Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
«Ақтөбе орта мектебі» КММ
Әлмұханова Данара
9 -сынып
«Абайдың қара сөздері
оқушы көзімен»
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секция: Әдебиет (қазақ әдебиеті)
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аубакирова Гулжанар Аубакировна
Кеңесшісі: Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің
қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, филология магистрі
Р. Р. Жұмағалиева
Ақтөбе - 2021 жыл
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Абай қара сөздеріндегі адам философиясы туралы ұстаным. Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі. Абай қара сөздеріндегі негізгі таным, басты ой.
- Абайдың «Қара сөздері» - оның ақындық мұрасына қосылған бағалы қазына1-25 қара сөздерін оқушы танымы тұрғысынан талдау. Ақынның 26-45 қара сөздерін оқушы көзқарасы тұрғысынан талдау.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1. Абай қара сөздеріндегі адам философиясы туралы ұстаным.
1. 1 Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі . . . 7
- Абай қара сөздеріндегі негізгі таным, басты ой . . . 12
2. Абайдың «Қара сөздері» - оның ақындық мұрасына қосылған бағалы қазына
- 1-25 қара сөздерін оқушы танымы тұрғысынан талдау . . . 15
2. 2 Ақынның 26-45 қара сөздерін оқушы көзқарасы тұрғысынан талдау . . . 23
Қорытынды . . . 31
Пайдаланған әдебиеттер . . . 33
Аннотация
Біздің зерттеу нысанасына алған ғылыми жобамыздың тақырыбы «Абай қара сөздері - оқушы көзімен » деп аталады. Қазақ дүниетанымында Абай Құнанбайұлының алатын орны айрықша. Абай: «Ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылды билігіне жүгіндіруде» деп білді. «Абай іліміндегі қара сөздерінің алатын орны қандай?» деген сауал төңірегінде ізденіс жүргізер болсақ, ақынның жалпы шығармашылығының өзі - адамгершілік пен ізгілік қасиеттер бастауынан тұратындығын байқаймыз.
Сонымен біз өскелең ұрпақ адамды Абайша түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет бұруымыз қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен сезімді жұмылдыруды талап етеді. Абай жолы, Абай мұрасы - ізденіс пен ойланудың, кемелділік пен ізгілікті танудың үлгісі. Сондықтан Абайдың «Адам бол!» деген үндеуін бір сәт ұмытпағанымыз абзал.
Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түс-кенде дем беруші, рух беруші пайхам-барымыз, рухани көсеміміз.
Адамның сеніміне зорлық болмағаны лəзім. Яки иман келтіру үшін логикалық тəсілмен Алланың барлығын ақылмен жоққа шығара алуға шамаң жетсе, иман келтірудің еш қажеті жоқ. Ал, оған ақылың жетпесе, дəлелің болмаса, Аллаға сенгеннен басқа не бар. Міне, Абайдың иман туралы тұжырымы.
Жинақтап айтқанда, Хакім Абайдың «Қара сөздері» поэзиялық туындыларынан өзіндік өзгешелігі бар, өмір тағылымы мен тəлімдік қырлары басым еңбектер қатарына жатады.
Абайдың қара сөздері - оның өнертанымының өзегін құрайтын өзгеше өнер түрі. Олардың ішкі мазмұны бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі ашып, бірте-бірте ауқымды кеңейе түсетін, күннің нұрындай жарыса тарап жатқан ой сəулелері секілді. Адамның дүние есігін ашқанынан бастап, ақыретке кеткенге дейінгі аралықтағы өмір сырын жік-жікке бөліп, жүйелеп түсіндіреді.
Annotation
The topic of our research project is "Abai's black words - through the eyes of a student. " Abay Kunanbayevich has a special place in the Kazakh worldview. Abai said: "The poet's civic duty reflects the truth, appeals to the power of justice and common sense. " "What is the place of obscenities in the teachings of Abay?" If we search around the question, we find that the general work of the poet itself is the source of morality and virtues.
Thus, we need to focus on understanding the concepts and values of the younger generation to understand Abaysha. It requires everyone to mobilize reason and will, mind and emotions. Abay's way, Abay's heritage is an example of search and reflection, recognition of perfection and goodness. That's why Abai's "Be a man!" We should not forget for a moment his appeal.
Abai's directions on morality, the way he deserves to be called a man, bring us closer to the poet. Abai is not only Abai of the past, but also a prophet, a spiritual leader who is with us, who inspires and inspires the Kazakh people in times of trouble.
There should be no violence in one's faith. Or there is no need to believe if you can reasonably deny all of God in a logical way in order to believe. And if you do not understand it, if you do not have proof, then there is nothing but belief in Allah. Here is Abai's statement about faith.
In short, Hakim Abai's "Words of Wisdom" is one of the most distinctive works of poetry, with life lessons and educational aspects.
Abai's black words are a unique art form that is the core of his art criticism. Their inner content is like rays of thought that complement each other, reveal each other, and gradually expand, spreading like the rays of the sun. From the moment a person opens the door to the world to the end of the world, he explains the secrets of life in detail.
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Біздің зерттеу нысанасына алған ғылыми жобамыздың тақырыбы «Абай қара сөздері оқушы көзімен » деп аталады. Қазақ дүниетанымында Абай Құнанбайұлының алатын орны айрықша. Абай: «Ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылды билігіне жүгіндіруде» деп білді. «Абай іліміндегі қара сөздерінің алатын орны қандай?» деген сауал төңірегінде ізденіс жүргізер болсақ, ақынның жалпы шығармашылығының өзі - адамгершілік пен ізгілік қасиеттер бастауынан тұратындығын байқаймыз.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің егемендік алуына байланысты ұлтымыздың оңы мен солын тануы, тарихын жаңаша таразылауы, халқымыздың өткеніне терең бойлап, бүгінгісіне байыппен қарауы, болашағын ғылыми-танымдық тұрғыда бағамдауы қазіргі кезде басты мәселелердің бірі болып табылады. Абай - әлемге көзқарасы қалыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын «толық адамды» өзінің қара сөздерінде өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толық мағлұматтар алуға болады. Абай тек өз заманының ғана емес, сонымен қатар жалпы қазақ ұлтының рухан өмірінің, ақыл-ойның бағыт сілтеушісі болды. Абайдың шығармаларында « . . . адам мен адамгершілік, толық адам, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» [1, 76-б. ] - деп М. Әуезов айтып кеткендей, ұлы ақынның ойшылдық көзқарасы мен өзекті ойлары бүгінгі және болашақ қазақ еліне тұғырлы идея боп тарайтыны сөзсіз.
Абай ақынның шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызары анық. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау, ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болғандықтан да «Абай қара сөздері оқушы көзімен» тақырыбындағы ғылыми жобамызды - өзекті тақырып деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абайдың қара сөздеріне қатысты қандай зерттеулер бар дейтін болсақ, төмендегі еңбектерді атап өтуге болады: М. Мырзахметов «Абайдың адамгершілік мұраттары», А. Машанов «Әл Фараби және Абай», Ғ. Есімов «Хакім Абай», М. Орынбеков «Абайдың философиялық көзқарасы», т. б.
Ғылыми жобаның мақсат-міндеттері. Зерттеуіміздің басты мақсаты - қазақтың біртуар дара тұлғасы, классик ақыны, ұлы ойшыл Абайдың қара сөз түрінде жазылған шығармаларына аналитикалық талдау жасау. Осы орайда төмендегідей міндеттерді шешу көзделген:
- Абайдың адам философиясы туралы ұстанымын анықтау;
- Ақын дүниетанымындағы адам мәселесін қарастыру;
- Абай ақын танымындағы жүрек культі мен «толық адам» ұғымының түп негізін тану және шығармаларына талдау жасау;
- Ақынның «өзін-өзі тану» туралы толғаныстарының сырын ашуға ұмтылу;
Ғылыми жобаның негізгі дереккөздері. Жобамызды жазу барысында Абай Құнанбайұлының шығармаларын негізгі дереккөз ретінде пайдаланылдық.
Зерттеудің нысаны. Ғылыми жобаның нысаны ретінде Абай ақынның шығармаларын ғана емес, әдебиеттанушы ғалымдар М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. Мырзахметов, Т. Әлімқұлов, Ғ. Есім, А. Жақсылықов, т. б. ой-пікірлері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Қазақтың классик ақыны, ойшыл-философ Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адам философиясы туралы ұстанымы талданды;
- Ақын дүниетанымындағы адам мәселесі зерттелді;
- Абай ақын қара сөздеріндегі жүрек культі мен «толық адам» ұғымының түп негізі зерттеу нысанасына алынды;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Абай қара сөздеріндегі көптеген ұғымдар шығыс философиясында, соның ішінде Әл-Фараби шығармалаларында да қолданылған.
- Абай іліміндегі толық адам идеясы - оның адамгершілік құндылық туралы мәселесімен тікелей байланыста қарастырылған;
- Абайдағы толық адам идеясы - оның 12, 13, 27, 28, 35, 36, 38, 43, 45-қара сөздеріндегі көрініс тапқан.
- Абай шығармаларындағы «адам болу шарттары», ақынның толық адам жайлы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен басталып, ақынның осы өлеңіндегі «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желіленіп таратылады;
- Ақынның осы «Адам болам десеңіз» өлеңінде қазақ қауымының болашағы, жастардың бойындағы адамшылық қасиеттері, яғни толық адам туралы даналық ой желістері тұтас көрініс тапқан;
- Абай «адамгершілікті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қояды».
Зерттеу әдістері. Ғылыми жобаны жазу барысында кешенділік, жүйелілік, салыстырмалы, объективті-аналитикалық, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, қорыту әдіс-тәсілдері басшылыққа алынады.
Ғылыми жобаның құрылымы. Жоба кіріспе мен қорытындыдан басқа екі бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер сілтеме ретімен берілді.
1. Абай қара сөздеріндегі адам философиясы туралы ұстаным
1. 1 Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі
Қазақтың ұлы ақыны, философ, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, либералдық ислам өкілі болған Абай өз шығармашылығында дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М. Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық ұждан, «толық адам» туралы ілімі мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері - оның рухани мұрасының кең ауқымдылығын, тереңділігін көрсетеді. Абайдың осы ой-толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады.
Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптері күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан: Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз . . . Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан-Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс - Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым) . Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе-өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілікті, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.
Абай 38-сөзінде Алла: « . . . Адам баласын құрт, құс, өзге хайуанаттар сипатында жаратпай, бұл гүзәл сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып өзге хайуанаттар секілді тамақы өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, ауызына қолы ас бергенде, не ішіп не жегенін білмей өалмасын деп, иісін алып ләззаттанғандай қылып ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстіне тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарадан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келметей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойы, біреуі ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратты» [2, 87-б. ], - дейді.
Абай өзінің көптеген өлеңдері мен «қара сөздерінде» пендеге тән әдепсіздік, әділетсіздік, надандық, арсыздық, пара және пәлеқорлық, мақтаншақтық, менмендік, арамдық және т. б. теріс қасиеттері туралы жиіркенішпен, ренішпен айтса, жан-жақты жетілген толық адамға тән адамгершілік, ізгілік, шыншылдық, білімділік, әдептілік пен әділеттік, қайраттылық пен төзімділік, имандылық сияқты көптеген қасиеттеріне жан-жақты талдау жасап, адамның өз бойында осы қасиеттерді бар мүмкіндігінще жетілдіру қажеттігін айтады. Неғұрлым тұжырымдалған түрінде Абай осы ойын 38-сөзінде жалғастырады: « . . . Құдай тағаланың жолы деген жол алла тағаланың өзіндей ниһаятсыз(өлшеусіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса - өзің ниһаятлысың, ол жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген нысап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол - құдайдың жолы. Ол ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз құдаға тағырып хасил(жақындық табу) болып хас(нағыз) езгу құлдарынан болмақ үміт бар, өзге жолда не үміт бар? . . .
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - зұлымдық деп білесің. Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.
Бұлардың емі, халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты, тұрлаулы, ғадаләт ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын» [2, 98-100-бб. ] .
Абай «толық адам» туралы ілімі - әр пендені адам ету, оны пенделік жолдан құтқару. Абайдың пікірі бойынша адамның кісі ретінде қалыптасуында орта және тәрбие үлкен рөл атқарады.
Адамдар табиғаты жағынан тең, бәрі де туады, өледі, тарлығына да киім, тамақ керек, бәрі де қуанады, қайғырады. Олар туғаннан жаман не жақсы болып тумайды. 19-сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөзіе ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады» дейді. Абай адам да кісілік қасиетінің қалыптасуында ортаның, ең алдымен қоғам, уақыт пн дәуәрдің ерекше рөл ойнайтындығына ерекше назар аударады. Егер де адамадар әдепсіз болса, оған сол өздері өмір сүріп отырған дәуір кінәлі деп есептеді, себебі адам баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса замандасының бәрі кінәлі.
Абай тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлді, себебі ол адам бойында кісіліктің қалыптасуына әсер ететін өте маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осы мәселеге байланысты 15-сөзінде Абай былай деп жазады: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мірте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан кейін бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің білмей қалыпсың? [2, 78-б. ] ». Адамның кісілік кейпінің қалыптасуында оның сырт пішіні емес, ішкі дүниесінің жетілуі, тәрбиелеуі неғұрлым маңызды болып табылады. Осыған байланысты Абай былай деп жазады: «Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзінше бір дәулет деп біледі». Ал толдық адам өзінше ең алдымен өзінің рухани жетілуін ойлау керек. Оның жолдары басқаша: «әуелгісі - әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады». Екінші - өзін - өзі өзгешелік пен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшіншісі - қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады Һәм өзі өзгеше боламын демектің түбі - мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілдікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады» [2, 99-100-бб. ] . Осы ойды Абайдың он сегізінші сөзінде де кездестіреміз: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм сол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі . . . Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» [2, 41-б. ] - деп ойын түйіндеді. Абай адамның жақсы не жаман болуы құдайдан емес, тәрбиеден деп есептейді.
Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті. Абай философиясының бүгінгі күнгі өзектілігі ерекше дер едім. Өйткені, Абайды оқи отырып, адам - таза, әділетті, қайырымды болып қалыптасады. Олай болса, Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz