Алматы облысының 2012 - 2016 жылдар бойынша ауыл шаруашылығының жерлерінің динамикасы


«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті»
«География және табиғатты пайдалану факультеті»
Практикалық жұмыс тақырыбы: «Алматы облысының ауылшаруашылық жерлерінің 2012-2016 жылдар аралығындағы жай-күйін талдау»
Орындаған: Оралбаев С. А.
Тексерген: Иканова А.
Алматы 2021
Жоспар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының аграрлық бағыты негізгі өндіріс құралы ретінде жер ресурстарын пайдалануды жетілдіруді қажет етеді. Жер экожүйелер негізі, еңбек құралы және өндіріс заты бола отырып, орнықты даму базисі және адамзат әл-ауқаты мен әлеуметтік прогресс дамуының маңызды шарты болып табылады. Тиянақты жер пайдалануды енгізу - бұл өте қажетті мәселе.
Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар бойы, жер ресурстарының құндылығын арттыру, оларды ұтымды пайдалану мәселесі, сол шешілмеген күйінде қалып келеді. Жер пайдалану жағдайын бағалау жөніндегі отандық және шетел ғалымдарының еңбектерін талдау негізінде, жер пайдалануда экономикалық тәсіл басым болып, әлеуметтік және экологиялық тәсілдердің сәйкесінше екінші және үшінші орындарды алатындығы айқындалған. Бұл жағдайды өзгерту үшін, жер пайдалану қарқындылығын айқындау мен бағалау бойынша, сондай-ақ қолданыстағы жер алқаптары кадастры және оларды міндетті есепке алу, шекараларын анықтау бойынша инновациялық тәсілдер әзірлеу қажет [1] .
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Қазақстан Республикасында жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және орнықты дамытуды ғылыми негіздеу мәселелері ғылыми және сараптамалық қауымдастықтар назарын, барған сайын өзіне аударуда.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері А. Б. Ерасылова Қазақстан Республикасындағы аграрлық сектордың орнықты даму факторларын зерттесе (2006), А. Гильманова мен В. Гурскиене (2013) шаруа қожалықтарын дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен оларды экономикалық-экологиялық тұрғыдан басқару мәселелерін А. Н. Оразалинова (2016) қарастырды. Автор еліміздің жер қоры сипаттамасы мен ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымын көрсетіп, жер ресурстарын пайдаланудағы негізгі ережелерді айқындады [29, 31, 12] .
2. Негізгі бөлім
2. 1 Алматы облысының 2012-2016 жылдар аралығындағы жер санаттары бойынша динамикасы
Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың км². Әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы. Тұрғыны 2015, 7 мың адам (2015ж) . Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік- шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың км2-ге жуық.
Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т. б. ) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т. б. жоталарынан құралған.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамына құнарлы топырақтар, ормандар кіреді. Алқаптардың құрылымы біртекті емес және оның едәуір бөлігін жақсы өнім алуға, өсіруге қажетті жерлер алады десе де болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 8597, 3 мың га, бұл жер қорының жалпы көлемінің 38, 9%-ы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 55, 2 мың гектарға азаюына шаруашылық жүргізетін әртүрлі формалардың қызмет етуі үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар құру мақсатында жер қатынастарын құру кезінде ірі ауыл шаруашылығы ұйымдарының (кеңшарлар, ұжымшарлар) таратылуы себеп болды. Елді мекендер жерінің ауданы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді босалқы қорға және ауыл халқын жайылым және шабындық алқаптарымен қамтамасыз ету, жеке қосалқы шаруашылық пен бақ шаруашылығын дамыту үшін ауылдық елді мекендер шегіне беру нәтижесінде ұлғайды. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер, қорғаныс жерін ауыл шаруашылық пайдалануға және босалқы жерге беруге, жер реформасын жүргізу кезінде көлік және өнеркәсіп кәсіпорындарының жерін оңтайландыруға және жерге құқықтарды қайта рәсімдеуге байланысты азайды.
Сурет-1. 2012-2016 жылдар кезеңінде Алматы облысы бойынша жер санаттарының динамикасы, мың га
Босалқы жер санатының ұлғаюы негізінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге жерлер есебінен жүрді. 22358, 3 мың га жер қорының құрылымындағы 7126, 2 мың гектарды немесе 32%-ын ауыл шаруашылығы алқаптары алады, соның ішінде егістік 1070, 7 мың га, тыңайған жер 106, 3 мың га, шабындық 469, 0 мың га, жайылым 14160, 2 мың га. Жерге орналастыру қызметтері жұмысының тиімділігі, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану қарқындылығымен сипатталады.
2. 2 Алматы облысының 2012-2016 жылдар бойынша ауыл шаруашылығының жерлерінің динамикасы
2016 жылғы 1 қарашадағы жер балансының деректері бойынша Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылу жүйесіне 16 әкімшілік аудан, облыстық маңызы бар 3 қала: Талдықорған, Қапшағай, Текелі, 16 аудандық маңызы бар қалалар мен кенттер, 721 ауылдық елді мекендер және 247 ауылдық (селолық) округтар кіреді. Жер қорын облыс бойынша бөлу және ондағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар 2-суретте көрсетілді.
Сурет-2. Алматы облысында 2012-2016 жж. ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданының өзгеру динамикасы, мың. Гектар
Ескерту - ауылдық (селолық) округтар саны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің деректері бойынша берілді. 2014 жылдың 16 сәуіріндегі № 798 ҚР Президенті «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» жарлығымен Алматы қаласының аумағына Алматы облысының 23. 2 мың. га жер қосылған. Соның ішінде 604, 6 га Іле ауданынын, 16069, 7га -Қарасай ауданын, 6525, 7га Талғар ауданынан берілді. Алматы облысы - ертеден Жетісу деп аталатын қазақ жерінің әйгілі өлкесі. Алматы облысы Қазақстанның мына аймақтарымен: батысында Жамбыл облысымен, солтүстік батысында Қарағанды облысымен шектеседі, солтүстік шығысында Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Облыс құрамына 1997 жылы бұрынғы Талдықорған облысы кірді. Облыстың шығысы ҚХР-мен, 58 оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен (Шу және Ыстық көл облыстарымен) шектеседі. Облыс айтарлықтай күрделі географиялық сипатқа және сан алуан рельефтерге ие. Солтүстік бөлігі жартылай елсіз дала, Балқаш көліне қарай ығысады және ежелгі Іле өзенінің арнасы қиып жатыр, олардың ең кереметі - Бақанас. Жеке екі сілем бар - оңтүстігінде және шығысында- тау жоталары созылып жатыр: Жетісу Алатауы және Жоңғар Алатауы (Тянь-Шань таулы жүйесі) . Олардың жапсарында ақырындап төмендейтін баурайы мен Іле өзенінің орташа арнасы орналасқан. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Сурет 6- Алматы облысының сызбасы Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10- 160С, оңтүстікте - 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-90С, жылымықжиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Алматы облысы, сейсмикалық белсенділігі жоғары, 7-9 баллды құрайтын аймақта орналасқан. Соңғы жылдары негізгі сейсмикалық қимылдар Алматы қаласынан оңтүстік пен оңтүстік-шығыста дамуда. Алматы қаласынан 59 солтүстік, батыс және солтүстік-батыста орналасқан аумақ әлсіз жер сілкінулердің төменгі тығыздығымен сипатталады. Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле және Қарасай аудандарының және Алматы қаласының аумағы арқылы ірі гидротехникалық құрылыс, Бартоғай су қоймасымен бірге суарылатын жерлерді сумен қамтамасыз етуді арттыруға арналған Үлкен Алматы каналы өтеді. Бүгінгі таңда Алматы облысындағы шабындық алқаптар қатты тозған. Оның негізгі себебі су объектілерінің гидрологиялық тәртіпті өзгертуі және шөпті тиімді шаппауы деп есептеген жөн.
Ауылшаруашылығына арналған жерлер ерекше құқықтық тәртіпті және оларды қайтарып алуға, сақтауға және олардың құнарлығын жоғарлығын қорғауға бағытталған шектеулерді талап етеді. Облыстың жер қоры құрылымында осындай топтағы жерлер 7, 8 млн. га құрайды. Олардың облыстың жер қорындағы үлесі 39% құрайды. Бұлар, негізінен табиғи-климат жағдайларының әртүрлігімен және үлкен алаңды алып жатқан жайылымдық алқаптардың барлығымен байланысты. Алматы облысы бойынша жер санаттарға бөлінуі 3-суретте көрсетілген.
15, 9
7, 8
7, 8
8, 1
8, 4
8, 6
8, 7
6, 8
1991 ж.
2005 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
2015жг.
2016 ж.
Сурет 3. 1991-2016 жылдар кезеңінде Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсанындағы жерлердің динамикасы, мың га
Соңғы жылдарғы (2012-2016) талдау көрсеткендей, ауылшаруашылық алқапарының ауданы біртіндеп деп азая бастаған. Алқаптардың өзгерді негізінен олардың бір категориядан екінші категорияға ауыстырудың және трансформациялаудан болып отыр. Алматы облысы ауылшаруашылық алқаптарының құрылымы 2016ж. 1070, 7 мың га (67%) жыртылған жерден, соның ішінде -484, 8 мың. га (3, 1%) суармалы, 106, 3мың. га (2, 9%) . - шабындықтан тұрады. Басым көпшілігі табиғи жайылым-14160, 2 мың. га (89, 4%) .
Сурет-4. Алматы облысының 1991-2016 ж. ж. егістік ауданының динамикасы мың гектар
Ауыл шаруашылық алқаптарының ең құнды бөлігі суармалы жерлер. Жалпы ауылшаруашылық алқабының 1070, 7 мың. га келесі 6, 7% жыртылған жер алып жатыр. Қазіргі уақытта топырақ сапасы жақсарған жерлерді игеру тұрақтылығы артып келеді. Бірақ 2000 жылдан 2016 жылға дейінгі жыртылған жердің ауданы 29, 8 мың, га азайған.
Алматы облысының егістік динамикасы 4-суретте көрсетілді.
Егістіктер мен тыңайған жер көлемдерінің өзгеру динамикасы егістік көлемі азайған жағдайда тыңайған жер көлемі ұлғаятындығын (1991-2000 жылдар кезеңі) және керісінше, егістік көлемінің артуымен тыңайған жер көлемі азаятындығын (2000-2016 жылдар кезеңі) көрсетеді.
Қорытынды
Ауыл шаруашылығы алқаптарының мониторингінің негізгі мақсаты - топырақтың жай-күйін бақылау, олардың өнімділігінің потенциалын арттыру, тиімді пайдалану мен қорғау бойынша ұсыныстар өңдеп шығару, жерлердің жағдайын бағалау болып табылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингі топырақ жамылғысының жай-күйін тексеру және бақылау жүргізу жүйесін көрсетеді.
Жердің жай-күйін зерттеу, топырақ және геоботаникалық зерттеулер жүргізу, топырақты бонитеттеу мен басқа да жұмыстардың үлкен көлемін орындау қажет. Жыл сайынғы зерттеулердің көлемін нормтиавтік көрсеткіштерге дейін ұлғайту, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін топырақ пен өсімдіктер туралы ұлттық деректер базасын құру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz