Топырақ өңдеудің мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Агрономия

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жер жырту, маңызы, құралдары

Қабылдаған: Барлықова Нұрлыхан ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,Орындаған: Амантай А., ПА-307

2020 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
I. Жер жырту
ІІ. Жер жырту түрлері
ІІІ. Жер жырту маңызы
ІV. Жер жырту құралдары
Қорытынды

Кіріспе
Жер жырту -- топырақты өңдеудің негізгі әдісі. Жер жырту кезінде Жер қыртысынаудару, қопсыту, араластыру, т. б. жұмыстар орындалады.
Жер жыртудағы негізгі мақсат - жер қыртысын аудару, егін қалдықтарын толық жою, жыртылатын қабатты белгіленген тереңдікте қопсыту және жер бетін тұтас тегістеу. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып, ал қажет болған ретте топырақты тереңдете жырту топырақтың құнарлылығын арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Жер жырту мерзімі ауа райына, топырақ құрамына және дақылды егіп-өсіру технологиясының ерекшелігіне байланысты белгіленеді. Жер ерте көктемде, жазда және сүдігер ретінде күзде жыртылады. Жыртылатын қабатты тереңдету үшін топырақ тереңдеткіштер қолданылады. Олар қарықтың түбін 5 см және одан да терең қопсытады. Егер топырақтың қоректік заттарын көбейту керек болса, жер жырту кезінде тыңайтқыштар шашады. Жерді терең жыртқан кезде су (атмосфералық жауын-шашындар мен қар түрі) топыраққа жақсы сіңуі есебінен неғұрлым толық пайдаланылады, яғни терең жыртылған қабат топырақтың ылғалдылығын реттеуші қызметін атқарады. Жерді терең жыртқан жағдайда топырақтың ылғалдылығы артады, топыраққа су мен ауаның өтуі жақсарады, мұның өзі өсімдіктерді жұғымды қоректік заттармен қамтамасыз етіп тұратын аэробтық микроағзалардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жерді терең жырту - арамшөптерге, әсіресе, атпатамырлыларға қарсы күресудің маңызды құралдардың бірі. Жерді терең жыртқан кезде топырақтың құрылымы мен құнарлығы тезірек қалпына келеді, тыңайтқыштарды сіңіру, аңыз бен шымды өңдеу жақсарады. Алайда жырту тереңдігін арттыруға байланысты бұл технологиялық процеске жұмсалатын энергия көлемі ұлғаяды. Мұнда көбейген шығындарды қосымша өнім жинау барлық уақытта өтей бермейді, өйткені жер жыртуды 1 см тереңдету оған жұмсалатын энергия көлеміне 5-7% арттырады. Бұған қоса, жұқа топырақта терең жырту тиімді болмайды, сондықтан құнарсыз күлгіндеу топырақты жырту тереңдігі қара шірінді қабатының қалыңдығынан аспауы тиіс.
Жерді терең жырту - арамшөптерге, әсіресе, атпатамырлыларға қарсы күресудің маңызды құралдардың бірі. Жерді терең жыртқан кезде топырақтың құрылымы мен құнарлығы тезірек қалпына келеді, тыңайтқыштарды сіңіру, аңыз бен шымды өңдеу жақсарады

І. Жер жырту

1,2 - сурет

Жер жырту -- топырақты өңдеудің негізгі әдісі. Жер жырту кезінде Жер қыртысынаудару, қопсыту, араластыру, т. б. жұмыстар орындалады. Жерді соқамен жыртады. Соқаның бұрандалы, жартылай бұрандалы, цилиндрлі, қайырмасыз, т. б. түрлері бар.

Жер жырту. Жер жырту - егіс шаруашылығындағы негізгі шара-
лардың бірі. Мұнда соқа немесе басқа да жерді терең өңдеуге арналған
құралдар арқылы өсімдік тамырлары жететін жер қыртысын қопсытып
немесе жер қыртысын аударып, қыста қар, жазда жаңбыр суларын тегіс
сіңіріп алуға, тұқымды керекті тереңдікке орналастыруға, алдында
егілген егістердің тамырын жер қыртысының астыңғы қабатына ау-
дарып, шіруіне мүмкіндік береді. Егер соқамен жер жыртылса, онда
оның алдында шолақ түрен болу керек. Ол жердің жоғарғы бетін бөлек
кесіп алып, борозданың (карықтың) ішіне салады да, одан кейін сонда
оны терең көміп тастайды. Сөйтіп ол көмілген органикалық заттар тез
шіріп, қоректік заттарға айналады. Жерді 22-35 см тереңдікте жырта-
ды. Кейінгі кезде жер қыртысын аудармай, терең 27-30 см-ге қопсыту
қолданылып жүр. Бұл əдістің авторы Т. С. Мальцев, əдіс құрғақшылық
аудандарда өте жақсы нəтиже береді. Сондықтан Қазақстанның
солтүстік облыстарында кең қолданылады.

3-сурет

Жер жыртудың 3 тәсілі қолданылады:
1) Жер қыртысын аударып жырту. Бұл кезде бұрандалы не цилиндрлі соқамен ені 40 см жер қыртысын 180°-қа аударып жыртады. Бұл әдіс ауыр сазды әрі шымдалған жерлерде көбірек қолданылады. Себебі мұндай жыртудың артынан топырақтық осымша өңдеу қажет;
2) Жер қыртысын айыра жырту. Мұнда жер қыртысы бір-біріне 45 бұрышпен, 135° шамасына аударылады;
3) шолақ түренді соқамен жырту. Бұл әдіспен жерді жыртқанда топырақтың үстіңгі тозаңданған қабатынан түрен мен пышақ 10 см тілген қыртыс қайырманың жәрдемімен қарықтың түбіне түседі де, төм. қабаты үстіне аударылады. Бұл әдіспен жыртылған жердің беті тегіс келеді және жер өңдеудің тырмалау, қопсыту сияқты жұмыс түрлерін жүргізу жеңіл болады. Қыртыс жақсы жентектелуі үшін ылғал топырақ біраз кеуіп, иленбейтін және соқаға жабыспайтын болған кезде жыртады.
Жер жырту тереңдгі топырақ қабатының қалыңдығына, егілетін дақылдардың биол. ерекшелігіне, арамшөптің көптігіне, т. б. байланысты. Жер жырту тереңдігі 20 см-ге дейін болса, таяз жер жырту, 20 -- 22 см -- қалыпты жер жырту, 23 см-ден артық -- терең жер жырту деп аталады.
Жер жырту мерзімі ауа райына, топырақ құрамына және дақылды егіп-өсіру технологиясының ерекшелігіне байланысты белгіленеді. Жер ерте көктемде, жазда және сүдігер ретінде күзде жыртылады. Жыртылатын қабатты тереңдету үшін топырақ тереңдеткіштер қолданылады. Олар қарықтың түбін 5 см және одан да терең қопсытады. Егер топырақтың қоректік заттарын көбейту керек болса, жер жырту кезінде тыңайтқыштар шашады.
Жырту тереңдігі егілетін дақылдың биологиялық ерекшелігі, қара шірінді горизонтының қалыңдығы, алқаптың арамшөппен ластануы және басқа факторлардың негізінде белгіленеді.
Жерді терең жыртқан кезде су (атмосфералық жауын-шашындар мен қар түрі) топыраққа жақсы сіңуі есебінен неғұрлым толық пайдаланылады, яғни терең жыртылған қабат топырақтың ылғалдылығын реттеуші қызметін атқарады. Жерді терең жыртқан жағдайда топырақтың ылғалдылығы артады, топыраққа су мен ауаның өтуі жақсарады, мұның өзі өсімдіктерді жұғымды қоректік заттармен қамтамасыз етіп тұратын аэробтық микроағзалардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жерді терең жырту - арамшөптерге, әсіресе, атпатамырлыларға қарсы күресудің маңызды құралдардың бірі. Жерді терең жыртқан кезде топырақтың құрылымы мен құнарлығы тезірек қалпына келеді, тыңайтқыштарды сіңіру, аңыз бен шымды өңдеу жақсарады. Алайда жырту тереңдігін арттыруға байланысты бұл технологиялық процеске жұмсалатын энергия көлемі ұлғаяды. Мұнда көбейген шығындарды қосымша өнім жинау барлық уақытта өтей бермейді, өйткені жер жыртуды 1 см тереңдету оған жұмсалатын энергия көлеміне 5-7% арттырады. Бұған қоса, жұқа топырақта терең жырту тиімді болмайды, сондықтан құнарсыз күлгіндеу топырақты жырту тереңдігі қара шірінді қабатының қалыңдығынан аспауы тиіс.
Жер жыртудағы негізгі мақсат - жер қыртысын аудару, егін қалдықтарын толық жою, жыртылатын қабатты белгіленген тереңдікте қопсыту және жер бетін тұтас тегістеу. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып, ал қажет болған ретте топырақты тереңдете жырту топырақтың құнарлылығын арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Тракторды дұрыс орналастырғаннан кейін бірінші белгіленген өтімін жасау үшін реттеу жабдықтарының қалпына қажетті өзгертулер енгізіледі. Старт жанындағы белгі қаданы топырақтан жауып тастамау үшін суырып алады. Бірінші өтімді орындағанда трактор толық тоқтатылғанға дейін кейін қарауға болмайды, әйтпесе бірінші өтімнің түзу болуы қиындайды. Бірінші өтімді тракторды тоқтатпастан жасаған дұрыс. Бірінші өтімді аяқтауға таяған шақта учаскенің қарсы жақтағы шекарасындағы белгі қадаға жақын келіп трактор тоқтатылады, көміліп қалмауы үшін қаданы алып тастайды.
Аудара жырту агрегаттың төрт өтімінде атқарылады. Оның атжалының іргелес жатқан биіктігі немесе төмендігі 5 см-ден аспауы тиіс.
Баға мынадай жағдайда төмендетіледі: егер атжал іргелес жатқан атжалдардан 10 см-ден астам жоғары немесе төмен болса - 1 ұпай, егер аудара жырту үш өтімде орындалса - 3 ұпай, егер ол екі өтімде орындалса - 6 ұпай.
Аудара жырту кем дегенде 10 см тереңдікте жүргізіледі. Сырт қарағанда оның ешбір айырмашылығы болмауы тиіс. Жырту тереңдігі кемінде үш жерден өлшенеді.
Көктемде бірінші істелінетін жұмыс тұқымды сіңірерліктей қопсыған топырақ қабатын жасау болатындығы әбден түсінікті. Бұл қопсыған қабатты жасаудың бірден-бір әдісі - тырмалау болатын, жер көктемде бірнеше қайтара тырмаланады. Бұл операция мамықты түту деп аталынады. Тырмамен жұмыс істеген кезде қопсытылған топырақтың бүкіл массасы тозаңға айналдырылады, қандай тырма қолданылса да, лажсыз осылай болады.
Дискілі тырманы қолдана отырып, қопарылған атжалдарды бітеу үшін тек артқы бір секция ғана пайдаланылады. Өйткені тырманың дискілері топырақты құралдың ортасына қарай ысыруға тиіс. Тырманың шеткі дискілері жүрістің ең таяз тереңдігіне қойылады да, ал ортаңғы дискілер қопарылған атжал тырма бір рет жүріп өткенде толық жабылатындай етіп тереңдетіледі.
Эрозия жер бетімен ағатын судың әсерінен болатындықтан, барлық агротехникалық шаралар суды топырақтың терең қабаттарына сіңіруге бағытталу керек. Еріген қар суы, жаңбыр суы топыраққа тездеп сіңіп жатса, онда жер бетінен су ақпайды. Дөңес жерді жыртуды тек қана еңіске көлденең жүргізеді, жырту тереңдігі 25-27 см-ден кем болмауы керек.

Топырақ өңдеудің мәселесі
Топырақ өңдеудің басты мәселесі - жерді жырту сол егістік орналасқан аймақтардың табиғи жағдайларына тікелей байланысты. Мыс., Қазақстанның солт. аймақтарындағы дәнді дақылдар өсірілетін негізгі егістіктер жел эрозиясына қатты ұшырайтындықтан, негізінен қайырмалы соқамен жыртылмай, жай қопсытылады. Ал оңт. аудандардағы еңіс тау беткейлерінде су эрозиясы болмас үшін, жерді жыртқан кезде жырту бағытын беткей еңісіне көлденең етіп жырту немесе жемісті ағаштарды қолдан жасалған сатылы белдеулерге (терраса) орналастыру тәжірибесі қолданылады. Кейбір жағдайларда топырақ құнарлылығын топырақ ортасының жағымсыз реакциялары да кемітеді. Мыс., солт. аймақтарда топырақ ортасының қышқылды реакциясы басым болса, оңт. құрғақ шөлді аймақтарда керісінше сілтілі реакция басым түсіп, топырақ құнарына теріс әсер етеді. Бұл жағдаймен күресу үшін қышқылды топырақтардың сол қабатына қажетті мөлшерде әк енгізілсе, сілтілі топырақтардың қабатына тиісті мөлшерде гипс енгізіледі. Бұл шаралар топырақты хим. жақсарту деп аталады. Ал егістік жерлердегі көбейіп кететін арамшөптермен күресу үшін ауыспалы егіс жүйесінде арнайы сүрі жер танабы енгізіліп, жыл бойы әр түрлі өңдеулерден өтіп, арамшөптерден тазартылады. Топырақ өңдеудің біршама күрделі шаралары суармалы егістік жерлерде жүзеге асырылады. Көктемде және тұқым себер алдында Топырақ өңдеу үшін тырмалау, тырмалап қопсыту, тегістеп қопсыту жұмыстары жүргізіледі. Тұқым себілгеннен кейін топырақты нығыздап, жер бетіне өскіні шыққанға дейін және шыққаннан кейін де тырмалайды. Қайтадан тыңайтылған жерлердегі Топырақ өңдеу жұмыстарына шымтезекті-батпақты және жайылма, орманды және тыңайған жерлердегі өнімділігі аз топырақтарды өңдеу жатады.
Негізгі агротехникалық талаптар
Топырақты өңдеуді, оның майда қопсытылып, арамшөптерден барынша арылуын қамтамасыз ететін неғұрлым ұтымды агротехникалық мерзімде өткізген абзал. Өңдеудің белгіленген тереңдігінен ауытқу плюс-минус 1 сантиметрден аспауы тиіс.Топырақтың 8 сантиметрге дейінгі жоғары қабаты қопсытылғаннан кейін майда кесектеліп, 5 сантиметрге дейінгі қабатта оңай үрленетін 1 миллиметрден майда фракциялар болмауға тиіс. Орташа жал-жал болып жатуы, 5-7 сантиметр шегінде. Сабақтардың барынша сақталғаны жөн.

ІІ. Жер жырту түрлері

4-сурет
Контурлап жырту. Мүмкіндік болса жырту жұмысын контур бойынша жүргізу қажет. Бұл үшін теодолит, не нивелир арқылы биіктігі бір деңгейде болатындай етіп қазықтар қағып, белгілеп шығады. Танапты жыртқан кезде алғашқы соқа сол қагылған қазықтар бойымен жүріп өтеді, яғни бұл контурды сызып өтті деген сөз. Қалған агрегаттардың да басы осы контурға параллель болуы тиіс. Бұл жұмыстың бір қиындығы -- жыртылған жерге тұқым себіліп, ол өсіп шыққан соң әлгі жүргізілген контурлы сызықтан адасып қалуы мүмкін. Бұлай болмауы үшін контурлық сызықтың бойымен көлденеңі 3-4 метр етіп көп жылдық шөп егіп тастаған да орынды. Содан кейін де жырту жұмысы сол жолақтың бойымен жүргізіледі. Көп жылдық шөптерден жасалатын жолақтардың көлденеңі дәнсепкіштің бір жүріп өтетін алымындай болуы тиіс. Мұндай жолақтарды әдетте әр 100 метр сайын жүргізіп отырады.
Жолақтап жырту. Күзде кейбір себептермен дөңес жерде орналасқан танаптарды түгел жыртуға мүмкіндік болмаса, онда міндетті түрде егіске көлденең жолақтап жыртып тастау керек. Жолақтың көлденеңі трактор соқасының бір, не екі алымындай болуы тиіс, бір жолақ пен екінші жолақтың арасы мен ұзындығы жердің еңістігіне байланысты өзгеріп отырады. Жердің дөңестігі онша көп болмаса, еңістігі 2°-тан кем болса, жолақтардың арасы 10-15 метр болуы керек. Көктемде еріген қар суын жерге сіңіруге әдетте осының өзі жеткілікті болады. Қар суы жыртылған жердің бос топырағына тез сіңіп, эрозия болмайды.
Егер дөңес жердің еңістігі 2°-тан артық болса, оны тек терең етіп көлд енең жырту жеткіліксіз. Қар су ының жер бетімен ағуына жол бермеу үшін әр түрлі су ұстайтын микробедерлер жасау керек. Жерді әр түрлі жалдар, сатылар пайда болатындай етіп жыртқан жөн. Арнаулы құралмен су тоқтайтын әр түрлі шұңқырлар жасайды.
Жалдап көлденең жырту. Бұл жұмысты кәдімгі соқамен жүргізуге болады. Ол үшін төрт аударғышының біреуін 40-50 см етіп ұзартып қояды. Жырту кезінде бұл аударған топырақты алдыңғы аударылған жерге тастайды, содан биіктігі 12-16 см жал пайда болады. Оның үстіне топырақ түспей қалған жүйе арық тәрізді арна болып қалады. Қар суы осыларға тоңтап, топыраңтың терең қабаттарына сіңе береді. Шұңқырлар жасау күзде сүдігер көтерілген жерлерде жүргізіледі. Бұл үшін ДТ-75 тракторына тіркелген арнаулы шұңқыр жасайтын ЛОДЮ құралы қолданылады.
Сызат жасау -- ең көп тараған пайдасы мол тәсіл. Мұнда бір жаңсы жері, жыра жасалғаннан кейін де әр түрлі даңылдарды күтуге арналған агротехникалың шараларды жүргізе беруге болады. Сызат ШП-3-70 маркалы құралмен 40-50 см тереңдікке арасы 1,4 метр, көлденеңі 3-5 см етіп жасалады. Сызат жасау кезінде жылда жыртылып жүрген қабаттың астындағы тығыздалып қалған топырақ қопсытылады. Сондықтан қар суы топыраңңа оңай сіңеді де, жер бетімен су аңпайды. Жердің еңістігі 10° болғанға дейін сызат жасау жұмысы жақсы нәтиже береді. Сызат жасау жұмысын тек ңана сүдігер көтерілген танаптарға ғана емес, сонымен қатар көп жылдық шөптер егілген жерлерге де, күздік бидай себілген танаптарға да, тіпті шабындықтар мен жайылымдарда да жүргізуге болады. Су эрозиясына қарсы жасалған әр түрлі шұңқырлар, жалдар көктемде тегістеледі. Жерді тегістеу үшін ДТ-75 тракторына тіркелетін КПС-4 қопсытқышы ЗБТС-1,0 ауыр тырмалармен бір агрегат ретінде қолданылады, жер тегістегіш НПН-5,6 А құралын, МН-6,0 мала тегістегішін де қолдануға болады.
Сүдігер жырту деп келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін осы жылғы жаздың екінші жартысында немесе күзде жүргізілетін топырақты негізгі өңдеуді айтады. Топырақтың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімін артыруда сүдігер жыртудың үлкен өндірісітік маңызы бар.

ІII. Жер жыртудың маңызы мен міндеттері
Жер жыртудағы негізгі мақсат - жер қыртысын аудару, егін қалдықтарын толық жою, жыртылатын қабатты белгіленген тереңдікте қопсыту және жер бетін тұтас тегістеу. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып, ал қажет болған ретте топырақты тереңдете жырту топырақтың құнарлылығын арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Егістік танаптарының топырақтарың ойдағыдай өңдеу- егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.
Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеудің міндеттері
1.Мәдени есімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік
заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың енделетін қабатына оптималды
түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.
2.Арамшөптерді жою.
3.Танап топырағына органикалык, минералдык
тыңайткыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
4.Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап
топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
5. Топырақ қабатынағы мнкробиологиялық процестерге қарқынды әсер
етумен қоректік заттардың жиналуын, сакталуын жаксарту.
6.Өсімдік шаруашылығындағы дакылдарды закымдантын зиянкестер мен
ауру коздырғыштарды жою.
7.Танап топырағының оптималды терендігіне мәдени дақылдардың
тұқымдарын себу.
8.Топырактың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
9.Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса
кыртысты топыракта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.

ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Топырақ өндеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылган топырақ қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларын қырқу, оларды топырак бетіне шығару, жалдар мен жүйектерді жасау.

Егін егетін жерді, егін алқабының топырағын өңдеу егіншілік мәдениетін көтерудің бірден бір негізгі шарты болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп, дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақта ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады. Сонымен қатар, қар мен жауын суы тез сіңеді. Күзгі жиын-теріннен кейін топырақты өңдеудің мақсаты - келер көктемде егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу екендігін шаруалар қауымы жақсы біледі. Сондықтан топырақты парға жырту, былайша айтқанда сүдігер жырту жұмысына ерекше назар аударады.
Ылғалды сақтап қалу, топырақтың ластануымен, зиянкестермен және түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының қоздырғыштарымен күресу үшін сүдігер жыртылады.
Сүдігер жырту деп келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін осы жылғы жаздың екінші жартысында немесе күзде жүргізілетін топырақты негізгі өңдеуді айтады. Топырақтың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімін артыруда сүдігер жыртудың үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау туралы
Топырақты өңдеудің мақсаты
Топырақ қабатын терең қопсыту
Топырақты тығыздауға арналған құрылыс машиналары
Райымбек ауданының егіншілік саласы
Топырақ өңдеу технологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ)
Өскемен қаласының қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы
Қызылшаның тамыр жүйесі
Пәндер