Байқоңыр болашағы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 3 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Байқоңыр космодромы тарихы, қазіргі жайы.

Мамандығы: Электроэнергетика

Орындаған: Рахымжанов Бірлік Бақытжанұлы

Тобы: ЭЭк 21-11

Тексерген: доцент Берлібаев Бақдаулет Тұрлыбекұлы
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

_____________ ______________ _____ ______________2021ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2021

Жоспар:

Кіріспе: Байқоңыр ғарыш айлағы

Негізгі бөлім: Айлақта болған тарихи оқиғалар

Қорытынды: Байқоңыр болашағы

Байқоңыр ғарыш космодромы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының бірі. Кеңес Одағының 1957 жылы төртінші қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін ( ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 жылы Восток ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. 1991 жылы екінші қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта екі рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына жиырма жылға жалға берілді. Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром Байқоңырдың құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршыкилометр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бері 40 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам котинентаралық баллистикалық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Соныман қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80-нен астам модификациялары да сыналған. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалады. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына отыз - отыз бес мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түсетін қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіруде.
Байқоңыр -- ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобил жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. "Байқоңыр" бүгінде әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы саналады. Қазір оның аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке - 75 шаршы, батыстан шығысқа 90 шақырымға жуықтайды. Айлақтың жер бетіндегі инфрақұрылымын 9 ұшу кешенін, ғарыш аппараттары мен зымыран тасығыштар құрастырып, сынақтан өткізілетін 11 ғимаратты, ғарыш аппараттары мен екпінді блоктарға отын және сығылған газды құюға арналған 3 стансаны, 2 аэродромды және өлшеу кешенін қамтиды.
Ғарыш кешенінің тарихы өз бастауын 1955 жылдан алады. Сол жылдың 2 ақпанында КСРО Министрлер Кеңесі кейін "Байқоңыр ғарыш айлағы" деп аталып кеткен №5 Ғылыми зерттеу полигонын салу туралы шешім қабылданған болатын. Космодромның әкімшілік орталығы халқы 60 мыңға жуық Байқоңыр қаласы.
Кешеннің орналасу территориясы келесі табиғи ерекшеліктермен сипатталады. Басымды рельеф - тұздалған учаскелері бар құмды далалар мен жылжымалы бархандар. Сараң шөптер шғлденің аяғына дейін ғана жарамды, бұдан кейін қурап қалады. 12-15 мс - тан астатын желдер кезінде 20-25 күнге созылатын борандар тән. Кешеннің қолдануға берілген жері (70%) жайылымдық жерлер. Космодром бойынша жарамсыз жерлер көлемі 1,8 га тең және ол карьерлер, қалдықтар төгілетін Байқоңыр қаласының төңірегіндегі аумақтар болып табылады.
1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин Восток ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, Восток, Восход, Союз, Прогресс ғарыш кемелері, Салют, Мир орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған Протон, Зонд, Прогноз, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған Молния, Экран, Горизонт, Радуга, Метеор, т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.
1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров Союз Т-13 ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мүсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды.
Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.
Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.
Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 -- 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді. Әрине, космодром аумағындағы экологиялық жағдай қалыптасуының негізгі факторы Арал теңізінің шөлейттенуі мен өзгеруі болып табылатындығы айқын, бірақ "Байқоңырдың" тіршілігі де табиғи ортаның қалпына кері әсерін тигізеді.
Байқоңыр космодромында болған апаттар;
1996 жылы 14 мамырда Союз зымырантасығышы құлады
1997 жылы 20 мамырда Зенит зымырантасығышы құлады
1999 жылы 5 шілдеде Протон зымырантасығышы құлады
Негізінен 37-38 апат болған, бірақ олар туралы нақты деректер айтылмаған.

Ракета-тасушылардың қоршаған ортаға тигізетін әсері
Космодром әрекеті мына кері әсерлерге әкеліп соғады деп саналады:
А) ұшырылудан кейінгі периодта атмосфералық процестердің табиғи режимінің бұзылуына;
Б) ракеталар отынының токсинді компоненттерімен ауа массалары мен жерүсті кеңістігінің былғануы;
В) табиғи өндірістік-шаруашылық биологиялық объектілердің зақымдануына;
Г) территорияның ұшу аппараттарының қалдықтары мен фрагменттерінен қоқысталуына;
Қарағанды облысының ресми емес экологтарының айтуы бойынша Жезді аумағында ракет-тасушылардың жіберілуі жазғы айларда ұзақтығы 10 сағатқа жететін 5-8 күнге дейін созылатын шаңды борандардың, қысқы айларда 2-3 күнге созылатын ақ борандардың келуімен тұстас болады, бұл өз кезегіне 4қуатты желді күндер көлемінің жылына 40-50 дейін өсуіне әкеліп соғады.
Қазгидромет деректерінің талдау нәтижесінде 1988-1997 жылдар арасындағы үш қаладағы (Астана, Жезказган, Қызылорда) ауа райы жағдайының өзгеруі келесідей анықталады. Барлық параметрлер дерлік бір деңгейде жөнелтулерден кейін сол және басқа жаққа ауысып, және осы ауысулар жөнелтулерден кейін қалыптасқан ауа райы жағдайларының өзгерулерінің жалпы санының ұлғаюы салдарынан орын тапты. жай құбылыстарға қарағанда жиірек жөнелтулерден кейін болатын ылғалдылыққтың төмендеуі, ауа температурасының қыста төмендеуі мен жаз мезгілдерінде ұлғаюуы, жел жылдамдығының өсуі, бірақ қауіпті жағдайларға дейін сирек барады. Ғарыштық аппараттарды жөнелтумен байланысты ауа райы жағдайларының үнемі күрт нашарлауы белгіленбеген.
Ғарыштық тіршілікке адамзаттың өндіруші әрекетінің басқа да облыстары секілді экологиялық тосқауылдар (авария) қаупі тән болмақ. Олар жобалау кезінде қателіктер жіберу мүмкіндігімен, тәжірибе жүргізудегі, қоршаған ортаға келтірілетін салмақты зақымдануға әкелетін ғарыштық техниканы утилизициялау мен эксплуатациялауда болатын ерекше жағдайлар (происшествие) пайда болуымен байланысты. Яғни, жоғарытоксинді ракеталар жанармайын және басқа да зиянды заттарды пайдалану қоршаған орта мен адамға зиянын келтіру қаупі айқын.
Ғарыштық аппараттар жану өнімдерінің әсері Жер атмосферасында сезіледі. Негізгі зиянды факторларға атмосфераның жерүсті қабаты - тропосферада жану өнімдерінің көп көлемде шығарылуы, стратосферада озон концентрациясының, ал ионосферада еркін электрондардың сирелеуі.
Атмосферадағы көміртегі оксиді Жердің радиациялық балансына әсерін тигізеді, оның көлемінің ұлғаюы парниктік эффектіге, яғни ауа мен Жер бетінің температурасының ұлғаюына әкеліп соғады. Бір ғана РН "Протонды" жөнелту кезінде 200т-дай көміртегі оксиді, ал РН "Союзда" 133т атмосфераға шығарылады. Салыстыру үшін мына мысалды қарастырайық.
1995ж Қазақстан бойынша көміртегі оксиді қалдықтарының жалпы көлемі 221,478 млн т болса керек. "Байқоңыр" өңірінен осы жылы 19 ракет-тасушылар жөнелтілді (8-РН "Союз", 8-РН "Протон", 2-РН "Циклон", 1-РН "Зенит"), мұндағы ракет-тасушылардан атмосфераға шыққан СО2-ның жалпы көлемі 2965т тең. Оның республика бойынша СО2-нің жалпы салмағы небәрі 0,001% құрады.
Ракеттерді жөнелткендегі атмосфераға енетін токсинді заттарға көміртегі қышқылы жатады. РН "Протонды" жөнелту кезінде атмосфераға бұл заттың 17 тоннасы шығарылады. Карбюраторлы автомобильдер жылына 1т бензин қолдану есесімен орта есеппен 0,42т көміртегі қышқылын шығарады. Осылайша, бір ғана РН "Протонның" жөнелтілуін көміртегі қышқылының көлемі бойынша 40,5 автомобильдердің жылдық эксплуатациясына теңеуге болады. Көміртегі қышқылының негізгі көзі жанармайдың өндіріс пештерінде, котелді және автомобильді двигательдерде толымсыз жануы болып саналады.
Стратосферада негізгі кері әсерді ракетті жанармайдың жану өнімдерінің озонды қабатқа шығарылуы жатады. Озон сұйықтықты ракет двигательдерінің жану өнімдерінде және ракетті двигательдердің факелдерінде жоғары температуралардың әсерінен азот пен кислородтан бөлінетін азот қышқылдарында салмақты мөлшерде болатын су булары нәтижесінде зақымданады. Мысалы, "Протон" ракета-тасушысының ұшуы кезінде озоносфера қабатында оның траекториясының аумағында озон қабаты сиреген кеңістігі пайда болады. Бұл кеңістіктің траекторияға қатысты 20 және 30км биіктіктегі радиусы сәйкесінше 0,3 пен 1км-ге тең, ал 35км биіктікте 3км-ге дейін жетеді. Аумақтың 20 және 35км биіктікте өмір сүруінің уақыты сәйкесінше 30мин және 3сағатқа тең. Глобалды масштабта осы ракетаның озонды зақымдау потенциалы - Жердің озон қабатының массасына қатысты массасы 0,0064%-дан аспайды.
Озонға зақым келтіретіннің қауіптісі - хлор. Оның бір ғана молекуласы 100 мыңдай озон молекуласын жоя алады. Ракет-тасушылардың қатты денелі жанғыш заттардың жануы өнімдерінде хлор мен хлорсутектің үлкен массалары болады. Мысалы ракет-ғарыштық "Спейс-Шаттл" жүйесі ұшу кезінде 180т хлор мен хлорсутекті шығарады. Ортаның қозуы (электрондар концентрациясының азаюы, озон массасының азаюы, т.б.) 9-12 сағатқа дейін созылады.
Глобальды масштабта РТ-лардың ұшуы кезіндегі атмосфераға шығарылатын жану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр ғарыш айлағының көрінісі
Қазақтың тұңғыш жер серігі Kazsat пен Байқоңыр болашағы
Байқоңыр космодромы туралы шолу
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері туралы
“Байқоңыр өңіріндегі космодром маңайындағы радиациялық заттардың бөлінуі”
Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасындағы келісім – шарт
Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)
Пәндер