Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: География, кадастр және жерге орналастыру
Реферат

Тақырыбы: Еліміздегі жер мониторингі қызметінің орындалу тәртібі

Орындаған: ,
Тексерген: ,

Алматы
2021
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім: МОНИТОРИНГ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Мониторингтің жүргізілу реті
Жер мониторингінің міндеттері
Жер мониторингін жүргізу тәртібі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Жер мониторингі - болып жатқан өзгерістерді уақытқа сай анықтау, оларды бағалап, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар үдерістерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай - күйін базалық бастапқы, жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жердің сапалық жағдайына әсер ететін үдерістерді дамытудың сандық сипаттамасын сенімді қол жетерлік алу үшін Республикамызда бақылаудың мемелекеттік территориялдық - зоналдық тармақ пунктері қалыптасты, ол стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдардан тұрады.
Стационарлық экологиялық алаңдарға бақылау жердің сапасына әсер ететін топырақ параметрлеріндегі өзгерістермен жүргізіледі. Сонымен бірге антропогендік және табиғи факторлар: онда дефляция, су эрозиясы, топырақтың тұздануы және сортаңдану, таксикологиялық заттармен ластануы, топырақтың қара шірік мөлшері, азот, азықтық қозғалыс элементтері, топырақтың су физикалық жане физико-химиялық қасиеттерінің дамуы үдерістерінің зертеулері. Бақылаудың мерзімділігі, бақыланатын көрсеткіштер динамикасына тәуелді. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына жер мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Қоқыс тастайтын жер жақын маңындағы елді мекендер қоқыстарын тастауын азайтқан жоқ.
Стационарлық экологиялық алаңдардағы байқау нәтижесі аудандағы табиғи ортаның ластануына көп көңіл бөлу керектігін көрсетеді.
Жер мониторингін жүргізу ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілеті орган жүзеге асырады.

II. Негізгі бөлім
Жер кадастрының қызметі
Жер мониторингі бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келісімдері мен шарттарында айқындалатын тәртіппен және бекітілген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жер мониторингі мына жұмыстарды құрайды.
1. Жүйелі бақылауларды, іздестіруді, суретке түсіруді орындау;
2. Жердің жай - күйін талдау мен бағалауды жүргізу;
3. Жердің құнарлығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
4. Белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай - күйін болжау;
5. Жер туралы деректер жинағын ұйымдастыру.
Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсаты мен аумақтық ауқымы бойынша айқындалады. Жер санатына сәйкес келе отырып жер мониторингі мына жүйелерге бөлінеді:
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі;
2. Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және өзгеде ауыл шаруашылығына жатпайтын жердің мониторингі;
3. Елді - мекен жерлерінің мониторингі;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлердің сауықтыру мақсатында және тарихи, мәдени мақсатындағы жердің мониторингі;
5. Орман қоры жерлерінің мониторингі;
6. Су қоры жерлерінің мониторингі;
7. Босалқы жерлердің мониторингі.
Орындалатын жұмыстар түрлері, әдістері, орындау технологиялары зерттеліп, анықталған кемшіліктерді жою жолдары қарастырылған.
Жер мониторингінің құрылымы Қазақстан Республикасының аумақ бірлігімен анықталады. Жеке аумақтық бірлік бойынша жер мониторингінің құрылымы мына деңгейлерден тұрады:
Қазақстан Республикасының жер мониторингі
Облыстық жер мониторингі;
Аудан және аудан жерлерінің мониторингі (1 суретке сәйкес) Мониторингтің кешенді ақпараттық жүйесі 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының мониторингі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі
Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі
Ауыл шаруашылығын реттеу - ауыл шаруашылық мекемелерін, шаруа фермер қожалығын үздіксіз бақылауды және талдауды қажет етеді.Ауыл шаруашылығында өндірістің негізі жер болғандықтан, оның пайдалану тиімділігін бақылау және топырақ құнарлығын сақтау, жоғарылату қажеттілігі туады. Республикадағы елді мекендердің 44% ауылда тұрғандықтан және ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты ауылдың дамуы, ауылдың әлеуметтік сферасы мониторингін құруды көздейді.Оның обьектісі ауылдың елді мекен пункті және әлеуметтік инфрақұрылымы болып табылады.
Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының мониторингі-ол ауыл шаруащылығы өндірісінің өнімі (өсімдік жүргізу және мал шаруашылығын жүргізу) материалды техникалық базасы, елді мекендегі шаруашылық өндірісі, өнімнің қаражатты-экономикалық көрсеткіштері, ресурстар және ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін пайдалану
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингі-ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жағдайы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің иелену формалары және пайдалану.
Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі-ауылдық елді мекен, ауылдық елді мекендегі еңбек нарығы, өмір сүру деңгейі, ауылдағы білім және мәдениет, денсаулықты сақтау.
Жер мониторингінің міндеттері
Жер мониторингінің міндеттері:
1) жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерді орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар жер мониторингінің жердің санаттарына сәйкес келетін ішкі жүйелері болады. Аумақтық қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергілікті жер мониторингі жүзеге асырылады.
Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жер мониторингі бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру ҚР басқа да мемлекеттермен жасасқан келісімдері мен шарттарында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Жер мониторингінің объектісі болып Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.
Жерге мемлекеттік меншіктік барлық жерлерді, олардың мақсаты мен міндет атқаруы және шаруашылық пайдалануына қарамастан, бірыңғай мемлекеттік жер қорына бірігіуіне нақты себепші болды.
Жер қорының бірлік принципі басты заң - Конституция негізінде өзінің көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрады деп көрстеілген. Жер мониторингінің құрылымы оның нысаналы пайдалануына және аумақты қамтуына байланысты болады.
Жер санаттарына байланысты мынандай жер мониторингінің жүйешелері болады: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі, елді мекендер жерлері мониторингі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері мониторингі, ерекше қорғалатын жерлер мониторингі, орман қоры жерлерінің мониторингі, су қоры жерлерінің мониторингі, босалқы жерлер мониторингі.
Аумақты қамтуына қарай: республикалық, өңірлік (аймақтық) және локалдық немесе жергілікті жер мониторингі. Жер мониторингінің мазмұны тұрақты пунктерде жүйелі бақылаулар, түсірулер, зерттеулер жүргізу арқылы өзгерістерді айқындау, болжау:
- жер учаскелері, алқаптар, танаптардың жай-күйі;
- ауыл шаруашылығы алқаптары құнарлығының өзгеруін болдыратын процестер (су және жел эрозиясы, гумус және қоректік элементердің шығындануы және т.б.);
- табиғи малазықтық өсімдіктердің деградациялануы;
- адамдардың өмір сүру және еңбек ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жер қоры
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Босалқы жерлердің мониторингі
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарын басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АШЫҚ КЕН
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Пәндер