Тәңірлік дін



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Дін және руханият
әдіснамасы.
Орындаған: Аяпберген Н.Х
Қабылдаған: Байрова А.Д
Тобы: ТП-18-1К1

Дін және руханият әдіснамасы.

ЖОСПАР:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
а) Ежелгі діндер
ә) Тәңірлік дін
3. Қорытынды.
4.Пайдаланған әдебиеттер.

Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі
еді.Бір жағынан, қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні
-Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм
діннің, буддизмнің, христиандықтың ықпалдары болды.
Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі-зороастризм.Бұл діннің
негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні
ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта
ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен.
Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы- от,
бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың не нәрсені отпен
аластауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек.
Зороастризмнің екінші бір қағидасы - дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-
қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани - тәндік,
пайдалы - зиянкес, адал-арам, ақ-қара, жақсы-жаман, т.б. Қазақстан жерінен
зороастризм орындары ашылған. Соның бірі- Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны.
Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа
күлін салып қоятын болған.
Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі.Көне
түріктер Бір Тәңірі деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің
түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен
қарайтын, соларды
таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл
жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық Алла, Құдай ұғымдарына жақын
келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде
қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы
түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы
ең көне бірқұдайлық дін.
Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың
тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да,
өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың
арғы бабалары Күнге, Айға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр
ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.
Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі
қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің
де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм,
анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз - адамдардың өздерін белгілі
бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне
түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір
бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм-белгілі бір заттың
адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа,
жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.
Анимизм - бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру.
Магияжанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ
бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы
Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне
аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі
қағандарын буддизмнің: Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі діни түсінік
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Діннің қазіргі Қазақстанда атқаратын рөлі
Түркі мәдениеті. Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ағымдарының әсері
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениеті
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
Дін және адам
Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
Діннің анықтамасы
Пәндер