Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Ақпараттандыруұғымы. Ақпараттандыру үдерісініңмақсаты мен міндеттері. Ақпараттандыру үдерісіне әсер етушіфакторлар. Қоғамды . Қоғамды ақпараттандырудыңдаму кезеңдері. Білімді және жағымсыз жақтары.

Ақпараттандыру - елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою жаңа ақпараттық техналогияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сияқты бағыттарда көп күш сынауды талап етеді. Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-шы жылдарында басталса, ол 70-жылдары - Жапонияда, 80-жылдары-Батыс Европада етек ала бастады.

Ақпараттандырудың мақсаты - жұмыс өнімділігін арттыру мен еңбек ету жағдайларын жеңілдету мақсатында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асыруда ақпараттық ресурстарды қалыптастыру шешуші роль атқарады. Бұл нақты әдіснамалық бағыттар мен ғылыми негізделген технологияларға сүйеніп қажетті педагогикалық өнімді жасақтайтын мақсатты бағытталған процесс.

Білім беруді ақпараттандыруға әсер етуші факторлар:

  • ашық ақпараттық қоғам жағдайында білім берудің мәнін философиялық түсіну деңгейі
  • білім беруді ақпараттандыру сферасындағы мемлекеттік саясат
  • ашық ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру мәні
  • педагогикалық теория мен білім беру практикасының деңгейі

Қоғамды ақпараттандыру бағыттары - бұл ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-технологиялық әдістерді құратын адамдар, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар үшін ақпараттық жүйелерді қолдану. Қоғамды ақпараттандыру қазіргі заманның прогресі болып саналады.

Қоғамды ақпараттандырудың даму кезеңдері тарихи үдерісі өз заманында пайда болған жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық революциялар тізбегі арқылы дəл сипатталады. Ақпаратық революция қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына əкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне таратудың тəсілдері мен аспаптарының өзгеруінен тұрады. Мұндай революциялар алтау. Бірінші ақпараттық революция тіл мен адамның анық сөйлеуінің пайда болуынан тұрады. Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына байланысты. Бұл ойлап табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның шынайылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең жағдай жасады. Үшінші ақпараттық революция XV ғасырда ақпараттық технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап басып шығаруды ойлап табудан туындаған. Бұқаралық ақпараттың газеттер мен журналдар сияқты баспа құралдарының пайда болуы мен дамуы - осы үшінші ақпараттық революцияның нəтижесі. Төртінші ақпараттық революция ХIХ ғасырда басталды. Ол кезде ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио жəне теледидар сияқты құралдары ойлап табылды. Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана бастаған кезде, XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМді ғылыми ақпаратты өңдеуге қолдану адамның ақпаратты белсенді жəне тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін түбегейлі түрде өзгертіп, өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғашқы рет интеллектуалды еңбектің өнімділігін арттыруға жоғары тиімді құралға ие болды. Бүгінде біз ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желілердің пайда болуы жəне олардың мультимедиа технологиялары мен виртуалды шындықпен интегралдануына байланысты алтыншы ақпараттық революцияның куəсі болып отырмыз. Алты революция қоғамды өзгертті. Ақпараттандыру үдерістерінің бар екендігі туралы айтуға болатындай ақпарат пен ақпараттық технологиялар көз алдымызда дамуда əрі - тарауда. Ақпараттандыру қоғам өмірінің барлық салаларына революциялық əсер жасай отырып, адамдардың өмір сүруі мен қызмет етуі жағдайларын, олардың мəдениетін, жүріс-тұрыс стереотипін, ойлау жүйесін түбегейлі өзгертуде.

Білімді ақпараттандыру құралдарын білім қызметі саласының қайсысын да болмасын пайдалану əр қашан дұрыс болатындай əсер қалдыруы мүмкін. Айтары жоқ, көп жағдайда бұл тура осылай. Сонымен бірге білімді ақпараттандырудың бір қатар теріс қырлары да бар. Əр педагогтың білімді ақпараттандырудың жағымды факторларын біліп, практикалық жұмыста ескеруі қажет. Мамандар дайындау жүйесінде ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану оқу орнының педагогикалық жəне ұйымдастырушылық қызметінің келесі: · білім мазмұнын іріктеу мен қалыптастыру əдістері мен технологияларын жетілдіру; · информатика мен ақпараттық технологияларға байланысты оқытудың жаңа арнайы оқу пəндері мен бағыттарын ендіріп дамыту; · информатикаға тікелей байланысты емес дəстүрлі пəндердің көбісін оқытуға өзгеріс енгізу; · оқыту тиімділігін оның дараландырылуы мен сараландырылуы деңгейін өсіру, қосымша мотивациялық (қызығушылық) тетіктерін пайдалану арқылы арттыру; · оқу үдерісінде əрекеттістіктің жаңа түрлерін ұйымдастырып, оқытушы мен оқушы қызметінің мазмұны мен сипатын өзгерту; · білім жүйесін басқарудың механизмдерін жетілдірудің елеулі мүмкіндіктерімен байытылуына əкеп тірейді. Білімді ақпараттандыру үдерісі, пəндік салалар мен қоршайтын ортаның заңдылықтарын танудың интегралдық беталысын қолдай отырып, оқушы тұлғасының дамуы үшін ақпараттық технологиялардың зор мүмкіндігін пайдалануға тəсіл-амалдар жасауды көкейесті етеді. Бұл үдеріс оқушының белсенділігі мен пəрменділігінің деңгейін арттырып, балама ойлау, оқу есептерінің, сол сияқты практикалық есептердің де шешімін іздеу стратегиясын жете зерттеу дағдыларын қалыптастыру қабілеттіліктерін дамытады, зерттеліп отырған нысандарды, құбылыстарды, үдерістер мен олардың арасындағы əрекеттестікті моделдеу негізінде қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы нəтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Білімді ақпараттандырудың оң жақтары тек осы аталғандар ғана емес. Нақтылы ақпараттық технологиялар мен білімді ақпараттандыру салаларын оқу барысында ақпараттандырудың басқа да көптеген «жағымды жақтарыі» сипатталатын болады. Білімді ақпараттандырудың қазіргі құралдарын оқытудың барлық түрлеріне пайдалану теріс зардаптарға келтіруі мүмкін. Атап айтқанда, ақпараттандыру құралдарын пайдаланып оқытудың артықшылықтарының бірі оқытуды дараландыру деп жиі атайды. Бірақ бұл жерде артықшылықтармен қатар, жаппай дараландыруға байланысты ірі кемшіліктер де бар. Дараландыру оқу үдерісіндегі оқытушы мен оқушының, оқушылардың онсызда шектеулі өзара көзбе-көз қарым-қатынасын, оларға «компьютермен диалог» түріндегі қарым-қатынасты ұсына отырып, көп төмендетеді. Бұл ауызба-ауыз сөйлесуді белсене пайдаланатын оқушыны білімді ақпараттандыру құралдарымен жұмыс істеу кезінде, қашықтан оқитын студенттерге ерекше тəн, ұзақ сөйлемейтін етеді. Адам ойын объективтендіру мүшесі - тіл өшіріліп, оқытудың көп жылдары бойы қозғалыссыз қалады. Оқытушы диалогтық қарым-қатынастың, кəсіптік тілде ой қалыптастыру мен тұжырымдаудың жеткілікті практикасын ала алмайды. Ақпараттандыру құралдарын білім берудің барлық түрлерінде жаппай пайдаланудың тағы бір елеулі кемшілігі əлеуметтік байланыстардың тежелуі, əлеуметтік өзара əсер мен қарым-қатынас практикасының қысқаруы, дарашылық болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасында және шетелдегі білімді ақпараттандырудың қалыптасуы. Білімді ақпараттандырудың оқытудың әдістемелік жүйесіне әсері.

Қазахстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың бастауымен 1998ж. Орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған “қоғамды компьютерлендіру” сөзін ығыстыра бастады. Бұлардын ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көніл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы ақпаратты өндеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылды.

Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз: оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы; есептегіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі; мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін толықтай өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды ұдайы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.

Ел басының жолдауында мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру, жаңа ақпараттық техналогиялармен жұмыс істеуді үйрету, жаппай ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін делінген.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

  • әдіснамасын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
  • әдістері мен формаларын ұйымдастыру;
  • қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
  • оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
  • оқушының интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағыттау;
  • өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
  • ақпараттық - оқу, эксперименттік - зерттеу қызметінің өз бетімен түрі іс әрекеттерін жүзеге асыру;
  • тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.
  1. Қазіргі заманғы компьютерлердің педагогикалық мүмкіндіктері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Білімді ақпараттандырудың негізіне жататын психологиялық-педагогикалық теориялар.

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметінің есептеуіш техниканың техниклық және инструментальды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т. б. ) құрал.
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын териялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу) . Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру-педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыбалаларға білім беру сатысында маңызды. Себебі, балалық шақ-адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес, сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді және компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Ақпарат алмасу істеріндегі компьютерлік технологиялар рөлі өте жылдам өсіп келе жатыр, соңғы кезде телефон, радио, теледидар сияқты құралдар орнына электрондық телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланыла бастады, олар - өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге кеңінен араласып келе жатқан электрондық почта мен Интернет жүйелері болып табылады.
Ақпараттық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән - информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметінің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық - жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым - қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты - заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.

Әсіресе, олардың тиімділігі:
1. Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
3. Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т. с. с. материалдық шығынды қажет етпеу) ;
4. Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруге (ағылшын, орыс, қазақ т. с. с. тілдерді) айқын сезіледі;
5. Іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т. с. с. ) ;
6. Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктер болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістері мен әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
7. Студенттің ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми - көпшілік, рухани, тарихи танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т. с. с логикалық ойындар) .
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, телеконференция, видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

  1. Білімді ақпараттандыру ғылыми зерттеудің, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің бағыты ретінде.

Ғылыми әдіс - жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады

Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура - белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін ісәрекеттердің жиынтығы.

Тәсіл - күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше

нысаналы әдістердің жиынтығы

Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория - бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория - Евклидтің не Н. И. Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады.

Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.

Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д. К. Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.

Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген

америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж. ) олардың ерекшелігін - бұрынғы

парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:

қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы

мәселелерді шешуге пайдаланаған;

экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.

Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар:

  • жеке,
  • жалпы ғылыми
  • жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді

Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т. б. жатады.

Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.

Педагогикалық бақылау - бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т. б. ) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.

Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалнама мәліметтерімен толықтырылады. Оқушылардың мектеп қызметкерлерінің, ата - аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытынды жасау үшін зор тірек.

Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болады. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез - құлқын түрлі іс - әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.

  1. Ақпараттық білім беру кеңістігі ұғымы және оның компоненттері. Ақпараттық білім беру кеңістігі жағдайында оқыту ерекшеліктері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
Дистанциялық оқыту құралдары
Электронды оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz