Дауысты және дауыссыз фонемалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Пән бойынша глоссарий

1. Вокализм (лат. Vocalus - дауысты дыбыс) - тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.

2. Гаплология (грек. Hapleos - қарапайым және logos - сөз, ілім) - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн - бүгін, алып кел- әкел.

3. Деривация (лат. Depivatio - жасалу) - бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т. б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса ( бас - бастық ), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді ( сайла - сайлау ) .

4. Диахрония (грек. diachoponos - уақыттың өтуі) - тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.

5. Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) - сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады.

6. Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады, мысалы: честный - чесный, қалмады - қамады т. б.

7. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері - сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.

8. Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) - тілдегі диалектідегі, говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.

9. Метатеза - (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) - сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.

10. Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас - рас, ылай - лай .

11. Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) - дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция - сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы) нас, дәр (і) гер , т. б.

12. Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу) - морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.

13. Синхрония (грек. Sync - hronos- бір мезгілде болатын) - белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.

14. Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) - сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі.

15. Фонема (грек. phonema - дыбыс, дауыс) - тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.

16. Фонология (грек. phone - дыбыс және logos - сөз, ілім) - тілдің дыбыстық құрылысы мен қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы.

17. Элизия (лат. elisio - шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы - аферизис деп аталады.

18. Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы - аузы .

19. Эпентеза (грек. epenthesis - қосынды) -сөздегі қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: кровать - кереует .

20. Диахрония (грек. diachoponos - уақыттың өтуі) - тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.

21. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері - сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.

22. Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс.

23. Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс.

24. Аллофон - бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқуы.

25. Комбинаторлық реңк - фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі.

26. Сөйлеу аппараты - дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т. б.

27. Дауыс немесе тон - керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдеп, одан үн пайда болуы.

28. Сипаттамалы фонетика - тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады.

29. Тарихи фонетика - белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.

30. Екпін -Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы.

31. Лебізді екпін немесе динамикалық екпін - буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы.

32 . Тоникалық немесе музыкальды екпін - басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделуі.

33. Квантативті екпін - басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы.

34. Жылжымалы екпін - екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беруі.

35. Лингвальдық сингармонизм - тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндесеуі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылауы.

36. Лабиальдық сингармонизм - бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі.

37. Омофон - грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин.

38. Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин.

39. Пунктуация - тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала.

40. Проклитика - өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы

41. Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Тақырыбы:«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, салалары, зерттелу жайы.

№ 1-2 дәріс.

1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының салалары.

3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.

Мақсаты: Қазіргі қазақ тілінің фонетика курсының объектісі мен міндеті, көлемі мен жіктелетін салалары жайында мағлұмат беру.

Жоспары:

1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы фонетикасының салалары.

3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.

Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс . Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.

Фонетиканың зерттейтіндері - тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.

Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.

«Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді, басқаша айтқанда, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс құбылыстардың себепті байланыстарын қарастыра отырып, тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді».

Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.

Сипаттамалы фонетикатілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетикабелгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді. :

Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.

Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.

Фонетиканы зерттеу тәсілдері.

1. Адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;

2. Дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;

3. Дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;

4. Буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;

5. Сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;

6. Сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.

Фонетикалық дыбыстаңба. Фонетикалық дыбыстаңба, фонетикалық транскрипция (лат. латtranscriptio -қайта көшіріп жазу) - ауызша айтылған сөздің дыбысталуын неғұрлым дәл беру үшін қолданылатын жазу тәсілі.

Фонетикалық жазу. Фонетикалық жазу - дыбыстық жазу. Емле ережелерінің фонетикалық принципіне негізден жазу, яғни сөздерді айтылуы бойынша жазу. Қазақ жазуында түбір сөздердіңкөпшілігі айтылуы бойынша жазылады. Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, құс, түн.

Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:

1) дыбыс шығаратын дене;

2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;

3) ауа толқырлық кеңістік.

Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,

2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,

3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, қуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.

Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н. И. Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргзского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162 беттік еңбектің 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тілі, оның дыбыстық және грамматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғашқы пікір айтылған. Н. И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ұ, ү, д, п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады . Н. И. Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған. Сонымен қатар қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, өзара үндесуі, дыбыстық алмасулар да зерттеуші назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Н. Ильминский сөздігінде «ауұтқу, бүгілөк, бұлдіргө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдүрөуүш, мұрұндұқ, өмүлдүрүк, өтүрүк, сүңгүрүуұр, тұгөндө, үйүрүм, үрүптөс (сроду родившисеся двое) » деген сияқты сөздердің үндестік заңдылығына сай жазылуы ХІХ ғасырда қазақ тілінде ерін үндестігінің ықпалы зор болғандығынан хабар береді. Н. И. Ильминскийдің сөздігі - тұңғыш қазақша-орысша сөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар (ä, ö, у, і, w, j, k, г', нь) ғана өзгеріске ұшырады.

Қазақ лексикографиясының тарихы үшін маңызы бар еңбек -Л. З. Бутаковтың (1812-1878) «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі томдық сөздігі. Еңбекте сөздер араб әріптерімен жазылған. Тек екінші томында ғана сөздердің орыс тіліндегі транскрипциясы берілген.

А. В. Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й, у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстық бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдұрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұған, күлтөлөнгөн, күлүмдө, күңкүлдө, дауұл сияқты кітаптың сөздігінде енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.

Қазақтың ағарту саласында маңызды орын алатын Ы. Алтынсариннің «Киргизская Хрестоматия» деп аталатын еңбегі. Аталған оқу құралы 1879 жылы жарыққа шықты. Хрестоматия орыс графикасы негізінде автордың өзі жасаған қазақ алфавитімен басылып шыққандығымен ерекшеленеді. Өз заманы тұрғысынан қазақ баласының орысша сауат ашуына үлкен септігі тиген бұл еңбекте қазақтың сөйлеу тілінің табиғатын дәл бере алмаған.

Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В. В. Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В. В. Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұңда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық ( а, ә, е, о, ө), қысаң (ы, і, ұ, ү), жуан ( а, о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і), еріндік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е, ы) деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң ( қ, к, т, п, с, ш), ұяң (ғ, г, д, б, з, ж), үнді (н, ң, м, р) және аралық немесе жарты дауысты (у, й ) дыбыстар деп бөлген.

В. В. Радлов л дыбысын әрі жуан, әрі жіңішке айтылатын екі дыбыс деп қараған. Бұдан өзге ол қазақ тілінен екі, үш дыбыстың қосындысынан тұратын дифтонг, трифтонгтарды көрсеткен. Бірақ бұл пікірі шындықа сай келмейді. Түркітанушы В. В. Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына түсетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған. В. В. Радлов, әсіресе, дауыстылардың сингармонизіміне айрықша назар аударады. Тіл үндестігіне зор мән береді де, ерін үндестігіне айырықша мән бермейді. Оның «Опыт словария тюркиских наречий» дейтін атақты сөздігінде қазақ сөздері мол қамтылған. Автор келтірген сөздерін барынша айтылуына жуықтатып жазғанын айтады. Сөздікте ХІХ ғасырда ерін үндестігінің жақсы сақталғандығын көреміз. Мысалы: бүлдүргө, бүрмөлө, бүркөндүр, бүркөншүк, бүгөжөк, бүгөжөкте, бөлтүрүк, бөдөнө, бөпө, бөбөшүк, жұдұрұқ, жұлдұздұ, жөндөндүр, көгүлдүр, жүрөксүздүк, көңүлшөк, көрүмдүк, көргөндү, көзүлдүрүк, көлөңкөлү, күңүрөндүр, күлдүрөуүш, төңөрөктө, тоқтаусұз, төбөлөстүр, тұмұлдұрұқ, түймөлө, түймөлү, түгөндө, түңүлдүр, т. б.

ХІХ ғасырдың соңында бірнеше сөздіктер жарық көрді. «Киргизская хрестоматия» (авторы А. Е. Алекторов; 1898), «Краткий русско-киргиский словарь» (Оренбург, 1894), «Русско-киргизский словарь (1899) еңбектерінде де ерін үндестігінің жақсы сақталғанын аңғарамыз.

Зерттеуші М. Мелиоранскийдің (1868-1906) «Киргизские пословицы и загадки», «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын еңбектерін жариялайды. «Краткая граматика казах-киргизского языка» 1894 - 1895 жылдары жарық көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, граматикалық құрылымы біршама толық баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтады. Еңбекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 9 дауыстыдан(а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 20 дауыссыздан тұратындығын анықтайды (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, в) . Автор көрсеткен дыбыстардың араб, орыс жазуындағы таңбалық сипаттарын және дыбыстық бейнелерін салыстырып келтіреді. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен қатар қазақ тілінде сингармонизм заңы жақсы сақталғанын, соған байланысты сөздер бірыңғай жуан не жіңішке болып келетінін, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады. П. Мелиоранский араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздерінің қазақ тілінде игерілуінің заңдылықтарын зерттейді.

ХІХ ғасырдың соңында орыс графикасы негізінде жазылған «Ақыл бере тугун кнеге» (Қазан, 1884), «Езгілікке үйрететін кнеге» (Қазан, 1892), «Балықшы мен балық хақында» (Қазан, 1899), «1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарь» деген әртүрлі мазмұндағы кітаптар жарық көрді. Аталған кітаптар қазақ жазуының даму тарихы, орфографиясын, орфоэпиясы зерттеуде тілдік материалдар ретінде қолдануға болады.

ХХ ғасырдың басында жазылған И. Лаптевтің «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900), Н. Катановтың «Опыт исследования урянхайского языка» (Қазан, 1903), «Букварь для киргизов» (1908), Н. Созонтовтың «Записки по граматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарында қазақ тілінің дыбыстық құрылымына қатысты пікірлер айтылғанымен, қазақ тілінің фонетикасы үшін маңызды емес.

В. Катаринскийдiң «Грамматика кирзиского языка» (Орынбор 1897), Лаптевтiң «Материалы казах-киргизскому языку (Москва, 1900), Н. Катановтың «Опыт исследованя урянхайского языка» (Казан, 1903), Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кiтаптарында қазақ тiлiнiң дыбыстық құрылымына қатысты пiкiрлер кездеседi. 1908ж. «Букварь для киргизов» деген кiтап жарық көрдi. Онда дыбыстарды дауыстар деп алып, оны оңай және қиын деп екiге бөлдi. Оңай деп отырғаны - дауыстылар, қиыны -дауыссыздар.

Қазақ даласында 1870 жылдан бастап шыққан тұңғыш газет «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уәлаятының газеті» араб графикасын пайдаланды. Газет беттерінде халықтың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі, болашағы сияқты мәселелермен қатар қазақ жазуына қатысты пікірлер де басылды.

ХХ ғасырдың басы қазақ тіл білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ даласында болған саяси өзгерістер мен мәдени жаңалықтар ұлттық ғылымның дамуына игі әсер етті. Жазудың қоғамдағы кең қызыметі қазақ тілінің көптеген мәселелерін аз уақыт ішінде шешуді талап етті. Сонымен қатар қазақ балаларының жаппай мектепке тартылуы және білімді ұлттық тілде алуы оларды оқулықтармен қамтамасыз етуді керек етті. Осы сияқты оқиғаларға толы тарихи кезең сол заманның көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақ азаматының мойнына үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазақ мектептерінің ұлттық тілде оқып-білім алу қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуді қажет етті. Соған байланысты қазақ тілі грамматикасының зерттелуі мәселелері күн тәрбіне қойылды. Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген Қазақстан азаматы қазақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазуына, оның грамматикалық құрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет беттерінде жариялап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес қосқан қоғам қайраткері, зерттеуші А. Байтұрсынұлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркология
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
Дауыссыз дыбыстар емлесі
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
Бер және дауыссыз дыбыстардың орналасуы
Дауысты фонемалар
Қазіргі қазақ фонетикасы жайлы
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзге тілдерден айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz