмірі мен өзін-өзі таныту, өздігінен даму жоғары бағаланады. Қазіргі жас ұрпақ өмірдің жоғары стандарттарына көбірек назар аударады, аштық пен ауру туралы аз ойлайды. Алайда, ғылыми-техникалық төңкеріс, ақпараттық жарылыс және де жаһандану, адам өмірінің қарқынын жеделдетті. Нәтижесінде жағымсыз салдар, дәлірек айтқан кезде, өмірден түңілу, ерік жұмылысының төмендеуі, уайым, агрессивтілік, кінәлілік сезімі адамның өмірде бақытты болуына кедергілер келтіреді. Бүгінгі күні көпшілік үшін бақыт, ақша мен байлыққа айналып, бақыт ұғымы ұсақталып барады. Сонымен, рухани құндылықтардың ұлттық негізін жаңа қоғамдық қатынастардың талаптарына бейімдеу және оны рухани өмірдің өзегіне айналдыру тек философиялық, идеологиялық, әлеуметтік және саяси міндет емес. Мәселе тілдік білім беруде де өзекті (когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвистикалық және мәдени зерттеулер) . Қазіргі жаһандану дәуіріндегі рухани құндылықтардың өзгеруіне байланысты әлеуметтік тұрғыдан өзекті ең маңызды ұғымдардың бірі - «Бақыт» концептісі. Сондықтан, «Бақыт» ұғымының лингвомәдени ерекшеліктерін, қазақ және ағылшын тілдерінде жан-жақты зерттеу - бүгінгі тіл білімі ғылымының басты талабы.

Зерттеу мақсаты: қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» ұғымының концептуалдануын талдау, саралау, концептуалдық мазмұнын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Концепт, бақыт ұғымдарына беріліп жүрген ғылыми түсініктемелерге тоқталу, солардың негізінде «концептіге» өзіндік анықтама жасау.
  2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» ұғымының компоненттерін анықтау.
  3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» концептісін когнитивтік дискурстағы (мақал- мәтел, тұрақты тіркес, бата-тілек) көрінісін айқындау, талдау.
  4. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» концептісін өзара бір-бірімен салыстыра отырып, қорытынды жасау.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында, тақырыпқа қатысты ғылыми-теориялық, философиялық, психологиялық және әдіснамалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, когнитивтік және лингвомәдени, лингвопсихологиялық тұрғыдан талдау, баяндау, ассоциативтік қатынаста салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық негіздері: қазақ және ағылшын тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негізін нақтылай түсуге, базалық концепт, мағыналық-ақпараттық өріс ұғымдарын айқындауға өз деңгейінде үлес қосады. Сондай-ақ, «бақыт» концептісіне қатысты зерттеулер мен талдаулар философия, психология, әлеуметтану, физиология ғылымдарымен байланыстыра, салыстыра қарау нәтижелері тоғыспалы ғылым салалары қатынасын анықтауда ғылыми және теориялық тұжырымдар.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • Адам өміріндегі негізгі рухани құндылықтардың бірі болып табылатын «бақыт» ұғымына, ұлттық мәдени тұрғыда берілген халықтардың лингвомәдени ерекшеліктер тұрғысынан жан-жақты концептуалдық талдау жасалынды;
  • Қазақ тілінде «Бақыт» ұғымының танымдық сипаты мен қызметін анықтайтын «құт», «бақ», «талай», «жерұйық», «ғанибет», «қуаныш» және т. б. базалық концептілер когнитивтік тұрғыда зерттеліп, олардың «бақыт» ұғымына қатысты өзіндік белгілері анықталды;
  • Ағылшын тіліндегі «happiness» концептісінің когнитивті дискурстағы (мақал-мәтел, тұрақты тіркестер, поэзия) көрінісі анықталды;
  • «Бақыт» концептісін анықтайтын негізгі ақпараттық тіл бірліктерінің этнолингвистикалық, әлеуметтік, танымдық негіздері ғылыми тұрғыда сараланды;
  • Екі тілдегі базалық концептісінің ақпараттық-мағыналық өрістеріне тілдік талдау жасалып, қарастырылды.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Бұл дипломдық жұмыста қазақ және ағылшын тілдеріндегі «бақыт» концептісінің лингвомәдени ерекшеліктері қарастырылады. Бақыт әр адамның, ұлттың даму тарихы мен ұлттық мәдениет жүйесінде қалыптасып, ұлттық ерекшелігіне сай психологиялық реңкке ие болады.

«Концепт» терминіне назар аударатын болсақ, ол әу баста философия мен логиканың термині болып есептелген.

Концепт ұғымы туралы бірнеше пікір бар: Вильгельм фон Гумбольдт «құдайлық ілімді танудың, сол арқылы, соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың мәдени ментальдығын танудың кілті» деп анықтама берген. Лингвистикаға концепт терминін орыс ғалымы С. А. Аскольдов-Алексеев енгізген болатын. Ол: «Концепт - белгілі бір затты ойлау кезінде оны өзіне ұқсас тектес заттармен, әрекеттермен және ойлау функцияларымен алмастыратын ойлау құрылымы», - деп концептінің танымдық әдіс ретіндегі негізгі қызметі, орынбасушылық қызмет екенін көрсетті. Ғалым бұл анықтамасы арқылы концептінің абстрактылық жалпы сипаттамасын берген.

Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементттері ретінде таңбалай отырып, олардың мән-мағынасын қамтиды. Рухани-мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.

Концепт туралы ғалымдар ойы - әртүрлі болып келеді. Орыс тіл білімінде ғалымдар оны термин ретінде қарастырса (В. И. Карасик, С. А. Аскольдов), енді біреулері (Д. С. Лихачев, В. Т. Москвин) ұғыммен теңестіреді. Әсер ету күшін Б. А. Ларин концептіні тілдік тұлғаның танымдық деңгейлерінің басты бөлшегі ретінде танып, ғаламның тілдік моделін беруші ұжымдық сананың қозғалысын анықтаушы бірлік екендігін көрсетеді.

Концепт - бұл кез келген ұғым емес, бұл адамның әлемдік көзқарасы мен әлемнің концептуалды бейнесінің маңызды әрі күрделі элементі.

Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет контексінде қарастырған қазақ тіл білімінде А. Исламның пікірінше: «Концепт» дегеніміз - ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады.

Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасып отырады. Ұғымның пайда болуы да санадағы құбылыс. Ұғым айтылған ой арқылы ғана емес, көзбен көріп, қолмен ұстап, ұқсас қасиеттерін еске түсіріп, қиялмен елестетіп, ойша бейнелеп, формасын жасау арқылы да қалыптасады. Алғашқыда негізгі ұғымдардың пайда болуында көз қызметі ерекше орын алған. Онда ұғым пайда болуының негізінде объект - денотат тұрады. Ол - қозғаушы, сана әрекетін қоздырушы күш. Егер зат (құбылыс) болмаса, оның санадағы сәулесі, яки бейнесі жоқ болады.

Ұғымдық белгілер арқылы мағына жасалады. Табиғат пен әлем бейнесінің адам санасында бейнеленуі ұғымды қалыптастырады. Ұғым арқылы таңбаға мағына беріледі. Мағына ұғымның нақ өзі деуге де болмайды, абстракцияланған, ұқсатылған, ассоциацияға түсірілген бейнесі. Санадағы ой сөзбен тұлғаланғанда, белгілі мағынаға ие болғанда әр түрлі факторлар арқылы қалыптасады. Ондай факторлар:

  • халықтың дүниетанымы;
  • уақыт;
  • танымның дамуы.

Яғни, белгілі уақыт аралығында дүниетанымның жетілуі мен дамуына сәйкес қалыптасатын халықтық дәстүр мен салт-санаға байланысты болатын ұғымның тілдегі таңбалық жүйеге түскен абстрактылы, ассоциативті бейнесі мағына болады деп көрсетілген.

Демек, ұғым - дүниетанымның санадағы бейне суреті. Сонымен, ой мен тіл арасындағы бейне немесе ұғым тудыратын процесс когнитивтік ғылымның негізгі нысаны, тірегі, тұжырымдық құрылымы болып табылады. Оның басты мақсаты ой мен тіл арқылы калыптасатын тұжырым қалыптастыру.

Ұғымдық бейне - ойлау жемісі. Ал дыбыстық бейне - сол ұғымдық бейненің материалдық көшірмесі. Бұл бейнелердің қай-қайсысы да заттың (ленотаттық) өзі емес, оның негізгі образдық бейнесінің суреттері: ұғым-санадағы сәуле арқылы салынған сурет болса, сөз - дыбыс арқылы салынған сурет. Тіл - табиғат пен адамзат аралығындағы сана арқылы болатын байланысты адамдардың өзара қарым- қатынасында бейнелейтін аралық құралы.

Әлемде өмір сүре отырып адам тек тілмен белгілі бір «құрал» ретінде қамтамасыз етілмеген, «бірақ адам үшін жалпы әлем не екені осы тілде негізделген және онда сипатталады». Тіл бізге әлемді тануға мүмкіндік береді, «мұнда әр жеке адамның санасынан жоғары тұратын көзге көрінерліктей болады». Және де тіл рөлі - адам мен арасындағы аралықтағы үзбе рөлі емес, себебі онда адамның өмір сүруі ғана жүзеге аспайды, «тілде әлем өзін-өзі бейнелейді». Осылайша тілде әлем өзін біз үшін бейнелейді және осы тіл аясында біз әлемді тануға ие боламыз.

Концепт - этномәдени санада сақталған, дәуірден-дәуірге беріліп келе жатқан, мағынасы терең, ұлттың шынайы болмысын паш ететін, дүниені тану тәсілі. Концепт - тілдік ұжымның ментальдық ерекшеліктерін жеткізетін, көзге байқала бермейтін күрделі тілдік конструкт. Концепт - күнделікті қарапайым тіршілік-тынысымыздың жемісі.

1 Қазақ тіліндегі «бақыт» концептісінің танымдық көрінісі 1. 1 Ортағасырлық Түркі пәлсапасында «бақыт» ұғымының пайымдалуы

«Бақыт» ұғымы адам баласының рухани құндылықтарының бірі болғандықтан рухани мәдениеттегі рөлі ерекше. Ал рухани мәдениеттің қоғамдағы әлеуметтік маңызы зор. Қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтардың өз орны бар. Өз кезегінде ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары, дүниетанымы да осы құндылықтарға байланысты қалыптасып дамыды.

Адам қашанда өмірдің мәнін ұғынуға ұмтылғандықтан және бақытқа жетуге тырысқандықтан аталмыш мәселе - адамзат баласын ерте кезден толғандырып келе жатқан философиялық тақырып. Бұл жерде өмірдің мәні мен бақыт арақатынасының өзара терең байланысы бар. Өйткені өмірдің белгілі бір мәнділігі бақыттың алғышарты болып табылса, екінші жағынан бақытқа деген ұмтылыс өмірдің өзіне белгілі бір мән-мағына береді. Мән-мағынасыз өмір сүру - адам үшін бақытсыздық және керісінше адам өз өмірін терең пайымдай алса ғана, бақыт сезімін сезіне алады. Бақыт ұғымы моральдық сананың тұрақты әрі құбылмалы қондырғысы болып қана қоймай, күнделікті тіршіліктің де бағыт-бағдарын айқындайды. Бақыт - ең алдымен адамзат баласы қанша ұмтылғанымен шешімін таба алмаған, сол себепті де ақырына дейін танылмаған танымдық құбылыс. «Бақытты - сол тәрк етіп түндерін, бақыт іздеп азаптанса кімде-кім», деп қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев айтқандай, өмірдің мәнін іздеп, бақытты табуға ұмтылу философияның негізгі мәселелерінің бірі. Адамзат тарихында, оның өн бойын көктей етіп отырған жалпы-адамзаттық мәңгі құндылықтармен қатар, әр дәуірдің, әр қоғамның өзіне тән құндылықтар жүйесі болғанын да теріске шығаруға болмайды. Өмірдің мәнімен байланыстағы бақыт мәселесі ХХ ғасырда (әсіресе, екі дүниежүзілік соғыс пен концлагерьлерден кейін) «болу не болмау» деген гамлеттік сұрақ-пен сипатталатындай ерекше драмалық мән мен өзектілікке ие болды. Өмірдің мәнін зерттейтін абсурд философиясының негізін қалаушының бірі, орыстың ойшыл жазушысы Ф. М. Достоевский өз-өзіне қол жұмсаушылықты «мәңгілікке деген сенімнің жоғалуынан көреді». Философия мен мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пәнді фелицитология деп атайды. Қазіргі заманғы бақыт туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады: бақыт психологиясы, бақыт аксиологиясы және бақыт социологиясы. Психологиялық тұрғыдағы бақыт - жағымды көңіл-күй, өмірден қанағат алу, қуаныш пен шаттыққа және ләззатқа кенелу. Аксиологиялық тұрғыда, бұл - құндылықтар, адам өміріндегі жақсылықтардың өлшемі, адам болмысының мәнімен байланысты барлық ізгі адамгершілікті қасиеттерді игеру. Бақыт социологиясы утилитаризммен (пайда туралы іліммен) тығыз байланысты. Адамды бақытқа жеткізетін құндылықтар тізіміне мыналар кіреді: денсаулық, байлық, билік, абырой, жақсы қарым-қатынас, достық, жұбаныш және т. б.

Әлемдік философия тарихында бай дәстүрі бар бақыт тақырыбының бүгінгі күнде қолданбалы, тұтынушылық сипатта қойылуы мен зерттелуі адамның өмір сүруінің негізі, құраушы болмыстық және құндылықтық өлшемдері терең өзгерістерге ұшырап отырған осы заманның келбетін айқындайды және тән мұқтаждықтарының өтелуі алға шығып, рух, ұмыт қалған руханилықтың дағдарысын да білдіреді. Осындай ықпалдардан қорғану және ұлттың өзін-өзі сақтау тетігін жандандыру мақсатында бақыт метафизикасының байырғы түркілік дәстүрлеріне үңілу қажет. Осыған орай, ұлттық таным-түсінігіміздегі бақыт ұғымын тарихи тұрғыдан зерделеу бүгінгі кезеңге дейінгі бұл түсінікті қалайша пайымдағандығын теориялық негізде анықтап алуымызды қажет етеді. Бұл - бақыт ұғымын тарихи-логикалық негіздермен қамтамасыз ете отырып, оны өмірмәндік практикалық бағытта қолдануымызға септігін тигізеді.

Бақыттың мәнін түсінудің басты мақсаты осы жағдайға жетудің практикалық тәсілдерін игеру болғандықтан да, мұндай эмпирикалық бағдар бақыттың мәнін мәдениет тұрғысынан, оның ішінде дәстүрлі этностық мәдениет пен дүниетаным тұрғысынан зерттеуді қажет етеді. Өйткені дәстүрлі мәдениет пен дүниетаным жеке адамды тәрбиелеудің, әлеуметтендірудің, мәдениеттендірудің және оған ықпал етудің қуатты факторы болып табылады. Дәстүрлі түркі және қазақ, ағылшын дүниетанымындағы бақытты зерттей отырып, халық санасындағы ортағасырлық этникалық құндылықтарды өзектілендіру негізінде бақыт категориясын түсінудің тұжырымдамасын ғана емес, қарапайым адамның рухани әлемінің негіздерін құрайтын дүниетанымның жағымды бағдарын да айқындауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Концептуалды талдау жұмысы
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Концепт туралы түсінік
Бақыт ұғымының теориялық негізі
Сұлулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz