Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Н 2-1-35-2021

1 баспа 05. 01. 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Аңшылық жүргізуді құқықтық реттеу және аңшылық шаруашылығы.

Курс:3

Топ: 6BO4213

Орындаған: Рахымбекұлы Мәулен

Қабылдаған: Қожахметова Айжан

Тараз 2021

Жоспар.

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Аңшылық шаруашылығы - жабайы андар мен құстарды қорғау, оларды өсіру, өндірістік және әуесқойлық бағыттарда аулаумен айналысатын шаруашылық саласы.

Қазақстанда аңшылық шаруашылығына арнайы бөлінген 60 млн. гектарға жуық жер бар. Бұл жерде аңшылық шаруашылығының бірнеше түрі дамыған: мемлекеттік, тұтынушы одақтық және қоғамдық аңшылық шаруашылығында бағалы аң терілерін, ақбөкен, жабайы шошқа т. б. аң еті дайындалады.

Ауланатын аң мен құсты азайтпай, көбейте беруде мемлекеттік қорықтардың зор мәні бар. А. ш. арнайы егерлік қызмет жолға қойылған

Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады:

1) өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың мекендеу ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғатты қорғайтын технологияларды қолдану;

2) жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуын бастапқы есепке алуды жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, осы ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру;

3) жануарларды аулаудың белгіленген қағидаларын, нормаларын, нормативтерін, лимиттері мен мерзімдерін сақтау;

4) бекітілген аумақтағы жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғауды жүзеге асыру;

5) жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың мекендеу ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу;

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

7) аурулардың профилактикасы және олармен күрес жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жануарлар ауруларының анықталуы, олардың мекендеу ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың жойылып кету қатерінің төнуі және қырылу жағдайлары туралы дереу хабар беру;

8) жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі және мекендеу жағдайлары нашарлаған, жануарлардың өсімін молайту қабілеті төмендеген және жойылып кету қатері төнген жағдайларда оларды пайдалануды өз бетінше тоқтату, жануарларға және олардың мекендеу ортасына жағымсыз ықпалды жою жөніндегі шараларды кейінге қалдырмай қабылдау.

Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту

1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді

2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіліп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың өздеріне белгілі болған немесе анықталған қырылу жағдайлары туралы хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайларды тергеп-тексеру тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

3. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің жаппай аурулары, оларға дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан қырылу қатері төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес көмек көрсетіледі.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуын болғызбау мақсатында оларды алуға тыйым салынады.

5. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:

1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;

2) қоныс аударту;

3) қолдан өсірілген жануарларды мекендеу ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның биологиялық негіздемеге негізделген рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

7. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және олардың өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жай-күйіне жағымсыз ықпал ететін кез келген қызметке тыйым салына отырып, олардың айналасында қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.

8. Қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, миграция жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ бөлініп берілетін, осы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қолсұғылмаушылық қамтамасыз етілуге тиіс.

Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту

1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді.

2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіліп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың өздеріне белгілі болған немесе анықталған қырылу жағдайлары туралы хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайларды тергеп-тексеру тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

3. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің жаппай аурулары, оларға дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан қырылу қатері төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес көмек көрсетіледі.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуын болғызбау мақсатында оларды алуға тыйым салынады.

5. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:

1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;

2) қоныс аударту;

3) қолдан өсірілген жануарларды мекендеу ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның биологиялық негіздемеге негізделген рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

7. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және олардың өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жай-күйіне жағымсыз ықпал ететін кез келген қызметке тыйым салына отырып, олардың айналасында қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.

8. Қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, миграция жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ бөлініп берілетін, осы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қолсұғылмаушылық қамтамасыз етілуге тиіс.

Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру

1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлері, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлер еріксіз (торларда және вольерлерде ұстау) және жартылай ерікті (табиғи мекендеу ортасына жақын жағдайлары бар парктерде және басқа учаскелерде ұстау) жағдайларда қолдан өсірілуі мүмкін.

2. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауына және өсіруіне олар мынадай талаптарды сақтаған:

1) белгіленген тәртіппен бөліп берілген, вольерлермен, торлармен және басқа да құрылысжайлармен жабдықталған учаскені немесе үй-жайды қоса алғанда, жануарларды ұстауға арналған жағдайлар болған;

2) зоотехникалық, ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар қажетті көлемде орындалған;

3) зоологиялық, зоотехникалық және ветеринариялық бейінді мамандар, жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау дағдылары бар өзге тұлғалар болған;

4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болған кезде рұқсат етіледі.

3. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге берілген рұқсатта орындалуы міндетті талаптар, сондай-ақ жануарлар түрлері бойынша дара нұсқаларының ең көп саны көрсетіледі. Егер жеке және заңды тұлғалар рұқсат шарттарын орындамаса, алты ай ішінде екі ескертуден кейін рұқсат кері қайтарылып алынуы немесе оның күші жойылуы мүмкін.

4. Арнайы зоологиялық питомниктерде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру осы питомниктер туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

5. Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерге жатқызылған және еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлардың иелері осы жануарларға алынбайтын сақина тағуға немесе оларды таңбалауды жүргізуге және оларға паспорттары болуға міндетті.

6. Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғана Қазақстан Республикасының шегінде осы жануарларды сатып алуға, өткізуге және айырбастауға құқығы бар.

7. Меншігінде сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерге жатқызылған, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар бар жеке және заңды тұлғалар оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық сауда мақсатында пайдалануы мүмкін.

8. Егер еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің халықаралық саудасы мемлекетке экологиялық және (немесе) экономикалық залал келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі мұндай саудаға шектеур енгізуге құқылы.

1) әуесқойлық (спорттық) аң аулау - спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау;

2) кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау;

3) ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) кәсiпшiлiк аң аулау;

2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау.

4. Заңның 33-бабына сәйкес аң аулау құқығына:

1) егер аң аулау атыс қаруын қолданыла отырып жүргізілетін болса, он сегіз жасқа толған;

2) егер аң аулау осы Қағидаларда рұқсат етілген басқа да аңшылық құралдарының түрлері, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргізілетін болса, он төрт жасқа толған;

3) "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша аңшы куәлігі (бұдан әрі - аңшы куәлігі) болған;

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) 1-қосымшада көзделген нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат) немесе "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) 1-қосымшада көзделген нысан бойынша аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасын алған жағдайрда жеке тұлғалар ие болады.

Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шарты, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, жолдама алу, сондай-ақ ішкі істер органдары аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге берген қорытынды негізінде туындайды.

5. Аңшылық олжаларын жинау мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін алу кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аң аулау хаттамасы және осы Қағидаларға 2-9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жануарлар түрлеріне олжалау парақтары толтырылады.

6. Аң аулау кезінде аңшылық алқаптарда тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластамау бойынша тазалық сақталады.

Кәсiпшiлiк аң аулау аңшыда мынадай құжаттар:

1) аңшы куәлігі;

2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат немесе аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы;

3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат;

4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген) 2-қосымшада көзделген нысан бойынша аңшы жыртқыш құстың паспорты (бұдан әрі - аңшы жыртқыш құстың папорты) ;

5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарт;

6) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауланған жануарларды есепке алу журналы (кәсіпшілік журналы) болған кезде жүзеге асырылады.

Ұжымдық (топтық) кәсіпшілік аң аулау кезінде аңшылық шаруашылығының субъектісі жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамды тағайындайды.

8. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда мынадай құжаттар:

1) аңшы куәлігі;

2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;

3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат;

5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде - аушы жыртқыш құстың паспорты болған кезде жүзеге асырылады.

Тұяқты жануарлар мен аюды ұжымдық (топтық) әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулау кезiнде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi оның бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетіліп, аңшылық субъектісінің жолдамасында белгіленеді.

9. Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.

10. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды олжалау аңшылық шаруашылығының тиісті субъектісі қорықшысының қатысуымен, ал резервтік қордың алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.

11. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды, ал көктемгі аң аулауда аталық үйректерді, саңырау құр, құр және жылқышы аталықтарын олжалау туралы белгіні осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тұлғалар, жануарлардың басқа түрлерін тікелей атып алғаннан кейін - күн сайын аң аулау аяқталғаннан кейiн не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатында, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде - кәсiпшiлiк журналына жасайды.

12. Қасқырларды, шибөрiлердi, қарғаларды, сауысқандарды, тағандарды, қаңғыбас иттерді аулау (атып алу) кезінде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi:

1) жануарлар дүниесін қорғауды жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдалана және авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып жүзеге асырған;

2) жануарлардың басқа түрлерiн аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi.

Аң аулау:

1) ойық ұңғылы атыс қаруын (құстардан басқа) ;

2) тегiс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 мм аспайтын атыс қаруын;

3) аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруын;

4) өзі аулайтын құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы) ;

5) аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолдана отырып, жүргiзiледi.

14. Аңшылық иттерді жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде iздеу және шақыру кезінде аңшы оғы алынған және қапталған аңшылық атыс қарумен болады.

15. Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың iзiне түсу және оларды жинап алу аңшылық алқаптарында жараланған жануар бар аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жүзеге асырылады.

16. Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтiріледi.

Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.

17. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға беру үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе Ведомствоның аумақтық бөлімшесіне беріледі.

18. Заңның 38-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда:

1) аңшы куәлiгiнсiз;

2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен) ;

4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;

5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау
Жануарлар дүниесін қорғау
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау
Қызыл кітап
Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz