Ақша айналысы мен заңы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Казакстан Республикасы Білім жане ғылым министрлігі
Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледж

РЕФЕРАТ

Такырыбы: Ақша, Ақша айналысы,Ақша саясаты

Орындаған :Ақпараттық жүйелертобының
студенті Ергалиева Д.Ш.

Тексерген: Окытушы Искакова А.А

Кокшетау 2021

Жоспар

I. Ақшаның мәні мен қызметтері
1. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
2. Ақша түрлері
3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы
дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
Қорытынды

Кіріспе

“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы курстық жұмыста
ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс
негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы
тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар
бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы
фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына
көңіл аудардым. Таур айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей
эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл
бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар
айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде
адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5
түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық.
Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән
берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша
мпссасы мен ақша базасы туралы жазылған.
Ал ақарғы бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай
кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны
Ұлттық Банк туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық
механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамдың ұдайы өндіріс
процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер
ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға
әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы
туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта
– теңге енгізілгені туралы айтылған.

I.Ақшаның мәні және қызметтері

1.1. Ақшаның пайда болуы

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның
жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек
өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызады.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-
бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін
жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып,
тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда
болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бырақ кез-келген зат тауар
бола алмайды. Егер (нақты еңбнкпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,
өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтаңда әрбір тауар Қажетті тұтыну
құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас
құны ретінде көрінеді.

Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке
және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар
табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі
формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне
жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын
(мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және
тағайындалуынабайланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі
тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды
екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің
шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған
байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып,
нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті
немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1
қап бидайға)ұғымы туындайды.

Айырбас құны – бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте
айырбасталу қабілетін білдіреді.

Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар
өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тааурдың тұтыну құны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жнткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны
жасырын түрде болады және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары
бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ
айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы - өндіргіш күштердің
төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары қолданылады
( 1 балта = 1құмыра ).

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар
массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен
құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға,
жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айрбасталатын тауар –
барлық басқа тауарлардың бір-біріменөзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы
қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек
бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны
мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-
тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші
формасы – бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы
құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы
тауарлар ақша деп аталынды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны
туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының
нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя
батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы
айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау
ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус”
(мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал)сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы
“рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға
ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.

Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада
металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын
пайдаланылды.

Металл ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады
және т.б. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі
нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады,
өйткені лолар жалпы сапаға ие болды

Құнның жалпы балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға
тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақшалай формасы
қалыптасты. Құның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Ол тауар
рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша дегеніміз –
бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде
пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді. Әрине металлдар бұған дейінгі ақша
формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл
ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шынжыр,
және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы
“драхма” “ бір уыс шеге”деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық,
құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік,
білезік түрінде пайдаланылды.

Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола
бастады. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг,
ливр (жарты фунт), марка (жарты фует) салмақ бірліктері атауымен аталады.

Ақша объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына сәйкес
қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады.
Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар
айналысының да болуы мүмкін емес.

Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама ролі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи
қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына
байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек
болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.

Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамын келген экономикалық категория
болып табылады.

Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің
біртұтастығынан көрінеді:

жалпыға тікелей айырбасталу формасысы;

айырбас құнның дербес формасы;

еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.

Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиетті, ақшаның
кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды
Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық
жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол
уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату мүмкін емес
болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл
қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен.

Ақшаның айырбас құнның дербес формасыретінде пайдалану тауарларды
сатумен тікелей байланысты емес. Бұл формасынба ақша, несие беру, қарыз
өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің
несиелік ресурстарын коммерсиялық банктерге сатуы барысында және т.б.
жағдайларда қолданылады.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауар өндіруге жұмсалатын еңбектің ақша
көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы
аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін
орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама
немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей
эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды
жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның
жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент
ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды
дейді.

Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы
жоқ.Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз және
несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып
отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

1.2. Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық
бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар –
бұл наминалдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл
ақшаларды білдіреді.

Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл
ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып
табылады.

Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста
алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отаралрымен
бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша
қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері
себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі,
сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі . Өздерінің тұрақтылығы
арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:

алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы
ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.

Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып,
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.

Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшаларды білдіреді.

Оған мыналар жатады:

құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған
ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері
екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта
олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде
пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті
мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне
байланысты болды.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері
болған:

металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын
төмендетуі барысында бүлінуі;

бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте
қымбатқа түсуі;

эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны
арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы;

қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың
шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан
отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы..
Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар
барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер
түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да
1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5
рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет
белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз
және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артықартық қағаз ақшалардың шығарылуы, эминентке деген
сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.

Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен
де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және
несиелік карточкалар.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.

Вексельдің түрлері ҚР-дағы вексель айналысы туралы ҚР заңында мынадай
түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып
табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге
аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың
көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант
вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай түрлерге
бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан
шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор
болып саналады.

Достық вексель – кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-біріне
беріледі.

Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.

Вексельдің мынадай өзіне тән қасиетттері бар:

дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;

дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін
тиісті шара қолданылғанға дейіегі қарыздың міндетті түрге төленуге
тиістігі;

айналымдылық, яғни баақа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент)
төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін де
вексель айналысы дамып келеді.

Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк
тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық
жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы
астық вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде
клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық
сатумен айналысатын Астық акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы
вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында
төлем құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазақстан темір
жолы ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы домицилиант - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын,
Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Банкнота (ағыл. сөзінде bank-note аударғанда банк билеті) – орталық
банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден мынадай айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса,
ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиетте банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі
қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда
болған;

эммисиалық әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса,
ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына
байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни
олар айналыста қала береді;

ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты
алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан
ауыстырылмайтын болған.

Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкноат алтынмен
қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт
нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек
қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

Жай банкнота – бұр қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк
билеті.

Олар металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ
олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған,
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының
мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:

шаруашылық несиелеу жолымен;

мемлекетті несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына
банкроттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәелсіздік алған
жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998 жж.
мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 – 1996 жылдары бөджет
тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық
бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген несиелері
есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның
бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;

ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы
қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында
айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып,
олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты
несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері бар:

ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша
басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп
айырысуларда қолданылады;

жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге
кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;

екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде
өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.

Электронды аұшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі
болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар,
клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін
төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және
кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолдануда. Оларға Eurocard, Master Card, Visa, ALTYN, Maestro
және т. б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен
қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға
арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама
кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негіщгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердіңформасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мынаоар жатады:

Құн өлшемі және баға масштабы;

Айналыс (айырбас) құралы;

төлем құралы;

Қорлану және қор жинау құралы;

Дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді.Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады, Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
өлшей алады.

Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның
барлық тааурлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны
анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн
өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған,
құнды құрай алатын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар
атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған
құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.

Тауарлар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Толық құнды
ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы
болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады.

Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретіндегі қабылданған және тауарлар
бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі
ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында һзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметі болып табылады.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтық бағаға айналады. Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола отырып,
мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасынкөрсету үшін қызмет
етеді

Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.

Ямайка валюта реформасының (1976–1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады

Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен белгіленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды
көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.Мұндай ақшалардың меншік құны
болмайтындықтан да, олардың толық бағалы емес ақшалар деп аталады.

Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың
пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып
келеді.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Таур айналысы мынадай
процестерді қамтиды: туар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып
алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай
түрде беруге болады: Т ( тауар ) – А ( ақша ) – Т ( тауар ).

Ақша айналысының таур айналысынан айырмашылығы ақша тауарды біртіндеп
айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның
айналыс құралы ретіедегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл
қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар
атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысы және оның заңы
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар жайлы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналымы туралы түсінік
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша жиыны
Ақша айналысының эволюциясы
Пәндер