Қоректік заттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Факторлардың маңыздылығы
2. Жарық және жылу
3.Су және ауа
4.Қоректік заттар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ұзақ зерттеулердің, әсіресе өсімдік физиологиясы, агрохимия,агрофизика және басқа ғылымдар саласындағы жетістіктер нәтижесінде, өсімдік тіршілігіне керекті факторлар толығымен анықталған.Өсімдіктерге энергияның көзі болып күннің жарығы және күн радиациясы деп аталатын оның сәулелі қуаты, ал олардың органикалық бөлімін құрайтын заттар ретінде су, оттегі, көміртегінің диоксиді және топырақтан алынатын қоректік заттар саналады. Сонымен, жасыл өсімдіктің тіршілігі мен өнімділігін қамтамасыз ету үшін бес негізгі фактор керек. Олар- жарық, жылу,су, ауа және қоректік заттар.Жарық пен жылу космостық факторлар, ал қалған үшеуі - су,қоректі заттар және ауа, топырақтан (жерден) алынатын факторлар қатарына жатады. Осыған байланысты егіншілік ғылымының негізгі мақсаты- ауыл шаруашылығы дақылдарының аталған факторларға қажеттілігін жан-жақты зерттеу нәтижесінде олармен жеткілікті түрде өсімдіктерді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын анықтау болып табылады.

Жарық. Өсімдіктердің биомассасын құрайтын органикалық заттардың 90-95% фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болады, ал минералды элементтермен қоректенудің салдарынан өнімнің құрғақ массасының тек 5-10% ғана түзіледі. Сондықтан өнімді тұрақты түрде арттыру дегеніміз топырақтан алынатын факторларды реттеп отырумен қатар фотосинтез процесін керекті бағытта жүргізуді мұқият іске асырып отыру. Фотосинтез процесіне және оның қарқынды жүруіне күннің жарығы керек. Сондықтан, жарық жеткіліксіз болғанда өсімдік алдымен қоректі заттардың тапшылығына ұшырайды, одан әрі оның опат болуына апарып соғуы мүмкін. Жарық жеткіліксіз болса өсімдіктердің өсіп-дамуы әдеттегіден өзгереді-ұзын, жіңішке және әлсіз болып келеді. Күн- сәуленің сарқылмас көзі екендігі және түсетін қуатының өлшеусіз көптігі тіршілігіне жеткілікті екендігі сияқты.Жүргізілген зерттеулер өсімдік жарықпен барлық кезде жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейтінін және оны толық пайдалана алмайтынын көрсетеді. Бгіншінің міндеті-фитосинтетикалық белсенді радиациясының (ФБР-ФАР) пайдалану коэффицияның (дәрежесін) арттыру болып есептеледі. Әдетте егістіктен жылына бір өнім алғанда күн энергиясын (қуатын) пайдалану коэффицені әртүрлі дақылдар үшін 2 ден 5% арасында болып келеді.Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды. Әдістерін қолданудың нәтижесінде ФБР-ФАРдың пайдалану дәрежесін 2 есеьжәне одан да әрі жоғарылатуға болады. Оның бір жолы ретінде оңтүстік және оңтүстік- шығыс өңірлерінде аралық дақылдарды қолдануды айтуға болады.Күн сәулесі өсімдікте жүретін физиологиялық түрліше әсер етеді: тұқымның өсуі, түптену буынының орналасуы Мысалы, кейбір өсімдіктердің (көбіне арамшөптер)тұқымының өсуіне жарық керек болса (кәдімгі сіпсеба:басқа біреулері жарықта өсе алмайды (қызылқұйрық).Астық тұқымдастардың түптену буынының өсіп-дамуында жарық елеулі орын алады. Сол сияқты оның картоп өмірінде де алатын орны мол. Оның түйнектері қараңғыда өнгенде сабақтары ұзын болады да оларды отырғызу қиындайды, ал жарықта өсірілген түйнектердің сабақтары қысқа және жуан болып келеді. Оған қосымша мұндай картоп тезірек өсіп-дамиды және ертерек пісіп жетіледі. Жарық өсімдіктің түптену процесінде де маңызды орыналады: буын аралығына, әсіресе алғашқыларының ұзын-қысқа болуына әсерін тигізеді, ал оған өсімдіктің жатып қалу қасиеті тығыз байланысты болып келетіні жалпыға мәлім. Сонымен,өсімдіктің түптену кезінде жарықпен жеткілікті қамтамасыз етілсе сыртқы жағдайлардың (жел, жаңбыр ж.б.) әсеріне төзімді алғашқы қысқа буынаралықтардың жетілуіне" әкеліп соғады, ал оның,керісінше, көлеңкелі жағдайда өсуі теріс нәтиже береді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсіп-дамуының ең жауапты кезеңдерінде күн энергиясы жетпесе жоспарланған өнімді алуға болмайды. Мысалы, күріштің шашақтану кезінде ауа райы ұзақ мерзімде бұлтты болса, дақылдың өнімі айтарлықтай (10-12цга, оданда көп) төмендеуі мүмкін. Осындай жағдай жүгерінің шашақ (сұлтан) шығару кезіне сәйкес келсе, өнімнің азаюына әкеліп соғады.Егістікте дақылдардың жарық жүргісін реттеу оптималды тұқым себу мөлшерін, себу тәсілін қолдану арқылы өсімдіктердің кеңістікте дұрыс, біркелкі орналастыру нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен қатар себу бағытын дұрыс таңдап алу (солтүстіктен оңтүстікке қарай сепкенде таң ертеңгі және кешкі күн сәулесі, ал шығыстан батысқа қарай сепкенде түскі сәуле толық пайдаланылады), өсімдіктерді уақтылы сирету, арамшөптерді, әсіресе бойшаң, жалпақ жапырақтыларын жою, өсу кезеңі әртүрлі сорттар мен гибридтерді таңдап алу тиімді -болады. Әрине өсімдіктердің бұл жүргісін реттеу толық немесе қосымша қолданылатын жасанды жарық беру саласында жеткілікті түрде іске асырылады.Жоғарыда аталған практикалық шаралармен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарын аймақтық инсоляция күшіне байланысты орналастыру, күн энергиясын пайдаланудың коэффициентін (деңгейін) арттыратынын есте сақтау керек.
Жылу. Өсімдіктердің өсіп-дамуына белгілі мөлшерде жылу керек. Маңызд физиологиялық процестер-фотосинтез, тыныс алу,транспирацияның қарқынды жүруі өсімдік пен қоршаған ауаның температурасына байланысты. Температураның белгілі мөлшерге дейін жоғарылауы аталған процестердің жүру пәрменділігі арттырады, бірақ одан әрі көбейгенде өсімдіктің әдеттегі тіршілігі бұзылады: синтез әлсірейді, тыныстану күшейеді, берік емес қоспалар ыдырайды. Ал температура одан әрі жоғарыласа зат алмасуының орнына келмейтін бұзылу процестері күшейіп,нәтижесінде өсімдіктің опат болуына әкеліп соғады. Көпшілік дақылдардың өсіп-дамуының оңтайлы температурасы 25-307С. Бұл процестің тежелуі температура 300С асқанда байқала бастайды да, ол 50-529С жеткенде өсімдік өз тіршілігін тоқтатады. Өсімдіктің өсу кезеңдерінде де температура үлкен роль атқарады: өсімдік тамырының дамуына, өнім беретін органдарының қалыптасуына ж.б.Өсімдік онтогенезінде топырақта болып жататын процестер температурамен байланысты болады. Мысалы, минеральды заттардың ерігіштігі мен судың тұтқырлығы. 49С та судың тұтқырлығы соншалықты көбейіп, су өсімдікке ену қабілеттігін жоғалтады. Өсімдікте және топырақтағы жүретін барлық химиялық реакциялар температураға байланысты. Топырақ ерітіндісіндегі оттегі мен көмірқышқыл газының ерігіштігі, осы газдардың топырақ бөлшектерінің бетіне адсорбциялануы, топырақ пен атмосфера арасындағы газалмасу процесінің жылдамдығы, судың өсімдік тамырына ену қарқыны, транспирация мөлшері температураға байланысты болып келедіТопырақ микроорганизмдерінің тіршілігі де оның температурасымен байланысты. Өсімдік қоректенуіне қатысты микроорганизмдердің көпшілігі үшін оңтайлы жылулық 20-30%С арасында болып келеді. Шамамен осындай температура түйнек бактериялары үшін де қолайлы.Температураның өсімдік пен микроорганизмдердің тіршілігіне тікелей әсерінен басқа топырақтың су-ауалық және қоректікжүргілеріне де әртүрлі әсері болып отырады. Су (ылғал). Өсімдік тіршілігі факторларының арасында тұтыну мөлшеріне байланысты су бірінші орынды алады. Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының басым көпшілігінің транспирациялық коэффициенті (вегетация кезінде өсімдік жұмсаған судың алынған өнім салмағының бір мөлшеріне арақатынасы ) 300 бен 800 аралығында болады, яғни бір өлшем өнім алу үшін 300-800 өлшем су керек деген сөз.Өсімдікке су бірінші күндерінде-ақ қажет болады. Тұқым өну процесі сусыз жүрмейді, ол үшін тұқым белгілі бір мөлшерде суды өзіне сіңіруі керек. Оның мөлшері әртүрлі дақылдар үшін құрғақ тұқымының 25 пен 150% салмағының айналасында болып келеді. Дәннің бөртуі үшін керекті судың мөлшері ас болғанымен оның жылжымалығының маңызы зор, өйткені әлі тамыр жоқ, ал ылғалды дән барлық беткі қабатымен сініруі керек. Одан әрі қарай өсу сатыларында өсімдіктің суды пайдалану мөлшері өсе бастайды. Бұл процес судың синтезделетін органикалық заттардың құрамына кіретін химиялық элементтердің көзі, қоректік заттардың еритін ортасы болуы және суда бірсыпыра биохимиялық процестердің жүруінің нәтижесі. Өсімдік тіршілігіндегі маңызды процесстер -- клетканың өсуі мен бөлінуі,фотосинтез, тыныс алу-белгілі бір тургорлық жағдайда , яғни клеткада жеткілікті мөлшерде су болғанда ғана қалыпты түрде жүзеге асады. Зерттеулер көрсеткендей фотосинтездің қарқындылығы жапырақ саңылауларының ашылу дәрежесіне қарағанда, ондағы судың мөлшеріне байланысты болып келеді. Өсімдік
ұлпаларындағы судың азаюы тыныстану процесін күшейтіп, фотосинтезді әлсіретуге әкеліп соғады., көмірсулардың қоры азаяды, нәтижесінде өсімдіктің опат болуымен аяқталады. Өсімдіктердің тұтынатын суының басым көпшілігі олардың жапырақтары арқылы буланып ұшып кетеді.Бұл процестің физиологиялық маңызы зор.Сумен бірге өсімдік организмінде синтезге керек әртүрлі заттар өз ретімен қозғалып отырады.Сондықтан булану нәтижесінде өсімдік ұлпаларының температурасы төмендеп,ол өзін-өзі қатты қызып кетуден сақтайды. Топырақ ылғалдығына астық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сіңірілетін қоректік заттар бойынша азықтың қоректілігін бағалау
СИНЭКОЛОГИЯ (Қауымдастықтар экологиясы). ЭКОЖҮЙЕ КОМПОНЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Ауылшаруашылық малдарын нормамен азықтандыру
Қатты фазада культивирлеу
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру
Ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық шараларды жоспарлау
Қоректік ортаның құрамы
Қанат жеке шаруашылығының суғармалы егістік жерінің топырақ жағдайы
Микроорганизмдер физиологиясы
Пәндер