Байланыстыра сөйлеуге үйрету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар педагогикалық университеті
Педагогика жоғарғы мектебі
6ВО1210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Ғылыми жоба
Тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
Орындаған:Әбдіқадыр Бақыткүл
Өмірқұл Айжан
Қабылдаған:Кошкимбаева Раиса
Топ:01-1210-1-2019

Павлодар қаласы,2021жыл
Мазмұны:
Кіріспе
1.Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дамуына әсер ететін факторлар
1.2.Сәбилік шақтағы балалардың сөздік қорын дамыту
1.3.Сәбилік шақта балалардың тілін ойын арқылы дамыту
1.4.Сәбилік шақ балаларының диалогтық сөйлеуін дамыту
2.Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
2.1.Балалардың тілін дамытудың психологиялық негіздері
2.2Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл - адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.
Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі!Тіл мәдениетін меңгеру - адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді меңгерту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында: Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру, - болып табылады.Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін меңгертуде бұл халық қазынасы - ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес, - деген болатын.Сондықтан да қай ел,ұлт болсын өз тілін жетік меңгеруі тиіс.Сонда мықты ұлт пайда болады деп ойлаймын!
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты - жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой -өрісін жетіле түсуіне негіз болады.

1.Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дамуына әсер ететін фактор
Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті, мазмұны бар.
Әдістеменің басты міндеті - балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жинақтау, жасау.
Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру,қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру. Бағдарлама бойынша 2 тілді оқу міндетті.
Тіл дамыту әдістемесі барлық әдістемелер сияқты мына негізгі сұрақтарға жауап береді:
Немен оқытамыз?
Қалай оқытамыз?
Неліктен тура осылай оқыту керек?
Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары: 1) Әр жас топтарында тіл дамыту бағдарламаға сай орындалуын қадағалау және қамтамасыз ету. 2) Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қою. 3) Қызметкерлерге бағыт беру және бақылау жасау. 4) Жағдай жасау (медициналық, гигиеналық, профилакториялық). 5) Тіл дамыту бойынша озық тәжірибелерді жинақтап қорыту.Педагогикалық жаңа инновациялық техниканы енгізу, педагогикалық өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.6) Мамандардың дәреже деңгейіне және білім жетілдіруіне сай квадификациясын көтеру. 7) Балабақша мен отбасы арасындағы өзара педагогикалық білімді насихаттайтын жұмыстар ұйымдастыру.Ата-аналарды жадпы жиналыстарда оқу - тәрбие процестерімен таныстыру.
Мектепке дейінгі оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, тілдік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолднау, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдна білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен тілдік жұмысын жүргізу ісі-тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен тілдік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым қатынас жасауға үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың тілдік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі тілдік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.Балалардың тілдік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше.Соның ішінде ойын - баланың шын тірлігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байанысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналағында ойнай білмеген, ойлай да білмейді,Ойында озған, өмірде де озады деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы,қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл - қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Ойындардың негізгі мақаты балалардың ықылас зейінін, тілдік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың тілдік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма - жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың тілдік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ал Аханов тіл дамытуды: " Айтайын дегенді дәлмедәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоционалды болуы мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру", деп біледі.
Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер "алдымен әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық нормаларын меңгерсе, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді , қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе", дейді.

2. Сәбилік шақтағы балалардың тілін,сөздік қорын дамыту
Екі-үш жастан бастап ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекетіне айнала бастады. Бұл топтағы балалар ойынның негізгі мазмұны ойыншықтармен және ойыншықты алмастыратын заттармен әрекет ету. Ойынды ойнау уақыты шектеулі.Олар бір-екі рөлді және қарапайым сюжетті ойындар ойнаумен уақыты шектеледі. Ережелі ойындар бұл жаста жаңадан қалыптаса бастайды.
Зейін мен есі дами түседі. Ересек адамның өтініші бойынша 3-4 сөзді және 5-6 заттың атын есіне сақтай алады. Осы жас кезеңінің аяғына таман өзі ұнататын шығарманың елеулі бөлігін есіне сақтауға қабілеті жетіп қалады. Көрнекі-әрекеттік ойлауы дами түседі. Заттар арасындағы көрінбейтін байланыс пен қарым-қатынасты ойын әрекетінде айқын көрінеді. Сәбилер қарым-қатынасқа белсене түсіп, қатар ойнағанды ұнатады.
1-1,5 жас аралығында баланың сөздік қоры 30-40 шамасында болады. Екі жасқа аяқ басқанда, Абай атамыз айтқандай, жылтыраған, шықылдаған ойыншықтарға, заттарға көңіл аударып, зат, ойыншық аттарын өздігінен атай бастайды. Екі-үш сөзден сөйлемшелер құрап, есіпдіктермен мынау, анау, мен, сен, қалай, кім, не, т.б., сын есімдермен үлкен, кішкентай, т.б., домалақ, ұзын, әдемі, жаман, т.б., жаңа да талпынып айта бастаған сөздерінде дыбыстық, грамматикалық қателер жібереді.Бұл кезеңдегі қателерге назар аударылмай , баланың сөздік қорын сан жағынан молайтуға назар салынуы керек.Қойылған сұраққа сәбидің бірден жауап беруге талаптануы осы кезде баламен сөздік жұмысын суреттер арқылы да дамытуын қажет етеді, бала сөздігі 300-400-ге жетеді.Ал үш жасында бала өз атынан сөйлеуге, өзінің жақсы көретін ойыншықтары, үй жануарлары, олардың төлдері жайлы сөздерді біледі. Ана тілін сезіммен қабылдау, өзге тілдің құрылымдық ерекшеліктерін, айтылу әуезін сезіну, оны қабылдау дағдыларының қалыптасуы 2,5-3 жас аралығында айқын көрініс береді.4-5 сөзден тұратын сәби сұрақтарын бұл кезде жауапсыз қалдырмау керек. Сәбилермен сөйлесе бастау кезеңі 3 жаста оның диалогты сөйлеу тілі негіздерін құрайды.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай:
Ерте жас тобы (1 жастан бастап) - ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;
Кіші топ (2 жастан бастап) - ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат;
Ортаңғы топ (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағат;
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай:
Ерте жас тобы (1 жастан бастап) - ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;
Кіші топ (2 жастан бастап) - ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат;
Ортаңғы топ (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағат.
Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
Мектеп жасына дейінгілердің дауыс аппараттарын жолға қою отбасында, балабақшада алдымен көзделуі тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін дыбыстарды анық айтқызуға бағытталған қарапайым артикуляциялық жаттығулар қолданылады. Сөз дыбыстарын дұрыс артикуляциялауға үйрету, яғни дикцияны қалыптастыру жұмысы сөздің дыбысталуындағы қиындықтарға орай ерте онтогенез, орташа онтогенез, кейінгі онтогенез делініп келетін дыбыс түрлерімен тіл жаттықтыру жаттығуларынан тұрады. Ерте онтогенез дыбыстарына а,ә,о,ө,ы,і дауысты дыбыстары, м,б,п,д,и,ғ,к,қ,х,ц,с,з дауыссыз дыбыстары;орташа онтогенез дыбыстарына ұ,ү,у; кейінгі онтогенез дыбыстарға р,с,ш,н,ң,ж,щ дыбыстары есепке алынады.
Алғашқы қатардағы дыбыстарды еліктеу әдісі арқылы 2-3 жастағы балалармен жүргізу керек.Қазақ тілін үйретуде 3 жастағы балаларға ерте онтогенез дыбыстардан тұратын сөздер беріледі. Атап айтқанда апа, бала, ойыншық, тате, машина, доп, әже,ата, қыз, ат т.б., сөздері беріледі.
Сәбилердің бірінші тобына арналған бағдарламалық мазмұн
Сәбилердің бірінші тобына (2-3 жас) сөздік қорын дамыту, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге, сөйлем мүшелерін қолдана білуге, тәрбиеші қойған сұрақты түсініп, толық жауап беруге, диалог түрінде сөйлеуге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, балабақша қызметкерлері туралы, кім не істейтіні жайында айту үйретіледі.
Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Үш жасқа қараған балаларды тәрбиешіні таңдап, өзіне қойылған сұрақтарға диалог түрінде жауап беруге үйрету, олардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру көзделеді.
А) Айналадағы дүниені, табигатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөзлермен байыту. Ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге үйрету.
Ә) Заттың атын іс-қимыл әрекетін білдіретін сөздерді үйрету (жуды,ішті,киді, ұйықтады т.б)
Б) Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгеру (үлкен, кіші, домалақ, қара, қызыл т.б)
В) Үстеу сөздерді (алыс, жақын, жоғарыда, төменде, қасында, үстінде, астында т.б) қосып айтуға үйрету.
Грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеуге үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрату. Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Күнделікті сабақта естіген, білген, ойын, серуен кезінде көрген-түйгенін ,сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша айта білуге үйрету.
Сәбилердің бірінші тобынан басталатын сезім, түйсік, қабылдау сияқты психологиялық процестерді жетілдіру негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай, айналадағы дүниені, табиғат көріністерін, ойыншықтарды бақылатып, көрсету, ол жөнінде сөйлесу арқылы екіден үш жасқа қараған балалар заттың түр-түсін, пішінін, кеңістікте орналасу қалпын танып қабылдауға үйретіледі. Олар алты түрлі түстерді, бес түрлі пішінді және көп аз туралы сандық ұғымдарды меңгерту. Дұрыс атап айтуға үйренеді. Біріңғай заттарды түр-түсіне, пішініне, көлеміне қарай ажыратып, топтастыруға, кеңістікте орналастыра білуге, көлеміне қарай салыстыруға, ұқсас және айрықша белгілерін ажыратып айтуға ұқсастығына қарай топтастыра білуге үйретеді.

3.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту
Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,тапсырма,жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тірлігі.Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданамыз.Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін,өмірге құштарлығын қалыптастырамыз. Ойынның пайдасы - баланың ой-өрісін қалыптастырып дамытады.Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттырады.
Ойын түрлері:
-ұлттық ойындар.
-сюжетті рольді ойындар.
-шығармашылық ойындар.
-қимылды ойындар.
-дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындарды сәбилер тобынан бастап,жеңіл түрлерін қолданамыз.Баланың ауызекі тілде сөйлеуін,тілдің дыбысталу мәдениетін, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорын дамыту үшін сабақта және үйде ойналатын ойындардың маңызы зор. Ойындардың ішінде жиі қолдануға болатын дидактикалық ойындар: Енесін тап, Жеміс-көкөніс жинау, Ненің дәмі?, Сиқырлы қоржын, Бұл ненің дауысы?, Не жақсы,не жаман, Доппен ойын, Кім көп сөз біледі?, Телефон т.б ойындар. Аталмыш ойындарды қолдану барысында балалардың тілдерін дамытумен қатар,ойлау,есте сақтау,шығармашылық қабілеттері,зейіні дамиды.
Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану арқылы сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын,белсенділігін,баланың ынтасын күшейтеміз.
1-кіші топта жұмыс жасаған кезімде тіл дамыту сабағында тақырыбына қарай мынандай дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
1-кіші топта дидактикалық ойындардың жеңіл түрі ойнатылады."Даусын сал",-ойын шарты:кубик арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түссе сол жануардың дыбысын салады.Сол сияқты "Қимылын көрсет"-ойын шарты:айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы:қоян,ұшақ,аю,бақа,т.б.
"Ғажайып қалта"-ойын шарты:қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы:алма,доп,мысық,орындық,т.б.
1-2 жастағы баланың зейін арттыратын ойындар:
КУ-КУ ойыны
Басты мақсаты - баланы эмоционалды тұрғыда дамытып, байқампаз етеді.
Анасы ку-ку! деп, қолының немесе бір заттың арттына тығылады. Бала жоғалған анасын іздеп, оның қайта пайда болуын күтеді. Бірнеше секундтан кейін, назарына анасы пайда болып, екеуі де қуанышқа бөленеді.Осылайша бірнеше рет қайталанады.
Қолың қайда? ойыны
Бала қолын(бір затты) арқасына тығады. Үлкен кісі: қолың қайда? Жоқ па?! -деп сұрайды. Бала қолын көрсеткенде, үлкен кісі таңғалып: міне,қолдар!-деп қуанады. Бала ойынды өзі басқарып отырады.
Халық педагогикасында ойындар өте көп соның ішінде ең маңыздысы ұлттық ойын.Олар"Алақан соқпақ","Тақия тастамақ",т.б.Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері жағынан да мәнерлі әрі түсінікті."Арқан тартыс"."Асық ойнау"т.б.Мысалы,қазақ баласы біреуі ат болып қашады,біреуі құрық салады.
Сюжеттік ойындармен қатар рольді ойынның мазмұнын ажырату қажет.Ересектер іс-әрекетінен бала негізгі сәт деп көрсетсе,ойынның мазмұны.Әр түрлі жастағы бала сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді.Мысалы:сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандайда бір қимылды қайталай отырып,нан тіледі,ботқа пісіреді,ыдыс-аяқ жуады.Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы қимылдар көрсетіледі.Ойын арқылы өзім жұмыс жасайтын 1-кіші тобында әлеуметтік және құндылық-мәнді құзыреттіліктерін көздедік.Осы жұмыс арқылы мен бала бойында жанұяда,өмірде қажет болар қабілеттерді қалыптастырып дамытуды ұстандым.Мысалы:1-кіші тобында өткізілген "Автобус"сюжетті-рөльді ойыны осы шынайы өмірде қарым-қатынас жетілдіруге арналады.Балаға терең түсіндіру үшін оны қызықтырып,сендіріп,мадақтап отыру қажет.
Қимылды ойындар балаларды еркіндікке тәрбилейді.Біздің 1-кіші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізілу ұсынылады.Қимылды ойынды көбіне серуен кезінде таза ауада ойнаймыз.Ойын бүкіл топ болып та,шағын топ болыпта өткізіледі.Бұл ойынға қимыл жасалатын тапсырмалар кіреді.Мысалы:жалаушаны әкелу,қоңырауды соғу,допты қуып жету,т.б.
Қорыта келе айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.Ойын-балалар өмірінің нәрі,яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
4.Сәбилік шақ балаларының диалогтық сөйлеуін дамыту
Диалог - балаға ана тілін меңгертудің алғашқы мектебі сияқты әдістердің бірі. Диалог баланың баяндап, хабарлап сөйлеуінің, кейінірек пікір білдіре, өз ойын түжырымдап айта білудің негізгі көзіне айналады. Тақырып ретінде белгілі бір баланың тәжірибесі алынса және ондай әңгіме айтатын балалар көп болмп, әңгіме бағалы бола түседі. Тақырып балалар өміріне жақын алынады.
Диалог тақырыптарына қарай сұрақтар былай жүйеленеді:
Заттарды, ойыншықтарды өзара салыстыруға бағыттайтын сұрақтар. Мысалы, дорба мен себетті салыстыру: Қайсысы неден жасалған? Олардың түстері қандай? т.б,
Балаларды өздігінен ой қорытуға әкелетін, ойландыратын сұрақтар. Дәрігер мамандығымен таныстырған соң, Дәрігерлердің жұмысын қалай азайтуға болады? деген сұрақ қою.
Біріңғай мүшелі сөздерді жалпылайтын сұрақтар: Түйе, сиыо, қой нелер? (Түйе,сиыр,қой - үй жануарлары).

Балалардың жауаптарын толықтыратын, реттейтін жетелеуші, еске түсіруші сұрақтар да диалогті сөйлеудің жанама тәсілдері болып табылады. Диалогтік сөйлеуге үйрету күнделікті режимдік сәттерде әзірленбеген әңгімелесулер арқылы және арнайы ұйымдастырылған әңгімелесу үдерісінде жүзеге асырылады. Оның өзіндік әдіс-тәсілдері және тәрбиешінің еске ұстауына тиіс қағида-тұжырымдары бар.
Диалогты сөйлеуге үйретудің басты мақсаты - балаға диалогты әңгімелесу формасы ретінде үйрету. Бұл үшін сұрақ қою мен оған жауап алуды оқыту міндетіне айналдырып жібермеу керек. Балалрға диалогты сөйлеудің құзыреттеріне, іскерліктеріне меңгерткен жөн:
Әңгімелесуді әдетке айналдыру, яғни сөйлесу үдерісіне жылдам ілесе алу (реплика тастау, сұрақ қою, толықтыру, өтініш білдіру, ұсыныс айту)
Әр түрлі тақырыпта әңгімеге араласу қабілеті болуы: өз пікірін білдіріп, оны қорғай алуы.
Салмақпен, жағымды дауыспен, анық сөйлесуі,
Тілдік этикетті сақтай білуі, сөйлесушінің бетіне тура қарауы, басын төмен салмайғ қозғалақтамай сөйлесуі.
Мимика мен жемсті сақтауы.
Екеуара, 2-3 адаммен, тіпті топпен сөйлесе алу қабілетінің болуы
Әңгімелесуде мынандай әдістер қолданылады:
1.Тәрбиешінің баламен сөйлесуі. Е.И.Тихееваның айтуынша тәрбиеші адамдардың бреумен сөйлесіп ой бөлісуі табиғи нәрсе. Ол әсіресе балаға тән. Тәрбиеші әрдайым, әр уақытты баламен сөйлесіп жүруі керек.
2. Балаларға әдеби шығарма оқу. М. Горькийдің: Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса соның бәрімен ойнайды. Ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстіндетаниды. Бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады, - деген мәлім. Ана тілінің музыкасын ұғындыру, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда дидактикалық, шығармашылық, сюжеттік, рөлді ойындардың маңызы зор.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Тіл және тіл дамыту сұрақтарына тереңірек тоқталсақ.Бұл мәселлелерге байланысты көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өзднрінің еңбектерін арнаған .Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:
Қазақтың дара ұстазы,ұлы перзенті-Ыбырай Алтынсарин.Алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғылым-Ахмет Байтұрсынов.Кезінде жәбір-жапа шегіп,сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу,балаларын оқытып,білім алу үшін ''Жарғақ құлағы жасттыққа тимей'' еңбек еткен,мектеп ашып,оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы-Ыбырай Алтынсарин.
Халық арасындағы аңыз әңгімелер ,қара өлең үлгілері,мақаладары автордың өзі басқа тілдерден аударған,жанынан қосқан тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралдарында Ыбырай Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық әселелерге ғана емес,қазақ тілінің тазалығы мен сөздігінің дұрыс қондануына да қатты мән бергенінбайқауға болады.
Ахмет Байтұрсынов өінің Баяншы, Тіл жұмсар, Қай әдіс жақсы? атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері оқыту мәселесін тыс қалдырмады.Сонымен қатар Ахмет Байтұрсыновалғаш рет Орынборда басылып,1925 жылға дейін 7 басылымжарық көрген Оқу құралы әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты оқушыларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдіс ретіндеалған.Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерін одан әрі тереңлетіліп,қазіргі кеге дейін қолданылуда.
Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К.Б.Баркин , Н.М.Соколов,М.А.Рыбникова,Е.И.Тихее ва өз еңбектерінде қарастырған.
Тіл дамытумәселесіне үлес қосқандар:орыс ғалымдары:П.П.Блонский,С.А.Рубинште йн,Б.Г.Ананьев,Н.И.Жинкин; Қазақ ойшылдары:Т.Шошанұлы,Ж.Аймауытова,М .Жұмабаев;
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М.Жұбанова ,С.Рахметова ,К.Бозжанова, Б.Баймұратова , Р. Әміров,Т.Әбдікәрімовлардың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістерін зерттеуде Қ.Жұбанова,Г.Белалиев,С.Жиенбаев,Ш. Сарыбаев,И.Ұйықбаев тіл дамыту, сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмысының әдістерін арнайы зерттеу объектілері ретінде таңдамаса да ,өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өткен.
Тіл дамыту-сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылы жазылған әдістемелік құралдарда тіл ширату..., сөз байлығын арттыру деп әркім өзінше пайдаланып жүрген.
Қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру,қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағынлы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады.Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру,баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып,оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру-бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негіздеген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұрақтарға жауап беру
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Байланыстыра сөйлеу әдісінің түрлері
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
Пәндер