Араб әдебиетінің тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Шығыстану факультеті, Шығыс филологиясы кафедрасы

Жоба жұмысы

Тақырып: Ежелгі және ерте орта ғасырлардағы арабтардың ауыз әдебиеті

Пән: SIFL3305 Шетел филологиясының маманы: Әдебиет
Шетел филологиясы 5В021000 (араб тілі) мамандығы бойынша
Орындаған: 301- топ:
Тексерген:.

Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1.1 Жаһилия заманына қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
1.2. Қазақ ауыз әдебиеті мен араб әдебиеті ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .. 2-3
I Негізгі бөлім
2.1 Жәһилия заманындағы әдебиеттің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ..4-7
2.2 Араб тілі мәдениетіндегі Тағдыр тұжырымдамасының когнитивті және тұжырымдамалық сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-8
2.3 Жаһилия әлемнің паремологиялық көрінісін мақал-мәтелдер арқылы жеткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

Жоба тақырыбы: Ежелгі және ерте орта ғасырлардағы арабтардың ауызша әдебиеті
Жобаның өзектілігі: Араб әдебиетіндегі Жаһилия заманындағы жазушылардың еңбектері әлемге танымал болғанымен, бүгінгі күнде қазақ тіліне аударылған жұмыстар аз. Сол себепті, бұл тақырыпты зерттеу әдебиеттегі бүгінгі Жаһилия заманымен танысу үшін маңызды болып табылады.
Жобаның мақсаты: Әдебиеттегі Жаһилия заманындағы шығармаларды зерттеу арқылы шығармалардағы танымдық- концептуалдық сипаттамасын анықтау.
Жобаның міндеті:
Осы мақсатқа орай мынандай міндеттер қарастырылады:
- Жаһилия заманындағы араб әдебиетіне сипаттама беру;
- Жаһилия заманындағы авторлардың еңбектерін қарастыру арқылы танымдық- концептуалдық сипаттамасының ұқсас жақтарын анықтау;
Жоспар:
Кіріспе
1.1 Жаһилия заманына қысқаша шолу
1.2 Қазақ ауыз әдебиеті мен араб әдебиеті ерекшеліктері
Негізгі бөлім
2.1 Жәһилия заманындағы әдебиеттің жалпы сипаттамасы
2.2 Араб тілі мәдениетіндегі Тағдыр тұжырымдамасының когнитивті және тұжырымдамалық сипаттамалары
2.3 Жаһилия әлемнің паремологиялық көрінісін мақал-мәтелдер арқылы жеткізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

I
I

І. Кіріспе
1.1 Жаһилия заманына қысқаша шолу
Жаһилиет арабтың жаһилия, жаһил деген сөзінен шыққан. Қазақ тілінде жаһилия-надандық, қараңғылық, жаһил-надан деген мағыналар береді.Жаһилия термині Ислам дінінің келуімен пайда болған. Арабтар исламға дейінгі замандары надандық деп есептіп, Құдайды танымай от, пұтқа, тасқа табынып надандық дәуірде өмір сүрген,-деген пікір айтады Ибн Халауия. Жаһилия деп аталуына мынадай бірнеше себептер бар:
1. Арабтардың исламға дейінгі өмірі, мінез-құлықтары.
2. Пайғамбар болмады, Таурат, Зәбур, Інжіл секілді кітап түсірілмеді.
3. Жаһл сөзіне қатысты айтылады. Ол надандық, пасықтық, арамдықтың кең тараған уақыты болатын. Жаһл ислам сөзіне қайшы келеді. Осы себепті жаһилия деп аталған. Араб түбегінде Йемен мен Шам жерінің ортасында Мекке қаласы орналасқан. Айналасында аласа таулар орналасқан Мекке жайлы Құранда аяттар келген. Мекке жаһилия дәуірінде арабтардың діни орталығы болатын. Алғашқы уақытта Мекке жерінде Журһум және кейбір бәдәуи тайпалар өмір сүрген.Меккеде араб тайпаларының пұттары орналасты. Жалпы діндер тарихында самауи, уәсәни деп бөлінеді. Самауи аспаннан түскен діндер, яғни, Таурат, Зәбур, Інжіл, Құран түскен діндер. Уәсәни отқа, пұтқа, тасқа т.б. заттарға, табиғи құбылыстарға табынатын діндер. Жәһилиет дәуірінде араб жерінде самауи, уәссәни діндер қатар болды. Жәһилиет заманындағы діндер жайлы Құран аяттарында және ақын-шайырлардың өлеңдерінде келеді. Құран қиссалары бойынша жәһилитетте араб жазирасында яһудилер мен христиандар, бұттарға табынған және бір Құдайға сенген арабтар өмір сүрген. Тарихул луғатил арабияти. Араб тілі әдебиетінің тарихы. 1-том. Жоржи Зидан. Дар әл-һиләл баспасы. 91 бет. Жаһилия дәуірінің шайырларына Муһалһил, әл-Ханса, әл-Хутайа, Абда ибн әл-Табиб сынды шайырлар кіреді. Бұлардың кейбірі ислам дәуірінде өмір сүргенімен өлеңдері, шығармалары жәһилиет дәуіріне жатады
1.2. Қазақ ауыз әдебиеті мен араб әдебиеті ерекшеліктері
II
Қазақ халқы фольклор саласында айтарлықтай табыстарға жеткен болса, дін мен діни тәрбие салаларында анағұрлым кешеуілдеп келеді. Дін мен қазақ халық әдебиетінде ешқандай байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Дегенмен олай емес, қазақ ауыз әдебиетін Қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері өте көп. Қолыңыздағы еңбекте Құран қиссаларының қазақ ауыз әдебиетіне тигізген әсерлері, Құрандағы фольклоризм мәселелері қамтылған. Мәселен: Бәдір, Ухуд, Исра-Миғраж, Жүсіп-Зылиха, Қыдыр ата секілді дастандардың құран аяттарымен байланыстары жайлы айтылған. Оңтүсітк өңірінің шайырлары, Мәделі, Майлықожа, Құлыншақ Кемелұлы, Молда Мұса, Шәді Төре шығармаларының араб әдебиетімен байланыстары жайлы зерттеулер жасалған. Кіріспе бөлімінде қазақ - араб ауыз әдебиетінің байланысы алғаш Құран Кәрім кітабындағы аңыз, әпсана, хикаялардан басталатыны туралы тақырып алып, ғылыми жұмыс жасауы өте орынды. Ғылыми жұмысы негізгі екі бөлімнен, қорытынды және Дереккөздернен құралған. Қазақ тілінен басқа орыс, араб, түрік, ескі араб әріптерімен жазылған қазақ тіліндегі кітаптарды пайдаланған. Құран Кәрім қасиетті кітаптарындағы діни қиссалар, қазақ жеріне жетіп келген көптеген қазақ қисса дастандарының негізі сол қасиетті Құран Кәрімнен алғаны белгілі. Мысалы: Құран Кәрімде Хазіреті Оспанның р.а. Пайғамбарды қонаққа шақырғаны,-деген сюжет негізінде менің жазып алған жыр, дастандарым арасында Әзіреті Оспанның баласын дүреге жатқызғаны атты қисса пайда болғанын көруге болады. Ғылыми жұмысында осы қиссаның араб әдебиетіндегі нұсқасын тауып сюжет желісінің ұқсастығын салыстыра зерттеуі өте орынды. Келешекте композициясы мен поэтикалық шеберлігін салыстыруда мүмкіндік туады. Магистрант ғылыми жұмысын қазақ, орыс, араб, парсы, түрік тілдеріндегі үлгілерімен сюжеттік үлгісін салыстыра зерттеп бірнеше жаңалық ашуға қолы жеткен. Мысалы Шәді Төренің Хайбар атты қиссасының сюжет желісі Қисасул Әнбия, Сияр Шариф ертегісі негізінде дүниеге келгенін дәлелдей отырып, салыстырып, пікір айтады.
Қазақ әдебиетінің сонау заманнан бері өсіп өркендеп келе жатқандығына еш дау жоқ. Біздің мәдениетіміздің қайнар бұлағы - әдебиет, яғни әдеби жырлар, халық ауыз әдебиеті, сан алуан өлең жыр-дастандар, ақсақалды қарияларымыздың асыл сөздері, сәнді де сазды төгілген күй термелері және т.б. Әр бір ұлт мәдениетінің, әдебиетінің өзіндік өсу, қалыптасу жолы және өзіне тән ерекшеліктері бар. Сол секілді қазақ әдебиеті негізінен діни наным-сенімдермен тығыз байланыста болды. Егер екі-үш ғасыр артқа шегініп сол кездегі жырлар мен әдеби шығармаларда діни терминдер немесе діни тұрғыдағы сөздердің табылмауы мүмкін емес еді. Халқымыздың әдебиетінің діни сеніммен тығыз байланысы халық болып қалыптасқан кезден Кеңес өкіметі құрылған жылдарға дейін жалғасып келеді. Кеңес өкіметі орнап, дін апиын деп танылған соң, діни тұрғыда жазылған шығармаларды теріс пиғылды деп танып, оқырманнан айыруды қолға алды. Дегенмен Кеңес халқы сырттай Құдай жоқ дегенімен, іштей тәубесіне келіп жататын.

III
III

ІІ. Негізгі бөлім
Исламға дейінгі әдебиеттің жалпы сипаттамасы
IV
إقرأ المزيد على ويكي عرب: https:wikiarab.com%D8%A3%D8%B4%D 9%87%D8%B1-%D8%A7%D9%85%D8%AB%D8%A7 %D9%84-%D8%A7%D9%84%D8%B9%D8%B1%D8% A8-%D9%81%D9%8A-%D8%A7%D9%84%D8%AC% D8%A7%D9%87%D9%84%D9%8A%D8%A9
IV
IV
Классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.) өзінің бастауын исламға дейінгі Арабия түбегіндегі көшпенді бәдәуилердің ауыз әдебиетінен алады. Сол дәуірде өз тайпаларының мүддесін қорғап жыр жазған жүзге жуық ақындардың есімі белгілі. Классикалық А. ә-нің исламға дейінгі кезеңін осы поэзия құрайды. Қоғамдық өмірде поэзияның атқарған рөлі зор болды. Халық жиналыстарында, алаңдарда ақындар жиі өлең оқып, арнайы жарыстарда сынға түсетін. Олар, сондай-ақ, өлеңдерінде сарай салтанатын, жарылқаушыларды жырлап, жауларын күлкіге айналдырды. Осы кезеңде бірқатар жанрлардың басын қосқан дәстүрлі қасида пайда болды, элегия мен сатира өз алдына дербес жанр ретінде қалыптасты. Ескі араб өлеңінің бір түрі қыта пайда болды. Араб әдебиетінің төл басы -- "ақындар атасы" аталған Имру-л-Қайс (500 -- 540) болып есептеледі. Ол өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543 -- 569), әл-Харсис ибн Халлиза (т.ж.б. -- 570), Зухайр ибн Аби Сулма (530 -- 627), Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525 -- 615) т.б.Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі рөл атқарды. Араб жазба әдебиетінің ең алғашқы туындысы Құран ислам дінінің негізін салушы Мұхаммедтің өсиет, насихат сөздері мен діни әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылады. Құран діни кітап болғанымен, әдеби тілді қалыптастыру, проза стилін бір ізге түсіру саласында айтарлықтай қызмет етті. Ислам дінінің, Құранның шығуымен байланысты А. ә. жаңа түр, жаңа сипат алды. А. ә-нің дамуына діни күрес қайшылықты сипат берді. Діни бағытты жақтаушы топпен бірге, оған қарсы бағыттағы әдебиет те өрістеді. Бұл реттегі ең елеулі ақындар Хағб ибн Зуайр (т.ж.б. -- 662), Хассан ибн Сабит (т.ж.б. -- 674), Әбу Зуайб әл-биға әл-Жаъди (т.ж.б. -- 699) болды. Ислам дәуірлеп, Араб халифаты өрлеу кезеңінде тұрса да қоғамдағы әр түрлі саяси топтардың, діни ағымдардың ықпалымен саяси лирика өрістеді. Бұл бағыттағы ең елеулі ақындар әл-Ахтал (640 -- 710), әл-Фараздақ (641 -- 732), Жарир (653 -- 733) болды. 8-9 ғ-да көп ұлтты Араб халифаты өзінің гүлдену дәуіріне жетті. А. ә-нің көркемдік түріне, жанрлық сипатына өзгерістер енді. Осы "жаңару кезеңінің" ірі өкілі Башшар ибн Бурд (714 -- 783) болды. Араб сөз өнеріндегі жаңалықты "ақындар патшасы" Әбу Нуас (762 -- 815) дамытты. Классик. А. ә. осының негізінде толық қалыптасты. Араб халифаты ыдырап, бірнеше мемл-ке, әулеттерге бөлінген шақта А. ә. Мысырдың, Сирияның, Ливанның, Ирактың, Иранның т.б. мемл-тердің ұлттық әдебиеті болып бөлшектеніп бөліне дамыды. Халифаттың ыдырау дәуірінде өмір сүрген ұлы ақын, "әлемді жырға толтырған" Әбу ат-Таийб әл-Мутанабби (915 -- 965) дүние жүзі әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғалардың бірінен саналады, поэзияның барлық жанрында бірдей классик. жырлар туғызған жаңашыл ақын А. ә-н тақырып жағынан байытып, мазмұн жағынан тереңдете түседі. А. ә-ндегі ең ірі ағымдардың бірі сопылық әдебиеттің бастауы узрит лирикасы да классик. әдебиет дәуірінде қалыптасты ("Мәжнүн -- Ләйлі", "Қайыс -- Лубне", "Жамал -- Бусайна" т.б.). Иранда Ибн әл-Мукаффа А. ә-де көркем прозаны дамытты, ірі аудармашы болды (қ. Калила мен Димна). Сондай-ақ, Иранда жаңа бағытқа жол тапқан этностық жанрдағы әдебиет (Фирдоуси т.б.) көрінді. 10 ғ-да Сирия мен Иран А. ә-нің орталығына айналды. Әбу-л-Аъла-әл-Маърри (973 -- 1057) т.б. сол кезең әдебиетінің ірі өкілері. Осы кезеңде жасалған ірі прозалық туынды "Антараның ерлік істері" романы мен араб ертегілерінің бір желіге түсірілген жинағы -- "Мың бір түнді" атауға болады. 15-18 ғ-лардағы Араб әдебиеті ең аз зерттелген. Классик. дәстүрдің құлдырауы, кезеңдік тоқырау жаңа әдебиеттің қалыптасуына ықпал етті.Ү-ҮІ ғасырлардғы исламға дейінгі дəуірдегі солтүстік Арабия əдебиетінің мазмұнына əсер еткен жағдайлар Арабияның тайпалық құрылымы жəне оның ыдырауымен, халқының көшпелі жəне отырықшы тұрмысымен, Солтүстік Арабия территориясындағы ІІІ-ІҮ ғасырлардағы алғашқы жазба ескерткіштермен, олардың жазылу уақытымен, мазмұнымен, тілімен жəне шрифтінің зерттелуімен байланысты. Сонымен қатар исламға дейінгі Арабияның ауызша поэзиясының шығуы, яғни сөз өнеріндегі араб дəстүрі туралы мəселеде батыс еуропалық жəне ресейлік ғалымдардың пікірлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Араб өлең өлшемі, ұйқас түрлері, ежелгі поэзия тілі мен
оның мазмұнындағы бəдəуилердің өмірі мен тұрмысының суреттелуі осы кезеңдегі поэзияның көркемдік ерекшелігі болып табылады. Бұл кезеңде ақындар тайпа мүддесін қорғаушылар ретінде саналатын еді. Осы уақыттағы поэзияның негізгі формасы қасыда болды, оның құрылысы ғылымда жіті зерттелді. Ежелгі поэзияның негізгі жанрларына фахр, мадх, хиджа, насиб, уасф, риса, хикма, хамрийат жатады, кейін Шығыс əдебиетінде осы жанрлардың кейбірі өз алдына жеке дамыды. Бұл кезеңдегі поэзияның негізгі көркемдік тəсілі салыстыру болды. Ежелгі араб поэзиясының көрнекті ірі ақындарының қатарында Имру' ул-қайс, Тарафа, Əмр ибн Кулсум, Харис ибн
Хиллизе, Антара, Зухейр, Лебид, əл-А'ша, Алқама, қашқын ақындар деген анықтауға ие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Мың бір түн сюжеттері негізіндегі қазақ ертегілері
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Түркі халықтары әдебиеті
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша)
Пәндер