Жоғары оқу орындары үшін оқу құралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

http://www.kaznu.kz/content/main/images/news/9361_large.gif

Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО

СӨЖ

Тақырыбы: Зақымдаушы факторлардан жеке құрамды қорғау бойынша, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру

Орындаған: Сабырбаева Н. Қ.

Тексерген : Абишев Б. Ж.

Алматы - 2021 жыл

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімЗақымдаушы факторлардан жеке құрамды қорғау бойынша, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халықты жаппай зақымдаушы қарулардан қорғау (Зашита населения от оружия массового поражения) - ядролық, химиялық және бактериялық (биологиялық) қарудан адам шығынын барынша азайту үшін жүргізілетін қорғаныш. Оған мынадай шаралар кіреді: қорғаныш ғимараттарын дайындау және адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету; халықты ірі қалалардан қала сыртындағы аймаққа көшіру, қарсыластың жаппай зақымдаушы қаруларды қолданып шабуыл жасау қаупі төнгендіп жөнінде халықты хабарландыру; зақым ошақтарында құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету; радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау жасау және айналадағы ортаның, тағам шикізатының, азық-түліктің, ауыз судың зақымдануына бақылау жүрпзіп, қадағалау; санитариялық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық шаралар ұйымдастыру.

Жеке қорғану құралдары - жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шүлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т. б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нүсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шулық, колғап) болып табылады.

Құтқару жұмыстарының қауіпсіздігі психологиясы тұрғысынан тәртіптің болмауы адамның еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтамауға, жауапкершілікті сезінудегі тұрақты бейімділігінде көрінеді. Тәртіпсіздік көрсете отырып, қызметкер сол немесе басқа себептерді басшылыққа алуы мүмкін. Олардың бірі - энергияны үнемдеуге ұмтылу (жалқаулықтың көрінісі) . Жазатайым оқиға болмауы мүмкін екенін ескере отырып, энергия үнемдеу үшін қызметкер жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кейбір операцияларды әдейі өткізіп жібереді. Тәртіпсіздіктің мотиві энергияны аз шығындаумен көп ақша табуға деген ұмтылыс болуы мүмкін. Бұл кезде қызметкер ақаулы жабдықта жұмыс істей алады, еңбектің соңғы нәтижелерімен тікелей байланысты емес, бірақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жеке операцияларды өткізіп жібере алады. Қызметкердің тәртіпке бағынбауы бөлімдегі тәрбие жұмысының нашарлығының нәтижесі болуы мүмкін.

Негізгі бөлім

  1. Зақымдаушы факторлардан жеке құрамды қорғау бойынша, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру

Ұйымдастыру және халықты уақтылы хабардар ету және оған қажетті ақпаратты жеткізу жауапкершілігі Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі тиісті басқару органына жүктеледі.

Тұрғындарды эвакуациялау және тарату

Халықты эвакуациялау - азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мен өзге де елді мекендердің аумағынан өз қызметін қала маңындағы аймаққа ауыстыратын немесе соғыс уақытында оны тоқтататын азаматтық персоналын, мүгедектер мен жұмыссыздарды ұйымдасқан түрде шығару немесе шығару жөніндегі іс-шаралар кешені. өндірісінде халықты, сондай-ақ апатты су басу қаупі бар аймақтарда тұратын халықты.

Халықтың таралуы - бұл ықтимал қауіпті аймақтардан ұйымдасқан түрде шығару және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Дисперсиялық және эвакуациялау әдістері:

аралас әдіс - көліктің барлық түрлерімен экспортпен ұштастыра отырып, халықтың негізгі бөлігін жаяу қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде шығару;

көліктік әдіс - халықты қауіпсіз аймаққа көшіру үшін көлік пайдаланылғанда;

жаяу - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және оқу орындарының жұмысшылары мен қызметкерлерін эвакуациялайды, олардың қызметін қала маңындағы аймаққа ауыстырады және соғыс уақытында тоқтатады.

Тұрғындарға эвакуацияның басталғаны туралы кәсіпорын, мекеме, оқу орындары, үй шаруашылығы арқылы хабарланады. Ол үшін радио, телефон, теледидар, газеттер, көше дауыс зорайтқыштары, халықты хабарлаудың мобильді пункттері (радиокүшейткіштері бар автокөліктер) және басқа да құралдар пайдаланылады. Қайда және қашан келу керек, қандай құжаттар мен заттарды алып кету керектігі хабарланады.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының
мiндеттерi

1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi:
төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөнiндегi құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар;
адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi профилактикалық жұмыстар;
кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау;
қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады.
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге:
қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу;
қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу;
халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу;
құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткiзу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөнiндегi мiндеттер жүктелуi мүмкiн.

2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын
мемлекеттiк қолдау

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн:
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi;

ұйымдарға, өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып-үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi;
құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар жүйесiн қарастырады;
халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне) қаржы жағынан қолдау көрсетедi.

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар жатады.

1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:
тұрақты штат негiзiнде - кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер;
ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша - республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар) және аумақтық;
ұйымдар басшылығының тарапынан - объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады.

3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады.

4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi.
Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Авариялық-құтқару қызметтерi мен
құрамаларының құрамы мен құрылымы

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын
жасақтау

1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне, құтқарушылар даярлау жөнiндегi білім беру ұйымдарында оқуға медициналық байқауда құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған және олардың кәсiби даярлығы мен дене шымырлығына, моральдық-психологиялық қасиеттерiне қойылатын талаптарға сай келетiн азаматтар қабылданады.

3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларында құтқарушылар мiндетiн атқаруға жасы 18-ге толған, құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар жiберiледi.
Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсіби білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады.
Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде және құрамаларында үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі.

4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне азаматтарды қабылдау кезiнде олармен еңбек шарты жасалынады, онда еңбек шартын жасасу мен тоқтату шарттары; құтқарушылар жұмысының ерекшелiктерi мен режимi; еңбекақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары; құтқарушыларға арналған әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; құтқарушылардың өздерiне жүктелген мiндеттердi және кезекшiлiкте, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары басшыларының өкiмдерiн мүлтiксiз орындау мiндеттемесi баянды етiледi.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын
тiркеу

1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының
қызметi

1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөнiндегi өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады.

3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкілетті орган iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi.

4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi.

5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.

6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын
аттестаттау

1. Барлық авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен аттестатталуға тиiс.

2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына - тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі.

3. Егер аталған ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының дайындығы және жай-күйi авариялық-құтқару қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сай келмеген жағдайда, ондай ұйымдардың қызметi толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады. Аталған ұйымдардың қызметiн тоқтата тұру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының
жұмысын үйлестiру

1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел медициналық көмек
1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика
Қоян өсіру, қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы
Қоян өсіру, қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы
Психикалық құбылыстарды жіктеу
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі
Серпін - 2050 әлеуметтік жобасы
Мектеп математика мұғалімін оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмысына дайындау жолдары
Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz