Лизинг


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1Лизинг мәні . . . 6

1. 2 Лизинг түрлері . . . 12

1. 3 Қазақстан Республикасындағы лизинг қызметтерінің нарығы . . . 16

II. «ҚАРАБАУ» ЭЛИТА - ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

2. 1 Шаруашылықтың ұйымдастыру экономикалық сипаттамасы . . . 26

2. 2 Шаруашылықтың қазіргі экономикалық жағдайы . . . 33

III. «ҚАРАБАУ» ЭЛИТА - ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАУДА ЛИЗИНГТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

3. 1 Шаруашылықтың техникамен жабдықтауының қазіргі жағдайы . . . 38

3. 2 Техниканы лизинг жолымен алудың есептемесі . . . 45

3. 3 Ауыл шаруашылық лизингтік қатынастарды дамыту мен жетілдіру . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62

Кіріспе

Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси. әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді.

Бәрімізге белгілі Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдік жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.

Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады. [6]

Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіп Кешенінің қазіргі жағдайы оның техникалық шамасының құлдырауымен сипатталады. Машиналы трактор паркі (МТП) шамамен екі есеге қысқарды, негізгі түйіндермен агрегаттар ресурсы өңделді.

Қалыптасқан жағдайда ауылшаруашылық машиналары паркін жаңартуды алдын ала құру және жағдайды тұрақтандыру үшін техникалық сервистің тиімді жұмыс істейтін жүйесін қалыптастыру қажет және де, бірінші кезекте, мемлекет шектеулі ресурстарды ауыл шаруашылығын қолдауға, бағыттауға шамасы келетіндей, сол сияқты қалған техникалық мүмкіншілікті максималды пайдалану үшін жағдай жасау. Мәселені шешудің мүмкін бір жолы: лизингтік компаниялар желісін құру болып табылады. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кең көлемде қызмет көрсетуді ұсыну жолымен Қазқстан Республикасында ауыл шаруашылығы тауарлар өндірісін қолдау және техникалық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны жоғары болып тұрғанда оған деген сұраным бағасы төмен. Осы берілген мәселелер Қазақстанның қазіргі жағдайдағы өте актуалды және тығырықтан шығар бір жол ретінде лизинг бизнесінің пайда болу мүмкіншілігін алдын ала анықтады. [1, 12, 28]

Бұл проблеманы шешу үшін қазіргі тұрақты қаржылы лизинг компаниясын құру қажеттілігі пісіп жетілді. Бірақ берілген этапта біздің жағдайымызға сай қаржылы лизингтік компанияның жаңа түрін құру және негіздеу бойынша нақты ғылыми-зерттеушілік жұмысы болмады.

Қазақстандағы лизингтік қызмет түрі 10 жыл өтпелі кезең ішінде 3 этаптан өткені белгілі. Ғалымдардың жұмысында Қазақстандық лизингтік қызмет туралы перспективалар жеткілікті жақсы мазмұндалған. Өтпелі кезеңде алғашқы рет лизингтік компанияға баға беруге тырысты, сол сияқты лизингтік қызметті зерттеу және меңгеруге, оның ішінде жоғары оқу орындарында жалғастыру қажеттілігін негіздеді. Техника лизингісін кәсіпкерлік қызметтің ерекше сферасы ретінде белсенді енгізуде және өзіне тән мүмкіншіліктер күшімен өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, АӨК экономикасын құрылымдық қайта құру, нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру, сол сияқты лизингтік бизнеске бос ақша қаражаттарын салудың пайдалы тәсілдерінің бірі ретінде қуатты импульс болуы мүмкін.

ТМД елдері мен Қазақстанда лизингтік қызметке деген қызығушылық жылдан-жылға өсе бастады. Лизингтік компьютерлер саны көбейді. Әсіресе Қазақстанда, өйткені қазіргі уақытта лизинг Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының аграрлық секторына инвестицияны жұмылдырудың перспективті түрінің бірі болып табылады. Ресеймен Қазақстандағы қаржы лизингісі бойынша тұрақты жұмыстар, лизингтік бизнес проблемалары пайда болды. Осыған байланысты жоғарғы оқу орындарындағы оқу жоспарларында арнайы пәндер - «лизинг және рентинг» пен «лизинг негіздері» пайда болды. Оның қажеттілігі уақыт талабымен оқылған және елдің аграрлық экономикасына қосылған салмақты үлес болып табылады. [23, 24]

Лизингтің теориялық негіздеріне сүйене отырып оның аграрлық экономикалық тиімділігін арттыру жолының бірі екендігі айқын. Сондықтан жұмыстың негізгі мақсаты «Қарабау» мемлекеттік элита-тұқым шаруашылығының қазіргі экономикалық жағдайын зерделеп, келешекте тиімділігін арттыру үшін, негізгі құралдармен жабдықтарды лизингке пайдалануды қарастыру.

I. Лизингтің теориялық негііздері

1. 1 Лизинг мәні

Белгілі ағылшын сөзі «Lease» орысша сөздікте «лизинг» деп айтылады, аударғанда аренда дегенді білдіреді. «Аренда» белгілі бір ақыға мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға тапсыру деп түсіндіріледі. Мұндайда аренда әрқайсысында қысқа мерзімді сияқты, ұзақ мерзімді болып екі жақты қарым-қатынас (арендаға беруші арендатор) болып түсіндіріледі.

ТМД елдерінде «Лизинг» жаңа термині таяуда нарықтық қатынасқа өткенде қолданыла бастады. Аренданың жаңа түрі - бұрын бізде қолданылмаған қаржылай түрі, ал Батыста ол жаңа инвестициялардың маңызды қайнар көзі болып қызмет етіп келеді.

Басқаша айтқанда, қаржылай лизинг өндірісті - техникалық базаны жаңартуын қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі болып табылады, оның ішінде сәйкес алғашқы капиталдар көлемі болмаған АӨК-де.

Лизинг инвестиция ретінде, кәсіпкерлік қызметтің әр түрінің бірі ретінде қарастырылады. Ол жеткілікті үлкен ақша қаражаттары болмаса да негізгі қорды жаңартуға, қазіргі заманға сай жабдықтар алуға, оның моральдік тозу жағынан жоғалтуды қысқартуға мүмкіндік береді. Инвестициялық құрал ретінде лизинг үлкен байланыстылық пен тиімділікті иемденеді. Бұл оның кәсіпкерлік ретінде кеңінен дамуы мен таралуына себеп болды. Өндіруші (дайындаушы зауыттар) жеткізушілер өз өнімдерін бөліп-бөліп өткізуге қосымша мүмкіншілік алды. Қаржы институттары (банктер, қорлар, сақтандыру компаниялары және басқалар) көбірек табыстар табу үшін өздерінің ақша қорларын тауар ретінде пайдалануға мүмкіншілік алды.

Әлемнің көптеген елдерінде лизинг кеңінен қолданылады, ал ТМД елдері мен Қазақыстанда оның даму түрлері мен жолдары әлі анықталуда.

Кез келген салада лизингтік кәсіпкерліктің жетістігі көбінесе оның мазмұнын нақты түсінуге, әсіресе осы механизмді анық әрі сауатты иеленуге байланысты.

Осыдан келіп, лизингтің мәнін түсінуге тырысамыз, яғни Қазақыстан үшін аграрлық секторға неғұрлым жақын, оның табиғатын, потенциялы, принціпі мен ұйымдастырушылық формаларын, іс жүзіндегі кәсіпкерлік қызмет үшін лизинг жүйесінде салынған экономикалық механизмдер артықшылығын жақсы білу қажет.

Іс жүзінде және әдебиетте лизингтің экономикалық мәнінің ролі мен мазмұны әртүрлі айтылады. Себебі, лизингте қалыптасқан қарым-қатынастар күрделілігі, егер анықтап қарасақ түсініктің шектеулі тамыры мүліктің «пайдаланушы» мен «меншік иесі» анықтамасында жатыр. Басқаша айтқанда меншікті маңызды орындауға бөлу мүмкіншілігі - меншіктік құқықтың өзі (меншік обектісін иелену құқығы) мен мүлікті пайдалану (табысты жұмылдыру әлеуметтік және т. б. тиімдер) Ізінше, лизинг мәнін өндірістік қарым-қатынастармен өндіруші күштер жағдайымен өзара байланысты меншіктік қатынастарды өткізу тәсілі ретінде тәптіштеуге болады.

Соңғы өнімді өндіруші кәсіпорын (лизинг алушы) өз еңбегі мен қаражатын негізгі құралдарды жаңартуға және қуаттылықты өсіруге салады.

Мұндайда ол тек қана иесі емес, сонымен қатар алынған мүліктің меншік иесі болады. Лизинг алушы ретіндегі бұл кәсіпорын кәсіпкер меншік иесі, өндіруші ретінде де болады. Өйткені ол пайда табу мақсатындағы мүлікке ие болады, пайдаланады және жұмсайды (лизинг берушінің рұқсатымен) .

Басқада экономикалық категориялар сияқты, лизингта мазмұны мен ерекшелік түрі жағынан шаруашылықтандырудың белгілі бір жүйесін анықтайды. Ол материялдық заттық негізде өндірістің құқықтық - ұйымдастырушылық түрінде шоғырланады және әлеуметтік-экономикалық негізі бар.

Дәлірек айтқанда:

  • лизинг қуаттылықты өсіру құралы, өндіріс потенциялын жаңарту және өндіріс қаражаттары инвестициясын іс жүзінде көтеру механизмі болып табылады;
  • өндіріс құралын сатып алу сату есебінен уақытша пайдалануға берумен байланысты және соңынан лизингке тапсыру және лизингтік механизм негізін құрайтын мүліктік қарым-қатынастар кешені;
  • лизинг қарым-қатынастардың үш ұйымдастырушылық-экономикалық формасынан тұрады және маңызды функцияларды қамтиды;
  • лизингтің өндірістік функциясы мүлікті уақытша пайдалану есебінен өндіріс проблемасын шешу;
  • лизингтің өткізу сферасы тұтынушылар аумағын көбейту және өткізудің жаңа нарығын меңгеру;

Көрініп тұрғандай, келісімнің әрбір мүшелері үшін артықшылықтар мен мүмкіншіліктер кеңейеді.

Тауар өндіруші - өнімді қосымша өткізу. Лизингке беруші - капитал салу. Лизинг алушы - кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті мүлікті иелену мүмкіндігі. [1, 24]

Жалға беру туралы ең алғашқы құжаттар біздің заманымызға дейінгі 2000 жылы белгіленгені жайлы әдебиет көздерінде де мысалдар келтірілген. Оперативті лизинг түрінде ауыл шаруашылық жануарлары мен еңбек құралдары жалға берілген.

Орта ғасырда кемемен жүзу аяқталған соң бар шаруашылық өз меншік иесіне қайтарылып, берілетін сауда кемелері үшін якорлар арендаға берілген. Темір жолдың бұрқырап дами бастаған дәуірінде АҚШ пен Ұлыбританияда темір жол вагон лизингісі өз қолдауын тапты.

Лизингтік келісім-шарт мәнін Арестотель б. з. д. IV ғасырда ашқан болатын. Оған «байлық меншік құқында емес, оны пайдаланудан құрылады» деген белгілі сөздер тәсілі, яғни табыс табу үшін шаруа қожайынының меншігінде белгілі бір мүлік болуы міндетті емес, тек қана оны пайдалану құқы болып, соның нәтижесінде табыс табу жеткілікті болғаны.

1960-1980 жылдары лизинг АҚШ-та, Канадада және Европада қарқынды дамыды, одан кейін лизинг Австралия мен Жапонияда болды. Лизингтің даму деңгейі 1990 жылы АҚШ-та өнеркәсіптегі инвестицияның жалпы көлемінің 28-% құрады. Австралияда 30-дан астам, Ұлыбританияда - 20, Франция - 17, Германияда - 15, ТМД елдерінде кәсіпкерліктің жаңа түрі мүлікті жалдау түрінің бірі екендігін көрсетеді. [2, 3, 4]

Лизингтің мәні уақытша бос ақша қаражаты жоқ потенциялды лизинг алушының, лизинг компаниясына іскерлік ұсыныспен хабарласатын кәсіпорын және компания. Осы мәселеге сәйкес лизинг алушы талап етілетін және өндіретін мүлкі бар сатушыны таңдап алады, ал лизинг беруші оны меншікке алады да, лизинг алушыға лизинг шартында келісілген ақыға уақытша иеленуге немесе пайдалануға береді. Келісімнің шартынан тәуелсіз, оның әрекет ету мерзімі аяқталуы бойынша мүлік лизинг берушіге қайтарылады немесе лизинг алушының меншігіне көшеді.

Айта кету керек, мүлікке қатысты лизингтік келісім екі өзара байланысты құқықтық қатынастардан құрылады:

  • сатып алу - сату қатынасы;
  • мүлікті уақытша пайдалану;

Лизингтік мәміленің барлық злементтері өзара тығыз байланысты, өйткені бір шарттың орындалуы, келесі бір келісімнің пайда болуына әкеп соғады, бірақ бұл лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы қатынас. Сондықтанда олар әртүрлі этаптарда өзара әрекет етеді. Лизинг әлемдік масштабта әртүрлі салалық құрылыммен сипатталады. Мысалы, Европада жеке пайдалану сияқты, өндірістік мақсатта да автомобиль лизингісі кеңінен қолданылады. «Европалық лизинг» баспасының мәліметтеріне сүйенсек, лизингтік қызмет көрсету нарығында мүлікті сатып алудың жалпы көлемінің 50-% дейінгісі автомобильге келеді екен. Лизингтік қызмет көрсету көлемінің қалған үлесін өндірістік жабдықтар, теңіз саудалары лизингі, самолеттер, компьютер және басқалары алады екен. Батыс Европадағы автомобильдер лизингі приоритеті, автомобиль компаниялары неғұрлым тиімді ретінде дәл осы механизм арқылы өз өнімін өткізудің жолдарын іздеуге мәжбүр екендігімен ескеріледі.

Қазіргі уақытта Батыс Европда лизинг арқылы бар жоғы 20-% астам инвестициялар өндірістік қорда іс жүзіне асырылады. Мұндайда Батыс Европаның лизингтік бизнесінің 80-% жуығы Ұлыбритания, Германия, Италия және Францияда екен. Венгрия, Чехия, Словакия және басқада Шығыс Европа елдерінің нарықтық дамуға өтуі, сонымен қатар ТМД елдері, лизингтік бизнес үшін жаңа мүмкіншіліктер ашты.

АҚШ-тағы лизинг Батыс Европа елдеріне қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде тұр, ал Батыс Европа өз кезегінде мөлшерімен даму деңгейі жағынан ТМД елдері мен Шығыс Европа елдерінен басып озады. Мысалы, АҚШ-та және Батыс Европаның дамыған елдерінде лизингті неғұрлым кеңінен қолдану экономикалық шарттармен түсіндіріледі. Бұл елдерде (АҚШ-та 50 ж бастап және 60 ж бастап Батыс Европада) лизингтік механизм арқылы негізінен инвестиция есебінен дамитын кәсіпкерлік бизнеске елеулі қолдау көрсетіледі. Лизингті пайдалану үшін ерекше халықтық жеңілдіктер ұсыну міндетті емес, тек қана механизмнің өзінен айтылған артықшылықтар толығымен жеткілікті. Лизингтік төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызу мүмкіндігінің басқа өндірістік инвестициялар формасы алдында айырмашылықтар бар. [13, 5]

Лизинг экономикалық қатынастың спецификалық формасы ретінде заңды құжаттарда көрсетіледі, онда қажетті тапсырыстар, сенімді меншіктік құқығы, сату-сатып алу келісім шарты және басқалар айтылады.

Экономикалық өзара қатынастар формасының әртүрлілігі әлемнің кейбір елдерінде орын алады. Мысалы, Ұлыбритания, Франция заңдылықтарымен көп келісімдер лизингтік деп танылады. Сол уақытта Германияда мәміле түсінігіне бөліп-бөліп жауап бере алады. Францияда келісілген мерзім аяқталуы бойынша опцион мүмкіншілігін қарастыратын лизингтік келісімдер (қалған бағамен сатып алу құқығы) кредит, аренда мәмілесіне жатады, мұндай ерекшеліктің принципиалды мәні бар, өйткені кредит, аренда мәмілесін басқа әдіспен мемлекет реттейді.

Лизингтік қызметті мемлекеттік реттеу әр елде өз ерекшеліктеріне ие. Қай елде лизинг банктің спецификалық функциясы болып табылса (Италия, Франция) олар банк қызметін реттеп қана қоймайды, сонымен қатар лизингті бақылауды іс жүзіне асырады.

Ұлыбританияда, Германияда банктер лизингтік операцияның оларға ведомствоастылық (бір орынға қарайтын мекемелер) құрылымдар болатын бөлігіне ғана бақылау жасайды. Францияда бүкіл лизингтік қызмет банктермен қатар мемлекет тарапынан да қатаң реттелінеді. Басқа елдерде лизингтік қызметті басқару, банктік операциялармен салыстырғанда, елеулі қарапайымдау.

Лизингтік келісімді ұзақ мерзімге жасау мүлік құнын толтыруға мүмкіндік береді. [11, 12]

1. 2 Лизинг түрлері

Көптеген жағдайларда әдебиеттерде лизингті ғимарат жабдықтары мен жарақтары, машиналарды ұзақ мерзімді арендаға беру немесе арендалау деп түсінеді. Ал шетелдік практикада, аренда мерзімінің жалғастығынан басқа, оның үш түрін бөледі:

  • Қысқа мерзімді аренда-рентинг - бірнеше сағаттан бастап бір жылға дейінгі мерзім;
  • Орта мерзімді аренда-хайринг - 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімдегі оперативті лизинг;
  • Ұзақ мерзімді аренда-лизнгі (қаржылық) - 3 жылдан жоғары мерзімдегі лизинг;

Рентинг (прокат) - жоспарлаудың меншікті түрін көлемді есептеу әдісі және прокаттық парк құрылымын қарастыратын қысқа мерзімді аренда.

Оперативті лизинг - мүлікті мөлшерлі мерзімнен аз арендаға тапсыру және лизинг беруші оны бірнеше рет тапсырады, бірақ сұраныстың жоқтығы мен қалдық құнды төлеу (толтыру) тәуекелі өседі.

Қаржы лизингісі - нормативті және толық амортизцияға тең, уақытша мерзімді пайдалануға берілетін, арнайы меншікке алынған мүлік. Лизинг беруші мүліктің барлық құнын қайтарады және мәміледей пайда табады.

Қаржы лизингісі бірнеше әртүрлі түрлерге бөлінеді:

  • Классикалық каржы лизингісі - 3 жақты келісім, лизинг беруші құнын өтейді және пайда алады;
  • Қайтымды лизинг - лизингтік компанияға мүлікті сату және оны келесі сатып алумен лизингке қайтару. Жеткізуші және лизинг алушы бір тұлғада;
  • «Левередж» (несиелік, пайлық, бөлшекті) лизинг - немесе қаражаттарды қосымша жұмылдыру лизингісі - мұнда келісім мүшелері үш субъекті, яғни ұйымдар, қорлар,, банктер және тағы басқалар жұмылдырылады, олар мүлік құнының бір бөлігін төлеуге келісті, мұндайда лизинг алушы толық құн есебінен барлық салықтық жеңілдіктерді пайдаланады немесе белгілі бір шарттарда қарыз несие алады;
  • Толық лизинг - лизингтің бір түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады;
  • Таза лизинг - лизингтің бір түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырыды;

Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез келген басқада тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Ал бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берілген лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг шарты қолданылатын бүкіл мерзім ішінде лизинг берушіде сақталады.

Лизинг нысанасын уақытша иелену және пайдалану құқығы лизинг шарты мемлекеттік тіркеуден өткен күннен басап толық көлемде лизинг алушыға көшеді. Лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда лизинг нысанасы конкурс массасына енгізілмейді.

Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг нысанасын пайдалану нәтижесінде алынған өнім және өзге де табыстар, сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншігі болып табылады. Лизинг алушы өз қаражаты есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасына зиян келтірмей ажыратуға болмайтындай дәрежеде жақсарту жүргізген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, оның шарты тоқтатылғаннан кейін осы жақсарту құнының өтемін алуға құқығы бар. Лизинг алушы лизинг берушінің келісімінсіз жүргізген ажыратуға болмайтындай дәрежедегі жақсарту құны, егер заң актілерінде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, өтелуге жатпайды. Лизингке тапсырылған мүліктің меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға көшуілизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасын сублизингке беруге құқылы. Мұндай жағдайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерін жасау жөніндегі өз міндеттемелерін үшінші бір тұлғаға жіктеуіне жол берілмейді. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзімімен асып кететін уақытқа жасауға болмайды.

Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сублизинг шартына лизинг шарты туралы ережелер қолданылады. Лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шартын мерзімінен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға әкеп соғады.

Лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын алдын ала анықталған баға бойынша өз меншігіне сатып алу жөніндегі құқығы не міндеттемесі көзделуі мүмкін.

Жылжымайтын мүліктің лизинг шарты заң актілерінде белгіленген тәртіппен міндетті мемлекеттік тіркеуден өткізілуі тиіс. Жылжымалы мүліктің лизинг шарты жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын органдарда міндетті мемлекеттік тіркеуден өткізуге тиіс. Жылжымалы мүліктің лизинг шартын мемлекеттік тіркеуден өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. [6, 7]

Лизинг беруші ретінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді.

Жеке кәсіпкерлер болып табылатын өзге заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асырады.

Сондай-ақ лизингтің мына түрлері бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг шарты
Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы
Лизинг шартының ерекшеліктрі
Лизинг қатынастарының пайда болуы мен дамуы
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы лизингтік қатынастар
Азаматтық-құқықтық әдебиет
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері нігізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Лизинг туралы жалпы түсінік
ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz