Нарықтық экономикаға көшу шаралары


Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ түрік университеті
Заң факултеті
Орындаған: Оразбек Г.
Қабылдаған: Тулегенов Е.
Тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстан экономикасының даму үдерісі
Нарықтық экономикаға көшу шаралары:
- Басқару жүйесі: жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.
- Баға мен ақша: баға ырықтандырылып, ұлттық валюта енгізілді.
- Жекешелендіру: өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жекешелендіру жүргізілді.
- Реферма жүргізу: дағдарысқа қарсы шаралар жүргізу және экономиканы тұрақтандыру.
- Инвестиция тарту: экономикаға шетелден инвестиция тарту.
Қазақстан Республикасы егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшылығы таңдаған «алдымен - экономика, содан соң - саясат» деген айқын жолмен ілгерілеп келе жатырмыз. Тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап республика басшылығы ұллтық валюта енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді.
Қазақстанның экономикалық реформаларында ұлттық валюта теңгенің енгізілуі 1993 жылы 15 қарашада жүзеге асырылған болатын. Алғашқы басып шығарылған валютада Әл-Фараби, Сүйінбай Арынұлы, Қорқыт баба, Шоқан Уалиханұлы, Абай Құнанбайұлы, Әбілқайыр хан секілді тарихи тұлғалар бейнеленген болатын. Бұл валюта Ұлыбритания мемлекетінде құпия тұрде жасалып, Алматы қаласына арнайы рейспен жеткізілді. Экономиканың дамуы, экономикадағы сұранысқа байланысты үлкен номиналдағы купюралар шығарылды. Ұлттық валюта енгізуі зор тарихи маңызы бар оқиға. Ол Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. Еліміздің алғашқы президенті Н. Назарбаев айтқандай: «Біздің ұлттық валюта - тенге - ел тәуелсіздігінің символы».
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес
қаулы етемiн
:
1. Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08. 00-ден бастап (жергiлiктi уақыт) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге айналымға енгiзiлсiн.
2. 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08. 00-ден бастап (жергiлiктi уақыт) теңге Қазақстан Республикасындағы бiрден-бiр заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрiнде айналыста болады.
3. Теңгенi Қазақстан Республикасының аумағында меншiк нысандарына қарамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердiң барлық түрiнде, сондай-ақ ешқандай шектеусiз салымдар мен шоттарға қосу үшiн банктер қабылдауға мiндеттi.
4. Осы Жарлық қол қойылатын сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев. Алматы қаласы, 1993 жылғы қарашаның 12-сi. Қазақстан Республикасы. 10 жыл шежiресi. - Алматы, 2001, 170-б.
Бағаны ырықтандыру мен өнеркәсіптерді жекешелендіру 1992 жыдан басталды .
Қазақстанды нарықтық экономикаға көшірудің үш кезеңі белгіленді:
- І кезең. 1991-1992 жж
- ІІ кезең. 1993-1995жж
Осы мерзімдерде жүргізілген іс жоғарғы кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің жарлығымен бекіді.
- ІІІ кезең. 1996-1998жж
Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқада құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.
Қазақстанда жекешелендіру қашан басталды және қандай кезеңдерден өтті ?
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процессі 1991 Республикамыздың егемендік алумен басталған болатын. Жекешелендіру Қазақстанда 3 кезеңде өтті:
І кезең: Кіші жекешелендіру бағдарламасы бойынса мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары жаппай сатылды не болмаса еңбек ұжымдарына берілді.
ІІ кезең: Жаппай жекешелендәру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді. Жеке жобалар бойынша бес өнеркәсіп орыны ақшаға, ал 1700 зауыт пен фабира инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорын сенімді басқаруға тапсырылды. Оның ішінде 12 сі шетел инвесторларына берілді.
ІІІ кезең: Жекешелендіру отын энергетика, көлік, денсаулық, . ылым салаларында өтті.
Осылайша Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дағдарыстан шығу мақсатында жоспарлы экономика саясатынан бас тартып, нарық экономикаға көшті.
Нарықтық экономикаға көшудің құқықтық негізін құру маұсатында ҚР Парламенті қабылдаған заңдар:
- «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы» Заң;
- «Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлары туралы» Заң;
- «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылықтағы қызмет бостандығы туралы» Заң;
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заң;
Қазақстан Республиасының экономикасын дамыту үшін алдыға қойған мақсаттардың бірі мемлкетке инвистиция тарту болатын. 1997 қыркүйек айында Ұлыбритания мемлекетінің астанасы Лондон қаласында «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция өтті. Ол конференцияның біз үшін маңызы өте зор еді, себебі, сол уақыттағы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ахметжан Есімов, қаржы министрі Александр Павлов, Қазақстан ұлттық банкінің бастығы Ораз Жандосов баяндама жасады. Қазіргі таңда инвестиция құйып отырған мемлекеттер саны сол кездегімен салыстырғанда әлде қайда жоғарылаған. Бұл біздің мемлекетіміз экономиканы жақсарту үшін көп еңбетеніп келе жатқанының айқын көрінісі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.
Абенов Е. М., Арынов Е. М., Тасмагамбетов И. Н. Казахстан: эволюция государства и общества. А., 1996.
Назарбаев Н. А. Стратегия становления и развития казахстана как суверенного государства. А., 1992.
Назарбаев Н. А. На пороге XXI века. А., 1996.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz